Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушының күн тәртібі

Күні: Сыныбы:
Сабақтың тақрыбы: Оқушының күн тәртібі
Сабақтың мақсаты:
I. Күн тәртібі туралы түсініктерді калыптастырып,кеңейту.
II. Тез ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.Өмірмен байланысын жақсарту;
III. Жауапкершілікке , ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, үлгі дәптер, электронды оқулық, үлестірмелі карточкалар, суреттер Сабақтың түрі: Дамытушылық Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың формасы:Ұжымдық, топтық, жеке. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабақта жұмыс істеуге даярлау. Оқу құралдарын түгендеу. Сыныптың тазалығына көңіл аудару
Мақсат қою: Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру
Жаңа сабақ:
Кіріспе
-Оқушының күн тәртібі деген не?
-Күн тәртібі бізге не үшін қажет? т.с.с сілтеме сұрақтар арқылы тақырыпты жариялаймын.
Оқулықпен жұмыс
1)Мәтінді оқып беру
2)Мәтін бойынша талдау жүргізу
3)Қысқаша мазмұнын сұрақтар қоя отырып сұрау
Суретке қарап , Қайраттың күн тәртібі туралы әңгімелеу.
Өзінің денесін дұрыс ұстауды қадағалайтын адамның денесі сымбатты, жүрісі жеңіл болады. Егер бір иығынан екінші иығы жоғары болса - ол дене сымбаты бұзылған еңкіш адам.
Дұрыс дене сымбатын сақтау үшін :
1) партада дұрыс отыру;
2) көтеретін жүкті екі қолыңа тең бөлу;
3) жүргенде бір жағыңа қарай қисаймай жүру керек.
Денсаулығымыз мықты болу үшін спортпен шұғұлдануымыз керек.
Спорттық қандай ойын түрлерін білесіңдер: футбол, волейбол, секіртпемен секіру, шана тебу, шаңғы тебу, орта доп ойыны т.с.с.
Сергіту сәті
Оң қолымыз артта,
Содан кейін алда.
Кішкене сілкиміз
Айналамыз бәріміз
Қуанамыз бірге (қолдарын шапалақтайды.)
1. Қолды неге жиі жуып тұру керек?
2. Тісті неге тазалаймыз?
3. Апта сайын неге жуынамыз?
Сен үнемі моншада не ваннада жуынасың, таза киім киесің, аяқкиіміңді таза ұстайсың, демек, сен тазалық сақтайсың.
Жеке басыңның тазалығын сақтау сенің дұрыс өсуіңе және дамуыңа, әртүрлі аурудан сақтануыңа көмектеседі.
Әрбір отбасы мүшелерінің өзінің жеке тұтынатын және бәрі ортақ қолданатын заттары болады. Жеке басыңның тазалығын үйде де, мектепте де сақтауың керек.
1.Суретке қара . Әр адам жеке тұтынатын заттарды ата. Неге олай екенін түсіндір.
Тақтаға дұрыс және бұрыс деген сөздерді іліп қоямын. Әр топтан бір оқушыдан шығып кез келген суретті алып дұрыс болса дұрыс жаққа, дұрыс емес болса бұрыс деген сөздің астына ілу керек.
2. Мақалды жалғастыр ойыны.
а)Ауру қалса да, әдет қалмайды.
ә)Денсаулық - зор байлық.
б)Дені саудың жаны сау.
в)Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
г)Жақсының наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
д)Көз қорқақ, қол батыр.
Еріншек елемес
Далада ойнап жүрген Елеместі анасы кешкі асқа шақырды . Үйге асыға кірген ол бірден дастарқанға қарай өте берді.
Елемес, қолыңды жудың ба? - деп сұрады анасы.
* Түу - у - у! Қолымды қайта - қайта жуа беремін бе? Таңертең ғана жудым емес пе?
Осы әңгімені оқып беріп , балалардан түсінгендерін сұрақ - жауап арқылы сұраймын .
1. Бұл әңгімеде кім жайында айтылған?
2. Далада ойнап жүрген Елеместі кім кешкі асқа шақырды?
3. Елемес бірден қайда жайғасты?
4. Елемес қолын жуды ма?
5. Елемес анасына не деп жауап берді?
6. Бұл жерде Елеместің іс-әрекеті дұрыс па?
7. Денсаулығымыз мықты болу үшін не істеу керек?
Жұмбақты шеш ойыны
1. Шомылған баланы ,
Аймалап алады.
Сүртеді қолын да,
Сүртеді жонында.
Бұл не? (Сүлгі)
2. Иілсең иіліп,
Түйілсең түйіліп.
Қарайды кісіге,
Ұқыпты ісіне.
Бұл не? (Айна)
3. Аузы жоқ, мұрны жоқ,
Қолы жоқ, көзі жоқ.
Бірақта тісі бар,
Басыңмен ісі бар.
Бұл не? (Тарақ)
4. Ертемен күнде сен,
Қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір ласың,
Тап-таза боласың.
Бұл не? (Сабын)
5. Бірде төмен,
Бірде шығып жоғары.
Сөз сөйлесең ,
Қозғалыста болады. (Тіл)
6. Екі қарауыл,
Екі тыңшы,
Бір жыршы. (Екі көз, екі құлақ, тіл)
V.Сабақты бекіту
Тақырыпқа байланысты суреттері бар қима қағаздарды әр топқа бір-бірден таратамын. Әр топ басшылары суретке қарай отырып дұрыс немесе дұрыс емес екендігін айтады . Неліктен дұрыс емес?
VӀ.Сабақты қорыту
- Оқушының күн тәртібі деген не?
- Күн тәртібі бізге не үшін қажет?
- Оқушының жеке басының тазалығына не жатады?
- Дұрыс дене сымбатын сақтау үшін не істеуіміз керек?

Ұқсас жұмыстар
Технологиялық картасы
Досалы қандай оқушы
Сабағыңды оқышы
Оқушыларды сабаққа дайындау
САБАҚ БАРЫСЫ
Менің күн тәртібім
САБАҚ ЖОСПАРЫ САБАҚ
Алтын күз
Үй тапсырмасы-оқу процесінің құрамдас бөлігі
Тез және баяу ұйқы
Пәндер