Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қалыптастырушы бағалаудың шарттары
Жоспар
Кіріспе
1. Жаңартылған білім беру бағдарламасы
2. Қалыптастырушы (формативті) бағалау
3. Жиынтық (суммативті) бағалау
4. Бағалау әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе
Бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі - білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзыреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек, қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзыреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Сол себептен оқытуға деген көзқарас өзгеріп отыр, оқыту нәтижесін бағалауда да жаңа бағытқа ие болуда.
Еліміздің білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан оқытудың Кембридждік Бағдарламасы Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін ұсынады. Бұл модуль бағалауды екі түрде қарастырады: суммативті (жиынтық) бағалау және формативті (қалыптастырушы) бағалау. Яғни мұғалімдер оқуды бағалаумен қатар оқыту үшін бағалауды пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады.
1. Жаңартылған білім беру бағдарламасы
<<Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ,
ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы>>
А.Байтұрсынов
Қазіргі таңда білім саласының басты мақсаты құзіретті, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастырып, дамыту болып табылады. Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыру екені сөзсіз. Білім беру мазмұнын жаңарту өте қажетті мәселе болып отыр. Оқу үрдісін жаңа әдіс-тәсілдермен жаңарту болып табылады. Н.Ә.Назарбаев : <<Орта білім жүйесінде мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек>> деген өз жолдауында.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі неде?
1. Ен бірінші пән мазмұнының спиральді берілуі керек. Өйткені спиральді білім арқылы пәнді оқушы терең меңгереді.
2. Оқу мақсатарына жету.
3 Ортақ тақырыптардың берілуі.
4. Оқу мазмұнының қысқа мерзімді , орта мерзімді , ұзақ мерзімді болуы жоспарлармен ұйымдастырылуы.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру және критериалды бағалау жүйесін енгізу. Негізгі міндеттеріның бірі оқу мақсатына жету үшін критериалды бағалау жүйесін енгізу. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл бағалау түрі оқушылардың үлгерімі сыныптастарының үлгерімімен салыстырмалы түрде бағаланатын нормаға негізделген бағалаудан ерекшелінеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады. 1. Қалыртастырушы бағалау. 2. Жиынтық бағалау.
2. Қалыптастырушы (формативті) бағалау
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қалыптастырушы бағалау тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі және үздіксіз жүре отырып мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік беріледі. Сондықтан оқушылардың оқу жетістігін бағалауда жаңаша әдіс-тәсілдер қолданылып жатыр.
Қалыптастырушы (формативті) бағалау күнделікті оқу үрдісінде оқушылардың ағымдағы білім деңгейлерін анықтау үшін және мұғалім мен оқушы арасында өзара байланысты орнату үшін қолданылады. Ол бағалау күнделікті оқу үрдісі кезінде жүргізіледі, оқушыға өз жұмыстарын өңдеуге және жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі, мұғалімге оқушының материалды меңгергені туралы ақпарат жинақтауға, талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалауды көбінесе <<оқушының дүниені тануын бағалау және білім беруді жақсарту үшін бағалау>> деп атайды, себебі, ол оқушының жеке басының дамуы мен қалыптасуына көмектеседі. Бұл бағалау жүйесі мұғалімнің әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді, оқушының материалды меңгермегендігін басынан-ақ байқауына, оқушы білімін диагностикалауына мүмкіндік беріп, мұғалімге оқу үрдісін басқаша ұйымдастыруға көмектеседі, ал оқушыға - өзінің білім алуына деген үлкен жаупкершілікті сезінуді жүктейді. Бағалау - бұл оқушының ілгерілеу дәрежесін анықтаудан гөрі кең ауқымды нәрсе. Бағалау оқушының өзінің таным үрдісіне қызығушылығын арттырып, оны алға жетелейді. Осы орайда қалыптастырушы бағалау басқа бағалау әдістерімен салыстырғанда оқушыға материалды тереңірек түсінуіне көмектеседі, сонымен қатар сол материалды сараптап, өмірде қалай қолдануға болатындығы туралы ойлануын оятады. Қалыптастырушы бағалау жиынтық бағалаумен салыстырғанда оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты қамтамасыз етеді. Бұл бағалау шеңберінде мұғалімдерге оқушылардың жетістік деңгейін тексеріп отыратындай, қандай да бір қабілетін айқындайтын қалыптастырушы тестілеу және қолданылып жүрген түрлі әдістер мен формалар ұсынылады. Кембридждік Бағдарлама бағалау үрдісіне мұғаліммен қатар оқушының өзін қатыстыруды талап етеді. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау түрлерін қолдануды, тиімді керібайланыс жасауды, ол үшін сұрақты дұрыс құруды, бағалау үшін критерий қолдануды ұсынады. Бұл ретте оқушылар өздерінің білімін қандай дәрежеде екенін айтып, алда нені жетілдіру керектігін тұжырымдайды. Осындай рефлексия кезінде алған білімдерді бекіту жүзеге асады, жаңа ұғымдарды енгізумен бірге белсенді қайта құруды елестету, <<менімен сәйкес келетін>> білімді меншіктеу сияқты жаңа мағына туындайды, ұзақ мерзімді білімдер қалыптасады. Оқушылар өз ойларын сөзбен жеткізуге тырысады немесе графиктік түрде еркін дәйектілейді, өз пікірлері мен идеяларын басқа оқушылармен бөліседі, өз жеке бастарының ойлану операциясын сараптайды. Қалыптастырушы бағалау әдістемесін қолдану қазіргі таңда мұғалім жұмысын бағалаудың жаңа жүйесінің маңызды критерийлері болып табылады.
Қазіргі оқыту тұрғысы бойынша оқушылар оқыту үдерісінің белсенді қатысушылары болғандықтан оларды оқу үдерісіне тарту үшін алдымен олар сабақта не істейтінін, олардан не талап етілетінін білуі тиіс. Сол себептен мұғалімнің жаңа сабақты ұйымдастырудағы алғашқы қадамы - сабақтың мақсатымен, табыс критерийлерімен таныстыруы. Сабақтың мақсаты мен табысқа критерйлері түсінікті болу үшін мұғалімнің көмегімен оқушылардың өздері құрылымдағаны дұрыс. Мұғалім әр оқушының сабақ мақсатын түсінгенін және әр оқушының алдына мақсат пен табыс критерйлерін белгілегенін қадағалап, сабақты қорытындылау кезеңінде мұғалім сабақтың мақсатына қайта оралып, оқушылармен бірге белгіленген критерийлерге әр оқушының қаншалықты жеткенін айқындайды. Тізбектелген сабақтар топтмасындағы әр сабақты жоспарлауда осы үдерісті қалай жүретіндігінің тәсілін жоспарлау керек.
Қалыптастырушы бағалаудың шарттары :
1.Оқушылардың оқу мақсаттарын білуі және түсінуі;
2. Оқушылармен тиімді кері байланыстың болуы ;
3.Оқушылардың өзіндік тану үдерісіне белсенді қатысуы;
4. Оқушылардың бағалау критерийлерін білуі және түсінуі;
5. Оқушылардың өз жұмысын талдай алу білігі мен мүмкіндігі.
Оқушылардың оқу мақсаттарын білуі және түсінуіне қалай жетуге болады:
1. Бастапқы кезеңде мұғалім сабақ мақсаттарын айқындап, оларды оқушыларға түсіндіріп, бірге талқылайды;
2. Күнделікті талқылаулар келешекте оқу мақсаттарын бірге айқындау дәстүріне айналуы мүмкін.
Бағалау критерийлері оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі. Дескриптор - жетістік деңгейінің сипаттамасы. Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
-Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін обьективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
-Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге бағалауға мүмкіндік береді;
-Ата-аналармен оқушының оқу жетістіктері бойынша обьективті дәлелдемелерлмен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлау, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары,рефлексия, комуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жекежұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары , мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар.
Қалыптастырушы бағалау кезінде қолданылатын негізгі стратегиялар:
* Сыныпта барлық оқушылар қабілеттілікті тұрақты емес, өспелі ұғым ретінде қарастыратын орта құру.
* Оқушыларды сабақтың мазмұнын, сондай-ақ оның не мақсатпен жүргізілетінін көрсететін жоспарлау үдерісіне тарту.
* Оқу мақсаттарын түсіндіру және оқушылардың табыс критерийлерін белгілеуі.
* Сыныпта тиімді әңгімелесу және мақсатты жауап алу тәсілдерін пайдалану және жоспарлау.
* Оқушыларды оқуда табысты болу туралы сараптамалық пікірталасқа тарту - табыс критерийлеріне сәйкес болып қана қоймай, осы критерийлерге қалайша сәйкес болу қажеттілігін білу.
* Оқушыларға өзара және өзін өзі бағалау жөніндегі жақсы сарапшы болуға мүмкіндік беру.
* Жетістік пен жетілдірудің неден тұратынын анықтауға, түсініктемелерге сәйкес жұмыс істеуге уақыт беруге баса назар аудара отырып, оқушылар мен мұғалімдерге уақытында шолу жасап, кері байланыс орнатуға үздіксіз мүмкіндік беру.
3. Жиынтық (суммативті) бағалау
Жиынтық (суммативті) бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау кезінде, тараудың немесе модульдің соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының жетістіктерін бағалау үшін қолданылады. Әрбір бөлім соңында өткізіледі (бақылау жұмысы немесе қорытынды сынақ жұмысы), оқушыларға әрбір бөлім бойынша өз білім деңгейлерін көрсетуге көмектесіп, мұғалімге оқушылардың жетістіктері туралы қорытынды пікір жасауға және қорытынды бағаны қоюға мүмкіндік береді. Бағалаудың бұл түрі қалыптастырушы бағалаумен салыстырғанда оқушынының қызығушылығын оята қоймайды және баланы алға жетелеуді көздемейді.
Суммативті бағалаудың мақсаты - белгілі бір уақыт аралығында оқушының меңгерген білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау және алынған нәтижелердің стандарт талабына сай болуын анықтау.
Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында, тоқсан соңында және білім беру деңгейін аяқтағанда жүргізіледі. Жиынтық бағалау бойынша балл қойылады. Баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады.Әр білім алушының жұмысы бойынша дискрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі.
Бөлім ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына сәйкес тоқсан барысында бөлім немесе ортақ тақырыптар аяқталған кезде жүргізіледі. Жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрылады. Жиынтық бағалауда мұғалім тек өтілген тақырыптарды алу қажет. Жиынтық бағалаудың тапсырмаларын мұғалім өзі қолдануына болады немесе әдістемелік ұсыныста берген тапсырманы ала алады. Тоқсандық жиынтық бағалау спецификацияға сәйкес болу керек. Спецификация тапсырмалары әдістемелік ұсыныста берілген. Күнтізбелік жоспарда тақырып бойынша сағат қарастырылмаған. Себебі жиынтық бағалау сабақ үстінде өткізіледі. Жиынтық бағалауда балл қойылады.
Суммативті бағалау бақылау - тексеру жұмыстардың әр түрiнiң өткiзуiн көздейді. Бақылау- тексеру жұмыстарын құруда оқушылардың тек қана фактілерді немесе өткен материалдарды есте сақтауына ғана емес, жоғары деңгейлi дағдыларын қалыптастыруға арналған сұрақтар мен тапсырмалардан тұруын ескеру қажет. Мұндай тапсырмалардың құру барысында 1956 жылы Б.Блумның ұсынған оқу мақсаттарының деңгейлеріне арналған таксономиясына сүйенуге болады.
4. Бағалау әдістері .
Бағалау әдістерінің бірнеше түрлері бар.<<Бас бармақ>> әдісі. 1. Мен ... түсініп жатырмын және оны түсіндіре аламын (бас бармақ жоғары қарай көтерілген) 2. Мен кейбір тұстарды түсінбедім (бас бармақ жанына қарай көрсетіп тұр); 3. Мен түсінген жоқпын (бас бармақ төменге қарай көрсетіп тұр).
<<Бағдаршам>> әдісі . Әрбір оқушыда бағдаршамның үш түсі бойынша карточкалары бар. Мұғалім оқушылардан материалдарды түсінгенін немесе түсінбегенін белгілі карточкамен көрсетуін өтінеді. Жасыл түсті карточканы көтергендер (барлығын түсіндім); <<Не түсіндің?>> деп сұрайды, сары немесе қызыл түсті карточканы көрсеткендерден <<Нені түсінбедің?>> деп сұрақ қояды . Алынған жауаптар қорытындысы бойынша мұғалім тақырыпты қайта түсіндіру , пысықтау немесе тақырыпты түсіндіруді жалғастыру туралы шешім қабылдайды.
<<Индекс карточкалары>> әдісі. Мұғалім кей кезде оқушыларға екі бетінде де тапсырмалары бар карточкаларды таратып тұрады. 1-ші беті: өтілген материал бойынша негізгі идеяларды атап өтіп, оларды жинақтау. 2-ші беті: өтілген материал бойынша нені түсінбегеніңді анықтап, сұрақтарын жазу.
<<Температураны өлшеу>> әдісі. Бұл әдіс оқушылар тапсырманықаншалықты дұрыс орындап жатқанын анықтау үшін қолданылады. Ол үшін оқушы қызметін тоқтатып, мұғалім оқушылардын <<Біз не істеп жатырмыз?>> деп сұрайды.Оқушы жауаптарынан мұғалім олар қаншалықты тапсырманың мәнісін немесе орындау ретін түсінгенін анықтай алады.
<<Болжамдау, түсіндіру, жинақтау, бағалау>> әдісі. Мұғалім шаршыны төртке бөліп, әр бөлікке келесі сөздерді жазып қояды.: болжамдау, түсіндіру, жинақтау, бағалау. Жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң оқушыларға өздеріне белгілі бір бөлікті таңдап алу ұсынады. Мұғалім оқушыға осылай ол өзіне тақырып бойынша тапсырма түрін таңдайтынын түсіндіреді. Таңдауына қарай мұғалім тапсырма береді.
<<Аяқталмаған сөйлем>> әдісі. 1. Мен бүгін....білдім. 2. Маған....қызықты болды. 3. Маған....қиын болды. 4.Мен келесі тапсырмаларды орындадым..... 5.Мен енді... жасай аламын. 6. Мен .... жасап көремін. 7.Мен ..... таңқалдым. 8. Мен өмірде ..... қолданамын. 9. Маған .... ұнамады.
<<Шеңбер бойынша жазу>> әдісі. Топтағы әрбір оқушының өз парағы болу керек. Оқушылар 2 минут ішінде парақтарынатақырып бойынша 1-2 сөйлем жазады. Парақтар шеңбер бойынша келесі оқушыларға беріледі. Олар алдыңғы жазуды оқып, өзінің ойын қосады.Солай парақтар бір-біріне беріліп, соңында әркімнің парағы өзіне қайта келу керек. Соңында бір оқушы жазғанды топ алдында оқып береді. Бір маңызды мәлімет қалып қойса, жазулар толықтырылады.
<<Сауалнама>> әдісі. 1. Сабақта мен белсенді болдым/ белсенді болмадым. 2. Сабақтағы жұмысыма - қанағаттандым/қанағаттанбадым. 3. Сабақ мен үшін-жылдам аяқталды / аяқталмай кетті. 4. Сабақта мен- шаршадым / шаршамадым. 5. Менің көңіл-*күйім - жақсарды / нашарлады. 6. Сабақтағы материал- түсінікті/ түсініксіз
<<Сұрақ конверті>> әдісі. Мұғалім конверт сыртына бір сұрақ жазады. Бүгін сабақта не білдің? Немесе жаңа тақырыптың қай тұсы саған түсініксіз болып қалды? Оқушылар конвертті бір-біріне беріп, әрқайсысы өз жауаптарын парақтарға жазып, конвертке салады. Мұғалім сабақтан соң жазуларды қарап шығып, қорытынды жасайды.
<<Желкенді кеме>> әдісі.Желкенді үш түске бояу қажет. 1. Егер сабақ саған ұнаған болса, бәрі түсінікті болса, желкенді жасыл түске боя. 2. Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя. 3. Егер саған сабақ барысында тапсырмалар қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске боя.
Осылайша, бағалаудың жаңа құралдарын енгізу де жоспарланған: критерийлер, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар, дескрипторлар, оқу жетістіктерінің деңгейлері, балдар, баға, т.б. - бұл оқуда және бағалауда мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпалын тигізеді. Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағалау түрлері мен әдістері бастауыш сыныпта қолдану жүзеге асуда.
Қорытынды
Оқыту мен оқу процесі аясында мұғалім оқушылардың жетістіктері мен пәнді түсіну деңгейін формативті бағалауда үздіксіз бақылап отырады. Нақтырақ айтқанда, қалыптастырушы бағалау қалыпты оқытудың құрамдас бөлігі ретінде жүзеге асуы керек. Сондықтан қалыптастырушы бағалау аясында мұғалімдер оқушылардың мақсатқа қаншалықты қол жеткізіп жатқандығын бақылауға алуы тиіс.
Суммативті бағалауды практикада жүзеге асыру әр түрлі бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Бақылау - тексеру тапсырмаларын құрғанда оның сұрақтары мемлекеттік білім беру стандартының мазмұнына және пәннің оқу бағдарламасына сай құрылуы қажет. Оқушының жетістігінің деңгейін тексеру үшін мұғалім әдетте дайындалған сұрақтар нұсқасын, тесттерді немесе оқулықтағы әр параграфтың, тараудың соңындағы сұрақтарды пайдаланады. Сонымен қатар мұғалім өз тәжірибелерін, қосымша әдебиеттерді пайдаланып, өздігінен тапсырма сұрақтарын құруға болады.
Пайдаланылған әдебиет
1. Кохаева Е.Н. Қалыптастырушы бағалау: әдістемелік құрал\ Астана: <<Назарбаев Зияткерлік мектебі>> ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014ж.
2. <<Мұғалімге арналған нұсқаулық>> ІІІ деңгей, үшінші басылым\ <<Назарбаев Зияткерлік мектебі>> ДББҰ, 2012 ж
3. Пит Дадли <<Оқытудың белсенді әдістері>>\ <<Назарбаев Зияткерлік мектебі>> ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана, 2013ж.
4. Р.Х.Шакиров, А.А.Буркитова, О.И.Дудкина Оқушы жетістіктерін бағалау\ Әдістемелік нұсқаулық - <<Билим>>, 2012.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Шет тілдер факультеті
Реферат
Тақырыбы: <<Бағалау әдістері>>
Орындаған: 3-курс студенті Рымбекқызы Н.
Тобы: КА-33
Тексерген: Сейілханова А.
Қарағанды 2020

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz