Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Мамандықтар саласы
Тақырыбы: Мен таңдаған мамандық
Мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандық таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
- өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Сабақ типі: Жаңа форматты
Әдісі: ой бөлісу, пікірлесу
Көрнекілігі: интербелсенді тақта,қажетті заттар
Жоспары:
1.Қызығушылығын ояту (ой қозғау)
2.Мағынаны тану
3. Топтық жұмыс
4. <<Ми қолдың жалғасы>> тренинг
5. Рефлексия
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті Қазақстанның жарқын болашақтары! Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! <<Мен таңдаған мамандық>> атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? <<Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?>> деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе.
Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы мамандығы қызметіне жан - жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі тәрбие сағатында шешімін аламыз деген сенімдемін. Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл - кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Сол қонақтармен таныстырып өтейін.
Бастауыш сынып мұғалімі: Тәжікенова Бәтима апай
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, физика пәнінің мұғалімі: Нурмаганбетова Ботакөз апай
Бұлақтыкөл ауылдық медпунктнің фельдшері Жубанова Нұргүл апай
Бұлақтыкөл ауылдық клуб меңгерушісі: Дүйсенбина Шынар апай
Бұлақтыкөл ауылдық кітапханасының маманы: Смағұлова Гүлнафиса апай
Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай <<Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді>>
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз- деп атақты ғұлама Әл - Фараби айтқандай
Қандай мамандық иелерін білесіңдер?
Бейнебаян <<Мың түрлі мамандық
2.Мағынаны тану бөлімі
Мамандық дегеніміз не? (Оқушылардың пікірлері сұралады)
:: - Біздің болашағымыз - біздің мамандығымызда;
:: - адамның болашаққа апаратын жолы;
:: - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
:: - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
:: - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
:: - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
:: - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
:: - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол
:: - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.
Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі
<<Мамандық>> сөзіне анықтама беру. Профессия - латын сөзінен шыққан, "professio"- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөлген жөн. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады. Қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба - байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.
Оқушыларға сұрақтар
1.Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
2. Қандай мамандық таңдайсың?
3. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?
4. Мамандығыңның өзіндік ерекшілігі?
5. Бұл заман талабына сай ма?
6. Бұл мамандығының еңбек нарығында қажеттілігі.
7. Мамандықты қай оқу орнынан аласың?
8.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?
9.жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?
10. Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?
11. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар?
12. Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандар қажет деп ойлайсыңдар?
Қонақтарға сұрақ:
1. Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?
2. Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист т. б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?
3. Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?
4.Қазіргі заманның табысты мамандары кімдер?
5. Мамандық таңдауда ата - ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп ойлайсыздар?
6. Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
Мамандықтар саласы>>
Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер - психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше салалары бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:
адам - техника,
адам - адам,
адам - белгі жүйесі,
адам - табиғат,
адам - көркем образ.
Адам - техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады.
Адам - адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы - басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.
Адам - белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой -- өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.
Адам - табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.
Адам - көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер
Мамандық таңдауда ата - ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп ойлайсыздар?

Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде
Мамандық бір -- ақ рет біржола таңдалады
Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты
Отбасы және достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады
Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек
Мамандық таңдау - күн көріс қамы
4. <<Ми қолдың жалғасы>> тренинг
Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақандарымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың орта О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен олшеп шығарыңыз.
Жауап.
1 Егер алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз басқарушысыз.
2. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық ұзын болса, сіздің қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.
3. Ортаң қол сызығы ұзынырақ болса, сіз дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.
4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.
5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз - дәрігерлік, шипагерлікке бейімсіз.
5. Рефлексия
<<Саған не тілесем екен, менің қымбатты досым?>> жаттығуы
Өз ойларындағы бақыт құсын жасап, тілектерін достарына сыйлау.
Пікірлесу, талдау: Осы күннен не алдыңыз?
Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадың, ойландыратын жағдай болды ма?
Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:
<<ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ - ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН - ҮЙРЕНУ КЕРЕК>>.
ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ - бұл талап - тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;
ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН - қабілет - қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;
ҮЙРЕНУ КЕРЕК - еңбек нарығындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.
Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.
Егеменді еліміздің ертеңі -- жақсы маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz