Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Абай өлеңдерінің аттарын атап берсеңіздер
Тәрбие сағатының тақырыбы: "Абайды оқы - таңырқа"
Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
2. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.
3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.
Білімділік: Оқушыларды Ұлы ақын - А.Құнанбайұлының балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып, өсуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.
Шығармашылық: Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Балалар, бүгінгі сабақта біз қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз туралы ой бөлісеміз. Әрбір жас ұрпақ кішкентай кезінен бастап Абай атамыздың әнімен сусындап, жырларынан нәр алып келеді.
Мырзагелді Кемел: <<Мен қазақты үшке бөлер едім. Біріншісі - Абайды оқығандар, екіншісі - Абайды оқысам деп жүргендер, үшіншілер - Абайды оқымағандар>>.
- Балалар, сендер осының қайсысына жатасындар?
- Біз бірінші топқа жатамыз. Ұлылығы әлемге танылған Абай атаның шығармаларымен танысып жатырмыз.
Бүгінгі заман адамы <<сегіз қырлы, бір сырлы>> болып өсуі керек. Оның бастысы, біздер үшін- әдептілік.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң - арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан,- деп Абай атамыз айтқандай, кішіге мейірімді, досыңа қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң, өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтаны боласың.
Абайдың шын аты Ибраһим болған. Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіпті. Тіпті М.Әуезовтың өзі Абай туралы жазбақ болған романын ең алғаш "Телғара" деп атаған екен. Сол телғараның дана Абайға айналып, ұлы ақын болу жолына көз салып көрелік.
Абай өлеңдерінің аттарын атап берсеңіздер?
Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. Ұлы ақын 1845 жылы әйгілі Қасқабұлақ басында, киіз үйде дүниеге келді. Әкесі Құнанбай бүкіл Тобықты елінің қаһарлы әміршісі, қатыгез, ал шешесі Ұлжан керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.
Абай ауылда ескіше сауат ашып, Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға түседі. Алайда, әкесі Абайды билік ісіне араластырып, баулу үшін оқуын аяқтатпай, 14 жасында қайтарып алады. Абайдың медереседегі оқуы осымен аяқталады.
Абай Шығыстың классик ақындары Фирдоуси, Низами, Науаи, Әл-Фараби және т.б. Шығармаларын қызыға оқыды. Оның шығыс классиктеріне деген ынтасының зор болғаны сонша, өлең жазуға деген алғашқы талпынысы соларға сиынудан басталды.
Туған елінің,Шығыс пен Батыстың рухани ой қазыналарынан нәр алып, өз халқын ғылым мен өнерге жетелеуді армандаған Абай Құнанбаев: "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" деген өлең жазған.
Абайдың ұлы ақын болуының бір сыры сурет салып оған жан бітіруінде. "Қыс" деп аталатын өлеңнің бір шумағын есімізге түсірейік ...
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазған шығармалары <<қарасөз>> деп аталады. Жалпы саны қырық бес бөлек шығарма. Абайдың қарасөздері адамды адам болуға, ізгі ниетті адамгершілік қасиеттерінің мол болуына, жаман дағдыларын аулақ болуға үйретеді. Олай болса, Абай қарасөздерімен танысайық.
Абайдың 31-ші қара сөзі:
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар. Әуелі-көкірегі байлаулы болмақ керек. Екінші-сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, ынтамен ұғыну керек. Үшінші-сол нәрсені, ішінен бірнеше уақыт қайтарып, ойланып, көңілге бекіту керек. Төртінші-ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдеріне: уайымсыз, салғырттық, ойыншы күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе- күллі ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер.
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ емес. Одан басқа нәрселерменен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық. ( Он сегізінші қара сөз)
Абайдың әнге деген сүйіспеншілігін:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй,-деп білдірген.
Абай Құнанбаевтың қандай әндерін білесіңдер?
Сұрақ-жауап: "Жұлдызды сағат" ойыны
1. Абай қай жылы туды?
1855, 1963, 1845;
2. Қай жерде туды?
Семей, Алматы, Торғай
3. Әкесінің аты кім?
Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай;
4. Абай қай рудан?
Жігітек, Бөкенші, Тобықты;
5. Анасының, әжесінің аттары кім?
Әйгерім, Зере, Ұлжан;
ҚОРЫТЫНДЫ:
<<Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз.Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс>>- деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтқан пікірімен аяқтағым келеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Павлодар қаласының №19 жалпы орта білім беру мектебі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: "Абайды оқы - таңырқа"
Мұғалім: Шарипова Қ.Ж
(қолы)
Сынып: 6 <<в>>
Павлодар, 2020 ж.

<<Математикалық эстафета>>
Мұғалім: Ульжагалиева К.Ж.

<<Қызықты математика>>
Мұғалім: Ульжагалиева К.Ж.
(қолы)
Сынып: 6 <<а>>

Тақырыбы: Көк тудың желбірегені,
Жүректің елжірегені.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz