Сабақ жоспары :: География

Файл қосу

Туған жердің табиғаты

Сабақтың тақырыбы: Туған жердің табиғатын
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға туған жер табиғат туралы түсінік беру,экологиялық жағдай туралы білімдерін кеңейту.
2.Табиғат жағдайын шешу жолдары туралы пікірталас туғызу арқылы іздестіру,өз ойын ашық,дәлелді айта алуға тәрбиелеу.
3.Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер,сызбалар Қазақстанның физикалық картасы.
Оқушылар әрекеті: Кілтті сөздерге әңгіме қурастыра отырып талдау жасайды.Өз көзқарасын білдіреді.Пікірталас туғызады.
Топтық жұмыс. Бір-бірлерімен пікірлесе отырып,ортақ қорытындыға келеді.
Барысы.
* Ұйымдастыру.
* Топқа бөлу.
* Жаңа сабақ.
Сабақтың нұсқасөзі: <<Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз.Жер,су,ауа-адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына.Оны сақтау,қамқор болу-біздің басты міндетіміз>> /Ы.Жақаев/
1.Ой қозғау:
Пай,пай киелі неткен жер,
Бабалар дүрілдеп өткен жер.
Бас иіп,иіскеп топырағын,
Тағзым жасмай өтпеңдер!-деген М.Мақатаевтың өлең шумағы біздің жерге арнап айтқан.
Менің бұлай айту себебім неде деп ойлайсыңдар? /Оқушылар өз пікірлерін айтады./
<<біздің жер киелі жер.Біздің жерден оқымысты ғалымдар,ақындар жазушылар,қолбасшылар шыққан.Осындай киелі жердің табиғатын қорғауға біз әрқашан дайынбыз>>,тағы басқа.
2.Топтарға кілтті сөздер беріледі.
Оқушылар 4 /төрт топқа бөлінеді/
3.Әр топ 5 кілтті сөзден әңгіме құрайды. Оқиды.
4.Тәсіл кестесі.
Адам табиғаттың ? оқушылар тақтаға шығып өз ойларын жазады.
<<Адам - табиғаттың досы>>- деген пікірді ұстанғандар бір топ, <<қарсы>> дегендер бір топты талқылайды.
Әр топтың топ басшылары қорғайды. <<Досы>> дегендер: адам әр уақытта табиғатқа көмек жасайды.Ағаш отырғызады.Бұлақтардың көзін ашады.Құстарға ұя жасайды.
Екі топ бір-біріне сұрақ қояды.
1-топ Егер дос болсаң ,мектеп мектеп ауласындағы ағаштарға қандай көмек бересіңдер?
2-топ Үйлер мен ғимараттардың бұзылуы,бос қалуы ауыл экологиясына қандай зиян әкеледі. /жауап алынады./
Жарыс соңында . Ауданымыздың көрікті жерлері көрсетіледі.
Мұғалім . Ауданымызда туризімді қалай дамытуға болады деп ойлайсыңдар?
-Оқушылар өз ойлларын айтады.
Шығу парағы .
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін ауызша айтып береді.

<<Тұмаудан сақтанайық>>.1. Оқушыларға тұмау және тұмаудан сақтану туралы мағлұматтар беру;2. Салауатты Өмір Салтын Қалыптастыру орталығының қызметкерлерімен кездесу;3. Оқушыларға денсаулықтың ең басты байлық екенін ұғындыру, тазалық, жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану туралы пайдалы кеңестер беру;Сабақтың түрі: кездесу сабағыСабақтың көрнекі құралдары: интерактивті тақтадағы сызбалар (<<Пайдалы және пайдасыз тағамдар>>, <<Адам денсаулығына пайдалы және зиян>>), тұмауды емдеуге арналған сусын, кеспе әріптер (ТАЗАЛЫҚ), күн көзі макеті, тұмау туралы кітапшалар, буклеттер, плакаттар, <<Орамал тастамақ>> ойынына орамал мен сыйлық.Сабақтың жоспары:1. Ұйымдастыру бөлімі.2. Негізгі бөліма) Кіріспе. <<Тұмау>> деген не?ә) Тұмау туралы не білесің? ( оқушылардың сурет салып, баяндау)б) Пайдалы кеңестер. Тұмауға қарсы сусын дайындау.Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру бөлімі.2. Негізгі бөлімМұғалім: - Тұмау , грипп (лат. гріппұс фр. grіpper - "бас салу, шап беру"), инфлуэнца - тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы - ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (Н әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.
Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады.
Таралуы
Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.
Тұмау вирусы өте тез тарайды. Инфекцияны қоздырушы - тұмаумен ауырған адам. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ науқас адам пайдаланған заттар, т.б. арқылы таралады. Ауалы-тамшылы жолмен түскен вирус жоғ. тыныс жолдарының беткей клеткаларына еніп, өсіп-өнеді де мұрынның шырышты қабаттарын зақымдайды, қанға сіңіп, жалпы организмді уландыра бастайды. Аурудың жасырын кезеңі 1 - 4 күнге созылады. Тұмау кезінде науқастың денесі дел-сал болып, тамағы мен тыныс жолдары ашиды, дене қызуы көтеріліп (38С-қа дейін), асқа тәбеті болмайды. Басы ауырып, бұлшық еттері сыздайды. Адамға тұмау тигеннен кейін бірнеше сағ-тан соң (кейде 1 - 2 күннен кейін) мұрыннан су ағады, даусы қарлығып, жөтеледі, қақырық пайда болады, иіс сезуі нашарлап, көзі қызарады. Тұмау, әсіресе, емшек еметін сәбиді қатты әлсіретеді. Баланың танауы бітеліп, демалысы қиындайды, мазасызданып, ұйқысы бұзылады. Тұмау ересек адамдар үшін де қауіпті, ол құлаққа, тамаққа, тыныс жолдары мен өкпеге зақым келтіруі мүмкін. Т-дан жазылғаннан кейін организмде иммунитет пайда болады, ол А типінен кейін 1 - 2 жылға, В типінен - 2 - 3 жылға созылады, С типінен кейін тұрақтанады. Сондықтан С типімен ауырған адамдар тұмаудың бұл түрімен қайталап ауырмайды.
Алдын алу шаралары
Тұмауға нақтылы диагноз қойып, науқасты оқшаулап, ауруханаларда не басқа тиісті мекемелерде карантин жарияланады. Тұмауға қарсы вакцина егіледі, оның ішіндегі ең тиімдісі - тазартылған вириондық вакцина. Алдын ала организмді шынықтыратын емдер жасап, спортпен шұғылданған дұрыс.
Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.
Емі
Емі -- дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.
Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шараларын жүргізеді. Арнайы дәрілер (оксолин, амантадин, ремантадин, интерферон, т.б.), антибиотиктер, қызу басатын, организмнің улануын азайтатын дәрі-дәрмектер беріледі.
Эпидемиолог мамандар бүгiнгi таңда әлем бойынша вирустық аурудың 200 түрi бар екенін зерттеп, дәлелдеді. Ол - адамның инфекциялық патологиясында маңызды рөл атқарып, ерекше орынға ие болған ауру түрі. Тұмау вирусы домалақ немесе сопақша пішінді, диаметрі 80-100 cм. Құрамында РНҚ бар. Бөлме температурасында тұмау вирусы бірнеше сағаттан кейін өзінің белсенділігінен айырылады, ал 65 С градусқа дейін қыздырғанда 5-10 минут аралығында өледі. Ол қышқыл тез бұзылады, кептіргенге шыдамайды, эфир, спирт және басқа залалсыздандыру ерітінділерінде жойылады. Ультракүлгін сәуле мен ультрадыбыстар тұмау вирусын тез жояды.Тұмау вирусы көптеген үй жануарларын да зақымдауы мүмкін, бірақ бұлардың адамның эпидемиялық зақымдануында маңызы шамалы.Жұқтыру көзі болып ауру адам саналады. Вирус жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ауадағы тамшы бөліктерімен беріледі. Аурудың жасырын кезеңі жұқтырған күннен бастап 1-2 күнге созылады.Тұмау кенеттен басталады. Әдетте ауру дене қызуының тез жоғарылауымен, бастың қатты ауруы, жалпы әлсіздік, ұйқының бұзылуы, тамаққа тәбеттің болмауы сияқты белгілермен көрінеді. Кішкентай балаларда құсу және тырысу байқалуы мүмкін. Бірнеше уақыттан кейін мұрыннан су ағу, жөтел, кейде дауысының қарлығуы қосылады. Жиі бүкіл денеде сырқырау, буындарда ауырсыну байқалады. Осы кезеңде ауру адам басқаларға жұқпалы болады. Ауру ағымы сәтті жағдайда 3-5 күнге созылады, одан кейін жазылады.ә) Тұмау туралы не білесің? ( оқушылардың сурет салып, баяндауы)1-оқушы: Тұмаудың жедел түрімен ауырған адамдар өте қауіпті, себебі олар ауырса да жұмыстарына, дүкенге, мектепке және басқа да жерлерге барып жүреді. Осыған байланысты олар көптеген коллективтерге инфекция таратып және аурудың шығу көзі болуы мүмкін.Тұмаудан кейін иммунитет тұрақсыз, 1-3 жылдай сақталады. Әдетте тұмау вирусы өзгеріп отырады. Сол себепті жыл сайын тұмау вирусы әртүрлі болып отырады, түзілген иммунитеттің шамасы келмейді.2-оқушы: Тұмаумен ауырған адамды тез арада басқа отбасы мүшелерінен оңашалау керек. Оның бөлмесінде залалсыздандыру жүргізу керек. Науқас үйден шықпағаны дұрыс, әсіресе халық жиналған жерлерге, қоғамдық ұйымдар, транспортта, балалар бөліміне бармауы керек.Науқасты төсекке жатқызып, көп мөлшерде ыстық сусындар: шәй, кофе, қайнаған сүт береді. С витаминінің жоғары мөлшерін қабылдаған жақсы. Дәрігерді үйге міндетті түрде шақыру керек. Дәрігердің нұсқауына дейін науқасқа ешқандай дәрілер, соның ішінде егер температурасы 39 С градустан аспаса, дене қызуын төмендететін дәрілерді беруге болмайды.б) Пайдалы кеңестер. Тұмауға қарсы сусын дайындау.<<Бал қосылған таңқурай>>(ыдыс-аяқтарын, тағам түрлерін пайдаланып, сабақ үстінде дайындайды)3-оқушы: 1 ас қасық бал, 1 ас қасық итмұрын, 1 ас қасық таңқурай, 1 ас қасық қарақатқа, 100мл. қайнап тұрған су қосады. 15 минут ұстап, тамақтың алдында (1/2) стаканнан күніне 3 рет ішеді.3. Денсаулық туралы бірер сөз.4-оқушы: Денсаулық.Шыныққан шымыр денеміз,Күн сайын өсіп келеміз.Денсаулық - <<5>> сабақ <<5>>Деп рапорт береміз!Ұйқыңнан ерте тұр,Жадырап, жарқын күл.Әдетің болсын әрқашанЖаттығу жасау, жуыну!Суық қардан онша қорқа қоймасаң,Шынығасың таза ауада ойнасаң.Осы кезде спортпен шұғылданып,Сұлулық пен денсаулықты ойлайсың.Қабақ түйсең, саған ешкім қарамас,Жылы сөйлеп, барлығымен амандас.<<ТАЗАЛЫҚ>> сөзіне сөзжұмбақТ - тазалық - денсаулық кепіліА - ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.З - зарлымын деме, жанында жара болмасаА - ауырып жазылған жан олжаЛ - ластың досы - шыбын.Ы - ыдысы тазаның ырысы таза.Қ - отыр қолдан жұғады. (қолына щетка алады)Щетка, щетка, щеткалар,Неше түрлі щетка барБірі тісті жуады,Бірі шаңды сүртеді. (қолына сүлгі алады)Тазалықты сақтауғаКөп үлесін қосады.Үнемі қолды жуған соңҰмытпа сен қолыңдыСүлгіменен сүртуді.


Тақырыбы:Күн тәртібі
Мақсаты: Оқушыларға күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, өз уақыттарын дұрыс пайдалануға үйрету. Гигиеналық ережелер мен мінез-құлық мәдениетінен білім беру.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер.
<<Дем алғың келсе, уақытыңды рәсуә етпе>>
В.Франклин
<<Режим мен еңбек - денсаулық кепілі>>
И.П.Павлов
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа сабақ
Күн тәртібі - іс-әрекеттерің мен міндеттеріңді, өз уақыттарыңды дұрыс ұйымдастыру. Дұры ұйымдастырылған күн тәртібі денсаулықты сақтаудың, міндеттерің мен мақсатыңа жетудің бірден бір кепілі. Дегенмен, біз күнделікті өмірде осы айтылған ережені сақтаймыз ба, бүгін сол туралы әңгімелесеміз.
Балалар, бізге Кірқоймастан хат келіпті. Не жазғананын білгілерің келе ме әлде үзіліс кезінде оқимыз ба?
Оқушылар:Қазір оқығымыз келеді.
<<Мен достарыммен бірге <<Тазалықтың достары>> қоғамын құрдық. Сабын, тіс пастасы мен шеткасы, тарағы бар және күнделікті тазалықты сақтайтын балалар сол қоғамға мүше бола алады. Егер сендер сынақтан өте алсаңдар, онда мен сендерді өз қоғамыма қабылдаймын>> - деп жазыпты.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
* Сәлеметсіздер ме, өтіп бара жатып Кірқоймастың қоғамы туралы естіп қалдым, менің де қоғамға мүше болғым келеді.
Мұғалім: - Балалар, оған мүмкіндік береміз бе? (Иә, өзін сынап көрсін). - Жарайды сыныпқа кір. Сонымен сұрақты оқимын, дайынсыңдар ма?
* Сендер таңертең ұйқыдан тұрдыңдар, ары қарай не істейсіңдер?
Балалар. Төсек орнымызды жинап, киініп, таңертеңгі асымызды ішеміз.
Оқушы. Жуынып, жаттығу жасау керек.
Мұғалім. Алдымен не істеу керек?
Балалар. Жуыну керек.
Оқушы. Жоқ, жаттығу жасап, киініп, мектепке жүгіру керек.
Балалар. Міндетті түрде жуыну керек, киініп алып жуынуға болмайды, киімімізді сулап алуымыз мүмкін.
Мұғалім. Балалар, сендердің араларыңда кейде жуынуды ұмытып кететіндерің бар ма?
* Жоқ.
* Ал жуынғанда тек бет әлпеттеріңді ғана жуасыңдар ма?
* Жуынғанда тері таза болу үшін беті-қолды, құлақ пен мойынды жуу керек.
* Дұрыс айтасыңдар. Біздің қонағымызға қалайжуыну керк екендігін таға бір рет қайталап беріңдер.
Оқушы. Тісті не үшін тазалаймыз?
- Тамақтанғаннан соң тісте тамақтың қалдықтары қалады, міне солар тісті бүлдіреді, дұрыс күтім болмаса тіс жылдам зақымданады. Әр тамақтанған сайын тісті шайып, таңертең және кешке тісті тіс пастасымен сазалау керек.
Мұғалім. Мұны есте мықтап сақтаңдар. Егер осы талапты орындасаңдар Кірқоймасың қоғамына мүше бола аласыңдар. Жуынып болған соң не істейсіңдер?
Балалар. Жатығу жасаймыз.
Мұғалім. Барлықтарың жаттығу жасайсыңдар ма? - Иә. Қандай жаттығу жасайсыңдар, жаймен орындарыңнан тұрып көрсетіңдер.
Сергіту жаттығуы
Мұғалім. - Жарайсыңдар, балалр. Шамалы дем алдық, енді тақырыпты талдауды жалғастырайық. Жаттығу жасап болған соң не істейсіңдер?
Балалар. Төсек-орынды жинап, киініп, таңертеңгі асты ішеміз.
Оқушы. Тамақтанамын анам төсекті жинайды.
Балалр. Жоқ, біз алдымен киінеміз, содан соң төсек жинаймыз.
Мұғалім. Төсек-орынды жинауды бәріміз білеміз бе? Міндетті түрде үйреніңдер.
Оқушы. Қоғамға мүше болу үшін оны да білу керек пе?
Мұғалім. Әрине, біздің қонағымызға ары қарай не істеу керек екендігін түсіндіріңдер.
Балалар. Енді тамақтанамыз.
Мұғалім. Балалр, қалай ойлайсыңдар, өз білетіңдеріңді қонағымызға үйрете аламыз ба? - Білмейміз, мүмкін үйрете алармыз.
Оқушы. Мен бәрін білемін.
Мұғалім. Тоқтаңдар, сонымен не қалды?
Балалар. Түскі ас пен кешкі ас.
* Балалар, әңгімемізді ары қарай жалғастыру үшін таңертеңгі міндеттерді қайтадан қайталаңдар.
Оқушы. Мектептен кейін не істейміз, қыдырамыз ба?
Балалар. Жоқ, алдымен түскі асты ішу керек, содан соң қыдырсаң болады.
Оқушы. Яғни, сабаққа дайындалудың керегі жоқ қой.
Балалар. Серуендеп клеген соң, сабаққа дайындаласың.
Оқушы. Қайтадан қайталап беріңдерші.
Мұғалім. - Дұрыс айтасыңдар, сендердің барлығың <<Тазалық қоғамына>> мүше бола аласыңдар. Ал сабаққа дайындалып болған соң не істейсіңдер?
Балалар. Кешкі асты ішеміз. Одн кейін бос уақытта әркім өзінің қалаған ісімен айналысады.
Оқушы. Содан соң ұйықтаймыз.
Балалар. Иә, тек ұйықтар алдында жуынып, тісті тазалауды ұмытпау керек.
Мұғалім. Қонағымыз бәрін есіңе сақтадың ба? - Иә.
* Балалар, қонағымызға көмектескендеріңе рахмет. Бір мезгілде ұйқыдан тұрып, тамақтанып, сабаққа дайындалуды, жатуды да есте сақтаңдар. Соған әдеттеніңдер. Егер кез келген уақытта ұйықтап, тұратын болсаңдар, ұйқыларың қанбайды немесе көп ұйықтайсыңдар. Осыдан өздеріңдң нашар сезінесіңдер, жылдам шаршайсыңдар. Шаршаған адам ақпаратты нашар қабылдайды, содан соң сабаққа үлгерімдерің нашарлайды, жаңа тақырыпты игеру қиынға тұседі. Сондықтан мезгілімен ұйықтап, уақытымен ұйқыдан оянып, күн тәртібін сақтасаңдар өздеріңдң сергек сезінесіңдер. Бір мезгілде тамақтану не үшін керек екенін білесіңдер ме?
* Ауырмау үшін.
* Дұрыс айтасыңдар. Кез келген уақытта тамақтансаңдар асқазандарың ауыртасыңдар, тек асқазан ауырып қана қоймайды өздеріңді де мазаларың кетеді. Бір мезгілде тамақтанып, асқазанды соған үйретсеңдер, <<Ас тұрған жерде дерт тұрмайды>> деген нақыл сөздің шындығына көз жеткізесіңдер.
5. Сабақты бекіту.
Мұғалім. Ал енді Кірқоймастың тасырмасын оқимын. Сендер сөйлемді аяқтауларың керек. Сонымен,
Тісті ................... (күніне екі рет жуу керек)
Үнемі ............... жуу керек. (үнемі беті-қолды, құлақ пен мойынды, таңертең ұйқыдан тұрған соң, әжетханаға кіріп шыққан соң жуу керек)
Жуылмаған ......... жемеу керек (жеміс-жидек, көкөністі)
Тамақтанып отырғанда ( сөйлеспеу) керек.
Бір мезгілде .. (ұйықтап, ұйқыдан тұрып, тамақтанып, сабаққа дайындалып, серуендеу керек)
* Бұл Кірқоймастың ережелері. Осы ережені әр қайсысың естеріңе сақтаңдар, уақыттарыңды дұрыс ұйымдастырыңдар, сонда сендер барлық іске үлгересіңдер.
* Тәрбие сағаты осымен аяқталды. Сау болыңдар.

Денсаулық - зор байлық
Мақсаты: оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығы, дұрыс тамақтанудың маңыздығын түсіндіру, тазалық, жеке бас гигиенасы, мәдени дағдыларын қалыптастыру сабақтың басты мақсаты.
Жүргізуші: құрметті ұстаздар, оқушылар "Денсаулық - зор байлық" атты ауызша журналымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда
"Денсаулық - терең бақыт" деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да
Денің сау күштісің бұл әлемде,
Деің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жетерсің әлі талай бақыттарға.
Журналымыздың I беті:
"Жеке бас гигиенасын сақтау".
Олай болса, жеке бас гигиенасын сақтау, күн тәртібін, орындау дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтанбау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу міндеттіміз.
Журналымыздың II беті:
"Денсаулық - зор байлық".
Байлық туралы ой қозғау.

Байлық
8039101143000228600082550027432008255001604010698500табиғат
машина
білім
саябаққ
мал
ақша
денсаулық
табиғат
машина
білім
саябаққ
мал
ақша
денсаулық

* Міне, сызба бойынша біздің ең үлкен байлығымыз денсаулық екенін байқап отырсыңдар. Денің сау болса, білім аласың, еңбек етесің. Еңбектенген адамға мал да, машина да, сабақ та, ақшада да бітеді. Олай болса, деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да, әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?



Денсаулық
3314700000тазалық
Табиғи күш
тамақ
денешынықтыру
тазалық
Табиғи күш
тамақ
денешынықтыру

Журналымыздың III үшінші беті:
Ауыру төнсе, кең дүние тар қөшақ,
Денсаулықтан адамға не бар қымбат.
Денсаулықтың қорғаушысы болам деп,
Дәрігерлер берген Отан алдында ант.

* Ауырмау үшін не істеу керек?
* Дене шынықтырудың маңызы қандай?
* Күн тәртібін сақтау.

Бұл өмірде не керек?
Дұрыс сөйлеп, дұрыс жүру керек.
Ішімдік ішпей, шылым шекпей,
Денемізді шынықтыру керек.
Ерте тұрып, кеш жатып,
Есірткіге еліктемей
Ерінбей еңбек ету керек.
Бәрінен де салауатты өмір керек дей отырып

Журналымыздың IV беті:
"Тазалық - саулық негізі,
Саулық - байлық негізі".
достары
Дене күтімі
еңбек
Жеміс-жидек
күн
Күн тәртібі
Дұрс тамақтану
су
ауа
достары
Дене күтімі
еңбек
Жеміс-жидек
күн
Күн тәртібі
Дұрс тамақтану
су
ауа

қастары
насыбай
ластық
арақ
темекі
жалқаулық
еріншектік
қастары
насыбай
ластық
арақ
темекі
жалқаулық
еріншектік

* бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?
* Нені ойға тоқып, жанымызда сақтауға тиіспіз?
* Сендер қандай азамат болып осулерің керек?
XXI ғасырда
Ашық аспан астында
Көңіліміз қуанышқа толсын.
Осымен ауызша журналымызды аяқтаймыз.


Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан табиғаты және оны қорғау
Жаңа сабақты түсіндіру. Сабақ жоспары
Минералды ресурстар
Өтебай Турманжанов Туған өлкем
Туған жерді сүю парыз, Туған жерді күту - парыз
Мен туған елімді сүйемін
Менің Қазақстаным. мектепалды даярлық сыныбы
Дендерім - байтақ мекенім
Сабақ мақсаттары жүзеге асты
Сүйемін, өскен Отаным
Пәндер