Қамқор әже: тілдік дағдылар мен тәрбиеге арналған дамытушылық сабақ жоспары

Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақрыбы: Қамқор әже Сабақтың мақсаты:

  1. Сөздік қорларын байыту, байланыстырып сөйлеуді үйрету;
  2. Тез ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Өмірмен байланысын жақсарту;
  3. Жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тірек сызбалар, үлгі дәптер, электронды оқулық, үлестірмелі карточкалар, суреттер Сабақтың түрі: Дамытушылық

Сабақтың типі: Ойын сабақ Сабақтың формасы: Ұжымдық, топтық, жеке. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабақта жұмыс істеуге даярлау. Оқу құралдарын түгендеу. Сыныптың тазалығына көңіл аудару

Мақсат қою: Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру

Әжем ұйықтар алдында

Ертегі айтып береді.

Еркелеп ойнап жатқанда

Ылғи ұйықтап қаламын. Әжем өрнек тереді,

Сырмақ отыр оюлап.

Басы ауыра береді,

Шай ішпесе, қоюлап.

Әжем менің асыл жан

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді.

Әжеме ешкім жетпейді!

Ақ әжем Өзің мені өсірген,

Айналайын ақ әжем.

Тентек болсам кешірген

Шөлдедің бе, дана әжем?

Шай қайнатып келейін,

Шекер салып, жан әжем.

Өзім құйып берейін.

Балдай тәтті бал әжем.

Әжем менің, ақ әжем

Ақыл беріп үйреткен.

Аппақ әжем, пәк әжем,

Мейіріммен тербеткен.

Аман болсын басыңыз,

Ағармасын шашыңыз.

Шөбере сүйіп әлі де,

Жүзге жетсін жасыңыз.

Тапсырма: Өлеңді оқу барысында мағынасын оқушыларға өз сөздерімен айтқызып отыру.

-Айтыңдаршы әжелерің сендерге қандай ақылдар айтады?

-Қандай сөздермен еркелетеді?

Машықтану:

«Менің әжем» тақырыбына қысқаша шығарма жазу.

Үйге тапсырма: « Менің әжем қамқоршы», «Мен әжемді сыйлаймын», «Әжем жақсы көреді» өлең сөздерін жалғастырып, бір шумақ өлең жазып келу.


Ұқсас жұмыстар
Қайталау сабағы: Қазақстан - тілдік дағдылар мен патриоттық тәрбие
4-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Менің оқу құралдарым - тыңдау, каллиграфия және тілдік дағдылар
Диалогтік оқытудың сабақтағы тиімділігі: тілдік дағдылар мен сыни ойлауды дамыту тәжірибесі
Фариза Оңғарсынованың Әже өлеңіне арналған аралас сабақ жоспары
Мен қамқор баламын: қоршаған ортаға қамқорлыққа тәрбиелеу сабақ жоспары
2-сыныпқа арналған ашық сабақ: Ә.Дүйсенбиевтің Шырша жыры арқылы тілдік дағдылар мен экологиялық тәрбиені дамыту
Алтын күз тақырыбындағы балабақша сабақ жоспары: күз туралы түсінікті дамыту, тілдік дағдылар мен дидактикалық ойындар
Ұшқыр кілем: балабақшада көркем білім, тілдік дағдылар және адамгершілік тәрбиені дамыту сабақ жоспары
Түйе мен тышқан (монғол ертегісі): мазмұнды талдау, тәрбиелік және тілдік-дамытушылық мақсаттағы сабақ (2-сынып)
Санамақ: дамытушылық ойын сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz