Планеталардың жүретін жолы

Тақырыбы: 1001 мақал, 101 жұмбақ.
Мақсаты: Оқушылардың іскерлігі мен танымдық белсенділігін арттыру. Табиғатты қорғауға баулу, мақал-мәтелдер жұмбақтар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Табиғат туралы 1001 мақал, 101 жұмбақ.
Жоспар:
-Сөзжұмбақ шешу;
-Мақал-мәтел сайысы;
-Көрермендер көрімдігі;
Таныстыру (3 оқушы шығып өздерін таныстырады) .
Табиғат туралы өлең оқиды. .
1-оқушы:
Әй, табиғат!
Шеберсің-ау, шеберсің
Көрмегенеді көрсетерсің, берерсің.
Ұланғайыр байлығыңыды місе етпей,
Ашкөзденген адамдарға не дерсің?
2-оқушы:
Айың мынау, күнің анау, жер міне,
Ау, адамдар!
Жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар, ағайын,
Асырайды ол сені, мені, елді де.
3-оқушы:
Өсімдік өмір кілті талас бар ма
Тіршілік өсімдіксіз жарасқан ба?
Нәрленіп негіз алған тірі дүние,
Өсімдіктер таралған жер анаға.
Сөзжұмбақ шешу.
- Географияның атасы?
- Тұңғыш қазақ ғарышкері.
- Планеталардың жүретін жолы.
- Ең үлкен планета.
- «Планета» сөзінің қазақшасы.
- Қазақстан қай материкте орналасқан.
- Сақинасы бар ғаламшар.
Жүргізуші: (Мақалдың бірінші жолын айтады, соңын мақалшылар жалғастырады) .
- Мал баққандікі, . . . (жер) жыртқандікі.
- Өлкенің көркі мал болар, (өзеннің көркі. . . (тал) болар жыртқандікі) .
- Жері байдың, . . . (елі) бай.
- Орман, тоғай-жер сыны, (көкорай шалғын. . . (жер) сыны)
- Судың кепкені. . . . (тіршіліктің) кеткені.
- Өрісіне қарап мал өсер,
Өзеніне қарап тал өсер.
- Ел жасымен көрікті,
(Тау тасымен көрікті)
- Жақсы туса ел ырысы,
(Жаңбыр жауса жер ырысы. )
Ұпайы аз бір оқушы ойынан шығады.
Көрермендер көрімдігі. (Жүргізуші бір сөз айтады, соған мақал құрайды. )
ІІІ. Жұмбақшылар сайысы.
А) Таныстыру.
Ә) Жүргізуші 5 жұмбақ жасырады.
- Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем. (Жер)
- Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады. (Бұлт)
- Аумаған қар, жаумаған қар,
Таңартең бар, сәскеде жоқ. (Қырау)
- Сырты тәтті, іші тәтті,
Ортасы сүйек қатты. (Алма)
- Ашуланып бұртиды,
Ашушаң бір ақымақ
Аузы көпіріп құтырды,
Кез-келгенді ұшырды. (Құйын)
- Үй үстінде асыл тас,
Алайын десем табылмас. (Жұлдыз)
- Сауыттан мықты шапаны,
Жәндіктің нағыз шабаны. (Тасбақа)
- Есек құлақты,
Мысық аяқты.
Түйе ерінді,
Ешкі құйрықты. (Қоян)
- Ат басты,
Арқар мүйізді.
Бөрі кеуделі,
Бөкен жанды. (Шегіртке)
Жұмбақшы жеңімпаз анықталады.
ІҮ. Көрермендер көрімдігі. (3 жұмбақ жасырады, шешуін табады) .
- Бар ма, жоқ па, оны анық білмейміз,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейміз. (Ауа)
- Салынған көпір керемет,
Қызығушы өте көп.
Ал бірақта не керек,
Кісі өтетін жолы жоқ. (Кемпірқосақ)
- Қаласы бар, үйі жоқ.
Өзені бар, суы жоқ,
Орманы бар, түбі жоқ,
Бақшасы бар, гүлі жоқ. (Карта)
Ү. Жұмбақшы мен мақалшы шығады.
1-оқушы. Жұмбақ жасырады.
2-оқушы. Жауабына мақал құрайды (3 жұмбақ-мақал)
ҮІ. Жеңімпазды анықтау.
Жүргізуші: «Табиғат» туралы 3 мақал-мәтел айту.
- «Табиғат-алтын бесігің»;
- «Табиғат -адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі»;
- «Су-табиғатты анасы».
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz