Тектілік тәрбиесі: Тегіңді біл сабағына арналған сабақ жоспары

Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақрыбы: Тегіңді біл.

Сабақтың мақсаты:

  1. Шыққан тегін білу әр адамның міндеті екдігі туралы түсініктерді калыптастырып, кеңейту.
  2. Тез ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Өмірмен байланысын жақсарту;
  3. Жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тірек сызбалар, үлгі дәптер, электронды оқулық, үлестірмелі карточкалар, суреттер Сабақтың түрі: Дамытушылық

Сабақтың типі: Ойын сабақ Сабақтың формасы: Ұжымдық, топтық, жеке. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабақта жұмыс істеуге даярлау. Оқу құралдарын түгендеу. Сыныптың тазалығына көңіл аудару

Мақсат қою: Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру

Жаңа сабақ:

«Текті білу тегін емес»
Бабамнан басталар,
“Өз жұртым” мыналар:
Ең жақын адамдар -
Әкем мен анам бар.
Әкемнің әкесі -
Ақ басты Атам бар.
Әкемнің шешесі -
Ақ шашты Әжем бар.
Әкеге мен - бала,
Атаға - Немере
Немере баласы -
Болады шөбере.
Шөбере баласы -
Шөпшек деп аталар.
Шөпшектің баласы -
Немене саналар.
Осы ұрпақ жалғасы
“ Жеті ата ” бола алар.
● Қорытындылау
- Балалар, ата - бабамыз қыздарын ақылды, ұлдарын батыр, ер етіп өсіруді мақсат етті. Ұрпақтары әдепті де ізетті, бәрін ақылға салып шешетін болса, өмірде бақытты болатынына сенді. Баланың бақыты, ұрпағының бақыты. Біздің ең түпкі шыққан тегіміз - адам. «Атаның ғана ұлы болма, адамның ұлы бол» деген осы. Ал «Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл» деген, өзіңнің тек қана бақытты болуыңды армандаған, сол үшін өзінің қолынан келгенінің барлығын жасаған ата - бабаңды қастерле, оның кім екенін біл. Ертең сені де өз ұрпағың солай қастерлейді дегенді білдіреді. Әрине біз қашан да ата тегімізді білумен қатар, ең түпкі тегіміз адам екнімізді ұмытпағанымыз жөн.

Сергіту сәті:

Оқушы білімін тексеру: сұрақ-жауап

Бекіту кезеңі: Тектілік туралы түсініктерін айтқызу

Үйге тапсырма: Жеті атасын жаттау


Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі сабағына мұғалімнің дайындалуы мен сабақ талдауының әдістемелік негіздері
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі: тарих сабағына арналған сабақ жоспары
Камзолға өрнек таңдау: 7-сынып үйірме сабағына арналған сабақ жоспары
5-сынып: Жетті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл - Сөз мерген ойын сабағы
PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктері және презентация жасау әдістемесі: информатика сабағына арналған сабақ жоспары
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы: 9-сынып қазақ әдебиеті сабағына арналған сабақ жоспары
8-сынып қазақ тілі сабағына арналған Қазақстан ормандары туралы сабақ жоспары
Дарындылар додасы: Жамбыл политехникалық колледжінің математика сабағына арналған сайыс сабақ жоспары
3-4 сынып оқушыларына арналған Оқы да біл, ойна да күл интеллектуалды сайыс сабақ жоспары
4 А сыныпқа арналған Дене тәрбиесі сабағында тақырыбындағы жіктік жалғауларды меңгерту сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz