Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сыныптан тыс сабақтар

Математика пәні бойынша сыныптан тыс сабақ түрі және оны өткізу әдістемесі
Жоспар:
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі
Сыныптан тыс сабақтар
Математикалық бұрыш
Математикалық кеш
Математикалық үйірме жұмысы
1.Математикадан сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу процесінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты: оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсу; логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамыту; неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды көрсете білу, олардың ой өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру; тәртіпке, ұйымшылдыққа, табандылыққа, еңбекке, ұжымдыққа баулу.
Сыныптан тыс жұмыстың күнделікті сабақтан айырмашылығы: еріктілік принципінде құрылуында; баға қойылмайды, ойын жарыс түрінде өтеді. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны математиканың негізгі курсын оқып үйренуде толықтырушы болып табылатын және сынып жұмысы мен үйлесімді болатындай таңдап алынуы керек.
Сыныптан тыс жұмыстың түрлері: Математикадан үйірме жұмыстары, математикалық бұрыш, математика кештері мен ертеңгіліктері, конкурс, олимпиада, эстафета, газет.
Математика бойынша сыныптан тыс жұмыстың мазмұны: әзіл-оспақ есептер, математикалық жұмбақтар, математикалық мақал-мәтелдер, ребус, сөз-жұмбақ, софизм, фокус, геометриялық басқатырғылар, т.б.
Сабақтың тақырыбы: Сыныптан тыс математика және оны оқыту әдістемесі
Сабақтың мақсаты: студенттерге сыныптан тыс математика сабақтары және оны ұйымдастыру жолдары мен тиімді тәсілдері жөнінде мағлұмат беру, қызықты есептер мен тапсырмаларды таңдай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: әңгіме, машық жұмысы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Студенттермен амандасу, түгендеу, дайындықтарын тексеру.
Өзіндік машық жұмысын өткізу.
Жаңа материалды түсіндіру.
Міндеттері :
Оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсу;
Логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамыту;
Қабілетті және дарынды балаларды көрсете білу, олардың ой-өрісін дамыту, қызығушылығын арттыру.
2. Сыныптан тыс сабақтар.
Бұларды кейде қызықты математика деп те атайды, бүкіл сыныпқа арналады. Өткізу ұзақтығы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты түрліше болады: 30-дан 45-мин-қа дейін. Айына 1-2 рет болуы мүмкін. Мазмұны жөнінен сабақтағы жұмыспен байланысты болуы тиіс: қиынырақ есептер, тапқырлыққа есептер, ойын-есептер, геометриялық мазмұнды қызықты есептер, логикалық есептер, есепті әр түрлі тәсілмен шығару, есепті теңдеу, теңдеулер жүйесін құру арқылы шығару, т.б. қарастырылады. Сиқырлы шаршыларды толтыру, ойлаған санды табу, ребус, жұмбақ шешу ұсынылады. Суреттер, плакат, ертегі-кейіпкерлерін қолдануға да болады. Жұмыс ұжыммен және жеке-дара ұйымдастырылады. Ұпай санау арқылы жеңімпаздарды анықтап, бәйге беруге болады.
Мысалы: 2- сынып бойынша.
Сыныптан тыс сабақ тақырыбын жұмбақтап немесе өрнектерді шешу арқылы анықтау.
Командаға бөлу. Капитан сайлау.
Капитандар сайысы.
Эстафета -командаға арналады.
Тапқырлыққа берілген есептер ауызша.
Ойын.
Жұмбақтар.
Қорытындылау.
3. Математикалық бұрыш.
Математикалық бұрышты оқушылар мұғалімнің көмегімен жүргізеді. Мысалы: математикан дәптерлер көрмесі, есептер құрастыру үшін цифрлы мәліметтер жинау, газет қиындыларын жинау, математикалық газеттер шығару. Мұнда есептер, мысалдар, жаттығулар жазылған кестелер орын алады. Бұл оқушыға сыныптан тыс сабақ аралығында жаңа тапсырмалар орындау ға мүмкіндік береді. Атауларын тартымды етіп қоюы керек: <<Жас математик>>, <<Тапқырлар>>, т.б. онда оқушылар тізімі, апталық тапсырма және оқушы жауабына арналған қорапша немесе конверт болады. Қателерді сыныптан тыс сабақтарда талдайды. 1 мезгілде 4-5 тапсырма қатар беруге болады: қиынырақ есептер, ойын-есептер, сиқырлы шыршалар.
4.Математикалық кеш. Математикалық кеш немесе ертеңгілік жарысушы командалар түрінде 2-3 қатарлас сыныптардың оқушыларына арнап ұйымдастырылады.
Математикалық кешті дайындау кезеңінде үйірме газеті шығарылып, жоғары сынып оқушыларынан әділ-қазы алқалары сайланады, бір-біріне сұрақтар дайындалады.
Мысалы:
кешті ұйымдастыру (қатысушы топтар мен әділ-қазыларды таныстыру);
әңгіме (тақтада берілген ауызша есептеу жаттығулар);
жарыс;
ойын;
тапқырлыққа берілген есептер;
ең жақсы есептеуші байқауы;
топтардың бір-біріне қояр сұрағы;
қорытынды.
5.Математикадан үйірме жұмысы. Математикаға ерекше әуестік байқатқан балалармен неғұрлым кеңірек жұмыс істеу үшін 2-4 сыныптардан бастап, математикадан үйірме жұмысы ұйымдастырылады. Үйірме сабақтары белгілі бір жоспар бойынша, оқушылардың тұрақты құрамымен жүйелі түрде айына 2-3рет өткізілуі тиіс. Үйірме сабақтарында балалар есептеудің жаңа әдіс әдістерімен, қиын есептерді шығару тәсілдерімен, кейбір тарихи мәселелермен, әзіл-оспақ есептерді шығарумен, жұмбақ, ребус түрлерін шешумен танысады. Үйірме мүшелері математика апталығына дайындыққа, яғни газет шығару ісіне, кеш ұйымдастырып оны өткізуге, математикалық бұрыштар әзірлеуге қатыстырылады.

Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Информатика пәнін оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Әдістемелік бірлестік отырысының жоспары
Мұражай мұраларын сыныптан тыс жұмыстарда пайдалану
Мектеп координаталары
Математика, физика және информатика апталығы
Тәрбие сабақ жоспарын көрсету
Сабақ кестесінің үлгілері
Бүгінгі білім - ертеңгі болашағымыз
Циклдік комиссияның меңгерушісінің жұмыстың орындалуын бақылауы
Пәндер