Су - тіршілік көзі: сабақтың мақсаттары мен әдістемелік жоспары

Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақрыбы: Су- тіршілік көзі

Сабақтың мақсаты:

  1. Табиғат пен адам өміріндегі байланыс туралы түсінік беру .
  2. Тез ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Өмірмен байланысын жақсарту;
  3. Жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тірек сызбалар, үлгі дәптер, электронды оқулық, үлестірмелі карточкалар, суреттер Сабақтың түрі: Дамытушылық Сабақтың типі: Ойын сабақ Сабақтың формасы: Ұжымдық, топтық, жеке. Қолданатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, ішінара ізденіс, көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, зерттеу . Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабақта жұмыс істеуге даярлау. Оқу құралдарын түгендеу. Сыныптың тазалығына көңіл аудару

Өткен материалды қайталау:

Суреттегі түнгі көрініске қарап, оларға ат қой. Суреттегі табиғи денелерді ата. Түн мезгілінде туған ойыңды әңгімеле. Айналадағы дүниені қалай танып білуге болатынын айт.

Жаңа сабаққа әзірлік Сабақтың тақырыбын, мақсатын, хабарлау. Сергіту сәті.

Жаңа сабақ

Адам өмірі сумен тығыз байланысты. Су - сенде дәм де жоқ, хош иіс те жоқ, түс те жоқ, алайда сенен адамдар тіршілік нәрін алады. Сусыз - өмір жоқ. Су барлық жерде бар, адам денесінде 63 % су бар. Пайдалы қазбаны өңдегенде, егіншілікке, фабрика, зауытқа су қажет. Әр адам тәулігіне қалада 100-140 л, ал ауылда 50 л суды қажетіне жаратады. Міне, осы суымыз - ластанған. Лас судың құрамында: 800 мың тонна - құрғақ қалдық, 96 мың тонна - фосфор, 40 мың тонна - түрлі заттар, 8 мың тонна - түрлі (заттар) қоспалар, т. б. қосылыстар бар. Арал, Балқаш суының азаюы нәтижесінде Аралдың құрып кету қаупі, тұзды дауылдың әсерінен түрлі аурулардың таралуы, кемтар баланың өмірге келуі, балалардың өлуінің көбеюі, тіптен Аралдан ұшқан тұзды шаң сонау Грузияға дейін жеткен. Аталарымыз өзі қорғаған жерді әулие бұлақ, әулие ағаш деп, одан су ішкенде тиын тастап, ағашқа орамал байлап отырған.
Адам өміріңің ең бастысы - ауа. Адам тамақсыз, сусыз 5 күн шыдай алса, ал ауасыз бес минутта шыдай алмайды, ауаның жердегі тіршілік үшін маңызы зор, ол ауа-райының бірқалыпты болып отыруын реттейді.

VI. Бекіту кезеңі. Нені үйрендік? VII . Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.


Ұқсас жұмыстар
Су - тіршілік көзі: бастауыш сыныпқа арналған сабақтың оқу жоспары мен бағалау жүйесі
Су - тіршілік көзі: оқу-тәрбиелік сабақ жоспары мен тәжірибелік жұмыстар
Су - тіршілік көзі: қасиеттері, маңызы және қорғау мәселелері
Экология негіздері: Су - тіршілік көзі - балабақшаға арналған оқу-тәжірибелік сабақ
6-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Су - тіршілік көзі және Қазақстандағы өзен-көлдер
Су - тіршілік көзі: ересектер тобына арналған валеологиялық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Су - тіршілік көзі: мектепке дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
2-сынып қазақ тілі сабағы: Су тіршілік көзі және сөйлемдегі сөздердің байланысы - сабақ жоспары
3-сынып қазақ тілі: Су - тіршілік көзі бөліміндегі Бақшаны суарамыз сабақ жоспары және 9-сынып қазақ әдебиеті: Абай жолы сабақ-әдістемесі
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары: Су - тіршілік нәрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz