Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Құрметті мектеп оқушылары

Тақырыбы: <<19қараша- Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні>>
Мақсаты:
- Жас ұрпаққа "Қазақстан - 2030" бағдарламасының басты міндеттерінің бірі - салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру;
- Оқушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын - алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауын, оқушының санитарлық - гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту;
- Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып, болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.
Көрнекілігі:
Түрлі суреттер, бейне жазба, темекінің зиянды жақтарын көрсететін нақыл сөздер, суреттер, мақал-мәтелдер.
Сабақтың әдісі:
1. Баяндау;
2. Көріністер;
3. Өлең оқу.
4. Суреттер салу.
5. Тақырыпты талқылау.
6. Жарыс.
Сабақтың барысы:
І. Оқушыларды түгендеу.
ІІ. Тәрбие сағатының тақырыбын мақсатын хабарлау.
<<19қараша- Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні>>>>
Кіріспе бөлімі
Денсаулық - адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Біз осы жаңа ғасырдан күтер үмітіміз көп. Сондай-ақ қазіргі заманда адам ағзасына тиер залалы да жетерлік. Тірі ағзаға тиер экологиялық үш фактордың әсері осы таңда айтпаса да көзге шыққан сүйелдей болып көрініп тұрғаны анық.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті.
1-бағыт. <<Темекі шегуді тоқтату>>
2-бағыт. <<Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес>>
3-бағыт. <<Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес>>.
Салауатты өмір салтының мақсаты - өмір сүрудің мағынасы терең екендігін білдіруде.
Темекі, ішімдік, нашақорлық - адамның жауы. Бұл жолдан аулақ жүру керек. Басты байлық денсаулық екендігіне сіздердің көздеріңізді жеткізгіміз келеді.Олай болса, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз "Темекі тартқаның - өзіңді құртқаның" тақырыбында өтеді. 19 қараша Халықаралық темекі тартудан бас тарту күні.
2. Сайыстың кезеңдеріңмен, шартымен таныстыру. Сыныпты екі топқа бөлу.
I - бөлім. Топтың атын анықтау.
1. <<Денсаулық>> тобы.
2. <<Салауат>> тобы.
Салауатты өмір салты деген не?
1. Спортпен шұғылдану
2. Күн тәртібін ұстау
3. Жеке бас гигиенасын сақтау
4. Жаман қылықтардан аулақ болу: Маскүнемдік, нашақорлық, шылым шегу.
ІІІ. Негізгі бөлім
1. Никотиннің зардаптары
1 - оқушы: Бір данышпан темекі туралы сұрағанда <<мен темекінің үш жақсы жағын білемін>> депті:
Біріншісі, темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді.
Екіншіден, темекі шеккен адамды ит қаппайды.
Үшіншіден, шылымқор жан мәңгі жас болып көрінеді.
Мұны дәлелдеп беріңіз дегенде:
Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түнде келген ұрылар болса үйде ояу адам бар екен ойлап, кері қайтады. Көп жөтелген адамның белі бүгіліп, ерте таяқ ұстауға тура келеді. Таяқ ұстаған адамнан қабаған ит те жасқанады. Темекіні көп тартқан адам ерте қайтыс болады. Мәңгі жас болып өтеді дегенім осы,- деген екен.
2 - оқушы: Елімізде мектеп жасындағы балаларға ішімдіктер мен темекі сатуға болмайтыны заң болғанымен, бұл тәртіптің сақтала бермейтіндігіне жасөспірімдердің темекі шегуінің өзі үлкен дәлел болмақ. Бұл жөнінде мамандар <<заңды күшейту керек, немесе <<балалардың темекіге үйір болуы оның бағасының арзандығында>> деген сияқты пікір тудыруда.
3 - оқушы: Осы бір зиянды әдет қайдан шыққан?
Үндістер меңдуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танау арқылы ішке тартып соған мас болған. Олар оны <<табако>> деп атаған екен. 1560 жылы Француздың әйел патшасы Екатерина Медичиге басының сақинасы ұстағанда дәрі - дәрмек ретінде берілгенде баршаның қызығушылық құмарлығын тудырған. Әуелгіде емдік шөп ретінде қолданылған. Ресейге саудагерлер арқылы келген.
4 - оқушы: Темекінің зияны туралы не білеміз?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі зардабынан қайтыс болғандар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Соңғы уақытта темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 - 10 есе, өңештің ісігі 2 - 6 есе жоғары. Бір түйір темекі тартқан адам 0, 4 - 3, 5 мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15 минутқа қысқартады.
5 - оқушы: Темекіден ауаға жылына 720 000 тонна күкірт қышқылы, 384000 тонна аммиак, 180000 тонна никотин, 660 000 тонна темекі майы, 550000 тоннадай иісті газ шығады. Темекі кез - келген ауруды ушықтырады, жүйке қызметін бұзады.
6 - оқушы: Салмағы 1 мг темекіде 10 - 15 мг никотин болады. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жетеді. Оны сорғанда ауызда 60 градусқа дейін температура пайда болады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазанның шырышты қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді. Темекі шеккен адам темекі шекпеген адамнан 10 - 15 жыл аз өмір сүреді.
Әр топ Венн диаграммасын толтырады
Венн диаграммасы арқылы темекінің "зияны" мен "пайдасы"

Бейнежазба көрсету.
Көрініс: <<Темекінің зияны>>
Аяулым: Даяна сәлем.
Даяна: Сәлем.
Аяулым: Даяна сен білесің бе? Біздің сыныптағы менің қасымда отыратын Ержан темекі тартады.
Даяна: Оны қайдан білдің?
Аяулым: Өйткені ол үзіліс кезінде далаға шығып келеді. Сол кезде үстінен темекінің иісі шығып кетеді. Сосын күрк-күрк жөтеледі.
Даяна: Масқара, темекінің денсаулығына зиян екенін білмей ме?
Аяулым: Темекіден адам денсаулығына зиянды аурулар таралады деп естіп едім. Жақында Ержанды ата-анасы дәрігерге көрсеткен екен, оның өкпесі қабынған депті. Біз ондай балалармен қалай дос боламыз?
Даяна: Дұрыс айтасын, біз Ержан сияқты балалармен дос болып, өз денсаулығымызға балта шаба алмаймыз. Еліміздің болашағы біздің қолымызда. Сондықтан біз дені сау азамат болып өсуіміз керек.
Аяулым: Достар, еліміздің болашағын ойласаңдар жаман әдеттерден, темекі шегуден аулақ болыңдар!
Бірге: Біз темекіге қарсымыз! Оған жол жоқ!
10 - оқушы: Әуес болып шылымға,
Қылыққа жаман ұрынба.
Жамандық саған жабысып,
Ісің кетер құрдымға.
Оқушыларына сөзтізбек беріледі.
Сөзтізбек шешу (Денсаулық)
1. Денсаулықты сақтау үшін немен шұғылдану керек (дене шынықтыру)
2. Тазалық сақтау туралы ғылымды не дейді? (гигиена)
3. Гигиенаны ерте кезден бастаған елді ата? (үнді)
4. Адамға ең керекті тағамдардың бірі. (су)
5. Адам не жетіспегенде өмір сүре алмайды? (ауа)
6. Денсаулықты әлсіретуші жағдайлардың бірі. (шылым шегу)
7. Дені сау адамның денсаулығын сақтау туралы қандай ғылым бар? (валеология)
8. Адам денсаулығына ең керекті не нәрсе? (ұйқы)
9. Американ ғалымы П. Брэг адамдарда болатын аурулардың 99 %- ы неден болатынын айтқан? (тамақтанбаудан)
Үндеу.
Құрметті мектеп оқушылары! Біз 4 - сынып оқушылары, барлық мектеп оқушыларын салауатты өмір сүруге шақырамыз.
Егер темекіні тастасаңыз:
24 - сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды.
2 - күннен кейін дәм мен иіс сезу жағдайы әдеттегі адамдамен теңеседі.
3 - күннен кейін тыныс алу қалыпты жағдайға жетеді.
3 - айдан кейін өкпе әдеттегіден 30 пайыз артық жұмыс жасайды.
1 - жылдан кейін жүрек ауыру қаупі 50 пайызға азаяды.
10 - жылдан кейін өкпе рагіне шалдығу қаупі темекі шекпеген адамдікмен теңеседі.
15 - жылдан кейін жүрек пен қан қысымы ешқашан темекі шекпеген адамдармен бірдей болады.
Темекі санын күн сайын азайтып, ақырында ада-күде арылуға болады. Темекі тастаған соң, оны қайтадан тартпау керек.
Сабақты қорытындылау.
<<Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,
Үшеуімен бақытты болады өмір>> дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау - міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан. Дені сау халық - бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер!
<<Денсаулық - зор байлық>> демекші денсаулығымыздың өзіміздің қолымызда екенін әрдайым есте сақтайық. Сен өз өміріңнің қандай болғанын қалар едің?

Тақырыбы: "Дүниежүзілік амандасу күні"
Мақсаты:
Білімділігі - оқушылардың адамгершілік тәрбиесінен білік - дағдыларын қалыптастыра отырып, осы бағытта өзге елдің салт - дәстүрлерімен таныстыру.
Дамытушылығы - Жалпы адамгершілік қасиеттерін дамыту, осы сабақтағы әдістердің бірі - тіл дамытушылығына баса назар аудару. Нақыл сөздердің мағынасына, тәрбиелік жақтарынталдап, саралау.
Тәрбиелілігі - адамгершілік тәрбиеге тоқталу арқылы оның ішінде алғашқы сәлемдесу әдебінің маңызын аша отырып, адамшылық қасиеттерді қалыптастыру.
Түрі: аралас
Көрнекілігі: әртүрлі үлгі сөздер, адамгершілік тәрбиесі кестесі (көріністер, оқушылар көмегімен)
Жоспары:
І. Кіріспе <<Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді>>.
ІІ. Әр елдің салты басқа (амандасу түрлерін айтып көрсету)
ІІІ. Ишарат - ым, қарым - қатынас (тренинг)
ІҮ. Жақсы сөз - жан азығы.

Көрнекіліктер:
1. Сәлем - сөздің анасы.
2. Сәлем беру де парыз,
Сәлем алу да парыз.
3. Отан - отбасынан, тәрбие - құлақтан.
4. Сәлем беру - өткінші міндет емес, өмірлік міндет.

І. <<Әссалаума әлейкум>> - деп дидар несіп еткенде
Қол алысып, көңілденбес жоқ пенде.
Күн нұрындай сәлеміне адамның
Бұл дүниенің ғанибеті жеткен бе!

Әдеп, мәдениет - амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні - ең алдымен адамның кейіп - кескінін тану, болмысын байқау, өзіне деген көңіл ауғанын білу және тілек арқылы өзінің қалауын ұқтыру, өздерінің аман - есен дидарласып тұрғанына қуанып, ниетінің ақ - адал, таза екенін білдіру.
Мысалы, сырттан үйге кірген кісі қандай жастағы адам болса да, отырғандарға сәлем беруі керек.
Қауышып, амандасу ер азаматтар үшін ұлттық амандасудың ең құрметті түріне жатады. Жастар қол алысып, арқа, иық қағысып та амандасады. Қыздар бір - бірімен құшақтасып, сүйісіп, жай қол алысып немесе <<Сәлеметсіз бе?>>, <<Есен - саусыз ба?>> деп амандасады.
Әр халықтың амандасу рәсімі, салттары алуан түрлі болып келеді. Мысалы, Орта Азиядағы туысқан түркі халықтары барлық мұсылман елдеріндегідей, <<Ассалаумағалейкум>> деген араб сөзімен амандасады, ол <<Сізге Алланың нұры жаусын>> - дегенді білдіреді, оған жауап, яғни, сәлемді алу ретінде айтылатын <<Уағалейкум ассалам>> сөздері <<Алланың рақым нұры сізге де жаусын>> дегенді ұқтырады.
1 - оқушы: Жапондар таныстарын көрген жерде қолын алдымен беліне, одан кейін иіліп тізесіне дейін апарады. Сол еңкейген қалпы мүләйім жүзбен көзін сүзіп қарайды. Жапондарда ондай тәлім етудің - басы жерге жеткенше еңкею, орташа бүгілу және сәл иілу сияқты түрі бар. Осыған ұқсас сәлем беру әдеттері біздің халықта да кездеседі. Мәселен, қазақ келіндері қайын ата мен енелеріне, үлкендерге тізесін бүгіп, оң қолын кеудесіне қойып, иіліп сәлем салады.
2 - оқушы: Ертеде Африкадағы, Орта және Кіші Азиядағы мұсылман халықтары оң қолын жүрегінің тұсына апарып, тағзым ету арқылы амандық рәсімін жасаған. Ауғандар алдымен қолын маңдайларына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді. Ол <<Басымыз аман болсын>> дегені.
3 - оқушы: Ерте кезде Қытайда дос - жаранмен сәлемдесудің түрі өз қолын өзі қысу болыпты.
4 - оқушы: Француздар бір - бірінің маңдайынан сүйіп амандасады. Өзара мұрындарын сипасып, бір - бірін иіскеп, амандасатын халықтар да бар екен.
5 - оқушы: Түріктер қол алысып сәлемдеседі. Көп көрмеген, сыйлы адамдарының қолын сүйіп, қолын маңдайына апарады, оң, сол маңдайларын түйістіреді.
6 - оқушы: Сәлемдесуден кейін хал - ахуал сұрасу да әдепке, көрегенділік пен естілікке жатады. Мұнда да әр халықта әрі басқа қалыптасқан жора - салттар бар. Мысалы, орыстар: <<Денсаулығыңыз қалай?>> дейтін болса, ертедегі мысырлықтар <<Қалай, сіз терлейсіз бе?>> дейтін болған. Гректер <<Қуаныңыз>> сөзін айтса, қытайлықтар <<Бүгін тамақтандыңыз ба, қарныңыз тоқ па?>> деп сұрайды екен.
Жалпы ұзақ сапардан келген ағайынға жиылып келіп, амандасу немесе алыс сапарға аттанғалы жатқан адамға жиылып барып, <<Жол болсын!>> деп тілек айту дәстүр болған. <<Алты жасар бала келсе, алпыстағы шал барып сәлем береді>> деген мақал соның айғағы.
ІҮ. Жақсы сөз - жан азығы.
1. Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді.
2. Адам сөйлескенше,
Жылқы кісінескенше.
3. Сәлем беру де парыз,
Сәлем алу да парыз.
4. Сыпайылық - жан азығы, көрегендік - ой қазығы.
5. Отан - отбасынан, тәрбие - құлақтан.
6. Айтар сөзің қандай болса, еститұғын сөзің де сондай болар.
Осы нақыл сөздердің мағынасын ашып, талдау.
Қорытынды: <<Сәлем беру - өткінші міндет емес, өмірлік міндет>>. (бетін жауып, мақал айту арқылы ашу)
Жасырын осы нақыл сөзді тауып, тақырыпты қорытындылау.

Ұқсас жұмыстар
Құрметті Жас ұлан ұйымының мүшелері
Мектебім менің сүйікті, қоштасар бүгін кез келді!
Сыңғырла соңғы қоңырау- 2012
2014-2015 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиыны
1 қыркүйек салтанатты жиын сценарийі
Соңғы қоңырау мерекесі
«сыңғырла, күміс қоңырау!» салтанатты жиынының бағдарламасы
Сыңғырла, соңғы қоңырау жайлы ақпарат
Кел, балалар, оқылық!
Күз сарайы
Пәндер