Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Микробиологияға кіріспе

№ 1 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы:<<Микробиологияға кіріспе. Микробиология және вирусология ілімінің даму тарихы. Микробиологиялық зертхана. Микроскоптық зерттеу әдістері>>.
2. Сағат саны: 90 мин
3. Сабақ түрі: теория
4.Сабақтың мақсаты:Болашақ мамандарға микробтар әлемін және микробтардың адам өміріндегі ролін жәнемикробтардың қоршаған ортада таралуын және адам патологиясымен таныстыру.
Білімділік: Оқушылардың оқу барысында білім ерекшеліктерін арттыру. Білімдерін тереңдету,қадағалау, пысықтау. Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).
Тәрбиелік:Адамгершілік тәрбиесін беру (Қазақстандық патриотизм,ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау).
Дамытушылық:Танымдық қызығушылықты дамыту.
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кестелер,тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Ұйымдастыру кезеңі - 5 мин.
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Жаңа сабақты түсіндіру: 55 мин
мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.

8.Ақпаратты - дидактикалық бөлім.
1.Микробиология дегеніміз.
2.Медициналық микробиология.
3.Даму тарихы микробиология.
Микробиология пәні, мақсаты және міндеті. Өмірдің тіршілік нышандары көзге көрінетін және көрінбейтін пішін түрде біздің санамызға беріледі. Өмір заңдылықтарын оқытатын және өте ұсақ тірі организмдердің дамуын тек микроскоп арқылы көре алатын микробтарды зерттейтін ғылым микробиология деп аталады (грекше micros - кішкентай, bios - өмір, logos - оқу).
Зерттеуобъектісінебайланысты микробиология былайбөлінеді :
Бактериология - бактериялартуралыілім; вирусология - вирустартуралыілім; микология - саңырауқұлақтартуралыілім; протозоология - қарапайымдылартуралыілім.
Микробиологияныңнегізгі даму кезеңдері. Микробиология тарихыоптикалыққұралдардыңпайдаболуыменбайланысты.
Оптикалыққұралдардыойлапшығарутарихында Антонио Ван Левенгук (1632 - 1723) зерттеулеріерекшеорынғаие. ОлДельфтеқаласында (Голландия) тұрған. Олоптикаменәуестенгенжәнелинзалардыөңдеуменайналысты, соғанорай 250-300-ге дейінүлкейтетінмықты лупа түріндегібіріншімикроскоптыжасады. Әртүрліобъектілерді, соныңішінде су тамшысын, тісқабатын, сілекейді, шірігенөнімдердіжәнетүйіршік, шыбық, спирилл тәріздіөтеұсақтірімақұлықтардықарастырды, олардыңкөбісіқозғалыстаболған. Левенгук өзбақылаулары мен зерттеулерін 1695 жылыжарықкөрген <<Антонио Ван Левенгук ашқантабиғатқұпиялары>> аттыкітабындабаяндады. Оныңғылымижаңалықтарымикробиологиядаморфологиялықнемесесипаттамадәуірлерінебастауалды. Бұлдәуір 17 ғ. соңы мен 19 ғ. ортасынадейінсозылды. Оны физиологиялықдәуіралмастырды.
Микробтардыңфизиологиясынзерттеудемикробиологияныңғылымретінденегізінқалаған, данышпан француз ғалымы Луи Пастердің (1822 - 1895) еңбектерібастауалған. Ашу жәнешіруқұбылыстарыхимиялықемес, биологиялыққұбылыстарекеніндәлелдеген, оныңнегізіндемикроорганизмдердіңтіршілікетуәрекетіжатырдеген. Шарап және сыра ауруларыныңсебебінашып, микробтарменкүресутәсілі - пастерлеудіойлапшығарды. Пастердіңеңүздікжаңалықтарыныңбірі - құтырудыңәлсіз вирус вакцинасынанжасалынғанқұтыруғақарсысақтандырғышекпелері.
Микробиологияныңдамуынакөрнектінемісғалымы Роберт Кох (1843 - 1910) үлкенүлесқосқан, олмикробтардыңзерттеуәдістерініңқатарынжасапшығарып, зерттеутәжірибесінеқаттынәрліорталардыенгізді, соныменқатаркөптегенмикроорганизмдердіңморфологиясынзерттеугекөмектескен анилин бояғышзаттарынөңдепшығарды, туберкулез қоздырушыларынашты (1882). 1905 жылы Р. Кох туберкулездізерттегеніүшін Нобель сыйлығынаиеболды. Соныменқосаоғантырысқақ (оба) қоздырушысын (1883) ашужатады.
Илья Ильич Мечников (1845 - 1916) орыстыңкөрнектіғалымы, медициналықмикробиологияныңнегізінсалушыларыныңбіріболыптабылатынеңбегісіңгенғұлама. Олиммунитеттіңклеткалытеориясы - организмніңжұқпалыаурулардыжұқтырмауқабілетінжасапшығарды.
Сергей Николаевич Виноградский (1856 - 1953) - топырақмикробиологиясынжасаудабелгілірөлдіатқарды, жалпымикробиологияныңөтемаңыздыүшмәселесінқарастырды: хемосинтез, морфология, даму цикліжәнемикроорганизмдердіңқұбылмалығы.
Дмитрий Иванович Ивановский (1864 - 1920) - ботаник және микробиолог, бұрынешкімгемәлімемесөмірпішінін, яғнивирустардыаштыжәневирусологияныңнегізінсалушысыатанды.
Сабақтың мақсаты. Микробиологиялық зертхананың жұмыс істеу ережелері және қауіпсіздік техникасымен танысу. Микроскоптардың құрылысы және олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін меңгеру.
Жабдықтар мен материалдар. Штативтер, шыны түтіктер, микробиологиялық ілмектер, пастер шыны түтіктері, бояғыш заттар, зат шынылары, микроскоптар, иммерсионды май, микроорганизмдерден дайындалған препараттар және т.б.
Микробиологиялық зертханада студенттер микробиологиялық, серологиялық және басқа да зерттеу тәсілдерін меңгеріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, микробиология пәні бағдарламасының мәселелерімен танысады.
Жарықтың мол болуы үшін зертханадағы жұмыс үстелдері терезеге жақын орналастырылуы қажет. Үстелдердің беті пластикпен, плексигласпен немесе қалың шынымен жабылып, ортасына шыны түтіктерге арналған штативтер, бояулар құйылған ыдыстар немесе тамызғыштар, спирт шамдары және т.б. қойылады.
Ұсақ жануарлардың өлекселерін немесе олардың мүшелерін жарып тексеруге арналған кішірек үстелше болғаны дұрыс. Оқу барысын қамтамасыз ету үшін микроорганизмдер өсінділері, қондырғылар және жуу, стерильдеу, қоректік орталарды дайындау, бокс, препарат, термостат, жануарларды күтуге арналған виварий және басқа да бөлмелер болуы керек.
Жуу бөлмесінде үстелдер, раковина, электр немесе газ плиталары, кептіргіш, ауа сорғыш шкаф және басқа шкафтар болады. Ауа сорғыш шкаф судың буы мен шыны ыдыстарды жууда қолданылатын реактивтердің иістерін кетіру үшін қажет. Бұл жердің едені мен қабарғалары кафельмен қапталады.
Стерильдеу бөлмесінде бір немесе екі бумен стерильдейтін қондырғылар мен үстелдер болады. Стерильдеу бөлмесінде стерилизаторларды ашқаннан кейінгі шығатын будың қалдықтарын кетіру үшін бөлме желдеткіштері болуы қажет. Қысымның көтерілуіне дейінгі пайда болатын бу резеңке түтік арқылы сыртқы ортаға шығарылады немесе суы бар шелекке бағытталады. Бұл бөлменің есіктері мен терезелері сыртқа қарай ашылғаны жөн.
Қоректік орталарды дайындау бөлмесінің қабырғалары плитамен қапталған немесе майлы бояумен сырланған, ал еденіне плита немесе линолеум төселеді. Мұнда газ немесе электр плитасы, шыны түтіктерге құйылған қоректік орталарға арналған бөліктері бар жәшіктер, үстелдер, қоректік орта компоненттерін, ет сорпасын және басқа да сұйық орталарды сақтауға арналған мұздатқыш пен шкафттар болады.
Термостат бөлмесінде әр түрлі көлемдегі термостаттар орналастырылады. Зең саңырауқұлақтарды өсіруге арналған термостаттың температурасы 20 - 250С, көптеген сапрофитті микроорганизмдерге 25 - 300С, жұқпалы аурулардың қоздырғыштарына 35 - 370С, ал термофилді микроорганизмдерді өсіру үшін 40 - 450С-ге реттелген термостаттар болады.
Препарат бөлмесі - зертханалық-тәжірибе сабақтарына қажетті құралдарды дайындауға арналған жұмыс орны. Бұл жерде оқу барысына керекті барлық жабдықтардың болуы тиіс (мұздытқыш, дистиллятор, таразылар, центрифуга, микроскоп және т.б.).
Бокс бөлмесі - стерильді жағдайда микроорганизмдер дақылдарын себу және қайта себу, сонымен қатар, кейбір ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде қолданылатын бөлме. Бокстың жылжымалы есігі бар тамбуры болады. Бокстың терезесі сыртқы ортадан ауа кірмейтіндей әйнектеліп, қабырғалары плиткамен қапталады немесе майлы бояумен сырланады. Еденіне линолеум төселеді. Боксты натрий гидрокарбонатын (ас содасың 2-3%-ы), 3-5%-ды карбол қышқылы және басқа да дезинфекциялағыш заттардың ерітінділерімен ылғалдандырып, жуып тұрады. Бөлмені толқын ұзындығы 254 нм ультракүлгін сәулелерін тарататын бактерицидті лампалармен (БУВ-15, БУВ-30, т.б.) 30 минуттан бірнеше сағат аралығында стерилдейді. Бактерицидтік лампа іске қосылып тұрған уақытта бөлмеге кірмеген дұрыс, өйткені ультракүлгін сәулелері көздің қасаң қабығын қабындырады.
Вивари - ақ тышқандарды, ақ егеуқұйрықтарды, теңіз шошқаларын, үй қояндарын және басқа зертханалық жануарларды күтуге арналған бөлме. Жануарлар ғылыми-зерттеу жұмыстарында және сабақ өткізу үшін қолданылады.
Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері мен техника қауіпсіздігі. 1) Микробиологиялық зертханаға міндетті түрде халатпен кіргізіледі. 2) Бұл жерге бөгде заттарды алып кіруге тыйым салынады. 3) Белгілі бір орында жұмыс істеп, тек қана бекітілген құрал жабдықтарды қолдану керек. 4) Жұмыс кезінде тазалық сақтаған жөн. 5) Ауруды жұқтырмау үшін үзіліс уақыттарында темекі шегуге, тамақтануға болмайды. 6) Үстелдің үстінде тек қана тапсырманы орындауға арналған құрал-жабдықтардың ғана болуы шарт. 7) Сабақтың соңында жұмыс орны мен жабдықтарды ретке келтіру қажет. 8) Бір спирт шамын екінші біреуінің көмегімен тұтандырмаған абзал, ол үшін шырпы мен шақпақты қолданған жөн. 9) Электр жүйесінің сымдарына, түйіспе бөліктеріне металл немесе басқа заттарды жанастыруға болмайды. 10) Оқытушының немесе зертхана қызметшілерінің рұқсатынсыз электр құралдарын тоққа қоспау керек. 11) Химиялық және басқа да реактивтермен жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтау қажет. 12) Зертханадан шығар алдында қолды сабынмен жуады.
Микроскоптар мен микроскопия. Микроскоп - микробтарды зерттеуге арналған оптикалық құрал (1.1-сурет). Микроскопия - микроорганизмдердің морфологиялық ерекшеліктерін, тинкториалдық қасиеттерін (әр түрлі бояуларға, бояу әдістерінеқатынасы), құрылымын (ұрық, капсула), жылжымалығын зерттеуге арналған құрал.
Микроскопия оптикалық құралдардың көмегімен жарық, люминесцентті немесе электронды микроскоптардың көмегімен іске асады. Студенттер зертханасы әдетте, Биолом-1, МБР-1, МБР - 3 сияқты биологиялық жарық микроскоптарымен жабдықталады. Жарық микроскоптары механикалық және оптикалық бөлімнен тұрады. Механикалық бөлімге штатив, зат столы, тубус, айналмалы диск (револьвер), макрометрлік және микрометрлік бұрағыштар жатады. Зат столының ортасында жарық беретін саңылауы болады. Зат столының бүйіріндегі бұрандалар оның оңға-солға жылжуын қамтамасыз етеді, ал клеммалар зат шынысын (препаратты) бекітуге арналған. Тубус штатив бағанасының жоғарғы бөлімінде орналасқан. Микрометрлік бұрағыш микроскопия кезінде өте қысқа қашықтыққа қозғайтын қозғалысты қамтамасыз етеді. Микрометрлік бұрағыштың толық бір айналымы тубусты 0,1мм-ге жылжытады.
Микроскоптың оптикалық бөліміне жарық беретін аппарат, объективтер және окуляр кіреді. Жарық беру аппараты зат столының астында орналасқан. Ол жарық сәулелерін бағыттайтын жазық және ойыс беті бар айнадан, диафрагмалы конденсордан тұрады.
Күндізгі жарықта айнаның жазық беті, ал жасанды жарықта оның ойыс беті қолданылады. Конденсордың жоғарғы жағында жазықты-дөңес, төменгі жағында екі жағы да дөңес линзасы болады. Осы линзалардың көмегімен конденсор айнадан шағылысқан жарық, сәулелерін зерттеуге алынған заттың деңгейінде фокусқа жанайды. Жарықтың күшін азайту үшін конденсорды төмен түсіреді, ал жарықты көбейту үшін көтереді. Көз шалымының жарықталғандығын реттеу үшін конденсордың төменгі бөлімінде бекітілген диафрагманы да қолданады. Ол бір-бірін жауып тұратын жартылай шеңберленген металл пластиналардан тұрады. Бұл пластиналар арнаулы рычагтың көмегі арқылы жарықтың өтуін көбейтеді немесе азайтады. Жұмыста көбінесе Аббе конденсоры колданылады. Қажетті жағдайларда (мысалы лептосптоспираларды зерттегенде) оны <<қараңғы өріс>> конденсорымен ауыстырады. Бұл конденсор тек қана қия түскен жасанды жарықтың сәулелерін өткізеді, бірақ олар объективке түспейді (көз шалымы қараңғы). Конденсор арқылы өткен қия сәулелер қатты бөлшектермен кездескен соң ауытқып, барлық бағыттарда әр түрлі бұрыштарымен өрістейді. Объективке түскен бұл қия сәулелер қараңғы аяда жарқырауды қамтамасыз етеді. Жарқыраудың айқындылығы жарық көзінің күшіне (ОИ-7, ОИ-19), жарық шамдары жарықты бағыттаудың дәлдігіне байланысты. Бірнеше линзалардан тұратын объектив, тубустың төменгі бөліміндегі револьвердің саңылауына бұралады. Олардың ең бастысы - препаратқа бағытталған маңдай алды линзасы. Ол зерттеуге алынған объектілердің керекті мөлшерде ұлғаюын қамтамасыз етеді. Маңдай алды линза микроскоп арқылы мөлшері 0,2 мкм тең ұсақ заттарды көруге мүмкіндік туғызады. Маңдай алды линзалардан басқа металл қынабында бірнеше түзету (коррекция) линзалары бар. Олардың саны үшеуден он екіге дейін болады. Маңдай алды линзаның үлкейту дәрежесі неғұрлым көп болса, соғұрлым түзету линзалары да көп болуы керек.
Объективтер құрғақ және иммерсионды болып екіге бөлінеді. Құрғақ объективтерді қолданғанда объективтің маңдай алды линзасы мен препараттың ортасында ауа қабаты болады. Препараттың шынысы арқылы өткен жарық сәулелері ауа қабатында сынып, ауытқып, толығымен объективке түспейді. Егер объективтің линзасының диаметрі біршама үлкен болса, онда жарықтылық жеткілікті болады. Мұндай линзалар фокус аралығының үлкендігінен, шашырағыштығының аздығынан затты 10,20,40 есе ғана ұлғайтады. Иммерсионды объективтердің маңдай алды линзалары затты 80,90,100 және 120 есе ұлғайтады, демек олардың фокус аралығы қысқа, ал диаметрі үлкен емес.
Бұларды құрғақ объектив ретінде қолдансақ көз шалымының жарықтылығы шамалы болады. Сондықтан керекті жарықтылықты тудыру үшін зерттеуге алынған препараттың үстіне жарық сәулесін сындыру коэффициентін препарат шынысының жарық сындыру коэффициентіне жақын сұйықтықты қондырады. Осы сұйықтықтың тамшысына иммерсионды объективті батырғанда біркелкі оптикалық орта құралады. Бұл жүйеде жарық сәулелері әлсіремей көз шалымын жақсы жарықтандырады. Иммерсионды сұйық ретінде бал қарағайдың майы, кейде вазелин майы қолданылады.
Окуляр тубустың жоғарғы жағында орналасқан. Ол цилиндр формалы метал қынабындағы жоғарғы көз линзасы мен төменгі жинағыш линзасынан тұрады. Окуляр тек қана объективтен алынған кескінді ұлғайтады. Окулярдың жоғарғы рамкасында көбейту таңбасы бар сан белгілері болады. Бұл окулярдың ұлғайту дәрежесінің көрсеткіші. Микроскоптың жалпы ұлғайтуын объективтің ұлғайту дәрежесінің көрсеткішін окулярдың ұлғайту дәрежесіне көбейту арқылы табады (мысалы, объектив 120 есе ұлғайтады, ал окуляр х 9). Объективтің жалпы ұлғайтуы 120х9 =1080.
Микроскоппен жұмыс істеу ережелері. Микроскоппен жұмыс істер алдында кондесордың жағдайы тексеріледі. Ол зат үстелінің деңгейіне дейін көтеріліп, диафрагма ашық болуы керек. Тубусты сәл көтеріп, ең аз ұлғайтатын (8,10 есе) объективті іске қосады. Окулярға қарай айнаны айналдырып, көз шалымына жақсы жарықтылықты орнатады. Зерттеуге арналған препаратқа бал қарағай майының бір тамшысын тамызып, оны зат үстелінің үстіне қояды. Револьверді бұрай отыра иммерсионды объективті жұмысқа дайындап, микроскопқа қарай отыра объективтің маңдай алды линзасын макровинттің көмегімен абайлап иммерсионды майдың тамшысына батырады. Сонан соң окулярға қарап, тубусты препараттың көрінгеніне дейін көтереді. Микроскоптан көрінген кескіннің анықтылығын микровинтті шамалы бұрау арқылы (алға-артқа) реттейді. Жұмыс соңында тубусты микровинттің көмегімен көтереді. Револьверді бейтарап қалпына ауыстырып, линзадағы майды жұмсақ мақтадан тоқылған матамен сүртеді. Микроскопты ағаштан істелген қаптамаға салады немесе түсті шынылы қалпақтың астына қояды. Қараңғы өріспен жұмыс істегенде кондесордың жоғарғы линзасына тазартылған судың немесе иммерсионды майдың бір тамшысын тамызғаннан соң препаратты бекітіп, объективті іске қосып, конденсорды объективтің осіне дәл келтіреді. Осыдан кейін көз шалымындағы кескіннің анықтылығын винттер жүйесі арқылы реттейді.
Люминесцентті микроскопия. Люминесценция ұлғайтқыш оптика-лық аспаптардың көмегімен байқала-тын микроскопиялық объектілердің жарқырауы (2-сурет). Объектердің жарқырауы өзіндік (алдында бояусыз) және ретке келтірілген (үлгіні бояумен өңдегеннен кейінгі) болуы мүмкін. Көрінбейтін ультракүлгінді немесе көк күлгінді қысқа толқынды сәулелер объектіге әсер еткенде адам көзіне көрінетін ұзынырақ жарық толқыны бар люминесценция қоздырылады. Бұл қасиет люминесцентті микроскопиянның негізін қалайды.
Люминесцентті микроскопия үшін МЛ және Люмам серияларының микроскоптары қолданылады. МЛ - 2 люминесцентті микроскобы өте күшті жарық көзінен (сынапты-кварц шамы), жарық сүзгілерінен және биологиялық микроскоптан тұрады. Жарық көзі мен микроскоп айнасының ортасында көк күлгін сүзгіш болады, қысқа толқынды жарық сәулелері препаратқа түскенде жарқырауды қоздырады. Микроскоптың окулярына сары жарық сүзгісін кигізеді. Ол көк күлгінді сәулелерді (спектрдің қысқа толқынды бөлігі) шашып, көзге көрінетін ұзын толқында сәулелерді өткізеді.
Люминесцентті микроскопияда зерттеуге алынған объектілерді арнайы бояулармен (флуорохромдармен) өңдегеннен кейін пайда болатын қосымша люминесценцияның маңызы өте зор. Флуорохромдардың ұзын толқынды ультракүлгін және қысқа толқынды көк күлгін сәулелердің әсерінен жарқырайтын қасиетті бар. Флуорохромдардың ішінен қызғылт сары акридин, аурамин, аурофосфин, родамин, флуоресцин және тағы басқалары жиі қолданылады. Люминесцентті микроскоптың көмегімен мөлдір және мөлдір емес тірі объектілерді зерттеуге болады. Олар түрлі-түсті, ірі айқын болып көрінеді.
Электронды микроскопия. Микроорганизмдердің, жануарлар мен өсімдіктері клеткаларының ультра құрылысын зерттеу электронды микроскоптың көмегімен іске асады. Зерттеуге алынған объектінің кескіні электрондардың тасқыны арқылы алынады. Электронды микроскоп құрылысының принципі электрондардың магнит өрісінде магнитті линзалар ауытқу қасиетін қолдануға негізделген.
Магнит өрісі электрон топтарын фокусқа түсіреді. Электрондардың көзі ретінде электр тоғымен қыздырылатын вольфрам сымы қызмет етеді. Объект кескіні электронды микроскоптың көмегімен 500 000-нан аса ұлғайтылады. Электронды микроскопияның ұлғайту дәрежесі ангстреммен өлшенеді. Қазіргі кезде электронды микроскоптардың отандық және шетелдік әр түрлі үлгілері бар.

9. Сабықты бекіту: 10 мин.
1. Қарапайым, люминесцентті және электронды микроскоптардың құрылымы.
2. Макро және микро бұрағыштармен жұмыс істеу тәртібі.
3. Микроскоптың окуляры мен басқа да оптикалық бөлімдері, олардың үлкейту дәрежелерін анықтау.
4. Микробиологиялық зертхананың бөлімдері, қауіпсіздік техникалары.

10. Сабақты қорытындылау: 5 мин.
1.Сабақты қортындылап, оқушылардың теориялық сабақты меңгеру деңгейін анықтау және бағалау.
1. Микробиология - ғылым ретінде даму кезеңдері?
2. Микроорганизмді алғаш көрген ғалымды атаңыз?
3. Кім алғаш рет шешек егудің әдісін ойлап тапты?
4. Қатты нәрлі орталарды кім алғаш рет өңдеп шығарды?

11. Үйге тапсырма беру: 5 мин.
<<Микробиология және вирусология пәні>>
oo міндеттері;
oo мақсаттарын;
oo нысандарын қайталау.

12. Әдебиеттер:1. Микробиология және вирусология (жалпы бөлімі): Оқу құралы /Ү.Т. Арықпаева, К.Х. Алмағамбетов, Н.М. Бисенова, Н.Б. Рахметова, Г.Д. Асемова, Койшебаева К.Б., Бисимбаева С.К., Калина Н.В./. 1-ші басылым. (Медициналық және фармацевтикалық мамандық бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы) - Астана, 2005. - 208 б.
2. <<Микроорганизмдердің морфологиясы>> оқу құралы, Астана, 2004, 32б. Микробиология және вирусология (жеке бөлімі): Оқу құралы /Ү.Т.Арықпаева, К.Х.Алмағамбетов, Н.М.Бисенова, Ә.Ө.Байдүйсенова, Н.Б.Рахметова, Г.Д.Асемова /1-ші басылым. (Медициналық және фармацевтикалық мамандық бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы) - Астана, 2006. - 199 б.

Ұқсас жұмыстар
Жаңа сабаққа нұсқау беру
Сөйлесу сабақ
Адамгершілік тәрбиесі
Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері
Көктем.Етістікті қайталау
Жеңіл атлетика. Бір орынан екі аяқпен 90,180,360 гр. бұрылу, секіру
Модуль 1 Адам . Ақпарат. Компьютер. 5 сағат
Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. Сабақтың тақырыбы
Хаттама үлгісі
Тригонометриялық функциялардың кейбір бұрыштардағы мәндері
Пәндер