Сабақтың тақырыбы. Панорамалық сабақ

3-курс студенті
Абдумажитова Динора
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып» атты өлеңі
Сабақтың тақырыбы:
Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңі.
Сабақтың типі:
Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі:
Панорамалық сабақ
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
- Алаштың ардақты азаматы Сұлтанмахмұттың ақындық қуаты арқылы оқушыларды адамгершілік пен парасаттылыққа баулу, өлеңнің тақырыбы мен идеялық ұранын ашу
2. Дамытушылық:
Шығарманың танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап, түсіне алатын нәтижеге жеткізу. Оқып-түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып, жаттықтыру. Бір-бірімен ой бөлісу арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге үйрету.
3. Тәрбиелік:
Ақын еңбектерін оқи отырып, елін сүюге, адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке, ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға тәрбиелеу, өзіндік «мәнін» ояту.
Сабақтың әдіс-тәсілі:
Ой шақыру, мәнерлеп оқу, сезім, ақыл-ой тұтастығы арқылы іздендіру, оқытушы мен оқушының ашық әңгімесі, антонимдік ассоциация
Оқытудың формасы:
Ұжымдық
Сабақтың көрнекілігі:
Ақын портреті, шығармалар жинағы, интерактивті тақта, слайд.
Сабақтың құрылымы:
1. Мен - Адаммын!
2. Ой түйін
Сабақтың эпиграфы:
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда, кім болам? . . .
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдасыру кезеңі (Ой шақыру)
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Балалар, сабақты бастамас бұрын «Болашақта кім болам?» деген сұраққа әркім өзінің арман, мақсатын жазсын. (Ақ параққа стрелкамен жазады) .
Мен бүгінгі сабақты «Адам» деген үлкен мағыналы сөзден бастағым келіп тұр. Жалпы, біз «Сен кімсің?» дегенде, ең әуелі «Адаммын!» деп жауап береріміз хақ. Алайда, Адам, Адамдық, Адам болу деген сөздердің мәнін түсінеміз бе? Өмірден өз орнын таппай, адасып жүрген адамдар да бар. Ендеше, ой-пікірімізді білдіре отырайық.
- Мен - Адаммын! (Жетекші сұрақтар беру!) 1. Адам болу деген не?2. Адам өмірге не үшін келеді?3. Менің өмірдегі мақсатым не?4. Мен келешекте өз өмірімді қалай құруым керек?5. Жаман адам кім?6. Біз тамақ ішу үшін өмір сүреміз бе, әлде өмр сүру үшін тамақтанамыз ба?
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Біз бүгінгі сабағымызды адам сезімін суреттеудің хас шебері, өзіндік үнін, азаматтық тұлғасын таныта білген ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығына арнаймыз. «Талпынам асыққандай жігіттікке» деп ақын өзі жырлағандай, оның өмірі күреске толы болды. Екі дәуір қоғамының саяси-әлеуметтік тұрақтылығын көрмей, не қилы аласапыран болып жатқанда да С. Торайғыров өзінің күрескер, халқы үшін жанын аямай еңбек етер үлкен тұлға екенін көрсете білді. Жасынан өнер-білімге, ғылымға құныға өскен ақын тағдыры оңай болмаған еді. Екі жасында анасынан айырылды, тұрмыстағы қиыншылық, көңілі қалаған оқуына қолы жете алмай өкінуі, науқасқа шалдығуы едәуір қиындық туғызды. Алайда, өжет те қайсар, алғыр да зерек Сұлтанмахмұт бұған бола мойымаған. Алдына адам болып шығуды мақсат етіп қойған ақын ұмтылыс, ізденіс үстінде болды. Жас ұрпақтың елге адал қызмет қылуы үшін өнер үйренуіне, шарқ ұрып талмай еңбектенуіне өмір жолында келер қиындықты жеңуді міндетіне алып, оптимистік қасиетін, өнерсүйгіштік өр мінезін көрсетеді. Яғни, ол өзін «жарық күнде сәуле қуған» халық баласы ретінде танытып, «елдің бетін толған айдай болып көруге» уәде етеді. Сондай-ақ, Сұлтанмахмұт - ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы, Абайды өзіне ұстаз тұтқан. Абай ашқан поэтикалық мүмкіндікті өзі өмір сүрген қоғам шындығын, қайшылығын бейнелеуге еркін де кең пайдаланған шебер.
ІІІ. Өлеңді мәнерлеп оқу
1. Мұғалімнің оқуы
2. Оқушының оқуы
3. Өлең құрылысын талдау:
1. Үш шумақты өлең
2. Төрт тармақты шумақ
3. Үш бунақты шумақ
4. Он бір буынды өлең жолы
5. Қара өлең деп аталатын асқақты ұйқас: (а, а, б, а)
4. Әдебиет теориясынан түсінік беру
Ақындық тұлға немесе лирикалық қаһарман С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңіндегі лирикалық қаҺарман - ақынның өзі, яғни ақынның тұлғасы танылып тұр. Лирикалық шығармаларда ақын тұлғасы өлең кейіпкерімен тұтасып, кірігіп кетеді. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат-мақсатын, арман-аңсарын, сезім-күйін жырға қосады.
- Ой түйін. «Мен Адаммын!» (Антонимдік ассоциация құру) Балалар, әрбір адамның да кемшілігі болуы мүмкін. Алайда, ерік-жігеріміз мықты болса - алмайтын қамал жоқ. Өзіміздің кемшілік-қателерімізді жөндеуге ешқашан да кеш болмайды. Олай болса, адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді антонимдік жұп арқылы топтастырайық:Ақылды - ақымақ, Білімді - надан, Еңбекқор - жалқау т. б.
Ү. Сабақты қорытындылау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz