Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Лездік тапсырмалар

МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЖАҢА ИННВОАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТӘЖІРИБЕЛІК ТҰРҒЫДА НЕГІЗДЕУ

ФИО, ОҚУ ОРНЫ, 1-КУРС МАГИСТР

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында: <<Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады>> деп айтылған. [1]. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.
Ғылымдық білім кеңістігіндегі жалпы білім беру басымдылықты, мақсаты-өзгермелі өмір жағдайында жақсы бейімделетін, өз жолын дұрыс бағыттай алатын,жоғары оң шешім қабылдай алатын, сыни тұрғыда ойлай білетін, жеке тұлға дайындау болып отыр. <<Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім>> [2, б.7]. Біздің тәуелсіз елімізде өркениетке жетер жолдың алғашқысы-білім ордалары дейтін болсақ, оның негізгі тірегі мұғалімдер. Мұғалім алдында тұрған зор міндеттің бірі дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйенілген, жаңа типті оқыту мен яғни әр баланың табиғи қабілетін дамытуда қолданылатын қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту. Сондықтан да, білім беруде реформалауды жүзеге асырудың сатысы-іс-тәжірибені өзгертуді жүзеге асырушы: кәсіби-педагогикалық шеберлігі жоғары педагог мамандар болады. Мектеп мұғалімдері әдістемелік кешенді құру және әдіс-тәсілдерді дамыту мәселелері мен төңірегінде бірлесе жұмыс жасағанда ғана мектептегі білім мазмұны жаңарып және жетіледі, жұмыста оң өзгерістер пайда болады. Білім сапасын арттырудағы бағалау мен білімге ынталандырудың негізгі әдіс-тәсілдері жүзеге асырылуда.
Заманауи мұғалімнің оқыту мен білім берудегі негізгі мақсаты: оқытудың жаңа әдіс- тәсіліне сүйене отырлып, оқушының ізденгішітік қасиетіне, танымдық іс-әрекетін дамытуда, өмірге көзқарасын қалыптастыруда және оқушылардың игерген білімін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету керек.
Өзіндік орта білім беру жүйесі әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген Кембридж оқыту әдістемелерінен бастайтын болсақ, біз бұл әдістің негіздемесімен бірінші деңгей бағдарламасын оқу барысында таныстық. Кембридж тәсілінің негізгі философиясы сындарлы оқыту идеясы субьект-субьект моделін танытуға, іске асыруға мүмкіндік беретін жаңа әдіс болып есептелінеді. <<Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытуда, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді>> [2,б.10]
Оқытудың бұл түрінде, оқушы мен оқушы арасында, құрбы-құрдастармен әлеуметтік байланыс жасауда белсенді түрде білім жинақтайтындығымен құнды, табысты болып табылады. Сындарлы оқытуға негізделген тәсілде Сын тұрғысынан ойлауға үйрету ең негізгі әдіс болып саналады. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модульінің мақсаты- мұғалімді және оқушыны сыни тұрғыдан ойлатуға үйрету. [3,б.5] Мақсаты барлық жастағы оқушыларға сабақ барысындағы кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету болып табылады. "Біле бер қанша білсең-тағы тіле, жетерсің мақсатыңа біле,біле"-деп Ж.Баласағұн айтқандай бұл сөйлемнің <<сөз төркіні>> әрбір мұғалім орта білім беру жүйесінде әлемдік озық жаңа әдіс - тәсілдерді оқып -үйренуде және кәсіби білімі мен біліктілігін дамытуы керек.
Мұғалімнің сабағында жаңа әдіс-тәсілдер тиімді қолданылады, дұрыс нәтижеге жету жолында, ұстаздың мақсатының орындалғандығы. Мен өз сабақтарымда яғни, математика пәндерін өту барысында сабақ мақсаты мен міндеттерінің ұштастыра қойылуына үлкен көңіл аударамын. Сондай-ақ берілетін білімнің көлемі мен сынып оқушыларының білім деңгейі де ескерілуі қажет.
<<Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.>> [2,б.22] Оқушының алған білімін өзі өңдеп, қорытындысын өзі саралауға үйрету керек. Сонда ғана оқушы шығармашылыққа бет бұрып, ізденімпаздықты үйренеді. Ұстаз - басқарушы, ұйымдастырушы. Оқушы - ізденуші, орындаушы. Әрбір сабақтың нәтижеге бағытталып берілуі оқушы құзіреттілігін қалыптастырады.
Оқыту жүйесі белгілі бір әдістемеге негізделіп пайдаланылады. Әдістеме жан-жақты ойластырылып, тиімді қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың білімді меңгеруіне жеңілірек тиеді. Мұғалімнің әдістемесі көп жылдар бойы ұстаздық қызметінің іс-тәжірибесінен күнделікті сабақ беру үдерісімен тығыз байланысып жатады.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуға арналған зерттеулердің негізгі ерекшеліктері және олардың оқу сабақтарын балалар үшін қызықты және тартымды маңызды етуге бағытталуы.[2,б.21]
Оқыту мен білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдерді балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жүйелі қолдануды ұстанамын.
7-сыныпта өткізген <<Бөлімдері әртүрлі бөлшектердің қосындысы мен айырмасы>> тақырыбындағы сабағымда <<Блум таксономиясын>> қолдандық.
Сабақ түрі: Бірлескен-ізденіс сабағы.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосуды және азайтуды үйрету; ең кіші ортақ бөлімді табу, қысқаша көбейту формулаларын, рационал бөлшектердің негізгі қасиетін рационал бөлшектерді қосуда және азайтуда қолдануды меңгерту.
Күтілетін нәтиже:
- бөлшектің қасиетін, жай бөлшектерді қосу және азайту ережелерін қолдана отырып, оқушылардың білім және білік дағдысы дамиды, өз бетінше есеп шығару, іздену, шығармашылықпен еңбек ету қабілеттері шыңдалады .
-оқушылардың нақты жауап беру, шапшаңдық және алған білімдерін практикамен ұштастыруда өз білімін көрсете алатын қасиеттері ашылады.
Сабақ кезеңдері:
І кезеңде - <<Көпір>> тапсырмалары: Сұрақ- жауап; <<Лездік>> тапсырмалар
ІІ кезеңде - <<Білу>> тапсырмалары; <<Түсіну>> тапсырмалары.
ІІІ кезеңде - оқулықпен өз бетімен іздену әдісі: <<Талдау>> тапсырмалары;
ІҮкезеңде - практикада бекіту әдісі: <<Қолдану>> тапсырмалары
Үкезеңде- <<Жинақтау>> тапсырмалары; <<Баға беру>>.
ҮІ кезеңде- тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орындату арқылы бағалау .
Сабақта жеке ,жұппен және топпен жұмыстар жүргізілді. Тәуелсіз сарапшы- сынып оқушысы <<Сыншы дос>> сабақтың өн бойында бақылап, сабақ соңында рефлексия жасады, өз бағасын берді. Әрбір оқушы алдарына берілген <<Бағдарлық картаға>> өз жауаптарын белгілеп отырды. Табыс крийтерилеріне сәйкес тапсырмаларды орындау деңгейлеріне қарай өз-өзін бағалады.
Білім алушыға рналған <<Бағдарлық карта>>
Күні:____________________________________________
Аты-жөні: __________________________________________________________
Сабақтың тақырыбы: "Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту"

Кезеңі
Тапсырма
Бағалау тәсілі
<<Көпір>> тапсырмалары
Бос орынға қажет сөзді жаз:
1. Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді қосу үшін олардың алымдарын.........,бөлімін..........керек.
2. Бөлшектің алымы мен бөлімін (0-ден өзге)бірдей санға бөлу бөлшекті.........деп аталады.
Айырмашылықты тап: Берілген өрнектердің айырмашылығы неде?
Лездік тапсырмалар(А,В,Сдеңгейі) бөлшектерді қысқарту есептері(белсенді тақта)

Білу
Қандай ереже? Берлген формулалар бойынша ережені тұжырымдау керек

Түсіну
Ауызша есептеу тапсырмалары беріледі.Тақырыпқа сәйкесті проблемалық тапсырма (есеп) беріледі.

Талдау
Оқулықтағы 3,4 мысалды топпен орындау

Жинақтау
Рационал бөлшектердің қосындысы мен айырмасын табу алгоритмін(амалдар тәртібін) тұжырымдау керек.

Қолдану
Оқулықтан А,В,С-деңгейлері бойынша есептер беріледі

Жинақтау
Рационал бөлшектердің қосындысы мен айырмасын табу алгоритмін(амалдар тәртібін) тұжырымдау, Блок-схеманы толтыру керек.

Баға беру
Сен қалай ойлайсың? Рационал бөлшектер мен жай бөлшектердің айырмашылығы неде?

Кері байланыс Рефлексия
Не оңай болды? Не қиын болды? Нені үйрендің? Сабақта қандай әсер алдың, сабақтағы өзіңе ұнаған белсенді қатысқан сыныптасына тілек, стикерге жазу

Табыс критерийлері
1. Өткен тақыпрыптар бойынша мәліметтерді білемін.
2. Ережелер мен формулаларды қолдана аламын.
3. Есепті шығара аламын ,ойымды жеткізіп айта білемін
Смайликтерді пайдаланып,оларды белгілейді

Үйге тапсырма
А,В,С-деңгейлері бойынша есептер беріледі

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың <<Қазақстан - 2050>> халыққа жолдауында былай деп жазылған: <<Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн.>>
5-сыныпта <<Жай бөлшектерге амалдар қолдану>>тақырыбына өткен танымдық-ізденіс сабағының мақсаты- ел тарихындағы ұлы тұлға М.Б.Ықсанов ағаға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуде М.Б.Ықсановтың жобасымен салынған қаламыздың көрікті ғимараттары салынған жерлерге <<ойша саяхат >> жасау. Есеп шығара білу-математикаға қабілеттіліктің критерийі болғандықтан ғимараттар суреттеріне сәйкес деңгейлік тапсырмалар берілді.
Бағалау: <<Бүгінгі сабағымызды қала өмірімен сабақтастыруымыздың мәні неде деп ойлайсыңдар?>> (М.Б.Ықсановтың туған күні) <<Сыйға берілген суреттер "сыры" неде?>> Сабақ оқушылардың ой-толғанысымен (эссе ) қорытыланды.
<<Сындарлы оқытудың басты тұжырымы-оқушының ойлауын дамытуда бұрынғы алған білімдері мен жаңа білімдерін сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және құрдастарынан алған білімдерімен жүзеге асыруға негізделген.>>
Математика сабағында өзара бір-бірінен үйрену\үйретуде бірлескен топтық жұмыстарды қолданамыз. Сабақ беретін сыныптарда оқушыларды оқыту үшін бағалауда табыс критерйиімен жұмыстануды үйренді.
5-сынып. <<Оң сандар және теріс сандар>>. Оқыту үшін бағалауды пайдалану.
Оқыту мақсаттары:
1.Шамалардың өзгерістерін оң сандармен және теріс сандармен жаза білуі.
2.Өрнектердегі оң сандармен мен теріс сандарды жазу.
3.Оң сандар және теріс сандармен есептеудің қажеттілігі, күнделікті өмірдегі
қолданылуы және білімдегі маңыздылығын түсіну.
Табыс критерийлері:
1. Шамалардың өзгерістерін <<+>> таңбасымен оң сандарды және <<->> таңбасымен
теріс сандарды жазатынын білемін.
2.а)Берілген өрнекте оң сан бірінші орында тұрса,оның алдына <<+>>таңбасы
қойылмайтынын білемін. Мысалы, +5а-3= 5а + 3
ә)Берілген өрнекте теріс сан бірінші орында тұрса,оның алдына <<->>таңбасы
жақшасыз жазылатынын білемін. Мысалы, ( -) 4в+3= - 4в+ 3
в) Берілген өрнекте теріс санның алдында <<+>>, <<*>>, <> таңбалары тұрса,онда
<<->>таңбасы жақшаға алынып жазылатынын білемін. Мысалы, 2+ (-)5; 8- (-)6.
3. Күнделікті өмірдегі оң сандар және теріс сандардың қолданылуын түсіндім.
Жаңа әдіс- тәсілдерді оқып үйрену \үйрету нәтижелері.
Мұғалім үшін:
-оқыту мен оқу үдерісінде жиі қолданылатын топтық жұмыстың жаңа тәсілдері іс - тәжірибеде көрінеді;
- топтық жұмыстың оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруі(құзырлы оқытудың маңызды факторы) үшін тиімділігін біледі;
-оқушылармен жүргізілетін топтардағы бірлескен жұмыстарда өзара әрекеттестікте проблемаларды шешу стратегияларын анықтайды.
Оқушы үшін:
-бірлесе отырып, сабақтағы ең басты проблемаларды анықтайды;
-сыни ойлау шығармашылық деңгейлері шыңдалады;
-ақпарат құралдарымен және интернет сайттарда жұмыс істеуді меңгерді;
-кері байланыс, рефлексия жасау, дереккөздермен жұмыстанады;
-ОҮБ мен табыс критерийлерін және өзара, өзін-өзі бағалауды үйренеді.
Нәтиже: Білім сапасы артады, оқу сапасын арттыруда мақсатқа жетуде бірлескен жұмыс болады. Тапсырмаларды орындауда бірлесіп шешуге, нәтижеге жетуді үйренеді.Топта ішкі топтарға бөлінеді,топтық жұмыстардағы белсенді көшбасшылық, ынтымақтастықтағы қарым-қатынас орнайды. Сыни тұрғыдағыдан ойлау дағдылары қалыптасады, бұрынғы алған білімдерін жаңамен байланыстыра біледі.
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануда сабақ беру кезеңіндегі өз тәжірибемнің нәтижесінен түйіндегенім, әрине <<дәстүрлі>>сабаққа үйренген оқушыларымды жаңа жүйеге үйрету бірден аспағанын, белгілі бір уақыт қажет болғанын айтпай кетуге болмас, дейтұрғанмен өзім үшін де,оқушы үшін де жаңа бетбұрыс болғаны анық. Сабақтарымда топтық тәсілді тиімді қолданудың оқушының өзіндік білім алудағы нәтижелілігін ұғындым, ОүБ-да табыс критерийінің өз білімін бағалаудағы табыстылығы көрінді. Көшбасшылық қасиеттерін айқындауда, кейбір бұйығы отыратын оқушыларға қозғау салып, <<өзіндік менін>>оятуда тиімділігі болды.
Қазіргі біздің қоғамға жоғары білікті, кәсіби дайындалған, шығармашылықпен ойлайтын оқушылар қажет. Заманауи білім берудің стратегиясы әрбір адамда табиғаттан берілген шығармашылық тума талантты жан -жақты дамыту болып табылады.
Оқушылардың дарындылық дейгейін анықтау, олардың білім алудағы қажеттіліктерін өз деңгейінде қанағаттандыру үшін мектеп пен оқушы және оның ата-анасы арасындағы көпірше - мұғалім тұлғасының рөлінің маңызы зор. Жеке тұлғаға бағытталған оқытуды жүзеге асырмас бұрын, өз сыныбымдағы оқушылардың оқу үдерісіне деген көзқарасына талдау жасап шықтым. Ол үшін оқушылардан <<Ең жақсы сабақтар мыналар:>> деген сауалнама алынды. Талдау қорытындысы бойынша барлық дерлік оқушылар <<ойын немесе жарысты қамтыса>>, <<сабақ үстінде менің пікірімді сұрайды>>, <<сабақ үстінде маған ойлануға уақыт беріледі>> деген жауаптарды таңдаған. Сауалнаманың ең төменгі бөлігіне <<оқушылардың өздері қосқан пайымдаулар>> бөлімі қосылды. Бұл жерде оқушылар <<сабақ үстінде барлық оқушылар бірдей қатысса, және барлығы бағаланса>>, <<сабақ еркін өтуі керек>>, <<бағалау кезінде тек мұғалім қоймай, оқушылармен ақылдасқанын қалаймын>>, <<сабақ үстінде көп пікір алмасып, бір-біріміздің ішкі дүниемізбен жақынырақ таныссақ>> деген ойлар орын алды. Сауалнамадағы оқушы пікірлерін ескере отырып, математика пәніне арнап орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар дайындау кезінде оқушылардың сыни ойлауын қалыптастыратын түрлі әдістер қамтылды. Сонымен қатар дарынды және талантты балалармен жұмыс жасау мақсатында кеңейтілген, күрделенген, құзырлылық, деңгейлік, логикалық тапсырмалар, ашық-жабық сұрақтар да берілді. Қазіргі таңда сабақты қызықты өткізу үшін көп мүмкіндіктер бар. Әсіресе , интерактивті тақтаны сабақтарда жиі пайдалану тиімді. Ол оқушының пәнге қызығушылығын арттырып қана қоймай, қазіргі заман талабына сай білім алып, сабаққа берілген уақытты тиімді пайдалануға көп ықпалын тигізеді. Жалпы оқушылардың пәнге қызығушылығын түрлі әдістермен арттырып, сабақтың сапасын көтеруге , оқушылардың білімге деген оқу танымдық қызығушылығын арттыруға, қазіргі қоғам талабына сай білім алуына көп әсерін тигізеді. Қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі рас. Осыған орай орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал білім беру әдістемесі сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсілі. Сындарлы оқыту теориясында: - Оқушылардың өз бетінше білім алуды ұйымдастыруды; - Оқушылардың мүмкіндігін, білім, дағды, іскерлік деңгейін, сабаққа дайындық деңгейін бағалауға; - Сыни тұрғыдан сапалы шешім қабылдауға; - Топ оқушыларының пікірімен санасуға; - Жіберілген қателіктерді өз мүмкіндігін пайдаланып түзетуге; - Оқушы ашық сұраққа өмірден мысал келтіре отырып, қажеттісін атап, жауабын жүйелейді. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі - оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетіп, ғылыми ізденіске жетелеу. Оқыту барысында оқушылар сыни күрделі мәселелерді шешуді, көзқарастарды салыстыруды, дұрыс шешім қабылдауды, пікірталастарға қатысуды, басқа оқушылармен тиімді қарым - қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, түрлі ойындар, тренингтер, шығарма-шылық жұмыстар пайдаланылады. Әр оқушының арасында танымдық қарым-қатынас орнап, жеке жұмысы, бір-бірімен сөйлесу және өзара пікіралмасу барысында жүзеге асады.
Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған ғасырында жас ұрпақты ізденімпаздыққа, білімділікке және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру үшін заман талабына сай сапалы білім беру мұғалімнің ең басты міндеті. Қандай пәнді оқыса да оқушы білімі сапалы, нәтижелі болуы керек. Ендеше оқушы білімін бүгінгі күн талабына сай дамыту, тереңдету ғылыми түрде құзіреттілік деп түсіндіріледі. Міне осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануы тиіс. Сонымен қорыта айтқанда, сыни тұрғыдан ойлау териясының математика сабақтарында атқаратын ролі ерекше. Ол оқушылардың қызығушылығымен қатар, оқушыларды белсенділікке, тез ойлауға, ауызша есептерге, логикалық ойлау қабілетін арттыруда ерекше маңызы зор.Сондықтан математика сабақтарында сындарлылықты неғұрлым жиірек пайдалансақ, соғұрлым сабағымыз қызықты, тартымды өтеді.

Әдебиеттер:
1. Н.Ә.Назарбаев, <<Қазақстан-2050>>жолдауы
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық-І, 2012.
3. С.Мирсеитова , <<Оқыту ізденіс ретінде және Ізденіс оқыту ретінде.>>
4. Ғаламтор сайттары.ustaz.kz\bolimderi\file\, sabad.kz.

Ұқсас жұмыстар
Айнымалы ток
Айнымалы ток жөнінде ұғыт
Сабақтың көрнекіліктері
Айнымалы электр тогы.Ток күші мен кернеудің әсерлік мәні
Менің досым атты тақырыпта шағын әңгіме жаз
Функция туындысын практикалық есептер шығаруда пайдалану
Үшбұрыштардың түрлері, үшбұрыш тақырыбын бекіту
Кестелік көбейту және бөлу. Жазбаша қосу және бөлу
Қарама қарсы бұрыштары
Тіктөртбұрыш тобына 216 есеп
Пәндер