Мүсінді мәтіндерді енгізу

Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия

Corel Draw графикалық редакторында шаршылар, төртбұрыштар, көпбұрыштар салу

(Ресурстық орталықта өткізген ашық сабақ жоспары)

Өткізген: информатика пәнінің мұғалімі Ержанов А. Е.

2009-2010 оқу жылы

Компьютерлік графика 10 сынып 21. 04. 2010 ж

Сабақтың тақырыбы: Мәтін. Мүсінді мәтіндерді енгізу

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты түсіндіру. Практикалық жұмыстар

жасату.

Сабақтың мақсаты:

Corel Draw графикалық редакторында оқушылардың мәтіндерді енгізу

әдістері туралы дағдыларын қалыптастыру

Міндеттері:

Білімділік:

Corel Draw графикалық редакторында жұмыс істеу

Жұмыс алаңында мәтіндерді енгізумен жұмыс

Құралдар панелін, терезе элементтерін дұрыс пайдалана білу.

Дамытушылық:

  • Компьютерде программаны қолдана отырып оқушыларға мәтіндерді енгізуге байланысты білім-біліктерін дамыту
  • Оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін арттыру, шығармашылыққа баулу.
  • Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына жағдай жасау

Тәрбиелік:

Corel Draw программасы арқылы оқушылардың эстетикалық және көркем мәдениетін қалыптастыру, сынып ұжымындағы сыйластыққа тәрбиелеу

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютерлер, видеопроектор, экран,

электрондық оқулықтар

Сабақтың әдісі:

Сұрақ-жауап, проблема тудыру, зерттеу

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Сұрақ -жауап әдісімен жан-жақты білімдерін тексеру.
  1. Мәтінді қандай құралдың көмегімен енгіземіз?
  2. Corel Draw мәтіндері қандай болып бөлінеді?
  3. Қаріптерді қалай пішімдейміз(форматтаймыз) ?
  4. Глифі дегеніміз не?(Мәтіннің оң жағындағы кішірек қызыл ромб)

Практикалық жұмыс

1-ші топқа берілетін тапсырма:

Программада ауданымыздың 80 жылдығына байланысты эмблемасын салып көрсету.

2-топқа берілетін тапсырма:

9 мамыр-Жеңіс күніне арналған эмблема салып көрсету

Қорытынды:

Эмблемаларды қалай салғандарыңды редакторда алгоритм бойынша осы жұмыстарыңды қорғаңдар.

  1. Осы эмблемаларды енгізуде өздерің қандай құралдарды пайдаландыңдар.
  2. Corel Draw графикалық редакторының басқа графикалық редакторларға қарағанда көптеген мүмкіндіктері бар ма?
  3. Мәтіндер енгізу арқылы әр түрлі эмблема, визитка, мөрлер, открыткаларды жасап шығаруға бола ма ?

Қосымша : Осы программада мәтіндерді енгізуде және көркемдеуге байланысты болашақта ауданымыздың көркейген бейнесін қандай күйде көргілерің келетінін бейнелеп көрсетіңдер.

Үй тапсырмасы Corel Draw графикалық редакторын қайталау

Сендер Corel Draw -те суреттермен қатар мәтіндермен де жұмыс жасайтын боласыздар. Олар - логотиптегі мәтіндік символдар, тақырыптар және тағы басқалар . Бағдарлама мәтінді көркем өңдеуге көп мүмкіндіктер жасайды. Сендер ең бір көзге түспейтін қәріппен терілген сөзді де көркем логотипке немесе тақырыпқа айналдыра аласыздар. Егер сіздің жобаңызда мәтіннің едәуір көлемі болса, Corel Draw бағдарламасында жұмыстың мұндай да түрін орындайтын дамыған функциялары бар.

Бағдарламаның нақты бір функцияларын қарастырмас бұрын, мәтінді сипаттайтын терминдерге түсініктеме бере кетейік. Corel Draw мәтіндері қарапайым және мүсінді болып бөлінеді. Бұлай бөлінуі бағдарлама жұмысын оңтайландыру үшін шартты түрде жасақтаушылармен қабылданған . Бұлай бөлінудің себебі - мәтінді жұмыстың екі жекеленген түрлері үшін қолдануға байланысты.

  1. Өте кішкене мәтін үзінділерін (тақырып аты, әріптер т. с. с) арнайы әсерлермен құру: сығу, айналдыру, көлеңке құру, графикалық объектілерді бойлай орналастыру т. с. с берілген жағдайда мәтін пішімделу элементі болып табылады.
  2. Көлемді мәтіндер. Бұл жерде «көлемді» мәтінге абзацтан асатын мәтіндер жатады. Мұндай мәтін ақпарат тарату үшін берілген және оқылуының жеңілдігі модификациялылығы маңызды болып келеді.

Жұмыстың түріне Corel Draw пішімдеудің сәйкес функцияларын ұсынады. Жасақтаушылар сияқты бізде қарапайым және мүсінді мәтіндердің арасында үлкен айырмашылық бар деп есептейміз.

Мүсінді мәтіндерге бұл жұмыстың түрлерінің алғашқысы қолданылады, ал қарапайым мәтінге екіншісі қолданылады.

Енді мүсінді мәтінде енгізумен практикалық жұмыстар орындайық.

  1. Құралдар қатарынанТекстқұралын таңдаңдар. Оның батырмасы кескін«А» әрпінде бейнеленген. Нұсқағыш«А» кескіні бар«+»бейнесіне айналады.

  1. Тышқан тетігімен беттің кез-келген жеріне шертіңдер. Шерткен жерде жылтылдаған тік сызық пайда болады.
  2. «Ресурстық орталық» мәтінін енгізіңдер. «Орталық» сөзі екінші қатарға түсу үшін сөздердің арасындаEnter пернесін басыңдар. Қасиеттерпанелінің өзгерісіне көңіл аударыңдар. Онда мәтінді басқаратын элементтер орналасқан.
  3. Құралдар таңдаңдар және енгізілген мәтінді белгілеңдер.
  4. Қасиеттер New Romanқарпін таңдаңдар.
  5. Ікескіні шертіңдер. Мәтін қисайған түрге енді, ал батырма басылған күйде қалды, белгіленген мәтінге осы әрекетті орындаңдар.
  6. шертіңдер.
  7. Өңделіп жатқан белгілеңдер.
  8. Шрифттізімінің жанында қаріптің мөлшерін орналасқан. Тізімөрісіне керекті мәнді еңгізіңдер.

Қосымша. 9 мамыр - Жеңіс күніне арнап эмблема жасау.

Қорытынды:

Эмблемаларды қалай салғандарыңды редакторда алгоритм бойынша осы жұмыстарыңды қорғаңдар.


Ұқсас жұмыстар
Мәтіндерді танып алу программасы. Сканерленген мәтіндерді редакциялау
WordPad. мәтіндік редакторымен жұмыс
Wordpad мәтіндік редакторымен жұмыс жайлы ақпарат
жануар мүсіні
Мәтін бойымен жылжыту
Әлемнің жеті кереметі жайлы ақпарат
Тест. 7- сынып
Қарапайым мәтіндік редактор. редактор интерфейсі
Диаграммлармен жұмыс
Дербес компьютердің құрылғылары жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz