Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Шашу еткен ұстазым
Тақырыбы:Бастауышым-балбұлағым Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. 2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу. 3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Слайдтар.Қанатты сөздер мен тақырып. Шар мен гүлден безендірулер
Кіріспе сөз: музыка ойнайды
Мұғалімнің сөзі: Құрметті ата-аналар,әріптестер,сіздер біздің бүгінгі <<Бастауышпен қоштасу>> салтанатты мерекелік жиынына жиналып, қуаныш бөлісіп отырсыздар. Алдарыңызда отырған балалар осыдан төрт жыл бұрын ата-аналары мен әже-аталарының жетегінде көздері жәудіреп келген кіп-кішкентай бөбектер еді.Енді, міне, бойлары да, ақыл - ойлары да өскен бастауыш мектепті бітіріп жоғары класқа аттанғалы отырған саналы оқушылар. Той иесі шәкірттеріме сіздердің аттарыңыздан құтты болсын айтып, сөзді өздеріне бермекпін, оқушыларымды ортаға шақырамын.
Музыка әуенімен оқушылар ортаға шығады
Құлпынай:Бастауыш біздер үшін өмір мәні,
Бастауыш біздер үшін өмір сәні.
4 жыл оқып бастауышты тәмамдап,
Міне ,бүгін қоштасды барлығы.
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Қабажаева Тамаша апайға береміз.
Құлпынай: Әлі есімде мектепке келгеніміз,
Келгеніміз сыныпқа, енгеніміз.
Жасқаншақтап тосырқап тұрған шақта,
Өзің болдың ұзтазым сенгеніміз.
Арманымыз болып аңсаған,
Мәңгілік қалдың мекендеп.
Өзің арнап ән саламыз,
Ардақтап сізді өтем деп.
1.Ән: хор <<Бастауышпен қоштасу>> Айзере:Армысыздар құрметті Ұстаздар және оқушылар! Бақытбек:Ассалаумагалейкум әкелер мен аналар!
Қадірменді аталар мен әжелер! Құлпынай: Здравствуйте дорогие наши любимые учителья! Ученики, родители! Шаншар:Гуд монинг диэ тичерс,парентс,пюплз,гестс! Алмагүл:Шашу ,шашу ,шашайық.
Нұрбол:Ақ сандықты ашайық
Аружан:Бұл мереке ,бұл тойдың.
Шаншар:Бастаңғысын жасайық!
Ортаға екі әже шығып той шашуын шашады. ( Ғазиза апай мен Гүлбадан апай).
Ербол:Өсті міне, бойымыз
Дариға:Өсті міне ойымыз.
Инабат: Қуанышқа ортақпыз,
Хормен:Құтты болсын тойымыз.
Айзере: Той құтты болсын халайық!
Бақытбек:Спраздником дорогие гости!
Құлпынай: Happy holiday!
Шаншар: Тойларыңыз тойға ұлассын!
Алмагүл: О, ұстаз, неткен мықты, төзімдісің,
Қол бастаған батырдың дәл өзісің.
Шаршасаң да сездірмей күлімдейсің
Шәкіртім білім алсын, білсін дейсің!
Нұрбол:Өзіңсің балауса көктемім
Мен сенен нәр алып көктедім
Өмірде алғашқы өткенім
Хормен: Рахмет бастауыш мектебім!
Құлпынай: Біз, бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.
Айзере:
- Біз, мектепте білім ала отырып, мектеп, ұстаз, әке, ана, дос, Отан жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өстік. Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол - мұғалімнің еңбегі.
Құлпынай:
- Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десейші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә!
Алмагүл:
Балғындарға баянды,
Сырын төккен ұстазым!
Шәкіртіне аяулы,
Нұрын төккен ұстазым!
Есейіп ертең кетсең де,
Шәкіртпін ұстаз алдында.
Білім - ойдың сұлуын
Асу еткен ұстазым.
Жүрегінің жылуын
Шашу еткен ұстазым.
- деген жылы сөзбен алғашқы ұстаздарымыз Әмина апай,Эльмира апай,Сәуле апайларды ортаға шақырамыз! (әр үш бала көршісімен барып алып келіп жандарына орналастырып қолдарынан ұстап тұру)
- Құрметті ұстаздар қауымы, шәкірттерінізді білім нәрімен сусындатып, ыстығы мен суығына төзе біліп, бірге күліп, біздің көңіліміз болмаса жаны қалмай сұрап тұратын, ұлағатты ұстаздар қандай тамаша жансыздар! Біз, бүгін, 4 сынып оқушылары атынан сіздерге алғыс білдіріп, тағзым етеміз!
( бәрі бір қалыпты бас ию)
РАХМЕТ СІЗГЕ, ҰСТАЗдар!!!
Әр ұстаздың марапат қағаздарыдағы өлең жолдарын оқып тұрып тапсыру
( Асылбек,Сырым,Сәбит,Мақпал,Сәуле,Әмина,Эльмира мұғалімдерге алғыс хаттары мен гүлдерін ұсыну)
Құлпынай: Әмина апай ұстазым
Жолымды айқын нұсқадың
Қасыма кеп қанша сен
Қамқор боп қалам ұштадың (апайына гүлді беру )
Бақытбек: Эльмира апай тәрбиелікке оқытқан
Санамызға мол білімді тоқытқан
Ізгілікпен ізеттікке жетелеп
Ақыл кенің болаттай қып қорытқан (апайына гүл беру)
Алмагүл: Мол өнеге ұрпаққа мол дәрісін
Қанаттандыр қатайтып қолдан ұшыр
Сәуле апайға алғысымыздың шегіде жоқ
Әрбірінің азамат болған үшін
(әр оқушы қолдарымен жасалған сыйлықтарын,әр мұғалімге арнап өлең оқылғаннан кейін тапсырып отырады)
2. ән: <<Ұстазым>> орындайтындар Жұмабек Бақытбек пен Пазылбек Инабат ,бұл ән біздің сіздерге арналады.,
Апайларын орындарына шығарып салу
4.Видеоролик <<мұғалім бұл->> тақтадан қосып қою
Құлпынай: иа,бізге әріп танытып,оң мен солымызды айыра білуге үйреткен алғашқы ұстаздарымызға алғысымыз шексіз Дәулет:
- Аружан, балаларға бір сұрақ қойсақ па деп тұрмын. Сен оған қалай қарайсың?
Аружан:
Қойсақ, қояйық.
Дәулет:
Біз нені үйрендік?
Ербол:
- Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып, би билеуді.
Дариға:
- Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, елімізге жақсылық жасауды үйрендік.
Аружан:
- Біз нені сүйеміз?
Инабат:
Отанды, ата - ананы, халқымызды, достарымызды, табиғатты, ұстазымызды сүйеміз.
Дәулет:
Біз нені ажырата білеміз?
Айзере:
- Жақсылық пен жамандықты, ақ пен қараны, арамдық пен адалдықты.
Аружан:
- Біз кім боламыз?
Нұрбол:
Адал азамат, оқымысты ғалым, елін сүйген ер.
Аружан:Достар, осы бізді болашаққа не бастайды?
Хормен : Ата- ананың ақылы
Болашаққа деген сенім
Ұстаздың көрсеткен жолы
3. Би <<Кербез қыз>> орындайтын бишілер тобы
Алмагүл:
Ұстаз жаққан шырақты
Өшірмейік балалар,
Бәрін - бәрін білесің
Оқи берсең кітапты - дей келе, балалар бәріңді зерделі, көңілдерің сәулелі болуға шақырамын.
Ән: Көңілді күн -орындайтындар Бақытжан Алмагүл мен Сейтжан Құлпынай
Құлпынай:Біз 4 жыл ішінде тек қана ана тілімізде емес өзге тілдерде оқып үйрендік. Ендеше ортаға оқушыларымызды шақырамын.
Құлпынай:
Үйренеміз жалықпай,
Ағылшын,орыс тілдерін шарықтай.
Тіл сындырып,ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай
(Ортаға ағылшын,орыс тілдерінен тақпақ жаттаған оқушылар шығады) жеке - жеке тақпақтарын айту (Алмагүл,Бақытбек,Шаншар,Аружан,Құлпынай,Айзере)
4. Видеоролик <<Қош алғашқы ұстаз>> интеракт тақтаны қосу
Жүргізуші: Ғылым иесі ғалымда, ел қорғаны батыр да, тілінен бал тамызған ақында, тегеуріні темір балқытқан жұмысшыда, егін салып, мал бағып тер төккен шаруада , көкті шарлаған ғарышкерде бәрі ұстаздан тәрбие алған.
Шаншар: Балалар біздің ата-анамыз бен ұстазға деген алғысымыз шексіз екенін қалай жеткізсек екен?
( 5 оқушыны шахмат тақтасы сияқты шығып әр тақырыпта монолог оқиды,әр тақырыпқа байланысты слайдттар,видеолар жасау)
Аружан: Монолог <<Ана>>Сұлушаш Дәрібаева (ана туралы слайдты музыкамен қосып қою)
Құлпынай: монолог <<Әке>>С. Дәрібаева ( әке туралы әнімен слайд жасап,қосып қою ) Шаншар: Ұстаз (Сыныптың слайды)
Бақытбек: Ы.Алтынсарин <<Таза бұлақ>> ( Алтынсариннің таза бұлаққа арналған видеосы)
Айзере: Ұстаз (Сыныптың слайды)
Алмагүл: << Ана сен бақыттысың>> М.Мақатаев
8.Ән: Аружан мен ағасы Бердібектің орындауында <<Қос бәйтерек>> әні қабыл алыңыздар! (балалар мамаларын биге шақырады )
Құлпынай: Достар, естеріңде ме? Біз осыдан төрт жыл бұрын 6 жастағы бала едік, сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттап едік.
Алмагүл: Әрине,енді міне сауатымызды ашып, білім негізі бастауыш мектеппен қоштасып орта буынға қосылғалы отырмыз.
Бақытбек:: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаздарымыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарады
Айзере: Ендеше, бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа.
БИ.Джентльмендер
Дариға: Сүйікті мұғалім,
Бес алсам ұнадым,
Екі алсам сынадың,
Алдыңда әрқашан,
Бас иіп тұрамын,
Сүйікті мұғалім!
Шаншар:
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады - ай, қажымай.
Ербол:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұям, шәкірт үшін киелі
Бастауышта білім алған өзіңнен
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Нұрбол:
Атағың Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбең өсіп, көкке тиіп.
Алдыңда әрқашан да тағзым етіп,
Тұрармын <<Ұстазым>> деп басымды иіп.
Айзере:
Анадай бесік тербеткен,
Түн қатып сансыз дәптерге қанша түнейсің.
Суарып білім шәрбатпен,
Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.
Дәулет:
Ұстазым ғой әліппені үйреткен
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен
Мені оқытқан, өркенімді өсіріп
Жалындатып, жанарымды нұр еткен.
Инабат: Өмірдегі жолымды өзіңнен бастадым,
Есімде менің әріптерді атап-атап айтқаным.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның..
Құлпынай: Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән - мағына жатыр десеңізші! Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да бәрі - бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. 5 оқушы шығады:
Аружан: Ұ - ұлағатты
Дәулет: С - салмақты
Дариға: Т - танымал
Нұрбол: А - ардақты
Инабат: З - зиялы , ұстаздарға мың алғыс!!!!
Жүргізуші: Ал, енді 4 сынып түлектерінің орындауында <<Қоштасу>> вальсін тамашалаңыздар..
9.Кішкентай Жайдарманшылар
<<Осал емеспіз>> тобы
<<Қыздар>> тобы әзілдерін көрсетеді
Бәрі хормен
Жақсылықты әрқашанда жақтаймыз
Сөздеріңді есімізге сақтаймыз.
Үміт күтіп қарайтын болашақта
Ұстаздарым, сеніміңді біз ақтаймыз.
10.Ойын: ата-ана және оқушылармен( тақтаға <<Тақта,мектеп формасы >> суретін шығарып қойып, баласы мен анасына сұрақтар қою ( тақтаның алдына 2 бала,2 ана,2 ұстаз шығару)
-Бұл зат үйде бар зат деп ойлайсыз ба?
-Сіз оны қай жасыңыздан бастап көрдіңіз?
-ол сіздің ата-анаңыз пайдаланды ма?
-Оған қайыра оралғыңыз келмей ме?
-ОЛ өзі қандай заттан жасалады?
-Сол зат осы жерде бар ма?
Келесі ойынға шығару
oo 2. Ойын. <<Жұптасып бір адам бол>> ойыны
oo 1.Сіз ата-аналар жиналысындасыз
сол жиналыста балаңыздың алған бас жүлдесіне қуанып ,мектеп ұжымына алғыс сезіміңізді білдіресіз.
oo Сіздер бүгінгі бастауышпен қоштасып жатырған оқушыларға арнап тілек айтасыздар
Сіздер жалпы Ш.Уәлиханов мектебі ұжымына биылғы оқу-жылына арналған тілектеріңізді жолдайсыздар
. 11.Ән: <<Бастауышпен қоштасу>> Қабден Айзере мен Қапар Дариғаның орындауында қабыл алыңыздар
<<Батамен ел көгерер>> деген ата- бабамыз, ендеше үлкендерден бата сұрайық
Мұғалім:
Қош менің түлектерім! Алдарыңда орта білімнің ақ айдыны күтіп тұр. Ақ тілек, ақ бата қабыл болып, ақ желкендеріңіз арман жағалауына адастырмай жеткізсін!
Бастауышты бітірген бағыландарым
Қуат берсін білімнен қорғандарың
Алтын бесік арманға жетелейді,
Орындалсын сол асқақ армандарың.
Ақ жол саған менің бастауыш сыныбым! (оқушылар <<Ақ жол>> жазуының үстімен жүріп кетеді )
Хормен:
Азаматы болсын деп саналы елдің,
Кілтін бердің білімнің, сан өнердің!
Қимай - қимай біздерді, аяулы ұстаз,
Ақ жол тілеп, қол бұлғап қала бердің!
Осымен <<Қош бол,бастауыш>> атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz