Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сүйкімді дүниенің сұлулықта

Тақырып: <<Сүйкімді дүниенің сұлулықта>>
Өткізу күні:2020 жылдың 30 наурызда <<Сүйкімді дүниенің сұлулықта>> атты тәрбие сағаты
Қатысушылар:22 бш топ білім алушылары
Сабақтың мақсаты:
Адам мінез-құлқының, іс-қимылының дүниедегі ең сұлу мәнге ие екендігін дәлелдеу, сол арқылы білім алушылардың жан дүниесінің сұлу болуына ықпал жасау. Яғни білім алушылар бойындағы эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
-- адам сұлулығы әр түрлі жолдармен көрінетіні туралы тусінік беру;
-- тұлғаның жақсы жақтарын ашудағы өнердің рөлін көрсету;
-- эстетикалық; танымды дамыту, айналаға ойлы көзбен қарауға үйрету.
Жабдықтар мен материалдар: сөздер жазылған плакаттар, өлеңдер, әңгімелер жинағы, жобалық әдістемеге арналған бланктер, компьютерлік презентациялар: Портреттер және туындылар.
Сабақтың құрылымы:
Топ кураторының кіріспе сөзі
I. Ұйымдастыру кезеңі << Амандасу>> жаттығуы.
II. <<Сұлулық ДЕГЕН НЕ?>> Миға шабуыл.
III. Портреттермен жұмыс.
IV. Дәптермен жұмыс. <<Бес себеп>>
V.Сабақты қорытындылау
Сабақ барысы
Топ кураторының кіріспе сөзі
Адамның қылығы, мінез-құлқы мен іс-қимылының жөні әрі этикалық, әрі эстетикалық мәнге ие. Сондықтан олар бір жағынан, әсемдік не сұрықсыздық ретінде, екінші жағынан, жақсы не жаман деп бағалануы мүмкін. Бұл екеуі яғни сұлулық пен адамгершілік жеке адам санасы мен қоғамдық санада ежелден бері-ақ бір бүтін нәрсе ретінде түсініліп келеді. Сөйтсе де адамның айналадағы дүниеге қатысына табиғи тән эстетикалық сезімінің айқын межеленген өзіндік сипаттары бар.
Сұлулық - адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантатын, тәнті ететін, сүйіндіретін көрініс, қимыл-әрекет, пішін немесе ой-қиялдың жемісі. Солардың ішіндегі ең кереметі қоғам мен табиғаттың ерекше перзенті - адам, соның сұлулығы.
Адам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып туылуы мүмкін, ал ішкі жан сұлулығы өзінің мінез-құлқы, қылығы, ісі. Басқа адамдарға деген байланысы арқылы қалыптасады. Әдетте, біз қыздың немесе жігіттің сұлулығы, көркемдігі жайында айтқанда оның бойының сымбаттылығына, үнінің назды, әуезділігіне, шырайының таза, балғын, қалың шашының толқындай төгілгендігіне қарап баға береміз. Бұл - адамның сыртқы сұлулығы. Ал, адамдағы басты сұлулық - ішкі жан дүниесі, мінезі, қалыптасқан әдептілігі.
I. Ұйымдастыру кезеңі << Амандасу>> жаттығуы.
Жүргізуші:Нұсқау: Бір бірімен қол беріп амандасу, бірақ әдеттерден тыс жолмен. Екі қолмен катысушылардың екеуімен бір мезетте амандасу. Бір қолды амандасуга дайын адамды жіберуге болады, ягни қоллдары бір секундтан астам уакыт бос калмауы тиіс. Міндет -- топтың барлық мүшелерімен осылайша аман-дасып шыгу. Жаттығу кезінде сөйлеуге болмайды.
Жүргізуші:
Жаттығудың психологиялык сәті:
Қатысушылар арасында байланыс орнату. Қол беріп амандасу - ашықтықты және еркіндікті бідіретін қимыл. Мұндай кезде өзара түсіністік, байланыс орнығады, бұл жақындыққа және ішкі калыпты жағдайдың туындауына ықпал етеді. Әрекеттер сөзсіз ететіндіктен, топ мүшелері мұқият бола түседі, 1с-қимылга жаңаша дем береді.
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін белгілеу. Эпиграфқа жүгіну
Бұл сабақ Сұлулық тақырыбына ғана арналмаған. Сұлулық пен үйлесімдікке талпыну барлық тіршілік иелеріне тән құбылыс. Пішін сұлулығы, дыбыс, сөз сұлулығы, ой, сезім және қарым-қатынас сұлулығы бар. Сұлулықтың түрлі деңгейлері болады: сыртқы, ішкі, шынайы, кұпия сұлулық. Ал сұлулық қандай болады?
Жүргізуші:Эстетикалық көркемдік пен этикалық көркемдік етене байланысып, адамның әдептілік мұратын қуаттап тұр.
Әдептілік осы тұрғыдан адам баласының асыл мұраты ретінде ұлы шығыс поэзиясында қызықты әрі мол жырланады. Мысалы әлемге әйгілі <<Ләйлі - Мәжнүн>> ғашықтық дастанында екі ғазиз жастың кіршіксіз махаббаты әдептілік пен көркемдіктің біте қайнасқан бірлігі ретінде өте әсерлі бейнеленген. Жүргізуші:Шындығына келгенде әдепті әсемдіктен бөліп қарауға болмайды. Өкінішке орай бүгінгі таңда осы жағындағы тәрбиенің жеткіліксіздігінен, жалпы отбасы мен мектептерде эстетикалық және этикалық тәрбиеге жете мән берілмегендіктен ақсайтынымыз анық. Мәселен адамның киім киюінің өзі үлкен тәрбие екендігін аңғара бермейміз. Кейбір адамдар сұлулық деп әйтеуір сәнді, қымбат киім кигенді түсінетіндей. Кісінің киген киімі шаш қойысы мен тарасы, түр-түсі оның қайталанбас өзіндік келбетін қалыптастырады. Әйтпесе, адам жеке даралық, өзіндік келбетінен айырылып қалады. Кейбір қыздар мен ер балалар осы жағын ескермегендіктен жұрт көзіне ала бөтен оғаш көрініп немесе күлкіге ұшырап жүргендері де жоқ емес.

II. <<Сұлулық ДЕГЕН НЕ?>> Миға шабуыл.
Көбінесе біз сұлулық деп сыртқы сұлулықты айтамыз. Бұны біз сезім мүшелеріміз арқылы сезінеміз: пішін мен түсті -- көзбен көру арқылы, дыбысты есту арқылы, иісті- мұрын арқылы, денеміздің бір жерге жанасқанын түйсік сезімі арқылы сезінеміз.
Жүргізуші:Бұл туралы не білесіңдер?
Африканың шөлейт жерлерін мекендейтін халық арасында семіз қалындық әдемі деп саналады (той болар алдында оларды әдейі көп тамақтандырады).
Ішкі сұлулық әсерлену, сезімге бөлену, сондай-ақ; ой мен ойдағы бейне арқылы сыртқа шығады. Ішкі сұлулық ол -- мінез - құлық, жүріс - тұрыс, айналамен қарым -- қатынас жасау.
III. Портреттермен жұмыс.
Жүргізуші: <<Өнер -- бұл сұлулық>> немесе <<Сұлулық -- бұл өнер>>
Қай уақытта болмасын адам сұлулығына тәнті болғанын суретшілер, мүсіншілер өз туындыларында бейнелейді. Адамды киіміне қарап бағалайтыны түсінікті. Бірақ кейде ұсқынсыз адам тамаша әсер қалдыруы мүмкін.
Дәптермен жұмыс. <<Бес себеп>>
Ұл балаларға арналған тапсырма.
1 . Қыздар тартымсыз болатын (ұнамайтын) бес себепті атаңдар.
2. Қыздар әрдайым тартымды болатын бес себеті (қасиетті) атаңдар.
3. Қыздар былай деп ойласа, қателеседі.....
4. Біздің қыздарға тілейтініміз...
Қыз балаларға арналған тапсырма.
1 . Ұлдар тартымсыз болатын (ұнамайтын) бес себепті атаңдар.
2. Ұлдар әрдайым тартымды болатын бес себепті (қасиетті) атаңдар.
3. Ұлдар былай деп ойласа, қателеседі...
4. Біздің ұлдарға тілейтініміз. .
Жүргізуші:
Сәншілдік, әсіре боянымпаз - сыланымпаздық сияқты, бойын күтпеу, олпы-солпы киіну, сақал-шашын, тырнағын уақытымен алып, таз ұстамау, аяқ киімінің бауын ұқыптап байлап, майлап, тазартып кимеу сияқты әдеттер де көркемдік тәрбиедегі кемістіктер болап табылады.
Мәселен Әл-Фараби былай деген екен: <<Музыкалық әуендер
жақсы мінез-құлық машықтарын, адамның қоғамдық мұраттарын қалыптастыруда елеулі роль атқарады.... Музыка мен ән адамда эстетикалық сезімдерді туғызу арқылы кісінің өзін-өзі тәрбиеленуіне, бойдағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал етеді>> - десе қазақтың халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: <<Домбыра - қазақтың қасиетті дүниесі. Оны тарта алмасаң да, қадірлей біл. Себебі баланың бойына
халықтың рухани байлығын сіңіру домбырадан басталады. Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала уызына жарымаған көтерем қозыдай болады. Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын түсінбеу деген - тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып, сая да болмайды, жеміс те бермейді.
V.Сабақты қорытындылау:
Міне, құрметті студенттер ұлылардың сіздерге айтар өсиеті осындай. Яғни музыкалық әуендердің адам бойындағы ізгі қасиеттердің қалыптасуына әсері әріден екен.
Адам жаны сұлу болып жаратылған, сондықтан да ол әдемілікке ұмтылады.

Ұқсас жұмыстар
Қыздарға әсемдік жарасады
Ұстаздың асыл жүрегін
Құттықтаймын анашым
Шоқ гүлдер
Өмірдің гүлі, өмірдің нұры-өздерің !
Рақмет, анашым!
Сыйынар ем ана деген тәңірге
"үйшік" орыс халық ертегісі
Отбасы мүшелері
Ал, қанеки қыздар! 7-сынып
Пәндер