Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақстанның ұлттық валютасы

Тақырыбы: Көк тудың желбірегені,
Жүректің елжірегені.
Мақсаты:
І. Ту, туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
ІІІ. Оқушыларды Отансүйгіштікке,адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты
Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер,
буклеттер,карта,мақал-мәтелдер, Отанын,жер туралы нақыл сөздер. Қазақстан Республикасының рәміздерін слайд арқылы көрсету.
Кіріспе бөлім:
<<Мемлекттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы ұлт арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз осы мемлекеттік туға арналады.
Ту - мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. <<Флаг>> термині <> деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.
Бүгінгі бізің сынып сағатымызда үш топпен жұмыс жасаймыз.
Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді. Егемен мемлекет болды. Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Солардың бірі Мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар Қазақстан Республикасының әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, Қазақстан Республикасының туы.
1-Бөлім:Тұңғыш Президент.
1.Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды?
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
2.Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының тұғыш Президенті болып қашан сайланды?
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
3.Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында? (9 орын)
4.Қазақстанда қанша облыс бар? (14)
5. Қ.Р-сы неше мемлекетпен шектеседі? (5)
6. Қ.Р-сының рәміздерін атаңыз.
7. Қазақстанның ұлттық валютасы? (теңге)
8. ҚР туында не бейнеленген?(шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата)
Туымен-Тұғырлы, Елтаңбасымен- Еңселі, Әнұранымен айбатты ел!
Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Көк түс - Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.
Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн - қозғалыс , даму,өсіп өркендеудің ,өмірдің бейнесі. Қанатын жайған қыран құс - бар нәрсенің бастауындай,билік,айбындылық бейнесі.
Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген. Күн, қыран,ою -өрнек алтын түсті.
Тудың авторы еліміздегі дизайнерлік өнердің ірге тасын калаушылардын бірі, Чехославакияда өткен (1961ж.) халыкаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегері, Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.
Мемлекеттік туымыз бүгінде БYenYen- ы ғимараттарының алдында, әр түрлі елдердегі елшіліктеріміздің маңдайшаларында желбіреп тұр. Оны ғарышкер ұшқышымыз Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен заңғар көкке көтерсе, ал алпинистеріміз 1995 жылы Эверест шыңына қадады және көптеген спортшыларымыз еліміздің туын көкке көтеріп, желбіретіп жатыр.
Біздің мектептегі өмірімізде де мемлекеттік ту ерекше орын алады.
2- бөлім: Кім жылдам.
1.Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:
Елтаңба Байрақ Әнұран
Ел Бай Ән
Таңба ай Ұра
Таң қар Ұн
Аң ар нан
3-бөлім. <<Кім зерек?>>
Мұғалім: Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.
1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген. ........... (Елтаңба)
2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. ........... (Ту)
3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ............... (Әнұран)
4. Мемлекеттік ту қандай жерлерге ілінеді?
Мемлекеттік Ту ҚР Парламентінің, Үкіметінің, министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық атқарушы органдарының, Елбасына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Конституциялық Кеңесінің, Жоғары Сотының және басқа да соттарының, бас прокуратурасының, Ұлттық Ғылым академиясының, мәслихаттарының, жергілікті атқарушы органдарының ғимараттарында, сондай - ақ еліміздің дипломатиялық және сауда өкілдерінің, Конституциялық мекемелерінің орналасқаи жерлерінде ұдайы тігіледі. (Экраннан мемлекеттік ту тігілген ғимараттар мен мекемелердің суреттері көрсетіледі)
5. Қалада жүргенде қай жерлерден ілулі тұрған туды көрдіңдер?
Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,
Елтаңбасымен- Еңселі
Әнұранымен айбатты ел!
<<Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек,қасиет тұтуымыз керек.Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын,Елтаңбасын,Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы,біздің ең киелі құндылықтарымыз.>>
Н.Ә.Назарбаев.
<<Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі сөнбесін>>

Ұқсас жұмыстар
АҚШ өкілі
Ақша беретін құрылғы
Теңге
Теңге - тәуелсіздік символы
Орта мерзімді жоспар
Темір монеталары айналымға енді
Отан сөзіне бес шумақ өлең жазу
Бөгенбай батыр
Әсем қала
Мен туған елімді сүйемін
Пәндер