Практикалық жұмыс №3: Бұйымды тігу - бүктемелер мен бүйір тігістерді өңдеу, бүйір тігістегі сыдырма-түймелікті орнату

Сабақ № 3

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 3 «Бұйымды тігу. Бүкпелер мен бүйір қиықтарын өңдеу. Бүйір тігістегі сыдырма-түймелікті өңдеу»»

Сабақтың мақсаты:

  • оқушылардың алған теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін арттыра отырып, тігу технологиясын менгеру;
  • бұйымның тігілу технологиясын үйрете отырып, тігіннің сапасына көңіл бөлу;
  • теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой - өрісін дамыту;
  • оқушыларды әсемдікке, сәндікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-суретті, практикалық
Көрнекі құралдар мен жабдықтар: тігін бөліктері, құралдар , сән журналдар, жеке жұмыстар.
Сабақтың барысы:

I . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ . Бүкпелерді бүйір тігістерді өңдеу.
Бүкпелерді және бүйір қиықтарды тіккеннен кейін ылғалды - жылулық өңдеу жүргізіледі. Түгі бар маталардан тігілген бұйымға ылғалды жылулық өңдеу жүргізілмейді. Оларды үтіктеуге болмайды, өйткені түгі жапсырылып қалады.
https://fsd.kopilkaurokov.ru/up/html/2019/05/13/k_5cd9a711b64a6/510068_23.jpeg https://fsd.kopilkaurokov.ru/up/html/2019/05/13/k_5cd9a711b64a6/510068_24.jpeg https://fsd.kopilkaurokov.ru/up/html/2019/05/13/k_5cd9a711b64a6/510068_25.jpeg
Бүйір тігістегі сыдырма-түймелікті өңдеу. Тік белдемшеге сыдырмақты түймелікті орналастыру.
• әр оқушыға матаға алдын ала тігілген сыдырманы тарату.
• теориялық материалды сурет бойынша мазмұндау және суретті әр оқушыға тарату.
• әр оқушыда тігілетін пішілген белдемшенің бөлігі, тігілетін сыдырмақты жіптер, ине және қайшы тарату.
Сыдырма тігудің кезеңдерін көрсете отырып, көрнекті суретті қолданып материалды мазмұндау.
Сыдырманы таңдаған кезде матаның түсіне сәйкес болуын қадағалау керек. Біріншіден оң жағында сыдырмақты түймеліктің жүгірмегі көрініп тұрады, ол сырғыма баудың түсіне сәйкес болады және екіншіден бұйымның теріс жағы да мінсіз болуы керек.
1 кезең . Сыдырмақты түймелік орналастырғандағы тігістің шеті жөрмелген (жөрмеу тігін машинасында немесе зигзагпен) және айыра үтіктелген болуы керек. Үтіктеуден бұрын ұсақ инешамшыммен көктеу, (бұйымның ұзартылған тігісі) сыдырманы тігуге тура тігіс алынады. Үтіктелгеннен кейін көктеу жіптері алынады. Сыдырмақты түймеліктің ұзындығы қиықтан 1, 5см - 2см ұзын болуы керек. 2 кезең . Сыдырманы тігу бұйымның ішкі жағынан басталады да оң жағынан аударылады. Сыдырманы ашып, бір жағына бүктеп-көктеледі, көктеген жерден тігіледі. Сыдырманың тістері қиылған қиыққа тура сәйкес келуі керек.
3 кезең. Сыдырма жабылады, екінші жағына матаны жақындатып, бірдей қылып көктеп тігеді. Сырғыма баудың ортасынан көктеу керек, солай ыңғайлы. Тігістің бас жағы мен аяқталған жағынын тігісі жақсы бекітілгеніне көңіл аудару керек. Тігін машинасында жылжып кетпейтіндей етіп тігу керек. Екі жағында тігіп аламыз. Матаны тартпай тігу керек. Әйтпесе дайын тігілген сыдырма томпиып, әдемі көрінбейді. Сонан кейін тігіс түзеу түскенін тексереміз, сыдырманы жабамыз. Бұйымды оң жағына аударып, алынған нәтижені бағалаңдар. Егерде қандай да қисықтық байқалса, сырғыма бауды тегістеу керек.
Бой тігісін жүргізгенде сол жағында сыдырманың ұзындығындай жерді тікпей қалдырады. Бұл жердегі тігіске қалдырылған жерді қайырып тігеді. Бой тігісінде жанағы қалдырылған жерге артқы бойдың үтіктеп бүктелген жері сыдырманың тістеріне тиіп тұратындай етіп көктеледі. Содан кейін алдыңғы бойды артқы бойдың үстіне 0, 1-0, 2см еніп тұратындай етіп қаусырып, көктеген соң артқы бойдың бүктелген жерінен алысырақ машинамен тігеді.
4 кезең. Қиықтың дәл ортасы бойынша, ашық ысырманы қиыққа буындардың басы белдемшенің жоғарғы қиығынан 1-1, 5см төмен, буындардың шеті тіліктің үтіктелген жағымен дәл келетіндей етіп салу керек, белдемшенің артқы енінің өңіне көктеп, түйреп қою, ысырманы мата түстес жіптермен бастырып тігу. Баудың шеттерін бүйір тігісінің әдібіне қосып тігу.
Артқы енінің тігісінің әдібінен өңіне қарай тексеру сызығынан 0, 2 см жіберу, көктеу, алдыңғы енінің әдібін дәл сызықтары бойынша көктеу, қиықтарын үтікпен жүргізу.
Ысырманың бауын артқы енінің бүрмесі буындарға дейін 0, 1см жетпейтіндей етіп салып және көктеп алу, бүрмеден 0, 1-0, 15см бастырып тігу.
Белдемшенің алдыңғы ені бүрмесімен ысырманы жауып, артқы еніне 0, 2 см кіруі тиіс. Оны жоғарыдан төменге қиықтап 0, 8-1, 2см-ге бастыра тігіп, шетін көлденен тігіспен екі рет бекіту қажет. Бауды әдіпке тігу. Көктеу жіптерін алу, жіптердің ұштарын түйіп, бекіту.
5 кезең. Екінші жағына бұрышталып ауысады. Бұл жерде тігісті алдын ала болжап, суреттеу, егер көз өлшемі жақсы дамыған болса, онда көз мөлшері бойынша тігіледі, бұл кімге қалай ынғайлы
6 кезең. Тік бұрыштап тігуді аяқтаймыз. Жіпті теріс жағына келтіріп, түйіншек қылып келтіріп байлаймыз


Ұқсас жұмыстар
Призма, пирамида және параллелепипедтің бүйір және толық бетінің аудандарын табу
Бұйымды ұлттық ою-өрнектермен өңдеу: жапсырмалау техникасы мен әшекейлеу түрлері
11-сынып геометриясы: Конус және оның бүйір мен толық бетінің ауданын есептеу - сабақ жоспары
11-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Призманың бүйір және толық бетінің ауданы
11-А сынып математика сабағы: Көпжақтардың бүйір және толық бетінің ауданы
11-сынып сабақ жоспары: Қиық конус және оның элементтері; бүйір және толық бетінің аудандары
Пирамидаға іштей және сырттай сызылған конустар: анықтама, элементтер және қиық конустың бүйір бетінің ауданы
Практикалық жұмыс: графикалық ақпаратты өңдеу - бейнелерді масштабтау, трансформациялау және үзінділермен жұмыс
Диванға шағын сәндік жастықша тігу: технологиялық-практикалық сабақ жоспары
Тік белдемшені үлгі бойынша пішу: пішу, тігу және өңдеу технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz