Сабақ жоспары :: Психология

Файл қосу

<< Табыс жетістікке жеткізеді>>


Тренинг тақырыбы:<< Табыс жетістікке жеткізеді>>
Тренингтің мақсаты:Алдағы күнге сәттілік тілей отыра табысқа жетудің көздерімен таныстыру. Мектеп бітіруші түлектердің көңіл-күйін көтеру,қызығушылығын арттыру,ұжымда өзара қарым-қатынас орнату.
Тренинг барысы:
І.Жүректен-жүрекке!
ІІ.Мимикалық ситуация
ІІІ.Кеңес: <<Табысқа жетудің жолдары>>
ІV.Ойын: <<Әріптер сыр шертеді>>
V.Кестелі сөз


Көрнеклігі: Слайдтар,нақыл сөздер,қорапша,жетондар,кеспелер.
Тренингтің ашылуы:
Нақыл сөздер:
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда
Үлкен арман керек екен адамға
(Әбу Насыр Әл-Фараби)
І.Жүректен-жүрекке!

П:Оқушылар,бәріміз ортаға шеңбер жасап тұрамыз.Менің мына қолымдағы жүректі бір-бірімізге жылы сөздер,тілектерімізді айтып,алдағы ҰБТ-дан сүрінбей өтетінімізге сенімді болып шеңбер бойымен айналдырып шығамыз.Бір-біріміздің айтылған тілектерімізді қайталамайыз.
Нақыл сөздер:
Тағдыр - кездейсоқтық емес,ол- таңдау еркі,
Оны күтпейсің,күреспен жасайсың!
(Уильям Брайн)




ІІ.Мимикалық ситуация
П:Қатысушылар үш топқа бөлінегеннен кейін ортаға шығып карточканы таңдайды.Онда топ өз тақырыптарына байланысты мимика,панто-мимикалық ситуация құрайды.Қалған екі команда олардың басты бейнелерін,тақырыптарын табу керек.

Азғантай адам ғана қазіргі шақта өмір сүреді,
көбісі өмір сүруді келер шаққа
ысырып қояды.
(Джонатан Свифт)
ІІІ.Кеңес: <<Табысқа жетудің жолдары>>
П:
Үнем
деу
Арман
дау

Алдыңа мақсат қою
Оқу және оқу
Еңбек ету
Табысқа жетудің жолдары:

Нақыл сөздер:
<<Кез-келген қиындықтың астында
үлкен мүмкіндіктер жатыр>>
(Шагармэн)
ІV.Ойын: <<Әріптер сыр шертеді>>
П: Әр топтан 4 оқушы шығады.Берілген 4 әріпті таңдап алады.Мен сұрақ қоямын.Сол сұраққа әріптеріңе сәйкес қызықты етіп жауап бересіздер. 5 сұрақ қойылған сайын дұрыс жауап бермеген оқушы ойыннан шығып отырады.

Сұрақтар:
* ҰБТ-ға дайындығың қалай?
* Жасың нешеде?
* Аяқ астынан лотериядан миллион ұтсаң неістер едің?
* Қазіргі көңіл-күйің қандай?
* Ұнататын адамыңның -аты?
* Шашыңды немен тарайсың?
* Өтірік атың кім?
* Тесттен 120 балл алсаңнеістейсің?
* Қандай мамандық таңдадың?
10)Жеміс қайда өседі?
11)Келесі жылы осындай уақытта не болады?
12)Көп ақшаны қалай табуға болады?
13)Сынып жетекшің қандай адам?
14)Қызын немесе жігітің тастап кетсе неістейсің?
15)ҰБТ-дан қорқасың ба?
Мақалды табу: ( Мектеп- кеме,білім-теңіз)
Нақыл сөз:
Егер ашуланып тұрсаң сөйлердің алдында
10-ға дейін сана,егер қатты ашуланып тұрсаң
100-ге дейін сана.
(Томас Джеферсон)
V.Кестелі сөз
П: Қазыр балалар,сіздерге тақтада кесте беріледі.Соның ішінде сөздер бар.Соған сәйкес біз амоним,синоним сөздерді тауып кестені толық аяқтап шығуымыз керек.
Тренингтің аяқталуы:
Өкпелеме ,өкінбе өміріңе
Өмір,өмір болмайды түңілуге
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге
Қайта тұрып хақың бар жүгіруге.
(Мұқағали Мақатаев)


Бершүгір орта мектебі.













Мектеп психологы:Әбшүкірова Әйгерім

2012-2013 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Тренинг жаттығулары
Пәнге деген қызығушылық - оқып - үйренудегі жетістік негізі
Сөз тіркесіне талдау
Әйтеке би байбекұлы. 9 сынып. қазақ әдебиеті
Оқушының әрекеті. Сабақтың соңы
Отбасылық бизнес
Жердің пайда болуы, жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы
Тәлімгерлік ету жоспары
Қателіктеріміз бен сәтсіздіктерімізді ұмыту мүмкін емес, дәл қазір жетістіктеріңізді есіңізге түсіріңізші
Бұқар жырау Бірінші тілек тілеңіз
Пәндер