Спорт - денсаулық кепілі: тоғызқұмалақ пен көкпар туралы сабақ жоспары

Тақырыбы: Спорт- денсаулық кепілі.

Мақсаты: білім алушыларды сабақтың мақсаты және міндеттерімен таныстыру.

Білімділік: Қазақтың ұлттық ойындарына тоқталу. Тоғызқұмалақ пен көкпар ойыны туралы мәлімет беру; спорттың денсаулыққа пайдасы туралы мілімет, сөздік қорларын молайта отырып, олардың өз ойларын жеткізе білуге үйрету.

Дамытушылық: дайын бағдарламамен өз бетімен жұмыс жасауға, ой- өрісін толық дамыту, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелілік: білім алушыларды ұйымшылдыққа, достық қарым-қатынасқа, ұжымдылыққа, ұлттық рухта, сананы қалыптастыруға бейімдеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойындар.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, асықтар, ұлттық ойындар суреттері, сандық, ноутбук.

Спорт денсаулықты жақсартады. Спорттың барлық түрі денсаулыққа пайдалы. Спорт - денсаулық, қимыл, шыдамдылық, күш, ерік. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, өзін - өзі дамыту үшін шұғылданады . Спорттың көбірек қолданылатын түрлері: шаңғы тебу, футбол, волейбол, баскетбол, бокс, еркін күрес, жеңіл атлетика, ауыр атлетика, тейквондо, дзюдо, велоспорт, жүзу.

Спорт салауатты өмір салтын қалыптастырады. Бұл - күн тәртібін, дербес гигиенаны сақтау, дұрыс тамақтану, кеселді әдеттерден аулақ болу. Денсаулықты бұзып алуға болады, оны сатып алуға болмайды.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық

Еңбек етіп ерінбей,

Бестік баға алайық

Тіл жаттықтыру үшін сайыс өткізу (сен маған, мен саған)

ІІ . Ұй тапсырмасын тексеру.

Видио роликте көрсетілім.

III. Жаңа сабақ. .

Сабақтың тақырыбы қандай екен.

Спорт -денсаулық кепілі.

-Қазір, білім алушылар, біз сендермен біріншіден екі топқа бөлінеміз. ол үшін мына сиқырлы сандықтан кәмпит аламыз (білім алушылар келіп бір-бірден кәмпит алады)

-кімде қызыл кәмпит -1 топ

-кімде көк кәмпит-2топ

Білім алушылар топқа бөлініп отырады.

ІІ топ Топтың аты- «Тоғызқұмалақ ».

IV. Топтық таныстыру

Көкпар

Көкпар-қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Бұл ойын Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Көкпар жігіттердің күш - жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады.

Ойынға екі команда қатысады. Ойынға салмағы 30-40 кг болатын серкені алады. Ойында қарсыласының қазандығына ең көп салым салған команда жеңімпаз болып танылады.

Жаппай көкпар - кез келген жастағы адамдар ойнайтын көкпар түрі.

Дода көкпар - аталас ауылдар мен рулар сайысқа түсетін көкпардың бір түрі.

Айналма көкпар - серкені бір ғана белгіленген жерге апарып тастайтын түрі.

Мәре көкпар - серкені әр жақ өз мәресіне жеткізетін көкпардың түрі.

Тоғызқұмалақ

Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Тоғызқұмалақ - шахмат, дойбы секілді арнаулы Тоғызқұмалақ математикалық ойын. Бұл ойын терең ойды талап ететін оның тақтасы ерекше. Бұрынғы кезде тақтасыз, жерден шұңқыр қазып ойнайтын болған. Тақтаның шұңқыры, қазаны бар. Тоғызқұмалақ ойыны, негізінен, Орталық Азиада кеңінен тараған. Тоғыззқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы - 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. Тоғызқұмалақ - еліміздің дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды.

Топтық жұмыс

Әр топ шығып постерді қорғайды, екінші топқа стикермен бағалайды.

Ойын түрлері

  1. Топпен ойнайтын
  2. Жеке спорт
  3. Қазақша спорт

V. Ойын

1. Гір тасын көтеру

2. Қол күрес.

Мысалы, менің денсаулығым, сенің денсаулығың, сіздің денсаулығыныз, оның денсаулығы.

Көрініс

Спортқа қатысатын баламен, араққор бала.

VI. Сергіту сәті «Видио ролик».

Білім алушылар грамматикалық тапсырма орындайды.

Карточкомен жұмыс, сұраққа жауап.

VIІІ. Ой қорыту: Бүгінгі сабақта не білдім? Не үйрендім?

ІХ. Үйге тапсырма: Ұлттық ойындардың бір түрін әңгімелеп келу.

Х. Бағалау. Смайликтерді тарату.


Ұқсас жұмыстар
Спорт - денсаулық кепілі: дамытушылық ойын сабақ жоспары
Отбасылық спорттық сайыс: Спорт - денсаулық кепілі
5-сынып қазақ тілінен сабақ жоспары: Спорт - денсаулық кепілі
Сабақ жоспары: 7-сынып қазақ тілі - Спорт - денсаулық кепілі және сын есім тақырыбын бекіту
Спорт - денсаулық кепілі: балалардың физикалық дамуы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру
7-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Спорт - денсаулық кепілі және сын есімнің түрлері
7-сыныпқа арналған сабақ: Ұлттық спорт түрлері - көкпар және дәстүрлі қазақ ойындары
Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі: пәнаралық жарыс сабақ жоспары
7-сынып: Ұлттық спорт түрлері - көкпар және аударыспақ
Салауатты өмір - денсаулық кепілі: бастауыш сыныптарға арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz