Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мұғалімнің сабаққа дайындығы

Тақырып: Мұғалімнің сабаққа дайындығы
1.Мұғалімнің даярлығы
2. Сабақтың толымдылығы
3.Үйге берілетін тапсырма

Мұғалімнің сабаққа жақсы даярлығы - оны жақсы өткізудің кепілі.
Мұғалім сабаққа оқу жылы басталмастан бұрын даярланады. Ең алдымен ол оқу бағдарламасымен танысады. Мұнда мұғалім мектептің ауа-райы, табиғат жағдайын ескереді. Сабаққа даярлану барысында мұғалім әдістемелік әдебиетпен, өзге мұғалімдердің шеберліктерімен таныса отырып, ең жақсы дегенін өз жұмысына енгізеді.
Сабаққа даярлануда сабақ жоспары құрылады. Сабақтың нақты білімділік мақсаты анықталады. Мақсат нақты және түсінікті болу керек. Мысалы, мәлімдеме беру мен таныстыру, тіркеме адымдар жасау, т.б. сол сияқты.
Егер өтілген жаттығулар қайталанатын болса, онда сабақтың жоспарында қайталау сабағы деп жазылады. Және де не себеппен, не үшін қайталап жатқаны ашылып жазылады.
Сабақта қандай жаттығулар өтетінін анықтап алған соң ең алдымен негізгі бөлімге кіретін жаттығулар анықталады. Жаттығуларды таңдау барысында жаттығулардың жасалу ұзақтығын ескерген жөн. Ол қимыл-қозғалыс іскерліктерін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.
Сабақ жоспарында сонымен қатар қай жаттығу неше рет қайталанып жасалатыны және үйге қандай жаттығу берілетіні анықталдып жазылады.
Мұғалім сабаққа дайындық кезінде жаттығуларды өткізу әдіс-тәсіліне көп көңіл бөледі. Ол үшін мұғалім әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қарастырады.
Мұғалім сабақ кезінде өзінің қай жерде тұратынын, сабақты қалай бақылайтынын және де оқушылар жаттығу жасап жатқан кезде қай жерде тұратынын алдын ала шешіп алады. Мұғалім сабаққа даярланғанда жоспардағы жаттығуларды өзі жасап көреді. Бұл бір жағынан өзін-өзі тексеруге мүмкіндік береді.
Белсенділік сабақтың жақсы өтуіне көмектесетіні бәрімізге белгілі. Сондықтан мұғалім балалардың белсенділіктерін жоғарылатуға тырысу керек. Егер мұғалім сабақ жоспарына құрал-жабдықтармен орындалатын жаттығуларды енгізсе, онда мұғалім сабақ басталмас бұрын оқушыларды өтетін жаттығулармен және құарл-жабдықтармен таныстырып өтеді. Мұғалім сабақта оқушылардың қауіпсіздік ережесін сақталуын қадағалайды.
Егер дене тәрбиесі сабағында музыкалық сүйемелдеуді дұрыс және орынды қолданса, онда сабақ үлкен жетістіктермен аяқталады. Дене тәрбиесі сабағында музыка оқушылардың көңіл күйін көтеріп жаттығуларды дұрыс орындауға көмектеседі, оқушылардың сезімдерін тәрбиелейді.
Сабақты әр түрлі музыка аспаптарымен сүйемелдеу арқылы өткізуге, үнтаспа қолдануға болады.
Музыкамен орындалатын жаттығулардың түрлері өте көп.
Мысалы, жүру, жүгіру, би, би қадамдары, ырғақты жаттығулар, өрмелеу, секіру, тепе-теңдікті сақтау жаттығулары, ұзын және қысқа секіртпемен секіру. Музыкалық сүйемелдеуді ойын барысында да қолдануға болады. Ол оқушыларды ойынға қызықтырып, оқушылардың көңіл-күйін көтереді.
Музыкалық сүйемелдеудің нәтижелі болуы мұғалімнің әнді немесе үнтаспаны таңдауымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, мұғалім сабаққа даярланғанда сабақтың қай жерде өтетінін шешеді. Яғни, алаңда ма, әлде жабық жерде өтетінін анықтайды. Егер сабақ алаңда өтіп жатқанда ауа райы бұзылып кетсе, сабақта спорт залда жалғастыруға тура келеді. Сондықтан да мұғалім алдын-ала сабақтың өтетін орнын даярлау керек.
Дене сабағы сабақ кестесінде орналасу ретінің маңызы бар. Егер дене сабағы сабақ кестесінің келесі сабаққа киініп, даяр отыру үшін жасалады.
Мұғалім өзінің сыртқы бейнесіне де назар аударуы, сабаққа таза киініп, ұқыптылығымен балаларға үлгі болу керек. Сонда балалар да мұғалім сияқты әр сабаққа дайын болады. Балалар сабаққа спорт киіммен келіп, кез келген мұғалімнің тапсырған жаттығуларын орындауға даяр болу керек. Оқушыларға қажетті мағлұмат беру үшін олармен қысқа әңгіме жүргізеді. Тек сонан кейін сабақ басталады. Сабақта алған мағлұматтарын іс-жүзінде іске асырады.
Балалармен әңгіме барыснда олардың қай жерге киім ауыстыратындарын көрсету керек. Киімдерін қалай, қай жерге ілу, сапқа қалай тұру керек екенін айтады. Осы тәртіп сабақтың аяғында да сақталады.
Әр сабақ жоспарында күн реті, сабақ саны, мақсаты, өтілу орны, құрал-жабдықтары, мазмұны, жаттығу ұзақтығы айқын көрсетіліп жазылады.

Сабақтың толымдылығы
Сабақтың мақсатына жету үшін уақытты тиімді пайдалану қатынасы сабақтың толымдылығы деп аталады. Неғұрлым уақыт тиімді пайдаланылса, соғұрлым сабақтың толымдылығы жоғары болады.
Сабақтың толымдылығы алға алға қойған мақсаттың оқу бағдарламасының жетістіктермен орындалуын көрсетеді.
Сабақтың толымды болып өтуі мұғалімнің сабақты әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастыруына көңіл бөлуінде. Мұғалім сабақ жоспарын құру барысында сабақтың әр кезеңіне түсіндіруге ерекше көңіл бөлуі керек.
Қай жерде жаттығуды қарапайым түрде, қай жерде толық әрі анық түрде өзінің орындауымен көрсетуі, ал қай жерде тек бұйрық қана беру керек екенін анықтап көрсетеді.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар алдын-ала дайындалып қойылады. Құрал-жабдық дайындау уақытты үнемдеуге пайдасын тигізеді. Сыныптағы оқушылардың бір уақытта жаттығумен айналысуы сабақтың толымдылық нәтижесін көрсетеді. Бұл жағдайда саптағы жаттығулар, жүру, жүгіру, жалпы дамыту жаттығуларын орындатқан тиімді. Әрі жеңіл болып келеді. Секіру, лақтыру, өрмелеу тепе-теңдік жаттығуларын орындату қиындыққа созады.
Жаттығуларды орындау барысында оқушылардың санына құрал-жабдықтардың сәйкес келуін ескеру керек. Егер құрал-жабдықтар жетіспеген жағдайда мұғалім сыныпты топқа бөледі де, әр топқа әр түрлі құрал-жабдық беріп, өзара құрал-жабдықтармен ауысып отыруларын қадағалайды. Толымды өткен сабақ оқушыларды ұйымшылдыққа, тәртіптілікке тәрбиелейді.

Үйге берілетін тапсырма
Аптасына 3 сағат болатын дене тәрбиесі сабағында балалардың дене тәрбиесі жаттығуларын ойдағыдай үйреніп шығуы қиынға түседі. Үлкен жетістіктерге жету үшін оқушылардың өзіндік жұмыс жасауы тиіс. Осындай іс-әрекеттердің бірі тапсырманы үйде орындау болып табылады.
Үйге берілген тапсырма өтілген материалдың толық меңгерілуіне септігін тигізеді. Тапсырма арқылы оқушылардың дене жаттығуларын бір қалыпты орындауына және балалардың денсаулығымен, дене дамуына жағымды әсерін тигізеді. Сонымен қатар оқытушының берген кеңестері оқушының тәрбиесі үшін өте маңызды. Кеңес жалпы және арнайы болуы мүмкін, және бұл әр оқушының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Өзіндік жұмыс жасауға төмендегідей жаттығуларды ұсынуға болады:
жалпы дамыту жаттығулары;
қысқа секіртпемен секіру (әсіресе, ұл балаларға, себебі олар қыздарға қарағанда секіртпемен нашар секіреді);
биіктікке секіру және биіктіктен секіру;
алысқа және көздеп лақтыру;
өрмелеу және тепе-теңдік жаттығулары;
ойын жаттығулары, т.б.
Шамамен үйге берілген тапсырма мынадай болуы мүмкін:
а) алғашқы екі жаттығуды орындай білу;
ә) екеулеп секіртпемен секіре білу;
б) мәлімдеме беру;
в) допты сол, оң қолмен лақтырып және қағып алуға үйрену;
г) арқанмен өрмелеу жаттығулары;〚2〛
Үйге берілетін тапсырмалар ыңғайлы, қауіпсіз сонымен қатар күрделі болуға тиіс.
Әрбір үйге берілетін тапсырманы мұғалім алдын-ала ойластырады. Тапсырма сабақта орындалған жаттығулар болуы керек, содан кейін үйге беріледі.
Сабақ барысында үйге берілетін тапсырма өзгеруі мүмкін. Оқушылар үйге берілген тапсырманың маңызын, орындалу әдісін анық түсіну үшін ол мазмұнды болуы тиіс. Сонымен бірге орындалатын орын мен тәртібі көрсетіледі (үйде, спортзалда, алаңда, т.б.).
Балалар жаттығуларды үнемі орындап отырған жағдайда ғана үй тапсырмасының маңызы артады.

1.Е.Қ.Уанбаев <<Дене мәдениеті және спорттың ілімі мен әдіс намасы>> 2010 Өскемен 124 б
2. Мұхамеджанова.Ұ. Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі. - Астана.: Фолиант, 2017
https://www.twirpx.com/file/1756868/

3.Үйге берілетін тапсырма
1.Дәрісті оқу,жазу
2.Қазақтың ұлттық ойындарының дене тәрбиесіндегі алатын орны/ақпараттық жоба құру.

Ұқсас жұмыстар
Күнделік сабақ жоспары
Ыбырай жырлары - жүрегімде
Оқушыларды бағалау. Сабақтың тақырыбы
Музыка пәні мұғалімінің аспаптық дайындығы
Дене шынықтыру пәні мұғалімі
ШАҢҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫ
БАЛАҒА БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ КЕЙБІР КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР
Жануарлар дыбысын тыңдату
Арыстан мен тышқан мысалын сахналау
Оқушының сабаққа үлгере алмау себептері
Пәндер