Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Деформациялық манометр
БЕКІТЕМІН
<<___>> ________20__ ж
Сабақ №: _____
Топ: _____
І. Сабақтын тақырыбы: №43 Деформациялық манометр
ІІ.Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: білім алушыларға деформациялық манометрлер,олардың түрлері, құрылысы және жұмыс жасау принципі жайлы түсінік беру және пән арқылы ағылшын тілін үйрету
ә) тәрбиелігі: білім алушыларға сабақты үйрете отырып, еңбек етуге, топтық және жеке жұмыс жасай білуге және аспаптармен сақтықпен жұмыс істей білуге тәрбиелеу
б) дамытушылығы: студенттердің ойлау қабілеті мен пәнге қызығушылығын, бәсекеге қабілеттілігін арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Оқыту әдістері: түсіндіру
V. Сабақтың көрнекілігі: слайд материалы, деформациялық манометр
Пайдаланылған әдебиеттер:Қ.Алдияров <<Автоматтандыру негіздері және бақылау - өлшеу аспаптары>>
VI.Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа білімді хабарлау
4. Бекіту
5. Қорытынды
6. Үйге тапсырма
Ұйымдастыру:Топ студенттерімен амандасу, сабақ тақырыбымен таныстыру. Студенттердің сабаққа қатысу барысын тексеру.
Үй тапсырмасы:
1. <<Төрт сурет, бір сөз>> ойыны арқылы сөздер табу, және оның ағылшынға аудару, анықтама беру.
Қысым-pressure
Өлшеу-measure
Өлшем бірлік - unit of measurement
Манометр - pressure gage
Арын (артық қысым) -
Вакуум - Vacuum
Манометр түрлері - Types of pressure gage
Манометр құрылысы - Devices of pressure gage
Сұйықтық манометр - Vacuum
2. Манометрге сипаттама беру.
Жаңа сабақ
Деформациялық манометр
Өндірістік практикада қысымды және қысымдар айырмасын өлшеу үшін деформациялық аспаптар қолданылады. Бұл аспаптарда қысым сезімтал элементтердің деформациялануы бойынша анықталады. Сезімтал элементтері ретінде түтікшелі серіппелер, мембраналар, мембраналық қораптар және сильфондар қолданылады.
Сезімтал элементтердің түріне байланысты аспаптар мынадай топтарға бөлінеді:
1) түтікшелі серіппесі бар аспаптар
2) мембраналық аспаптар, сезімтал элемент ретінде мембрана қолданылады, мембраналық қорап, мембраналық қораптар блогы
3) сильфоны бар аспап
Деформациялық манометр құрылысы жұмыс жасау принципі
Түтікшелі серіппесі бар манометр
Бұл аспап деформациялық аспаптардың ең көп таралған түрі болып табылады. Мұндай аспаптардың сезімтал элементі болып көлденең қимасы элипс түрінде болып келетін, шеңбер доғасының бойымен иілген, бір ұшы дәнекерленген түтікше саналады. Түтікшенің екінші бос ұшы ұстатқыш және иіндік арқылы өлшенетін қысым ортасына жалғанады. Түтікшенің бос бос ұшы беріліс механизімі арқылы меңзердің осімен жалғанған, меңзер манометр шкаласының бойымен қозғалады.
Түтікше ішіндегі қысымның әсерінен оның көлденең қимасы деформацияланап, элипс түрінен шеңберге ұмтылады. Нәтижесінде түтікше созылады, яғни бос ұшы белгілі бір бұрышқа қозғалады. Бұл қозғалыс өлшенетін қысымға тура пропорционал болып келеді. Қысымның әсерінен түтікшенің бос ұшының ығысуы онша үлкен емес болғандықтан, аспап құрылысына беріліс механизімі енгізілген. Беріліс механизімі түтікше ұшының ығысуының масштабын арттырады.
1-сурет. Түтікшелі серіппесі бар манометрдің қағидалық сұлбасы
Сезімтал элементі ретінде мембрана, мембраналық қорап және мембраналық блоктар қолданылатын аспаптар шамалы артық қысымдарды және сиретілуді өлшеу (манометрлер, арынөлшеуіштер, тартымөлшеуіштер) және қысым құламасын (дифференциалды манометрлер) өлшеу үшін қолданылады. Гофралардың саны, пішіні және өлшемі аспаптың қолданылуына, өлшеу шегіне және т.б. факторларға байланысты болады.
Шамалы қысымдарды өлшеуде аспаптардағы сезімтал элементтердің иілуін арттыру үшін мембраналарды мембраналық қораптарға, ал ол қораптарды мембраналық блоктарға біріктіреді. Мембраналық қораптар анероидты және манометрлік болуы мүмкін. Барометрлерде қолданылатын анероидты мембраналар қысымы 1МПа болатын қысыммен немесе инертті газбен толтырылып, ауа кірмейтіндей бекітіледі. Анероидты қысымның деформациялануы оны қоршаған ортаның қысымы мен қораптың ішіндегі қысымның арасындағы айырмашылықтың әсерінен жүзеге асырылады. Қораптың ішіндегі қысым шамалы болғандықтан, аспаптың деформациялануы атмосфералық қысыммен анықталады деп есептеуге болады.
Созылмалы мембраналар капроннан, тефлоннан, резеңке өткізілген маталардан және т.б. материалдандан жасалады. Бұл материалдардың механикалық беріктілігі, агрессивті орталарға төзімділігі, температуралардың өзгеруіне байланысты иілгіштігі жоғары болады. Мембраналы манометрлер негізінен сұйық, газ тәрізді және тұтқырлығы жоғарыорталардағы онша үлкен емес артық қысымдарды өлшеу үшін қолданылады.
Манометрлердің сезімтал элементтерінің үшінші түріне гофрланған қораптар - сильфондар жатады. Сильфон цилиндр тәрізді жұқа сауыт түрінде болады, оның бетіне терең параллель толқындар таңбаланған. Сыртқы немесе ішкі қысымның әсерінен сильфонның ұзындығы түсірілген күшке байланысты (ұзарады не кішірейеді) өзгереді.
Бұл аспаптардың негізгі артықшылықтары болып сенімділік, құрылыстарының қарапайымдылығы, өлшеу ауқымдарының кеңдігі, ақпаратты дистанционды түрде беруге болатындығы және көрсетілген мәндердің автоматты түрде жазылатындығы саналады.
Пысықтау сұрақтары:
1. Деформациялық манометр дегеніміз не?
2. Деформациялық манометрдің қандай түрлері бар?
3. Деформациялық манометрлердің құрылысы жұмыс жасау принципі қандай?
Сөздік қорға жаңа терминдер енгізу
Деформация - Deformation
Деформациялық манометр - Deformation pressure gage
Сезімтал элемент - Sensitive element
Сильфон- Bellows
Мембрана- Membrane
Түтікше- Tube
Қысым құламасы- Pressure difference
Түтікшелі серіппе- Bourdon tube
Беріліс механизімі- Mechanical gear
Білімді бекіту:
Тапсырма №1. Артық сөзді табу
I. Сильфон Мембрана Беріліс механизімі Серіппелі түтікше
II. Беріліс механизімі Сезімтал элемент Мембрана Меңзер
III. Қысым Қысым құламасы Артық қысым Манометр
IV. Резеңкелі мата Тефлон Капрон Сильфон
V. Ұзару Кішірею Деформациялану Сыну
Тапсырма №2.
Үйге тапсырма:Қ.Алдияров <<Деформациялық манометрлер>>

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz