Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік педагогикалық технологиясы

№14 семинар тақырыбы:
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша
педагогикалық іс-әрекеттерінің бағыттары.
Семинар сұрақтары:
1. Еңбек күн тәртібімен демалысты ұйымдастыру әдістемесі.
2. Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық педагогикасы.
3. Оқушының салауатты өмір сүру стилінің негізгі компонентері.

Еңбек күн тәртібімен демалысты ұйымдастыру әдістемесі.

Еңбек қимыл- әрекеті өндіріс заңдылықтарына сәйкес орындалады. Еңбек қимылы мен дене жаттығуларының сыртқы ұқсастықтарына қарап бір- біріне ауыстыруға болмайды.
Барлық қозғалыс қимыл- әрекет дене жаттығуы заңдылықтарына бағынады, сондай- ақ оқушы организмінде тиімді әсер етеді, ал екінші жағынан, жоғары көрсеткішке жетуге мүмкіндік береді.Тек дене жаттығуы жүйесі ғана адамның барлық органының дамуына мүмкіндік береді.
Еңбек қимылы адамның жан- жақты жетілуіне әсер етеді. Сондықтан да, мектепті үйрену сабағын дене тәрбиесі сабағымен алмастыруға болмайды. Қамтылған дене жаттығулары тиімді болуы да, мүмкін ол керісінше, әртүрлі дене жаттығулары бірден нәтиже байланыстылығы шығуы мүмкін. Бұл дене жатығуларының өзара үздіксіз дәлелі болып табылады.Демек шарттарды білу дене жаттығуларының тиімділігін анықтау. Педагогикалық процестерді бағыт- бағдарды көтеруге мүміндік береді.
Шарттардың көп түрлілігі класификацияланып мына төмендегіше болуы да мүмкін. Мұғалім оқушының жеке мінезі ерекшеліктері аса маңызды. Оқыту процесі екі жақты процес- мұғалім оқытады, оқушы оқиды, сондықтан кімнің қалай оқытатынында, дененің дамуында оқыту мен үйренудің сапасына байланысты.
Дене тәрбиесі заңдылығына қарай адам санасының шамасы ғылыми шарттарымен бейнеленеді. Неғұрлым дене жаттығуларының педагогикалық, психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері көбірек анықталса, соғұрлым педагогикалық мәселелерді шешу тиімді болмақ.Әдістемелік шарттар дене жаттығулары орындауда кеңейтілген талаптар тобын біріктіреді.

Дене жаттығуларын үйренуде және оны басқа да педагогикалық мәселелерді шешуге қолдана отырып, тиімді мүмкіндіктерді, яғни шешімін табатын мақсатты білу, және үлкен жетістікке жету, екіншіден оның құрлымы, үшіншіден, қайталау тәсілдерін игеру шешуші ол атқарады.Бұл дене жаттығуын жасуда, құралдарды таңдауда, және педагогикалық мәселелерді шешудегі дене тәрбие әдістерін анықтайды.

Дене жаттығуларының тиімділігі тек аса көп жүктемелерден кейін байқалады. Дене жаттығуларының нәтижесі оны орындау тәсілдеріне де байланысты. Оны орындауда кәсіпқойлықты функциянальды өзгерістерді шешуге белгілі бір уақытты сақтауда талап етеді.Дене тәрбиесінің жүйесі сауықтыру бағытындағы негізгі принциптері гигиеналық шарттар болып табылады. Олардың мақсаты- адам өмірін керекті дене жаттығулар варианттарын жасау. Ал, екінші жағынан сол жаттығулардың тиімділігін, гигиеналық нормаларын қадағалау. Дене тәрбиесінің толық мәнді шешімін табу үшін гигиеналық тәртіпке аса көңіл бөлуі керек.Қанша жерден педагогикалық процесс жақсы ұйымдастырылғанымен режим бұзылған жағдайда жетістікке жету жағы шамалы ғана болмақ, демек дене жаттығуларының тиімділігі, пайдасы болмайды деген сөз.

Гигиеналық шарттар екі салаға бөлінеді: Дене тәрбиесі процесінде бөлек адам өміріндегі қоғамдық еңбек гигиенасы, демалу, тамақтану нормалары дене жаттығуларының толық дерлік орындалуын қамтамасыз етеді.

Ой еңбегі кезінде қажымау үшін оны ұйымдастырылған дене қимылымен, жаттығулармен алмастырып отыруы қажет. Әрбңір сағат сайын үзілістер кезінде, ой еңбегінің түріне және күрделілігіне сәйкес жаттығулар (гимнастика ) жасаған жөн.Дене мен ой еңбектерін өзара оңтайлы үйлестіру адамның денсаулығын жақсартады, тұлғалық және психикалық бітісін қалыптастырады, тірліктік әрекетін, иммундық қасиетін жоғарғы деңгейге көтереді, төтенше орасан ахуалдарға икемделу қабілетін арттырады. Сөйтіп организмнің биоэнергетикалық пәрменін, физиологиялық реттеліс тетіктерін, тіршіліктік және әлеуметтік бейімделісін қамтамасыз етеді.

2. Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік педагогикалық технологиясы.
Адамдар мен қоғамның салауаттылығы - бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Себебі әрқайсымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сонымен қатар еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Елбасы Н.Ә.Назарбаев <<Қазақстан-2030>> стратегиялық бағдарламасында <<Салауатты өмір салты әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған>> деп атап көрсеткен.
<<Бақытты болу жағдайы, біздің денемізге жасаған қамқорлыққа байланысты болады. Дене үйлесімділігі арқылы салтанатты рух пайда болады. Ақыл-ойдағы айқындық көп мөлшерде күш-қайратқа негізделеді>>( П.С.Брегг) - дегендей, оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы әрекеттің барлық түрінен жоғары нәтижелі болуы - өзін-өзі жақсы сезінуі, дене мүшелерінің ең жоғары деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты. Осы бағытта жас жеткіншектерді тәрбиелеу онша қиындықты туғызбайды. Себебі, дені сау бала барлық бастамалармен істерге қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады. Дүниеге сеніммен шаттана қарайды. Мұндай жағдай тұлғаның барлық жағынан дамуына бірден-бір кепіл болады.Бұл, тәрбиенің мақсаты ретінде баланың әлеуметтену жағдайына нәтижелі ықпал етеді. Сондықтан да, біз оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру - тәрбиешілер мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты болу керектігіне айрықша мән береміз.

<<Салауатты өмір салты>> деп нені айтамыз?
Ол үшін <<салауаттылық>> пен <<өмір салты>> деген ұғымдардың мәнісін анықтап алған жөн.
<<Салауаттылық>>, яғни <<деннің саулығы>> - Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысында көрсетілгендей дененің, моральдық және әлеуметтік саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы. <<Дененің саулығы>> - адамның қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене мүшелерінің қалыпты жағдайы.
<<Өмір салты>> - адамның денелік, интеллектуалдық және еңбек әрекетін; тұрмыстық өзара қарым-қатынасын дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қарқынын; бірсарынды жұмысы, демалысы және қарым-қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, <<өмір салты>> - деннің саулылығына нәтижелі ықпал ететін <<салауатты өмір сүру>> ұғымын білдіреді.

Қазіргі ғылым <<салауатты өмір салтын>>:
-ең жақсы үйлесімді тәртіп;
-иммунитетті және денені шынықтыру;
-дұрыс тамақтану;
-орнықты өмір сүру әдеті ;
-зиянды әдеттің болмауы (<<ауру қалса да - әдет қалмайды>>);
-жоғары дәрігерлік белсенділік - деп түсіндіреді.
Баланың денсаулығының басты негізі оның рухани және тәндік жағдайы болып табылады. Әлеуметтік көздерін құрайтындар әлеуметтік байланыстар мен жеке қарым-қатынастары және рухани саулығының ажырамас бөлігі болып табылады. Жан саулығы- бұл біздің ақыл-ойдың, тәніміздің, жанымыздың саулығы. Жан саулығы - ойлау жүйесімен, қоршаған ортаны танумен және оған бейімделуді қамтамасыз етеді, бұл арқылы біз қоршаған ортаға, затқа, білім саласына, ұстанымға
қатысты өз орнымызды анықтаймыз немесе сезінеміз.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру күрделі, жүйелі үрдіс. Сондықтан оны жүзеге асыру
төмендегідей мәселелерді шешілуін талап етеді:
- Құқықтық ортамен қамтамасыз ету;
- Ақпарат рөлін арттыру;
- Салауаттанудан білім беру рөлін күшейту, білім беру ұйымдарында салауатты өмір салтын
қалыптастыру жөніндегі оқу-әдістемелік орталық құру;
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша қолданбалы зерттеулердің рөлін арттыру.

Мектептерде салауатты өмір салтын қалыптастыру төмендегідей мүмкіндіктер тудырады:
1) балалар мен жастар денсаулығын нығайту;
2) гигиеналық сауаттылықты арттыру;
3) денсаулықты сақтау әдістері мен қағидаларын қалыптастыру;
4) салауатты өмір салтының негіздері мен түрлерін танып білу;
5) психопрофилактика және психогигиенаның әдістерін қолдану;
6) өз денсаулығын сақтауға жауапкершілікті арттыру;
7) оқушылардың дене қимылдары белсенділігін күшейту;
8) түрлі жұқпалы және тәндік созылмалы аурулардың пайда болуынан сақтандыру;
9)ауырсындыратын әуестіктерге - темекі тартуға, алкоголь, есірткі заттарды пайдалануға
жиіркенішпен қарауға үйрету.

Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:
- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан - жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;
- Екіншіден, салауатты өмір салты - ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс - шараларды жүргізу.
Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның психологиялық, дене - қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру;
Олардың мінез - құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне - өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени - гигиненалық мінез - құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. Меніңше, адамның әлеуметтік - психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:
- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;
- физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- қарым - қатынас және экологиялық мәдениетке жету;
- дұрыс жыныстық тәрбие алу;
- зиянды әдеттерден аулақ болу.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны көздейді:
- Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;
- Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
- Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана
сүйену;
- Экологияландыру, адам организміне қоршаған орта факторларының
әсерін білу;
- Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты
туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу;
- Үздіксіз оқыту, салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз
қалыптастырып үнемі пайдалану;
- Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін
дайындау.
Осы ұстанымдарды негіздеп жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу барысында мұғалімнің орны ерекше болуы тиіс. Мұғалім мектептегі басты тұлға. Қай мектептің болсын нәтижелі, жемісті жұмыс істеуі түптеп келгенде сол мектепте еңбек ететін әр мұғалімнің өз міндетіне, көзқарасына тікелей байланысты. Әрбір сыныпта ұстаз алдында отырған шәкірттері де сол болашаққа барар жол үстіндегі талапкерлер.
Қазақстан Республикасының <<Білім заңында>> мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, адамзаттыққа тәрбиелеу және олардың ақыл-ой, танымдық шығармашылық қабілетін анықтау басты міндет екендігі айтылған. Осы міндеттердің жауапкершілігі негізінен мектептегі сынып жетекшісіне жүктеледі. Сондықтан оқушы бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой,танымдық сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құруды көздейді.
Салауатты өмір зиянды әдеттермен үйлеспейді. Алкоголь және басқадай маскүнемдікке әкелетін заттар, анаша, шылым шегу салауатты өмір салтын қалыптастыруға жан-жақты кедергі келтіреді. Зиянды әдеттер көптеген аурушаңдықтың қауіптілік факторы болып саналады және балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына кері әсер етеді. Қазіргі кезде, жоғарғы сынып оқушыларына жүргізілген эпидемиологиялық тексерулер шылым шегу, шарап ішу, анаша пайдалану жастардың арасында кеңірек таралып бара жатқанын көрсетеді. Әсіресе маскүнемдік бірінші орынға шығады екен. Маскүнемдікке бейім келетін ең қиын кезең - жасөспірім кезеңі. Бұл кезеңде жасөспірімдер тіршілігінде бірқатар маңызды өзгерістер болып жатады. Біріншіден, организмнің психо-эндокриндік қайта құрылуы қалыптасады, екіншіден жаңа көзқарас, қажеттіліктер қалыптаса бастайды. Психологиялық қайта құрылу дискамфорттық жағдайлардың пайда болуының себебінен қиын қалыптасады. Жасөспірімдердің мінез-құлқы тұрақсыздықпен, жылдам жәбірленгіш, өкпешілдікпен сипатталады. Осы кезеңде жолдастар тауып, топ құрып жүру қажеттілігі жоғары болады. Сонымен қатар, жасөспірімдер тобында өздерінің бағалайтын бағыт, пікірлері, демалыс уақыттарын өткізу, көптеген қиын жағдайларды шешу тәсілдері қалыптасады. Сондықтан бұл кезеңде топтармен бірге арақ-шарапқа үйрену қауіпі артып, ата-аналары мен педагогтардың ескертпелері оның еркіндігіне, құқығына қарсылық көрсету сияқты қабылданып, көбінесе олардың мінез-құлқына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан, оларды бір жақты тыңдауға мәжбүр ету олардың қарсылығын туғызып, өз бетімен кетуіне әкеліп соғады. Бұл жағдайлардың бәрі алкогольдік ішімдіктерді оңай табуға болатындықтан және алкогольдік әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің кең таралуынан туындайды. Әсіресе, ішімдікті жаңа бастап жүрген өте араласқыш, әзілқой, әрнәрсенің түйінін жылдам шеше білетін, өжет бастығы бар алкогольдік топтарға, жылдам үйір болады. Шынайы өмірдің қиыншылығынан қашу да балаларды алкогольдік топтарға әкелуі мүмкін. Яғни, негізгі іс-әрекеттеріне (оқу-жұмыс) қанағаттанбау, істеген жұмыстардың нәтижесінің шықпауы т.с.с. Осындай жағдайлардан өте маңызды психологиялық механизм жасауға болады: тіршілік түйткілдері мазасыздандырып, күткен жетістіктеріне жете алмаған жасөспірімдер алкогольдік топтарға <<ауысуң арқылы қалыптасқан нормалар мен құндылықтарға өзінің қарсылығын көрсетеді. Сонымен қатар, ішімдікке қойылған қарсы талаптарды да бұзады. Зиянды әдеттердің алдын алудағы маңызды бағыт - жасөспірімнің жеке адам болып қалыптасуына, оның қажеттілігінің, сұраныстарының жоғарылауына, адамзат баласының қастерлейтін мәдени құндылықтарына көзқарасын, яғни жасөспірімнің рухани денсаулығын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Жасөспірімдер арасында алкогольге қарсы ағартушылық, тәрбиелік жұмыстар жүргізу - ішімдікке қарсы арнаулы профилактикалық тәсілге жатады. Мектептерде алкогольге қарсы тәрбие жүргізген кезде төмендегі принциптерді басшылыққа алған дұрыс:
- Мектеп оқушыларын ерте жастан алкогольге қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру. Алкогольге жеке көзқарас 9-10 жастың өзінде қалыптаса бастайтындықтан, ішімдікке қарсы тәрбиені бастауыш сыныптардан басталғаны жөн;
- Алкогольге қарсы тәрбие мен ағартушылық бір бағытта, бірізділікпен жүруі қажет; мұнда оқушының жас мөлшеріне сәйкес қарапайым мысалдан бастап, ішімдікке байланысты қоғамға да, өзіне де келтіретін зор кесапатты түсінідіру арқылы ішімдіктің зиянын ашып беру керек;
- Ішімдікке қарсы жұмысты балалар арасында қойылған фазалар мен кезеңдерге сәйкес жоспарлау;
- Ішімдікке қарсы жүргізілген жұмыстарда оқушылардың әр түрлі жас топтарының психикалық ерекшеліктерін ескеру;
- Оқушыларды ішімдікке қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру жұмыстары гигиеналық және әдет-ғұрыптық, эмоционалдық және мазмұндық аспектерге сәйкес келуі тиіс;
- Балаларды әлеуметтік-гигиеналық пайдалы белсенділігін жоғарылату, толыққұнды демалыстар ұйымдастыру;
- Алкогольге қарсы жұмыстарды кешенді жүргізу. Педагогикалық ұжымдар мұндай жұмыстарды жанұялармен, маман дәрігерлермен, соның ішінде наркологтармен, мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп жүргізгені тиімді.
- Жоғарғы сынып оқушыларын алкогольге қарсы жұмыстарға белсене араластыру. Оларға ішімдікке қарсы ағарту жұмыстарын жасату. Мұндай жұмыстар жоғарғы сынып оқушыларымен қатар бастауыш сынып оқушыларына да пайдалы болады. Өйткені бастауыш сынып оқушылары өзінің ата-анасымен, мұғалімдерінен гөрі жоғарғы сынып оқушыларына көбірек сенеді. Жасөспірімдер аудиториясында алкогольдің ішкі ағзаларға тигізетін зияны туралы дәрістер онша тиімді емес. Мұндай орталарда алкогольге қарсы жұмыстар балалар мен жасөспірімдер үшін қажетті құндылықтарға, яғни оның қабілетін, мүмкіндігін ашу, олардың жанұядағы, балалар арасындағы, қоғамдағы орнын тауып беруге бағытталғаны дұрыс. Ішімдікке қарсы жұмыстың мазмұны мәнді, түсінікті, адамзат баласының қажеттіліктерін дұрыс қамтитын терең ұғымға негізделуі керек. Балалардың салауатты өмір салты көбінесе ата-аналарының тіршілігіне, өзі тәрбиеленіп отырған ортасына байланысты болып келеді. Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыруды, олардың белгілі жас-жыныс, ұжымдық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізген тиімді.
Мектеп қабырғасындағы оқушыларды салауатты өмір салтына пәнаралық байланыс арқылы да жүзеге асырылады. Мысалы: Пәнаралық байланысты мынадай үш жүйе арқылы құрастыруға болады.
- Денсаулықты сақтау
- Денсаулықты қалыптастыру
- Жеке тұлғаны қалыптастыру
Денсаулықты сақтау - денсаулық, сымбаттылық және сергектік-адам баласының ежелгі заманнан бергі арманы. Адам әр уақытта ұзақ өмір сүргісі, бақытты болғысы және жастыққа тән күш-қуатын сақтағысы келеді. Бұл жүйе жаратылыстану пәні арқылы жүзеге асады. Денсаулықты қалыптастыру жүйесіне дене шынықтыру пәні жатады. Дене тәрбиесі сабағының міндеті - оқушылардың денсаулығын нығайту, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап спорт түрлерімен шұғылдану. Жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесіне гуманитарлық сабақтар жатады. Бұл-баланың рухани ой-өрісін, қасиетін жан-жақты дамытуға бағытталған. Денсаулығы жақсы бала оқыту процесінің барлық түрлеріне қуана араласады, әрдайым жайдары, өмірсүйгіш қалпынан таңбай, құрбыларымен де еркін араласып, ұстаздарына да жылы қабақ танытады. Бұл тұлғаның барлық қырының танылуының негізгі шарты. Демек, баланың бойында денсаулық мәдениетінің қалыптасуына басты мән беру керек. Бала кезінен денсаулықтың заңдылықтары мен қарапайым қағидаларын бойына сіңіріп өскен бала өскенде де осы бағыттағы ізденісін жалғастыратына сөзсіз. Оларды денсаулыққа деген жауапкершілік көзқарасты, дене мәдениетін қалыптастыру, әр сабақта осы жайларды еске салып отыру, оқытушының бағытталған жұмысы - балада өзге адамдармен қарым-қатынасты қалыптастыру, өз бетімен, өздігінен өмірлік процестерге жауап таба білу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.Бала қоғамның ең жоғарғы құндылығы, одан жоғары тұрған ештеңе болмауы керек. Бала денсаулығын сақтау мектебіміздің негізгі принципі - әр баланың бойындағы өмір резервін, өмірге құштарлық пен бейімділікті бірте-бірте, өте сақтықпен оята білу. Ол құштарлық пен бейімділік, өмір резерві бала бойында дайын күйінде тұрған жоқ. Олар жаңа өсіп келе жатқан көшет тәріздес, тәрбие мен оқыту барысында пайда болады, қалыптасады, дамиды. Бала бойында рухани беріктікті нығайту үшін балаға сенімділікті, өзін бағалауды үйрету қажет. Бұл мақсаттарды іске асыру үшін оқушылар ең бастысы, адам өз денін сауықтырып, денсаулығын қалпына келтіре алады деген қағидаға сену керек. Осыны жүзеге асыра отырып, әр оқушының денсаулығын қалпына келтіріп, оны жақсарта түсуге арналған бағдарлама жасауға болады.
1.Сабақтан тыс уақытта сауықтыру шараларын жүргізу
2.Күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауға үйрету.
3.Сыныпта денсаулық сақтау шараларына арналған көрнекі құралдардың, стендтердің болуы. Оны жасауға ата-аналар мен балаларды қатыстыру қажет. Әр пән мұғалімі өз сабағында осы мәселелерді балаға терең жеткізіп отырса, онда нағыз жан-жақты дамыған болашақ жас ұрпақ тәрбиелеп шығарарымыз сөзсіз. Жас ұрпақтың спортты серік етіп, денсаулықтарын нығайта түсуі - бүгінгі күннің басты талабы.
Егер болашақ ұрпақтың денсаулығын ойласақ, парасаттылыққа, адамгершілікке, сауаттылыққа осындай сана арқылы тәрбиелеген озық ойлы үлгілерді қазіргі кездегі мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне пайдалану өмірдің өзекті мәселесі болуы тиіс. Әр оқушының жан-жақты дамуына жағдай жасау- әр мектептің, әрбір ұстаздың, әрбір ата-ананың парызы деп білуге болады. Салауатты өмір салты дегеніміз - әрбір жеке адамның өнімді еңбек етіп, тұрмыс құруы, бос уақытында дем ала білуі, қысқасы, адамның күнделікті дұрыс қалыптасқан өмір тіршілігі. Сонымен еліміздің кез-келген азаматысалауатты өмір сүру үшін парасатты, зерделі, білімді, салауатты болуы маңыздылық танытады.<<Сіздердің табыстарыңыз-ата-аналарыңыздың табысы, туғандарыңыз мен туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы>>. (<<Қазақстан-2050>> стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты) <<Он екі мүшең сау болса - жарлымын деме>>,- деп халқымыз денсаулықты адам өміріндегі орнын, тән сұлулығын,жан тазалығын еш нәрсемен айырбастауға, теңестіруге болмайтынын ұрпақтарына ескертіп отырған. Шәкәрім атамыз <<адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын - адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек>>,- деген еді. Көзге көрінбейтін нәзік сезімді, аса құнды қасиеттерді жүректен жүрекке жеткізу шебер тәлімгердің ғана қолынан келеді. Біздің тәрбие бастамамыздың негізі салауатты өмірге жас жеткіншектерді баулу, оны қалыптастыру. Жастарымыздың жүзінен күлкі, жүрегінен жалын, саналы сезім төгілсе онда ұрпағымыздың денінің саулығы. Еңселі егеменді еліміздің ертеңінен үлкен үміт күтеміз. Жастардың денсаулығы, жігері, қайраты, білімі егемендігіміздің беделі, еліміздің мақтанышы болмақ.

3. Оқушының салауатты өмір сүру стилінің негізгі компонентері.

Салауатты өмір салты - жан-жақты, кешенді ұғым. Алайда оның аясындағы түсініктің барлығы сайып келгенде, адам өмірінің басты құндылығы адам денсаулығын жақсарту мен нығайту мәселесіне байланысты болып келеді. Елбасымыз <<Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған>> [1],-деген. <<Қазақстан-2030>> стратегиясында салауатты өмір салтын ұстануға байланысты төмендегі іс-шаралар маңызды деп көрсетілген: нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес, темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту, тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.
Ғаламтор бетінен оқыған мына бір мәлімет мені қатты ойландырды: <<Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының дерегі бойынша, халық денсаулығының 49-53 пайызы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20% пайызы қоршаған ортаға (аймақтың экологиялық және климаттық-географиялық ерекшеліктеріне), 18-22% пайызы тұқым қуалау себептеріне, біздің денсаулығымыздың тек 8-10% пайызы ғана денсаулық сақтау ұйымына тәуелді>>[3]. Бұл мәліметті оқи отырып, он екі мүшесі бүтін, алпыс екі тамыры сау болып дүниеге келген адамның әрі қарайғы денінің сау болуының 50 пайызы өз қолында екенін өзім қатарлас өсіп келет жатқан қатарластарыма да айтуды жөн көрдім.
Жалпы не туралы сөз қозғасаң да, ең алдымен оның анықтамасын айта кеткен әбден дұрыс. Мысалы салауатты деген сөз ақылды, байыпты, парасатты, ойлы деген ұғымды білдіреді екен. Ал өмір салты дегеніміз әр адамның қалай тіршілік ететіні, қалай тамақтанып, қалай демалатындығы, яғни тіршілік ету көрінісі деуге болады. Кез келген адам өзінің белгілі бір қалыптасқан өмір салтымен тіршілік етеді. Адамның өмір сүру салты тіпті қанға, оның ата-тегіне байланысты болуы мүмкін. Дәл осы себептерге орай, салауатты өмір сүру салтыүш категорияға бөлінеді екен:
1. Салауатты өмір сүру деңгейі;
2. Салауатты өмір сүрудің сапасы;
3. Салауатты өмір сүрудің стилі.
Салауатты өмір сүру деңгейі - экономикалық категория. Бұл адамның материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуімен түсіндіріледі. Ал салауатты өмір сүру сапасы - әлеуметтік категория - ата-анасының жұмыс орындары (оқу орындар, мектептер),өскен ортасы т.б. байланысты.
Салауатты өмір сүру стилі - әлеуметтік-психологиялық категория. Бұл адамның жалпы өмірде, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстай білуіне, әр түрлі қасиеттерімен көріне білуіне, сондай-ақ өзін тікелей жетілдіре білуіне байланысты.
Бұл үш категорияның алғашқы екеуі, яғни салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы адам әлеуетіне байланысты. Өйткені оқушы оларды, яғни ата-ананы, әлеуметтік-материалдық жағдайды таңдап ала алмайды. Сондықтан да адам денсаулығының жақсы болуы немесе нашарлауы, оның жалпы салауаттылық деңгейі үшінші атап көрсетілген салауатты өмір сүру стиліне байланысты. Салауатты өмір сүру стилі дағдыға және Біздің әрқайсымыздың бейімділігімізге байланысты екен. Ендеше салауатты өмір салтын ұстануды 99 пайызға игерілуге болатын құбылыс деп батыл айта аламыз.
Біз ең алдымен адам денсаулығына өте қатерлі, қауіпті болып саналатын төмендегі факторларды білгеніміз жөн:
Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу мәселесі көп жылдар бойы ғалымдар тарапынан қарастырылып, мектеп мұғалімдері бұл туралы өз тәжірибелерімен бөлісуде. Ендеше, оқушыны салауатты өмір салтына бейімдеу мәселесі біршама ізденіс тақырыбына арқау болған, жүйеленіп зерттеліп келе жатқан тақырыптардың бірі. Ізденіс барысында салауаттану ғылымының біршама мәселесімен таныстым. Солардың бірқатарына тоқталып өткенді жөн санадым:

<<Біріншіден, сабақ барысында баланың дұрыс отыруын қадағалау - ең басты міндет.

Екіншіден, сабақ барысында дене бұлшық ет жүйесін және көру жүйесін ширататын сергітулер өткізіледі.

Үшіншіден сабақтағы көрнекі құралдар барынша жылжымалы болуы керек. Оны ұдайы қозғалту, құралдарды қадағалап отырған балалардың көз белсенділігін арттырады.

Төртіншіден, жазу барысында арнайы дайындалған каллиграфиялық нұсқаларды қолдануға болады.

Бесіншіден, хор арқылы айтылатын әннің әсері өте жоғары. Сонымен, бірге музыкалық гимнастиканы, яғни саз ырғағымен дене қимылдарын орындауды, биді де қолдану керек.

Алтыншыдан, сабақтағы физкултьминутқа, яғни жалпы шаршауды сейілтетін, қолдарын, саусақтарын, көру және есту қабілеттерінің дамуына әсер ете алатын қысқа ғана жаттығулар жиынтығы.

Жетіншіден, сабақтан тыс уақытта сауықтыру шараларын жүктеу>>.

Оқушылар санасында салауатты өмір салты деген ұғым-түсінікті, салауатты өмір салтына зиянды факторлар мен салауатты өмір салтын қалыптастыратын факторларды толық қалыптастыру үшін оқытудың сан алуан түрі таңдалып алынады. Мәселен, бізге өткізілетін тәрбие сағаттарының маңызы зор. Жалғыз насихат жүргізу, уағыз айту оқушының ақпаратты толық қабылдауына ықпал ете қоймайды. Дебат, дискуссия, тренинг, кездесулер т.б. ұйымдастыру өз ұтымдылығын көрсетіп келеді.
Тәрбие сағаттарында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану сабақ мақсатына жетуге көп көмегін тигізеді. Сабақ материалы аудио және бейне материалдарды қамтып, әр түрлі сурет-сызбалар, презентациялар арқылы түсіндіріледі. Сыныпта дәл осы тақырыпқа қатысты стендтердің болуы да маңызды. Ал дебат, тренингтер әр оқушының аталған тақырыпқа қатысты ойын, көзқарасын, жалпы ұстанымын тани түсуімізге себепші болады.

Ұқсас жұмыстар
Гигиеналық факторлар
Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері
Тәрбие үдерісі-тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ БОЙЫНДА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесін қалыптастырудың ерекшеліктері
Республикамызда салауатты өмір салтын қалыптастыру
Жобалап оқыту технологиясы
Сабақтың барысы кезең
Дені саудың – жаны сау жайлы ақпарат
Оқушыларда қабылдауды дамыту - музыка мұғалімнің маңызды міндеті
Пәндер