Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру

<<Балдырған >> ортаңғы тобындағы оқу іс-әрекетіне
ұйымдастырылған технологиялық картасы.

Білім беру саласы: <<Қатынас>>
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: <<көркем әдебиет>>
Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин <<Әке мен бала>>
Сабақтың мақсаты:
1) Балалармен ертегілер әлеміне саяхат жасау арқылы жаман мен жақсылықтын не екнін түсіну.2) Балалардың ой-өрісін ,сөздік қорын, тіл байлығын, тілін дамыту.
3) Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: қонақтар,суреттер, жүмбақтар.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,әңгімелесу, ойын.Ұйымдастыру кезеңі.Мотивациялық- қозғаушылық:
-Балалар, барлығымыз шеңберге тұрамыз
Walking walking. Walking walking.Hop hop hop. Hop hop hop.Running running running. Running running running.Now let's stop. Now let's stop.
Walking walking. Walking walking.Hop hop hop. Hop hop hop.Running running running. Running running running.Now let's stop. Now let's stop.
Tiptoe tiptoe. Tiptoe tiptoe.Jump jump jump. Jump jump jump.Swimming swimming swimming.Now let's sleep. Now let's sleep.
Wake up!It's time to go!Are you ready to go fast?Okay!Walking walking. Walking walking.Hop hop hop. Hop hop hop.Running running running. Running running running.Now let's stop. Now let's stop.
Walking walking. Walking walking.Hop hop hop. Hop hop hop.Running running running. Running running running.Now let's stop. Now let's stop.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік:
Ұйымдастырушылық-ізденушілік .
-Бүгін бізде өзгеше сабақ болады , біз сыйқырлы поезға отырып барлығымыз ертегілер еліне аттанайық . Қане поезд қайлай жүред ?
Иа, ол айналып чух - чух деп айналып журеді. Қанекей паровозик болайық.

І- аялдамаға келдік - қане , мына аялдамадағы суреттерге қарап аялдаманың атын тауып көрейікші ? Тақтадағы суретте әке мен бала бейнеленіп тұр. Сондықтан, бүгін <<әке мен бала>> деген ертегісін сахналап береміз.
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
-- Анау тағаны, балам, ала жүр, -- деп.
Бала әкесіне:
-- Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, -- деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:
-- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң -- көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең -- көптен де құр боласың, -- деді.

II - бөлім
- Жалқаулық, еріншектік туралы мақал-мәтел айту
Жалқау - өзіне жау.
Ақымақ күлкіге тоймайды,жалқау ұйқыға тоймайды.
III - бөлім
Ертегідегі кейіпкерлермен бірге <> биін билеу.

Рефлексті - коррекция лаушы

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: мақал-мәтел біледі.
Қандай түсініктерді игерді: жалқау болуға болмайтынын түсінді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сөздік қорын молайтты, қимыл - қозғалыс арқылы сергіді және сабаққа деген қызығушылықтары артты.

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының
<<М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі>> КМҚК

Ұымдастырылған оқу қызметі
Балабақша: <<Айналайын>> балабақшасы
Тобы: <<Балдырған>> тобы
Пәні: <<Көркем әдебиет >>
Тақырыбы: <<Әке мен бала>>

Орындаға: 35 топ машықкері : Тоқтарханова Аружан
Әдіскер: Қайсанова Ж.Қ.
Бекітемін:
Баға:

Семей, 2018-2019ж

Ұқсас жұмыстар
Әнші ақындар шығармашылығы
Интервалдар әдісі
Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы информатиканы оқыту
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау 7, 8, 9-сыныптарға
Мамандықтар туралы білетін тақпақтар айту
Формулада бірінші орында химиялық элемент, екінші оксиген
Қазақ тілі
Қорғай білейік жаттығуы
Доп беру, қабылдау әдістеріне машықтандыру
Пәндер