Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ұлыс күні кәрі - жас

<<Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні>>

Сценарий
oo <<Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні>>
oo Шақырусыз қыздар сахнаға қазақша би билейді
1-Жүргізуші: Ассалаумағалейкум, ардақты жұрт! Жыл басы - Наурыз құтты болсын!
2-Жүргізуші: Арма, қымбатты да қадірменді ұстаздар! Студенттер! Мерекелеріңіз құтты болсын дей отыра <<Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні>> атты салтанатты шарамызды ашық деп жариялаймыз!
2-Жүргізуші: 1-Жүргізуші сен білесің бе ? Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс - салтында бағзы замандардан бері орын алған деседі.
1-Жүргізуші: Иә, иә, Арай менің естуімше Ежелгі түркілер ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал - мұрттарын түзеп, шаштарын алдыратын болған, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңгеден жамбы атып жарысқан. Егер кімде - кім бірінші болып жамбыны атып түсірсе, сол адам сол күні, яғни бір күн елге патша болып, билік жасауына ерік берілген деседі. Ал Қазақ даласында ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды тең санаған, құл мен күң де шаруадан босап, еркін бой жазуға мүмкіндік алған. Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен.
2-Жүргізуші: <<Береке басынан басталады>> демекші, <<жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады>> деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 - Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қыдыр Ата келіп <<Қыдыр, құт дарытып>> кетеді дейді екен. Олай болса бүгінгі біздің Наурыз мерекемізге Қыдыр Ата келе жатыр дейді. <<Қыдыр Ата>> келеді бата береді.
Ф-31 Шотаев Оразбай
Қош келдіңіз Қыдыр Ата! Айтылған бата-тілектеріңіз қабыл болсын! Бізге қонаққа келіп, ыстық лебізіңізді білдіргеніңіз үшін мыңда-бір алғыс айтамыз! Қанекей келіңіз, төрлетіңіз!
1-Жүргізуші:
Ұлыс күні кәрі-жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Ұлыс күні қар еріп,
Сай-салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдер.

2-Жүргізуші:
Наурыз тойын жұп жазбай
Қошеметпен қарсы алайық.
Досқа құшақ ашайық.
Өлең-жырға басайық.
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық. ( шашу шашылады.)
Қанекей халайық,
Құры отырмай,
Несібемізді теріп алайық!
Өткенді білмей келешекті білу мүмкін емес бұрынғының парқын білгендер ғана-бүгінгінің нарқын ұғады дей келе халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін мүмкіндігінше біліп жүргеніміз абзал. Көрініс <<Бастаңғы>>
1-Жүргізуші:
Өлкеме Наурыз келді, көктем келді,
Құлпырып гүлге орап көк пен жерді.
Халқымның салт-дәстүрін аялаған,
Арманы асқақтады көптен бергі.
2-Жүргізуші:
Жаңартып сана, салтымды,
Қуантқан барша халқымды.
Наурыз тойы - ел тойы,
Ғасырдан асыр даңқыңды!
1-Жүргізуші:
Бұлтсыз күнде жайып тастап жанымды,
Ту қып ұстап адамшылқ арымды,
Арманым жоқ көкірегімді кең ашып,
Туған елге тарту етсем барымды!- дей келе өз тартуын арнап келіп отырған
Күй
1-Жүргізуші:Арай саған бір сұрақ қойсам, түлектер қалаға оқуға келіп, студент атанып, және әр мереке немесе демелыста ауылға қарай асығатыны неліктен деп ойлайсың?
2-Жүргізуші: Өте орынды сұрақ 1-Жүргізуші! Мұның ешқандай құпиясы жоқ деп ойлаймын, студенттік өмір кешіп жатқан әрқайсымыз да өз туған жерімізді сағынып, ата-анамызды көруге асығатынымыз рас. Ал дәл осы наурыз мерекесін ауылда өткізу тіптен тамаша мүмкіндік деп ойлаймын. Мүмкін осы себептен де шығар?
1-Жүргізуші: Иә, әрине, келісемін. Менің ойымша, қай жерде болмасын, қаланың да, ауылдың да қазағы Наурызды өз дәстүріміз бойынша қарсы алып, салтымызды ұмытпағаны жөн!
2-Жүргізуші: Қадірлі ағайын, біз бүгінгі мерекелік кешімізді сайыс түрінде өткізуді жөн көріп отырмыз. Кафедрамызда 7 топ өз фантазияларымен аудиторияларын сәндеп, дастарханды ұлттық тағамдармен жайнатып, яғни, жеті ауыл салтанат құрып отыр.
Ф-11 Бейбітшілік ауылы
М-33 Серпін ауылы
М-31 Жана кун
М-11 Ынтымак
М-21 Бірлік
Ф-31 Көктем
Ф-21 Достық
Бүгін осы жеті ауыл мынадай сайыстар бойынша сынға түседі:

І. Ұлттық ойындар.
ІІ. Ұлттық тағамдар.
ІІІ. Аудиторияның әсемділігі.
ІV. Қабырға газеті.

1-Жүргізуші:
Әділ - қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерлі, кім мықты? - деп бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ - қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

Әділ қазы алқалары:
Жаф деканы, физика және математика ғылымдарының кандидаты, доцент Ә.Үмбетұлы,
Физика және математика кафедра меңгерушісі ,аға оқытушы магистр С.Бақытжанқызы,
Аға оқытушы магистр: Ғ.Мұхитұлы,
Аға оқытушы магистр: М.Абдрахманова

2-Жүргізуші: Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Мың бұралған биімен ортамызға
Бірінші курс қыздардын қарсы алайық
Ортаға <<Наурыз күйі>> биімен мың бұралған қыздарымызды шақырамыз!
1-Жүргізуші: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесінде күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. 2-Жүргізуші, сен білесіңбе? әз-Наурызда ойналатын ойындарды қазақ <<Наурызнама>> деп атаған екен. Екi аптаға дейiн созылатын Наурыз тойында <<Көкпар>>, <<Арқан тартыс>>, <<Аударыспақ>>, <<Жамбы ату>>, <<Теңге ілу>>, <<Қыз қуу>>, ойнаған. Айлы түндi саз бен әуенге бөлеп, <<Алтыбақан>> тепкен. Біздің алғашқы сайысымыз да осы ұлттық ойындарға арналған болатын. Біз қоңырау кезінде Қолкүрес, Гір тасын көтеру, Арқан тартыс ұлттық ойындарын жүргізген болатынбыз. Ойын нәтижелерімен сіздермен концерт соңында бөлісетін боламыз.
2-Жүргізуші:
Жолың болсын деселік,
Жолыңа нұр төсейік
Жарылқасын алдыңнан
Тұсауыңды кесейік - деп ортаға

2-Жүргізуші: Жүгі нарда, қазаны теңде болып көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы асты өте жоғары бағалап, қастерлей білген. Қазақтың дастарханы наурыз мейрамына мол жайылады. Қазағымыз ұлыстың ұлы күні ақ мол болсын деген ниетпен дастархан басына ақ тағамдарды көп қояды. Жыл басы 22 Наурыз жақындағанда әрбір үйде келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде дастарханға өзгеде ұлттық тағамдармен қоса міндетті түрде Наурыз көже пісіріледі. Түрік халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан Наурыз көжеге жеті дәм қосылады. Ата-бабаларымыздың айтуы бойынша бұл күні Наурыз көжені тойып ішкен адам жыл бойы молшылық пен тоқшылықта болады.
Ал қазір назарларыңызға ауыл мүшелерінің аспаз қыздарының алып келген ұлттық тағамдарымен таныс болайық!
2-Жүргізуші:
Таң шапағын қарсы алып наурызда,
Құт береке тілеймз баршаңызға,
Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық,
Шат көңілмен бәріміз алайық-
Алдарыңызда <<Мереке>> әні

1-Жүргізуші: Қазақтың киіз үйі - әр қазақ үшін тәуелсіздігі мен бостандығының, байлығы мен барлығының, рухани кісілігі мен қоғам алдындағы міндеттілігінің символы. Киіз үй сәулет өнері тұрғысынан қарағанда керемет үйлесім мен жарасымдылықты танытса, философиялық ойларға әлемдік жаратылыс тұрғысынан жауап бере алады. Кез келген баспана, адам баласы үшін өмір. Ал киіз үй болса, қазақ халқының эстетикалық тәрбиелушісі, қол өнерінің мұражайы ретінде де қымбат. Қазақ киіз үйі өзінің архитектуралық пішімі жағынан да өзіне тең келер нұсқасы жоқ дүние. Әр ауылдың өз киіз үйлерін, яғни аудиторияны қалай етіп әсемдеген екен, оны сайыс алдында аралап көрген болатынсыздар.
Ең соңғы шартымыз Қабырға газеті бойынша бағалап, Ой-пікірлеріңізді айтып өтсеңіздер, келесі кезекті марапаттау рәсіміне берсек.
Марапаттау рәсімі
2-Жүргізуші:
Бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз, Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін. Қош сау болыңыздар!
Наурыз келсе, құт келгені халайық
Думандатып, шырқап әнге салайық.

Ән <<Әз Наурыз>>

Ұқсас жұмыстар
Сүйінші ата сүйінші
Наурыз қыз
Қош келдің,әз наурыз!
Наурыз тойы
Қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрі. Наурыз – жыл басы
Армысың, әз наурыз Наурыз – жыл басы
Армысың, әз наурыз Мектепішілік наурыз мерекесінің сценарийі
Наурыз тойы – дәстүрлі мереке
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз, тәрбие сағаты
Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні Наурыз
Пәндер