Сабақ жоспары: Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы

Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақрыбы: Жыр алыбы- Жамбыл баба

Сабақтың мақсаты:

  1. Ақын-жазушылар туралы түсініктерді калыптастырып, кеңейту.
  2. Тез ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Өмірмен байланысын жақсарту;
  3. Жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тірек сызбалар, үлгі дәптер, электронды оқулық, үлестірмелі карточкалар, суреттер Сабақтың түрі: Дамытушылық Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың формасы: Ұжымдық, топтық, жеке. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабақта жұмыс істеуге даярлау. Оқу құралдарын түгендеу. Сыныптың тазалығына көңіл аудару

Мақсат қою: Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру

Жаңа сабақ:

Қазақ халық поэзиясының алыбы атанған Жамбыл Жабаев 1846 жылы «Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын, Жамбыл деп қойылыпты атым сонан» деп ақынның өзі айтқандай қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзені бойындағы (Шу ауданы) Жамбыл тауының етегінде Жапа деген қыстауда ақпан айының боранды күндерінің бірінде дүниеге келген. Бұл кез ақынның «Менің өмірім» өлеңінде: Көз аштым, сорғалаған қанды көрдім, Қамыққан, қанды жасты жанды көрдім, Ел көрдім - еңіреп босқан аңды көрдім, Қойнында Алатаудың зарды көрдім, - деп айтқандай ел ішіндегі әлеуметтік жағдайдың меңдеп тұрған тұсы еді. Бұл - Жетісу өңірінің Қоқан хандығына қарап тұрған шақтағы ел басқарудағы жолсыздықтың шектен шыққан кезі еді. Бір жағынан ақ патшаның, екінші жағынан жергілікті ел билеушілердің мөлшерден тыс алым-салығы бұқара халықты титықтатып тастап еді. Қалың бұқараның дені жоқ-жітікпен, бірде аш, бірде тоқ болып өлдім-талдыммен күнелтіп жатқан тұсында дүниеге келген ақын сол тұстағы ел өмірінің жанды картинасын қазақ поэзиясына шынайы қалпында алып келді. Жамбыл 8 жасқа келгенде әкесі ауыл молдасынан білім алсын деп оны оқуға береді. Бірақ болашақ ақынға молданың ескіше оқуы қонбайды. Сол тұстағы күйін ақын «Шағым», «Әкеме» атты өлеңдеріне арқау етті. Молданың ескіше оқуына қанағаттанбаған ақын: «Бала келсе сабаққа, Жем аңдыған дорбадан. Ақ сәлдесі басында, Боз інгендей боздаған» деп, білім беруден гөрі мал табуды көздеген молдаға деген наразылығын жасыра алмады. Бұл қазақ арасына жаңаша оқу ене қоймаған, ескіше оқудың кең өріс алып тұрған шағы еді. Осыдан кейін әкесіне молданың оқуы қонбайтындығын, түсіне өлең кіргенін айтып, қолына домбыра алып біржола ақындық жолға түседі. Жамбыл Шапыраштының Екей деген руынан, бұл елде ақындардың көп болғанын «Екейде елу бақсы, сексен ақын» деген жолдарынан көруге болады. Осындай ақындық орта болашақ ақынға да мол септігін тигізді. Сүйеке, сүйенішім, өнерпазым, Әйгілі, ақылгөй, желді сөздің. Әкежан, сен де тіле, бата берсін, Балаңа өлең қонып, атақ ерсін! - деп, ХІХ ғасырдағы суырыпсалмалық «импровизаторлық» өнердің классигі, М. Әуезов «ақындардың ақыны айдын көлдей ақылы» деп атаған Сүйінбай Аронұлынан бата алады. Сондықтан да осыдан кейінгі өлеңдерінде «Менің пірім - Сүйінбай, Сөз сөйлемен сиынбай» деп ұстазының алдына түспейтіндігін үнемі айтып отырады. Осылайша жастайынан өлең-жырға жақын өскен ол он бес жасынан-ақ «жас ақын», «жап-жақсы ақын», «Жамбыл ақын» болып елге таныла бастады.

Оқушы білімін тексеру: сұрақ-жауап

Бекіту кезеңі:

Үйге тапсырма: Жамбыл Жабаевтың кез-келген бір өлеңін жаттау


Ұқсас жұмыстар
3-сынып: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Жыр алыбы Жамбыл: өмірі мен шығармашылығын оқытуға арналған кешенді сабақ жоспары
Сабақ жоспары: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы: 9-сынып қазақ әдебиеті сабағына арналған сабақ жоспары
7-сынып әдебиеті: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы және Аттандыру өлеңінің талдауы
Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылығы: оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Сабақ жоспары: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен Ленинградтық өренім өлеңінің тарихи-әдеби талдауы
Әлем әдебиетінің алыбы Мұхтар Әуезов: өмірі мен шығармашылығы
Жамбыл Жабаевтың Аттандыру өлеңіне арналған сабақ жоспары
Х сыныпқа арналған сабақ жоспары: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын зерттеу (Жүз жасаған бәйтерек)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz