Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қазақтар бұрын
Алматы қаласы
Әуезов ауданы
155 орта мектеп
Интеллектуалды
ойын –сабақ
Менің елім – Қазақстан
Қазақ тілі мұғалімі: Бегімбек Л.Ә.
200 жыл
Интеллектуалды ойын – сабақ
«Менің елім - Қазақстан»
Сабақтың мақсаты
Білімдік: оқушылардың білімдерін пысықтау, тиянақтау, грамматикалық
ұғымдарды ауызша сөйлеуде сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын
қалыптастыру, Қазақстан туралы мағлұмат беру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушылардың патриоттық сезімін ояту, азаматтық, адамгершілік
рухта тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын кеңейту.
Сабақтың түрі: ойын-сабақ
Оқыту әдіс тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап іздену, жарысу.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, география, экономика.
Көрнекі құрал жабдықтар: І. Плакаттар:
1. Сабақтың тақырыбы;
2. Сабақтың жоспары;
3. Суреттер – «Қазақстан табиғаты»;
4. Сөзжұмбақ
5. Қазақстанның картасы
ІІ. Цитаталар:
«Отан – оттан да ыстық» (мақал)
«Қазақстан дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!» /Қ. Аманжолов/.
«Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана
Отан – үлкен
Қазақстан – туған ел!» /Ермек Өтетілеу/
Техникалық құрал Караоке
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушылар Қазақстан Республикасының әнұранын орындайды.
2) Диалог:
– Биыл қандай жыл?
– Биыл 2004 жыл
– 2004 жыл қандай жыл болып жарияланды?
– 2004 жыл мешін жылы, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10жыл»
болып жарияланды
Енді бүгін сабақта Қазақстан туралы не білеміз, 13 жылдың ішінде қандай
өзгеріс болғанын еске түсіріп, әңгімелесеміз.
ІІ. Ойынды жүргізу тәртібі.
Оқушылар топтарға бөлініп, әрбір топ өздеріне ат таңдап және дайындалған
эмблемаларын қадайды. Тақтаға сұрақтар салынған нөмірленген конверттер
орналастырылады. Мұғалім қоржыннан бір-бірден асық шығарады. Қай нөмірлі
сұрақ шықса, сол сұрақ аукционға салынады. Әр сұрақтың бастапқы бағасы бес
ақша белгісі.
Әр топта 50 ақша белгісі бар. Саудада жеңіп шыққан топ сұрағына дұрыс жауап
бере алмаса есептеріндегі ақшаларынан алынады. Егер де топ бар ақшасына бір
сұрақты дұрыс жауап бере алмаса, ойыннан шығып қалады. Ойынның келесі
бөліміне қай топтың есебінде ақша көп болса, сол топтар шығады.
Егер де нота кілті белгісі салынған асық шықса, ол музыкалық үзіліс дегенді
білдіреді. Ондай жағдайда сол топтың оқушылары Караокемен қазақ өлеңдерін
айтады, тіпті болмаса, қара өлең, шешендік сөздер үлгілерін, тартымды
тақпақ айтуына да болады.
ІІІ. Кіріспе сөз.
Отан деген не? Бұл сөзді күн сайын естіп жүрміз. «Отан – от басынан
басталады» - дейді қазақ. Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері, туыған-
туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын
адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.
Қазақ халқының атамекені – көне замандардан қалыптасқан жер көлемінің батыс
жағы Каспийге, шығысы мен тірстігі – Сібірге және Алтай тауларына, күнгейі
Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан республикаларына шектеседі.
Менделеев ашқан химиялық элементтер кестесінде көрсетілгендердің бәрі қазақ
даласынан табылады.
1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Тәуелсіз республика болып жарияланды.
Биыл біз он үш жылдығын тойлыймыз.
Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді. Өйткені ол
соңғы үш жүз жыл бойы тәуелсіздіктен айырылған еді. Екі жүз жылға жуық
патшалық Ресейдің отары болды. Ал соңғы 74 жылда Кеңес мемлекетінің
құрамында болып, дербестікті де, тәуелсіздікті де мүлде жоғалтты.
Дербес тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт. Елдің өз құқығы өз қолында.
Дүние жүзінің жүзден астам елі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп таныды.
Қазақстан нарықтық экономикаға біртіндеп көшіп келеді. Жекешелендіру,
кәсіпкерлік, сыртқы экономикалық байланыстарды нығайту жолында шешуші
қадамдар жасала бастады.
Ойынның І туры
Білім аукционы
1. Қазақстан қай уақытты өз тәуелсіздігін алды?
(16 желтоқсан 1991 жылы)
2. Президент сайлауы қашан болды?
3. Жалқы есім мен жалпы есімді теріп жаз.
Республикамызда биік таулар, ойпаттар, кең жазықтар бар. Қазақстанның
батысы Астрахан далалары мен Каспий теңізінен басталады.
4. Қазақ халқының амандасу түрлерін ата.
(Ассалаумағалейкум! Дені-қарнының сау ма? Мал-жаныңыз, қора-қопсыңыз
аман ба? Еліңіз тыныш па? Сәлеметсіз бе?Аман-саусыз ба? Аман-есенсіз бе!
Бала-шағаңыз, мал-жаныңыз аман ба? Үй-ішіңіз аман ба?)
5. Қазақстанның жері қанша шаршы километр?
(Қазақстанның жері 2 756 000 шаршы километр)
6. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
(Қазақстанда 126-дан астам ұлт өкілдері тұрады)
7. Сөйлемге грамматикалық талдау жүргіз
Ненің? Не? Қанша? Неден? Не
істейді?
Халқының саны 15 миллионнан асады.
ІІ тур
Ақсүйектер әңгімесі
1. Мақалдың қазақша вариантын бер.
Не имей сто рублей, а имей сто друзей.
2. Республика алаңында қандай ескерткіш тұр?
(Алтын адам)
3. Яссауидің сағанасы қайда?
(Түркістан қаласында)
4. Абайдың өлеңдері неге шақырады?
(оның өлеңдері адамгершілікке, ғылым-білімді сүюге шақырады)
5. Туынды сын есім жаса
а) –лық/-лік; -тық/тік; -дық/дік.
бейбітші, қала, туыс, жас
6. Көп нүктенің орнына сөздерді қой.
Қазақстан жері пайдалы... өте бай (кендерге)
Қазақтар бұрын ... ел болған (көшпенді)
ІІІ тур
Үнсіз кино
Бейнеле: 1) үтірді
2) леп белгісін
3) сызықты
IV тур
Суперойын
1. Қазақстанның бірінші астанасы қай қала болған?
(Орынбор)
2. Ең үлкен тау
а) Алатау
ә) Тарбағатай
б) Алтай
3. «Невада-Семей» қозғалысы ядролық сынаққа қарсы қандай іс-әрекет жасады?
4. Картадан Арал теңізін көрсет. Ол туралы не білесің?
5. Алатаудың баурайында қай қала орналасқан? Бұл қала туралы не білесің?
(Алматы)
6. 1983 жылдың жазында Абайдың туған жері Қарауыл ауылында үш ұлы ақынның
рухани үндестігін, жақындығын көрсететін ескерткіш барельефте не жазылған?
(«Жолаушының түнгі жыры» қазақ, неміс, орыс тілдерінде жазылған)
7. Сөздердің қазақша екі вариантын бер
Независимый, свободный (тәуелсіз, егемен)
V. Сабақтың қорытындысын шығару
Оқушылардың білімі мен өнерге бейімі жеке-жеке бағаланады.
Сабаққа белсене қатысып, жақсы жауап беріп, өзгелерден жоғары деңгейдегі
өнерімен көзге түскен оқушылардың еңбегі мен үлесіне қарай тиісті баға
қойлады.
VI. Үй тапсырмасы
Қазақстан туралы шағын шығарма жазу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz