Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың жазылым дағдысын жаңартылған бағдарламасы бойынша дамыту
БАЯНДАМА
<<Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың жазылым дағдысын жаңартылған бағдарламасы бойынша дамыту>>.
Дайындаған:қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Аманжолқызы А.
Менің ойымша, қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді.
Бүгінгі күннің басты талабы - болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгеріп, дүниежүзілік білім кеңістігінен көріну, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуда әлемдік озық үлгілерді тиімді пайдаланып, оқушылар бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру. Бұл орайда қазақ тілін оқытудың озық технологияларын меңгеріп, оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда, қарым - қатынас біліктілігін қалыптастыруда, мемлекеттік тілді меңгеріп, сауатты жазып, сөйлеуіне жағдай тудыруда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің атқаратын қызметі. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпаққа жаңа серпіліс беретін бағдарлама деп есептеймін.
Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Оқытудың жүйесі өзгерді. Осыған байланысты алдымызда оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұрғандығы баршамызға аян. Яғни, қазақ тілінің жаңа оқыту әдістері арқылы біз білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, тіл арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелейміз. Оқушылардың оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыра отырып, оларды еркін қарым-қатынас жасауға, сын тұрғысынан көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыландырамыз. Бұл төрт дағды бір сабақтың үстінде өзара байланысты бірізділікпен жалғасын тауып жатады.
<<Қазақ тілі>> пәнінде жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
ақпаратты сурет және белгілер/пиктограммалар арқылы беру;
каллиграфиялық нормаларды сақтау;
сөздердің дұрыс жазылуын (орфографиялық нормаларды) меңгертуге арналған тапсырмалар орындау;
мәтіннен сөздерді, сөйлемдерді, қысқа үзінділерді көшіріп жаздыру;
мәтіндегі жазылуы қиын сөздерден сөздік құрастыру;
сөзден сөйлемдер, сөйлемдерден мәтін құрастырып жазу;
шағын хат жазу;
есте сақтау арқылы жазу;
байқағаны, ұнататын істері, ойындары туралы тірек суреттермен сөйлемдер, шағын мәтін құрастырып жазу;
сурет бойынша жазу;
өзі құрастырған мәтінін мұғалімнің көмегімен тексеру.
Жазылым дағдысы оқылым арқылы келетіндігін атап өткен дұрыс деп ойлаймын. Соған дәлел ретінде газет-журнал мақалаларымен жұмысты алуға болады. Мысалы, <<Негативтен-позитивке>> тапсырмасы мақаланы қайта өңдеп жазуға көмектесумен қатар, кейбір грамматикалық ұғымдарды игеруге де көмектеседі. Ол үшін жағымсыз хабар айтылған газет мақалаларын қиып ала келемін. Әр оқушыға әр түрлі мақаланы беріп, оқуды тапсырамын. Мақаланың ішінен өздеріне жағымсыз әсер тудыратын сөздерді бірінің астына бірін теріп жазғаннан соң, сол сөздерге антоним сөздерді табады. Сөйтіп, тапқан сөздерін пайдалана отырып, позитив мақала жазып шығады.
Бұл қызығушылықты ояту кезеңінде Миға шабуыл стратегиясы , Топтастыру,
Т кестесі стратегиясы арқылы қолдану тиімді.<<Егіздер>> әдісін пайдалануға ұсынамын. Мұнда екі оқушы тақтаға шығып, тақырып бойынша жаңа сөздерді жазып, үшінші оқушы сол екі сөзден тіркес құрайды. Қалған оқушылар тіркестерден сөйлем құрап дәптерлеріне жазады.Бұл әдіс оқушының жазылым дағдысымен бірге ойлау қабілетін арттырып, грамматикалық дағдыларын дамыта түскендігін байқадым. Яғни, бұл жерде бірлескен жазылым жұмысы көрінді. Осы әдіс бойынша тапсырма орындауда өте жақсы ахуал қалыптасқанын, ұжымдық түсіну сияқты табысқа қол жеткізгенімді байқадым. Жалпы жаңартылған бағдарлама әсіресе оқылым мен жазылымда оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуін басты назарда ұстайды. Өйткені орыс тілді аудиторияның сөздерді мәтін мазмұнын тез түсініп,ойын қағазға түсіруіне оңай әдістің бірі.
Жаңа сабақты бастар алдында <<Топтастыру>> стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады.Осылайша, күн сайын сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, жазылым сынды дағдыны да қызықты етіп өткізуге болады.
Мағынаны тану кезеңінде <> стратегиясын Түртіп алу, ДЖИКСО , <<Сөздік>> жұмысы,Талдау картасы тәсілдерін қолдану тиімді деп ойладым.
Баяндамамды Серке Қожамқұловтың <<<<Ұстаз>> деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін>>-деген сөзімен аяқтағым келеді.

Мағынаны тану кезеңінде <
Баяндамамды Серке Қожамқұловтың <<<<Ұстаз>> деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін>>-деген сөзімен аяқтағым келеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz