Бастауыш сыныпқа арналған Менің отбасым тақырыбындағы дамытушылық ойын сабақ жоспары

Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақрыбы: Менің отбасым

Сабақтың мақсаты:

  1. Отбасы мүшелері туралы түсініктерді калыптастырып, кеңейту. Отбасы қоғам мүшелері екендігін ұғындыру;
  2. Тез ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Өмірмен байланысын жақсарту;
  3. Жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тірек сызбалар, үлгі дәптер, электронды оқулық, үлестірмелі карточкалар, суреттер Сабақтың түрі: Дамытушылық Сабақтың типі: Ойын сабақ Сабақтың формасы: Ұжымдық, топтық, жеке. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабақта жұмыс істеуге даярлау. Оқу құралдарын түгендеу. Сыныптың тазалығына көңіл аудару

Мақсат қою: Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру

Жаңа сабақ:

Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы - алғашқы қадам. Отбасы - өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.

Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы - бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе.

Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтын бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз. Және қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі.

Отбасы кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы - қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады.
Ер мен әйел - отбасының екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады.
Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі - тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі - баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.
Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы - бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол», - дейді.

Сергіту сәті:

Оқушы білімін тексеру: сұрақ-жауап

Бекіту кезеңі: Өз отбасыңда қанша адам барын санап, сол цифрды көрсетеміз

Үйге тапсырма: Ата-ана туралы өлең жаттау


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпқа арналған Адамның досы тақырыбындағы дамытушылық сабақ жоспары
Фотосуреттер арқылы Менің отбасым тақырыбындағы әңгімелерді құрастыру: тәрбиешіге арналған сабақ жоспары
1-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары: Менің отбасым және достарым
2-сыныпқа арналған 40 минуттық дүниетану сабақ жоспары: Менің отбасым
Менің отбасым: шығыс септікке арналған сабақ жоспары
1-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Менің отбасым - І дыбысы мен әрпі (1-сабақ)
Менің отбасым тақырыбы бойынша бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары: мақсаттар, белсенді оқыту әдістері, саралау және критериалды бағалау
Оқушыларға арналған тренинг-сабақ: Мен және менің отбасым
Санамақ: дамытушылық ойын сабақ жоспары
1-сыныпқа арналған мемлекеттік тіл пәні бойынша Менің отбасым тақырыбының қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz