Тәрбие сағаты: Қазақстан Республикасының Конституциясы - елдің бейбітшілік пен келісімінің негізі

Тәрбие сағат тақырыбы : Қазақстан Республикасының Конституциясы,

еліміздің бейбітшілік пен келісімінің негізі.

Тәрбие сағат мақсаты: Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету.

Тәрбие сағат міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.

Дамытушылық: Түрлі сұрақтар, суреттер арқылы баланы ойланта отырып, олардың көзқарасын танытуға мүмкіндік жасау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелік: Өзіндік көзқарасы бар ұлтжанды азамат тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Тәрбие сағат түрі: Байқау-сабақ

Көрнекіліктер:

Мемлекеттік рәміздер суреті, газет материалдары

Тәрбие сағат барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ІІ. Ой қозғау

Балалар, мына өлеңді мұқият тыңдап отырып, онда не туралы жырланғанын айтыңыздар.

Ата Заң

Ата Заңым,

Алтын Заңым - ардағым,

Аялаған адамзаттың арманын.

Жол бастайды болашаққа жасампаз,

Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.

Алтын Заңда -

Парасатым, пайымым.

Алтын Заңда -

Күш - қуатым, жалыным.

Сен қорғайсың

Бостандық пен құқықты,

Анамдайсың елжіреген жаны күн.

(Балалардың жауабы тыңдалады)

ІІІ. Кім біледі? 30 тамыз қандай атаулы мереке? (Конституция күні)

1 қыркүйектің ерекшелігі? (Білім күні)

Конституция туралы не білесіңдер?

  • «Конституция» - латыншадан аударғанда «құрылыс», «бекіту», «орнату» деген ұғымды береді.
  • Конституция алғаш рет Англияда 1679 және 1688 жылдары құқықтар жөніндегі билль деген атпен қабылданған.
  • Жазбаша конституция ең алғаш 1787 жылы АҚШ-та, одан кейін, 1791 жылы Франция мен Польшада өмірге келген.

ІV. «Санаға сапар»

Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстанның Ата (негізгі) заңы.

Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі - өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз - мемлекеттік мереке - ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.

Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы.

(1937, 1978, 1993, 1995)

Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.

Конституция - барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары - басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.

Конституция дегеніміз - қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.

Конституцияның бірнеше баптарын таныстыру.

1 - бап

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

7 - бап

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - Қазақ тілі.

27 - бап

1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.

3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.

30-бап

1. азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

36 - бап

Қазақстан Республикасын қорғау -

оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

V. Суреттермен жұмыс ( мемлекеттік рәміздер туралы оқушылар білімін саралау)

VІ. Қорытындылау.

ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның нормаларын пайдалана алады. Сонымен, ҚР-ның Конституциясы - елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну - тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы - бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Конституциясы: тарихы мен заманауи рөлі
Қазақстан Республикасының Конституциясы: тарихы, құрылымы және азаматтық құқықтар
Тәуелсіздік таңы: Қазақстан Республикасының Конституциясы және патриотизм тәрбиесі
Ашық тәрбие сағаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: бастауыш сыныптарға арналған тәрбие сағаты
Қазақстан: тәуелсіздік, мемлекеттік рәміздер және бейбітшілік пен бірлік
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері және Ұлт көшбасшысы туралы тәрбие сағаты
Тәуелсіз елдің ұландарымыз: тәуелсіздік пен патриоттық тәрбие
Мен Қазақстан Республикасының азаматымын: 5-6 сыныптарға арналған тәрбие сағаты
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: тарихы, символикасы және патриоттық тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz