Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Әйелдің ақылы сөзінде

Тақырып: <<Имандылық жүрекке ұяласа>>
Өткізу күні:2020 жылдың 20 сәуірінде <<Имандылық жүрекке ұяласа>> атты тәрбие сағаты
Қатысушылар:22 бш топ білім алушылары
Сабақтың мақсаты:
Білім алушыларды халқымыздың ұмыт болған салт - дәстүрлерін жалғастырып құрметтеуге, инабаттылыққа, имандылыққа адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
Білім алушылардың мұсылман діні туралы адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата - салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу.
Жабдықтар мен материалдар: сөздер жазылған плакаттар интерактивті тақта, презентациялар, <<Абай>> энциклопедиясы, тақырыпқа байланысты нақыл сөздер.
Сабақтың құрылымы:
Топ кураторының кіріспе сөзі
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. <<Ислам діні- таза, күшті, құдіретті дін>>
III. Қазақтың қара өлеңдері
IV. Мақал-мәтелдер,нақыл сөздер
V.Сабақты қорытындылау
Сабақ барысы
Топ кураторының кіріспе сөзі
Армысыздар, қадірлі ұстаздар, білім алушылар, қонақтар! Бүгінгі ашық тәрбие сағаттында имандылық, мұсылман діні, Аллаға құлшылық ететін жастар және басқа діни сөздер туралы айтылмақ. Атам қазақ қай кезде де бала тәрбиесіне жауаптылықпен қараған. Баланы тәрбиелеудегі мақсат - оны жан - жақты кемелдендіріп, қоғамға пайдасы тиетін азамат етіп шығару. Осы орайда, Ислам дінінің кемел тәрбиеге қосар үлесі зор.Тәрбие - арабтың сөзі <<көктету, өсіру, жетілдіру>> деген мағынаны білдіреді. Шығыс халықтарында айтылатын <<Бала қымбат болса да, баланың тәрбиесі одан да қымбат>>деген нақыл сөз бар.Иманды адам - сабырлы,мейірімді, әдепті ,қамқоршы,төзімді,шыншыл, отансүйгіш,арлы болуы керек.Мұсылмандық дүние таным бойынша имандылық иманнан пайда болады. Ал иман - жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық - Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Имандылық - адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты "көргенді" деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды "иманды" деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті - иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (ғ.с.): "Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім", - деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі болған. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: "Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар" (Мұхаммед пайғамбар), - деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда да имандылық - аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады.
Имандылыққа қарама - қарсы сипат имансыздық.
Дін дегеніміз сенім-нанымның ұйымдасқан түрдегі жүйесі әрі рухани дәстүр, Сонымен қатар ол жаратушы жайында қалыптасқан жоғары деңгейдегі киелі ұғым.Дін -- адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы, философия және ғылыми ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс. Діннің басты белгісі -- адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші: Биыл - біз үшін ерекше қастерлі жыл.
Біз ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына қадам бастық.
Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық.
Естеріңізде болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауында : <<2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады>>.
Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ.
Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жаста ғана жеттік!
Қазір де бүкіл адамзат баласының басында болып жатқан проблемаларды тек Ислам арқылы шешуге болады.
Ислам - адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, адамның өзін-өзі құртып, бітіруіне тосқауыл болатын ғажайып нәтижілер жиынтығы.
Ислам мемлекеттерінде тұрмыс жағдайы төмен болса да, қылмыс деңгейі мен ажырасу саны ең аз, рухани бақыт көрсеткіші мен денсаулық деңгейі әжептәуір жоғары.
Дамыған елдерден қанша төмен тұрса да жоғары деңгейдегі мораль мен тәртіп сақталған.
Ислам - өмірдегі ең ұсақ құбылыс бөлшегін түсіндіретін жетілген қоғамдық құрылым жүйесі.
Ислам - қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады, қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қалай қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас сияқты т.б. маңызды сұрақтарға жауап бере алады.
Исламда, мемлекетті басқару ұйымы үшін, қалай салық жыйнау, салық мөлшерін белгілеу, қаржыны реттеу, қоғамдық тәртіпті белгілеу және қадағалау, халық қажеттілігін қамтамасыз ету, ресурстарды адамдар арасында әділ бөлу сияқты т.б. нұсқаулар бар.
Яғни, Ислам - <<басынан аяғына>> дейін құрылымы жетілген нағыз керемет Дін.
II. <<Ислам діні- таза, күшті, құдіретті дін>>
Жүргізуші:
<<Алланың өзі де рас, сөзі де рас>>-
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас.
Аманту оқымаған кісі бар ма?
Уәктубиһи дегенмен ісі бар ма?
Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,
Жарлық берді ол сіздерге, сөзді ұғарға.
Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді,
Оларға кез-кезімен нәби келді.
Қағида шариғаты өзгерсе де,
Тағриф Алла еш жерде өзгермеді.
Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес,
Әһлі кітап бұл сөзді бекер демес.
Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен,
Бос сөзбенен қастаспай, түзу емес.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.
III. Қазақтың қара өлеңдері
Жүргізуші: Ешбір жеке тұлғаға телінбейтін қазақтың қара өлеңі әу баста былай дейді:
Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
Бақ қайтса, басқа дәулет құралмаған.
Күніне мың пәлеге жолықсаң да,
Сонда да күдер үзбе бір Алладан!
Бүкіл қазақ халқының өмір сүру негізін көрсететін есте жоқ ескі заманнан жеткен жәдігер сөз осындай. Бұл біреуі ғана. <<Құдайсыз қурай сынбайтынын>>, <<Алладан сұрағанның екі бүйірі, адамнан сұрағанның екі көзі шығатынын>>, <<Құдай деген құр қалмайтынын>> заманалардан бері білетін халық мұндай өлең-жырдың мыңын айтқан.Осының бәрін қорыта келіп Абай: <<Алланың, Пайғамбардың жолындамыз...>> дейді.Абайдан ары да Бұхар жырау: <<Бірінші тілек тілеңіз, бір Аллаға жазбасқа...>> деп өсиет айтады.
Ал, <<Мұсылман мен кәпірдің арасын бұзып дінді ашқан>> қарға да бойлы Қазтуғанның жыры болатын.
Жалаңаш барып жауға ти,
Тәңірі өзі біледі,
Ажалымыз қайдан дүр!- деген Шалкиіздің тәуекелі <<Мен ісімді Хаққа тапсырамын һәр жерде>> деген берік ұстанымнан, тағдырына келтірген кемел иманынан еді.
...Малын салып алдына,
Әр саладан құйылды.
Он екі ата Байұлы,
Бір Аллаға сыйынды -дейтін Жиенбет жыраудың жыры тайға таңба басқандай тарихтың өзі.
Иманын айтып өлерде,
Иекке жаны келгенде,
Сәлем айтты үш қайта,,
Кеттім деп сізді көре алмай.
... Қайырылмас қаза келгенде,
Батырың өлді - Бөгенбай! -деп ардақты батырдың ақ өлімін Абылайханға естіртіп, <<иманын айтып өлерде...>> - деп көңіліне қуат тұтады, жүрегі Алла деп соққан асыл ер!
Иман - қой, ақыл - қойшы, нәпсі - бөрі,
Бөріге қой алдырмас ердің ері.
Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,
Жоламас ешбір пәле шайтан-пері - деп тақуалықтың жолын көрсетеді Шал ақын.
Және де:
...Жарлығы екі болмас Хақ Құдайым,

Жанында серігі жоқ, дақ Құдайым.
Жанымды алсаң, Құдая, иманмен ал,
Шайтанның қазасынан қақ Құдайым - деп Алладан ақ адал өлім тілейді. Алланың аманатын орындап, хақ мұсылманша өмір кешуді мұрат тұтады. Айналасына да айтатыны: <<Жігіттер, ғибадат қыл маған нансаң, намаз оқы Алланы ойыңа алсаң>> деген насихат болды.
Енді заманының зарлы күйін жағы суалғанша жырлаған Дулат ақын ақырында:
Дұға қылып қойыңыз,
Рахым айтып біздерге.
Баршамызға Құдайым,
Иман берсін сіздерге! - деген тұжырымға келіп тиянақ табады.
Ханның ісі қатайды,
Азамат ерден мал тайды.
Қанды көбе киініп,
Бір Аллаға сыйынып,
Ұрандап жауға тигенде,
Кім жеңеді талай-ды,
Жолдастарым, мұңайма! -деп ақырып жауға тиген ер Махамбеттің иманының кәмілдігі, сенімінің беріктігі аузына осы сөзді салғаны хақ.
Енді атақты Шортанбай:
Құбылаға бас қоймақ,
Мұсылманның тарығы.
Ораза, намаз қаза қылмасаң,
Көңіліңде Құдай барлығы - дейді. Шортанбайдың хақ Ислам жайындағы талғамы бір бұл ғана емес, тұтасымен Алла жолы - ақиқатқа шақыратын жырлары толып жатыр.
Жас шағынан Мекке көріп, Алтай менен Қобданың арасын мекен етіп дін таратқан дала ғұламасы атақты Ақыт хажы Үлімжіұлы:
Бір Алладан басқаға,
Бас кессе де бас ұрма! - деп жырлауы ұрпағының дінін таза, адами рухын биік ұстауына қарата айтқан өсиеті еді. Айтар сөзін бұралаңдатпай шірене тартқан жебедей дөп қадауға әрине жүрек қуаты керек! Сонда ғана қуатты сөз шықбақ. Ол қуат шыққын сөзде емес, шығаратын ақында болады алдымен. Қазақтың бұл ақындарына осыншама қуаттың қайдан келіп жатқанына көзіміз енді жеткендей болды.
Жүргізуші:
Хадис-Мұхаммед пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы, <<Құран кәрімнен>> кейінгі ең қастерлі кітап. Мұнда мұсылманшылық, имандылық, инабаттылық, адамгершілік ережелері жинақталған.
Хадисте: <<Қайсыбір әйел төрт амалды орындаса, сегіз жәннаттың қалаған есігіне кірсін>> делінген.
Біріншісі -- күніне бес уақыт намазын оқу.
Екіншісі -- жылына бір келетін Рамазан айында ауыз бекіту.
Үшіншісі -- күйеуінің ризашылығына бөлену,
Төртіншісі -- ар-ұятын сақтау.
Яғни, төртінші амалдағы ар-ұят дегенде, суық жүрістен сақтанып, некелі күйеуіне ғана көрсетуге тиіс құндылықтары мен артықшылықтарын өзге бөтен көздерден тыю.
Себебі, адам баласының бүкіл жаман іс-әрекеті көз жанарынан бастау алады.
Аш адамға көмек беріңдер.Аурудан хал сұрандар.
Қарызға батқан адамның қарызын өтеуге көмек беріндер
Кездескенде кім бірінші болып сәлем берсе, сол адам тәңір алдында да, адам алдында да иманды адам. Иманның жақсысы-сабырлы және кеңпейілді болу.
Тәңір әйелдермен сыпайы сөйлесуді бұйырады, себебі әйел- анаңыз, әжеңіз, қызыңыз.
Тамақ салынған табақтың шетінен ғана алып жеу керек. Ортасына қол жүгіртпе, себебі береке ортада болады.
Біреуге зиян келтірме, біреудің өзіңе залал келтіруіне жол берме. Мұның екеуі де исламда жоқ.
Апатқа апаратын жеті түрлі күнәдан аулақ болындар: Құдайдың құдіретіне шек келтіру, алдап-арбаумен шұғылдану, біреуді нақақ өлтіру, пайдакүнемдік, жетімің ақысын жеу, күйеуіне адал әйелді сөгу, отан қорғау үшін болған соғыстан қашу.
Имандылыққа байлансты мақал мәтелдер.
Көптің бірі емес аздың бір дегені болыңыздар барлық уақытта астан болсын бағаларың.
Мадақтаумен мақтағанға молданба
Ақымақпен дос болма,
Иманның жігері бәрін де жеңеді.
Бірінші неке Алладан
Екінші неке Адамнан
Үшінші неке шайтаннан
Еркектің ақылы көзінде
Әйелдің ақылы сөзінде.
IV. Мақал-мәтелдер,нақыл сөздер
Малдан малдың несі артық, бірақ асым еті артық.
Жерден жердің несі артық, бірақ уыс шөбі артық.
Ерден ердің несі артық, ептестірген сөзі артық.
Айтқаным болат деп сұраншақ болма,
Білегім жуан деп ұрыншақ болма
Бітер істің басына, жақсы келсін қасыңа.
Көзің көзіне түссе мейірім бір-біріне сонда түсер.
Ата-ана баласына тағын жасап берсе де,
Бағын жасап бере алмайды.
Отызда ордалы болмаса
Қырқында қамал алмайсың.
Туғанына жақпаған
Дұшпанына жағынар.
Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді.
Көзі жаман көлді бүлдіреді,
Ауызы жаман елді бүлдіреді.
Аллаға жағам десең, азаншы бол.
Ағайынға жағам десең, қазаншы бол.
V.Сабақты қорытындылау
Бүгінгң тәрбие сағатымызда білім алушылар адамгершілік,имандылық пен инабаттылық туралы мағлұмат алды.Егер сен бала күніңнен әдепті,иманды,жүрегі мейірімге толы бала болып өссең, есейе келе ата - анаңның,өз Отаныңның мақтанышы боласың-, деген нақыл сөзбен бүгінгі тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз!

Ұқсас жұмыстар
Аяулы менің ақ әжем
Ана туралы балада
Адамгершілік пен имандылық
Мақал-мәтелдер (v сынып)
Баланың алғашқы ұстазы
Аяулы аналар
Оқушылардың бойындағы батылдық қасиеттерін дамыту
Аялайық ананы 2-сынып тәрбие сағаты
Бұрымды қыз жайлы ақпарат
Қыз еркем,анасымен көркем
Пәндер