Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бабаев туралы оқушылардан сұрау
тақырыбы:
ҰСТАЗ – ҰЛЫ ТҰЛҒА
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, бүгін біз «Ұстаз – қлы тұлға»
деген тақырыпта ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Ұстаз болу жүректің батырлығы,
Ұстаз болу сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Ғафу Қайырбеков
Мақсаты: Дүйсен Бабаевтың өмірі, ғылыми ізденістері, ұстаздық еткен
жылдарына мағлұмат бере отырып, шығармашылығын таныту.
Қонақтармен таныстыру: Міне, балалар, бүгін осы мектепте Дүйсен
Бабаевты еске алуға арналған тәрбие сағатының құрметті қонақтары Дүйсен
Бабаев ағамыздың жұбайы Ұлбала апай және қалалық білім беру және жетілдіру
институтының әдіскер маманы, тарих ғылымдарының кандидаты Кунапина Қайыркен
Құдайбергенқызы және Қазақстан Республикасының оқу ісінің үздігі, Еңбек
ардагері, үш түрлі медальдардың иегері, тарих пәні бойынша тәлімгер-әдіскер
мұғалім жыл талмай үздіксіз еңбек етіп келе жатқан Сәуенова Роза Сәуенқызы
бастаған ұлағатты ұстаз деген атқа лайық бүгін бір топ тарихшы мұғалімдер
қатысып отыр. Бұл кісілердің қазақ халқының балаларына білім беруге аянбай
еңбек етуде және білім сусынымен сусындырып үздіксіз еңбек етуде. Осы
ұлағатты ұстаздардың құрметіне ұстазым әні.
Ұстазым - өлең.
Бабаев туралы оқушылардан сұрау. Кәне оқушылар Дүйсен Бабаев туралы,
ұстаздың қызметі туралы не білесіңдер?
Ал, енді олай болса Д.Бабаев туралы біледі екенсіңдер енді осыған
қосымша тағы да толығырақ білсек, өзімізге үлгі етсек дейміз.
Мұғалім. Қазақ халқының адал ұлы, білімпаз ұстаз 7-8-сынып оқулығының
авторы Д.Бабаев туғанына 75 жыл толады. Өзінен бұрын да, өз тұсында да
кездескен осындай ардақты адамдардың орны мен еңбегін бағалай келіп, қазақ
халқының алып ақыны Абай кезінде былай деген екен: «Өлді деуге бола ма,
айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» - демекші Дүйсен ағамыздың
жарқын бейнесі біздің әрдайым бізбен бірге.
1-жүргізуші. Дүйсен атамыздың жарқын бейнесі біздің жас ұрпақтар үшін
аса қадірлі, аса қымбатү Дүйсен атамыздың туып өскен, жері 1930 ж. 1
қаңтарда Жамбыл облысы, жамбыл ауданында дүниеге келді. 1947 жылы Жамбыл
қаласындағы он жылдық мектепті бітіріп, 1951-1957 жылдары Абай атындағы
педагогикалық институттың тарих факультетінде оқыды.
2-жүргізуші. Еңбек жолының басталуы 1957-65 жылдары №22 Алматы темір
жолына қарасты қазақ орта мектебінде, 1966 жылдан бастап, №115 қазақ-орыс
аралас мектебіне ауысып тарих, география, қоғамтану пәндерінен сабақ беріп,
осы мектепте 43 жыл бойы мұғалімдік қызмет атқарады.
Үш топқа тапсырма беру.
1 топ: Зерттеу тобы: Д.Бабаевтың еңбектері туралы айты.
2 топ: Жазушы тобы: Д.Бабаевтың «Қазақстан мектебу» журналына
жарияланған мақалаларын айту.
3 топ: Ғалымдар тобы: Ғылы зерттеу еңбектері туралы айту.
Оқулықпен таныстыру.
Д.Бабаевтың 7-8 сынып оқулығында Бүкіл Қазақстандағы барлық оқушылар,
біздер осы оқулық арқылы өзіміздің еліміздің, жеріміздің тарихынан және
азақстандағы мемлекеттер және хандар, билер, батырлар туралы көп
мағлұматтар аламыз. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы оқулықтарының бірі болды.
Оқушы: қазақстан тарихы 8 сынып оқулығының 2 параграфынан Моғолстан
тақырыбында былай делінген: XIV ғасырдың орта шенінде Шағатай ұлысы екіге
бөлініп, оның шығыс бөлігінде Моғолстан хандығы, ал батысындағы Мәуренахрда
Әмір Темір мемлекеті құрылды.
Оқушы: Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің «Тарихи-и-Рашиди» атты
шығармасында «қазіргі күнде Моғолстан атанып отырған аумақтың ұзыны мен
көлденеңі 7-8 айлық жол. Оның шығыс шеті (Моңғолияның) қалмақтар жерімен
шектесіп, Барыскөл (Баркөл) Еміл мен Ертіс өзендерін қамтиды. Оның жеріне
солтүстікте Көкше теңіз (Балхаш), Бұм және Қаратал өзендері кіреді.
Моғолстан батыс жақта Түркістан мен Ташкентпен шектеседі. Ал оңтүстікте
Ферғана уәлаятымен, Қашқар, Ақсу, шамшы және Тұранмен шектеседі»... деп
жазды.
Оқушы: Тарихи дерек бойынша, Моғолстан хандығының алып жатқан жері Іле
аймағы, Жетісу және қазіргі Қырғызстанның аумағы болған. Моғолстан
мемлекетінің астанасы Іле өңіріндегі Алмалық қаласы болды. Моғолстанның
алғашқы ханы Тоғылық Темір осы астанада тұрды.
Оқушы: Моғолстан хандыкғының құрамындағы дулат, қаңлы, үйсін, т.б.
қазақтың ұлы жүзінің негізгі тайпалары. Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати,
Тоғылық Темір хан өзі мұсылман болумен бірге Моғолстанды ислам дінін
жалпыландыруға мейлінше күм жұмсандығын, соның нәтижесінде қауым ислам
дініне жаппай жұмылғандығын баяндай келіп: «Моғолстанды бір күнде 160 мың
адам мұсылман болды» - дейді.
Оқушы: Ақ орда ханы Орыс ханның кемеңгерлері – Керей мен Жәнібек
сұлтандар 1456 ж. Өзбек ханы Әбілхайырға қарсы шығып, өзін жақтайтын
тайпаларды ертіп, Жетісуға қоныс аударады. Моғолстанның ханы Есенбұға
өзінің ішкі-сыртқы жағдайын ойлай келе, Керей мен Жәнібек сұлтан бастаған
қазақтарды жақсы қарсы алып, оларға Шу және Талас өзендері бойынан жер
берді. Керей мен Жәнібек сұлтандар Жетісуды орталық ете отырып, қазақ
хандығын құрды.
Жүргізуші: Осы ғұлама билердің және батырлардың арқасында қазақтың жері
шашырамай ұрпақтан-ұрпаққа осы күнге дейін жеткізілді.
1-топ: Зерттеу тобы: еңбектері: 1976 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының
тарих бөлімінде кандидаттық диссертация қорғады. Тақырыбы: «XIX ғасырдың
аяғы XX ғасырдың басындағы орыс саяхатшыларының еңбегіндегі Қазақстан».
1978 жылы «Советтік өмір салты», 1981 жылы «Қазақстанда тыңды игеру», 1986
жылы мектеп реформасының талабына сай тарих сабағында оқытудың ғылыми
дәрежесін арттырудағы өз тәжірибесі. 1984 жылы «Тарих пәнін оқыту барысында
оқушыларды өмірге бейімдеу тәжірибесі деген тақырыпта баяндама даярлап,
ауданда, қалада, республикада өткен педагогикалық оқуға қатысты және Москва
мен Ереванда өткен педагогикалық оқуға қатысты. Қарағанды, Павлодар,
Шымкент, Көкшетау қаласында өз тәжірибесін ортаға салды.
Оқушы: Қазақстанда Совет өкіметінің орнауы деген тақырыпта теледидар
арқылы сабақ юерді.
2-топ: Жазушы тобы: Қазақстан мектебі журналына жарияланған мақалалары:
1. 1980 жылы; «Оқушының ойлау белсенділігін арттыру».
2. 1981жылы; «Советтік өмір салты».
3. 1982 жылы; «Теледидардағы сабақ»,
4. 1982 жылы «Тиімді оқыту тетіктері».
5. 1985 жылы «Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу».
6. «Біздің тарих» (Дөңгелең стол басында).
3-топ: Ғалымдар тобы: Ғылыми зеттеу еңбектері: 1984 жылы Қазақ ССР
тарихы мен бағдарламасын жасауға қатысып, 1990 жылы 8 класқа арналған қазақ
ССР тарихы мен программасын жасады. 1990 жылы 7-8 сыныпқа арналған Қазақ
ССР тарихы мен бағдарламасын жасады.
Қорытынды.
Мұғалім: Міне, балалар, тақырыпты қорытындылай келе, бүгінгі күнмен
байланыстыра кетейік. Дүйсен аға бізбен бірге, біздің жүрегімізде дей
отырып, №115 қазақ орта мектебінде ұзақ уақыт қызмет атқарған Дүйсен
Бабайұлы 2000 жылы 15 желтоқсанда қайтыс болды. Дүйсен ағамен бірге талай
жыл жұмыс істеген, ардагер ұстазымыз бағанадан бері айтып отырған Дүйсен
ағаның жұбайы Бабаева Ұлбала Досмұханбетқызына сөз береміз.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - демекші Дүйсен ағамыздың
ерен еңбегін еске ала отырып, 1 мин үнсіздің 2001 жылдың тамыз айында
Алматы қаласындағы №115 қазақ орта мектебіне Д.Бабаевтың есімі берілді.
Д.Бабаевтың мүсіні мектеп ішіне қойылып, Д.Бабаев атыдағы мұражай
оқушыларға қызмет көрсетіп келеді.
Д.Бабайұлы артына ұстаз ретінде өшпес із қалдырған ұлы тұлға деп
отырып, «Менің Қазақстаным» әнімен аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz