6-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Салт етістік пен сабақты етістік

Қатысқан оқушы
саны :
Барлық оқушылар орындай алады :
Салт етістік пен сабақты етістікті түріне қарай ажыратады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Салт етістік пен сабақты етістіктерді тілдесім барысында қолдана алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Тілдесім барысында салт және сабақты етістікті түрлендіріп қолдана алады.
Сабақ жоспары
Жоспарланатын уақыт
Сабақ басы
5 минут
Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Қызығушылықты арттыру
Топқа бөлу:
Конфеттер арқылы топқа бөліну
Оқушыларға конфеттер таратылады. Оқушыларды конфет түрлеріне қарай топтастыруға болады.
Сергіту сәті. Видеоға қарап, қимылдарды қайталайды.
Үй тапсырмасын сұрау
Сабақ ортасы
5минут
13 минут
12 минут
5минут
Етістік - заттың қимылын, іс - әрекеті мен қалып - күйін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті? не істеп жатыр? не істейді? не істемек? деген сұрақтарға жауап береді. Етістік құрамына қарай дара етістік және күрделі етістік деп бөлінеді. Салт және сабақты етістік
Етістік тура обьектіні қажет ету - етпеуіне байланысты салт етістік және сабақты етістік болып бөлінеді.
Тапсырма №1
Тақтада көрсетілген тапсырма бойынша салт етістік пен сабақты етістікке мысалдар жазу.
Дескриптор:
Етістіктерге мысал келтіреді.
Салт етістік пен сабақты етістікті ажырата алады.
Кері байланыс
"Бас бармақ" тәсілі арқылы кері байланыс жасайды.
Тапсырма №2
Әр топқа мәтін таратылып беріледі. Мәтін ішінен салт және сабақты етістіктерді тауып, бөліп жазады. Қарамен берілген сөздердің мағынасын ашады.
Дескриптор:
Мәтінді түсініп оқи алады.
Берілген мәтіннен салт сабақты етістіктерді ажырата біледі.
Мәтіннен берілген сөздердің мағынасын аша алады.
Кері байланыс
Әр топтан бір оқушы кері байланыс жасап, өз ойын келесі топқа білдіреді.
Рефлексия . Есімдіктерді пайдалану арқылы "Таңдау " әдісінде бес пікір жазылған парақ беріледі.
Үйге тапсырма беру
6-тапсырма 107 бет
интербелсенді тақта, қағаз, маркерлер
қағаз қиындылары,
стикерлер