Алгоритм түрлері

Сабақтың тақырыбы:
Команда бойынша. Алгоритм түрлері
Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: .
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Түсінеді, талдайды, білімін қолданды:сызықтық, тармақталған, циклдік алгоритмдер құруды меңгереді.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады :
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, рефлексия жасайды.
Оқушылар алгоритм түрлерін ажырата алады.
Пәндік лексика және терминалогия:
Алгоритм, цикл
Басталуы
3 минут
5 минут
Ұйымдастыру бөлімі: а) сәлемдесу ә) түгелдеу Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Үй тапсырмасы
«Сұрақ ілмегі» әдісі арқылы берілген үй тапсырмасына байланысты сұрақтар жазылған қағазды таратамын.
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм атауы кімнің атымен байланысты аталған?
3. Алгоритмнің қасиеттерін ата?
4. Алгоритмнің жазылу жолдарын ата?
5. Алгоритм орындаушылары кімдер?
6. Алгоритмге мысал келтір
Сабақтың ортасы
22 минут
Жаңа сабақ
Жетелеуші сұрақтар арқылы жаңа тақырыптың мәнін ашу. Алгоритм орындалуына байланысты қандай болуы мүмкін?(Яғни орындалатын әрекеттер тізбектеле, қайталанып және белгілі бір шартқа б/ты орындалады. )
Қысқаша тақырып туралы бейнекөрсетілім(2 минут)
Берілген мәтін бойынша білімдерін жинақтау және талқылау (10 минут)
Алгоритм терминімен біз таныспыз. Алгоритм-қажетті нәтижеге жеткенге дейін орындалуы тиіс әрекеттер тізбегі. Басқаша айтқанда, алға қойған мақсатқа жетуде қандай әрекеттер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқаулар. Алгоритм орындалуына байланысты әртүрлі болып келеді. Алгоритмнің үш түрі бар:
-сызықтық алгоритм
-тармақталған алгоритм
-циклдік алгоритм
Сызықтық алгоритм қарапайым қадамдар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің бірінен кейін бірі тізбектеле орындалуы сызықтық алгоритм деп аталады.
Бутерброд дайындау алгоритмі:
Басы
Нанның бір тілімін кесемін
Май жағамын
Ірімшіктің бір тілімін кесемін
Нанның бетіне қоямын
Соңы.
Мұнда алгоритм қадамдары бірінен кейін бірі тізбекетеле орындалады.
Тармақталған алгоритм -белгілі бір логикалық шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайды. Күнделікті өмірде кейбір жағдайлар белгілі бір шартқа байланысты орындалады. Мұндай жағдайда бізге тармақталған алгоритм қажет. Тармақталу алгоритімінде тармақтардың бірінің орындалуы шартқа байланысты болады. Егер шарт орындалса, алгоритм бірінші қадам бойынша, ал егер орындалмаса, екінші қадам бойынша орындалады. Тармақталған алгоритмде егер, онда, әйтпесе (болмаса) тірек сөздері қолданылады.
Ауа райына қарай киіну алгоритмі:
Басы
Егер сыртта жаңбыр болса,
Онда етік киемін,
Болмаса туфли киемін
Соңы.
Көптеген алгоритмде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz