6-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

V тарау : Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері.
Мектеп: №19 Жалпы орта білім беру мектебі
V тарау: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері.: Күні: 05. 02. 2020ж.
Мектеп:№19 Жалпы орта білім беру мектебі: Мұғалімнің аты-жөні: Ульжагалиева К. Ж. Практикант: Нұрмағамбет Қ. Т.
V тарау: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері.: Сынып: 6 «в»
Мектеп:№19 Жалпы орта білім беру мектебі: Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
V тарау: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері.: Сабақ тақырыбы
Мектеп:№19 Жалпы орта білім беру мектебі: Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуы.
V тарау: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері.: Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
Мектеп:№19 Жалпы орта білім беру мектебі:

Санды теңсіздіктердің қасиеттерін қолдана отырып, сан аралықтарын координаталық түзу бойынша кескіндеуді үйрету.

Сан аралықтарының қиылысуын және бірігулерін координаталық түзуде кескіндей отырып табуды түсіндіру.

V тарау: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері.: Сабақ мақсаттары
Мектеп:№19 Жалпы орта білім беру мектебі:

Барлық оқушылар: Сан аралықтарының аттарын координаталық түзуде кескіндей алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуын таба алады.

Кейбір оқушылар: Сан аралықтарына тиісті бүтін сандарды жаза алады.

V тарау: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері.: Бағалау критерийлері
Мектеп:№19 Жалпы орта білім беру мектебі:

Сан аралықтарының анықтамасын біледі.

Сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндей алады.

Берілген сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуын таба алады.

V тарау: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері.: Тілдік мақсаттар
Мектеп:№19 Жалпы орта білім беру мектебі:

Сан аралықтарының белгіленуін жаза алады. Сан аралықтарының белгіленуін оқи алады.

Түйінді сөздер: Сан аралықтары, интервал, жартылай интервал, кесінді, сәуле, ашық сәуле, артық, кем, бірігуі, қиылысуы.

V тарау: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері.: Құндылықтарды дарыту
Мектеп:№19 Жалпы орта білім беру мектебі: Оқушылар ынтымақтастық ортада жұмыс жасайды. Бір -бірінің пікірлерін тыңдауға, өз пікірін ашық айтуға дағдыланады.
V тарау: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері.: АКТ қолдану дағдылары
Мектеп:№19 Жалпы орта білім беру мектебі: Кітаппен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс.
V тарау: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері.: Бастапқы білім
Мектеп:№19 Жалпы орта білім беру мектебі: Рационал сандар, сан түзуі, теңсіздік, сан аралығы туралы ұғымдарды біледі.
V тарау: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері.: Сабақтың барысы
Мектеп:№19 Жалпы орта білім беру мектебі: Сан аралықтарын координаталық түзуде белгілеу, бірігуі мен қиылысуын табу.
V тарау: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері.: Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Мектеп:№19 Жалпы орта білім беру мектебі: Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
V тарау: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері.:

Сабақтың басы

10 мин

Мектеп:№19 Жалпы орта білім беру мектебі:

Ұйымдастыру кезеңі:

- Амандасу, сынып тізімін тексеру;

- Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

- Оқу құралдарының дайындығын тексеру;

Үй тапсырмасын тексеру: «Мен көршіме сенемін» дәптерлерін алмастырады.

Алдын ала даярлық тапсырманы тексеру (41-бет)

V тарау: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері.: Сабақтың ортасы
Мектеп:№19 Жалпы орта білім беру мектебі:

Сан аралықтарының қиылысуы:

А сан аралығына да, В сан аралығына да тиісті сандардан ғана тұратын А∩В аралығын А және В сан аралықтарының қиылысуы деп атайды.

Мысал. (- ∞; 3] және [- 4; +∞) сан аралықтарының қиылысу аралығын табайық.

Шешуі. Координаталық түзуде (- ∞; 3] және [- 4; +∞) сан аралықтарын кескіндейік.

[ - 4; 3] аралығындағы сандар жиыны (- ∞; 3] сан аралығында да, [- 4; +∞) сан аралығына да тиісті.

Демек, [ - 4; 3] сан аралығы (- ∞; 3] және [- 4; +∞) сан аралықтарының қиылысуы. Жазылуы: (- ∞; 3] ∩ [- 4; +∞) = =[ - 4; 3]

Жауабы: [ - 4; 3]

Сан аралықтарының бірігуі:

А және В сан аралықтарының кем дегенде біреуіне тиісті сандардан ғана тұратын АUВ аралығын А және В сан аралықтарының бірігуі деп атайды.

Мысал. [ - 2; 7] және [ 4; 11] сан аралықтарының бірігуін табайық.

Шешуі. Координаталық түзуде [ - 2; 7] және [ 4; 11] сан аралықтарын кескіндейік.

[ - 2; 11] аралығындағы сандар жиыны [ - 2; 7] және [ 4; 11] сан аралықтарының біреуіне немесе осы сандар аралықтарының екеуіне де тиісті.

Демек, [ - 2; 11] сан аралығы [ - 2; 7] және [ 4; 11] сан аралықтарының бірігуі болып табылады.

Жазылуы: [ - 2; 7] U[ 4; 11] = =[ - 2; 11]

Жауабы: [ - 2; 11]

Сан аралықтарының бірігуі әрқашанда сан аралығы бола бермейді.

Сан аралықтарының қиылысуын (бірігуін) табу үшін:

Берілген сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндеу керек;

Берілген сан аралықтарының барлығына (кем дегенде біреуіне) тиісті сандар жиынының аралығын табу керек;

Сан аралықтарының қиылысуын (бірігуін) сан аралықтарының белгіленуімен жазу керек.

2. Жеке жұмыс. Сан аралығын координаталық түзуде кескіндеңдер №926 өзара бағалау.

3. Жұптық жұмыс. №927, 931, 932

Рефлексия : Бағдаршам түстері арқылы оқушылардың түсінгенін білу.

Қызыл түс - түсінген жоқпын;

Сары түс - әлі де практика қажет/сұрақтар бар;

Жасыл түс - барлығы түсінікті.

Бағалау. Әр топтың топ басшылары бағалау парағы бойынша топ мүшелерінің бағаларын айтады. Содан кейін мұғалім жүйелеп оқушыларды нақты бағалайды.

Үйге тапсырма: № 930, 931 (жұп), 932 (тақ)

Оқулық

Слайд

V тарау: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері.: Сабақтың соңы
Мектеп:№19 Жалпы орта білім беру мектебі: Оқулық
V тарау: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері.: Саралау -оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Мектеп:№19 Жалпы орта білім беру мектебі: Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
V тарау: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері.:

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.


Ұқсас жұмыстар
Жиындардың ішкі жиыны, қиылысуы және бірігуі
6-сынып: Сан аралықтары тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары
Есептік және реттік сан есім: бастауыш сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары (2-сабақ)
6-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Сымсыз желілер
6-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Қазақстанның көрікті жерлері
6-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Менің туған өлкем (өлеңдер мен проза)
6-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Біріккен сөздердің емлесі
Сан есімдер: дара және күрделі сан есімдер - 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған Рационал сандарға амалдар қолдану тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Ақпаратты сығу және мұрағаттау (WinRAR)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz