Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тарих пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындау ерекшеліктері

Тарих пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындау ерекшеліктері
<<...Туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені - өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте болмайды. Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қосқан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз...>>
ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың <<Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру>> атты мақаласынан.
Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар жағдайында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеінде шығармашылық бағыт ұстанатын, өз болмысын таныта алатын дарынды жеке тұлға қалыптастыру маңызды міндет болып отыр. Сондықтан, зерттеушілер өркениетке жетудің жолын әр адамның шығармашылық, қызығушылық деңгейімен, жаңашылдық болмысымен байланыстырады. Прогресске ұмтылған демократиялық мемлекет үшін аумалы-төкпелі күрделі өмірде адамдардың өзін-өзі көрсетуіне, өзгелердің пікіріне байланбай, шешім қабылдау үшін өзіне жауапкершілік ала білуіне дайын болуы аса маңызды. Бұл міндетті жүзеге асыруда Қазақстан тарихын оқытудың орны зор. Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетін ескеру, оқытудың іс-әрекеттілік мәнділігін арттыру, білімнің шығармашылық бағытталуын күшейту, оқу материалдарының мазмұнын оқушының өмір тәжірибесіне жақындату, оның өз бетінше оқу және ізденушілік қызметін кеңейтетін жағдайлар туғызу-білім сапасын арттырудың пәрменді тәсілдері болып саналады. Осыған орай, " Қазақстан тарихы пәнінен олимпиадаға дайындау " атты қолданбалы курсы жоғары сынып оқушыларына арналып отыр.
Мақсаты: оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстан тарихы пәні бойынша алған білімдерін тереңдетіп, одан әрі білімдерін жетілдіруде күрделі құрылымды олимпиадалық тапсырмаларды орындау жолын қарастыру және жүйелі түрде орындау.
Міндеттері: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; оқушылардың өз қызметтерін жоспарлап, өзіндік жұмыс жасай білуге баулу; оқушыларда тарихты оқып үйренудегі көпөлшемділігі және тарихи процесстің дамуының баламалы екендігі туралы түсінік беру; оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдануы; тарихи деректермен жұмыс істеу; тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру; Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезінетін жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: оқушы курс соңында, Қазақстан тарихының аса маңызды кезеңдерін, ғылыми мәселелерін атай алады; негізгі тарихи кезеңдердің хронологиялық шегін біледі; Қазақстан тарихының негізгі ғылыми мәселелерінің зерттелу жайы, ондағы түрлі көзқарастар туралы түсінігі болады; тарихи оқиғаларды салыстыра алады, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады; олардың себептерін анықтайды, ұқсас оқиғалар мен фактілердің хронологиялық, синхрондық кестелерін жасай алады; тарихи картадан түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясында болған өзгерістерді, онымен шектесетін мемлекеттер шекараларын, тарихи-географиялық орындарды көрсетіп береді; өзіне берілген тапсырма бойынша архив орындарында тарихи құжаттармен, кітапханалардағы каталог-карточкалармен, мұражайлардағы мұрағаттармен өздігінше жұмыс істеп, оның нәтижесін керекті жағдайларда пайдалана алады; тарихи оқиғалар туралы түрлі көзқарастарға өз пікірін білдіреді, оны дәлелдейді, әр түрлі пікірталастарға қатысады; қазіргі қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, т.б. проблемаларды талдауға тарихи білімдерін еркін қолдана алады; Қазақстан тарихы пәнінен олимпиадаларға қатысып, берілген тапсырмаларды дұрыс орындайды, алған білімдерін тек мектеп қабырғасында емес болашақ өмірлерінде де қолданады.
Жалпы білім беретін мектепте ерекше дарынды балаларды анықтау үшін шығармашылық орта құру керек. Кез келген қоғамға дарынды адамдар қажет және қоғамның басты міндеті оларды анықтап, қабілеттерін дамыту. Алайда, өкінішке орай адамдардың барлығы бірей өздерінің қабілеттерін өзбеттерінше дамытуға дайын емес. Көбінесе бұл жағдай олардың отбасына және мектебіне тәуелді. Отбасының міндеті баланың қабілетін уақыттылы көре білу, ал мектептің міндеті - балаға қолдау көрсетіп, оның қабілетін дамыту және оны іске асыруға жағдай жасау. Дәл осы мектеп жасындағы баланың өзіндік шығармашылық тұлғасының негізі қалануы керек. Дарынды балалар өз қатарластарын басып озып, оқу материалын меңгеру қарқындылығымен ерекшеленеді. Мұндай балалармен жұмыс жасау қызықты да күрделі. Мұғалімнің әрбірі мектеп оқулығымен жұмыс жасау қанағаттандырмайтын оқушылармен өмірінде бір рет болсада кездеседі, оларға сабақтағы жұмыс қызығушылық тудырмайды, олар сөздіктер, энциклопедияларды, арнайы әдебиеттерді іздеп жүріп оқиды, өздерін қызықтыратын сұрақтарға білімнің әр түрлі салаларынан жауап іздейді. Мектеп осындай дарынды балаларға ғылым мен өмірге жол сілтеп, өз қабілеттерін ашуларына ықпал етуі қажет. Білім берудің басты міндеті - тек ғана ғылым мен техника аясындағы жоғары білімді маман дайындау ғана емес, сонымен қатар жалпы мәдениет пен сауаттылық аясында жоғары білімі бар бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Ал ол мектепте білім беру деңгейін арттыруға, тұлғаға бағдарланған даралап оқыту тәсілін арттыруға және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға тікелей байланысты. Дарынды балалар сабақ барысында шығармашылық үдеріске түгелдей еніп кетуіне мүмкіндік жасайтын, жаңа жаңалықтарға ұмтылдыратын, белсенді ақыл ой еңбегіне итермелейтін, өз-өздерін тануларына көмектесетін оқытудың ерекше тәсілдерін, ерекше жүйесін талап етеді. Оқыту үдерісін белсендіріп, оған танымдық, шығармашылық сипат беру үшін оқу әрекетінде ақпараттың заманауи құралдарын: медиатеканы, электронды оқулықтар мен эциклопедияларды, интернет желісін, сондай ақ қазіргі заманғы: ойын, оқу-ізденушілік, проблемалы-ізденушілік және т.б. технологияларды тиімді қолдану қажет. Оқу әрекетінің мұндай жүйесі дарынды балаларды озық ойлылыққа, жан-жақты салыстырушылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеп, түрлі болжамдар жасай алуға үйретеді. Дарынды балаларды сабақ үдерісінде дамыту мен табысты оқытудың басты мақсаты:
- пәндік біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіру;
- дарынды балалардың оқу мотвациясын арттыру;
- ақыл-ой қабілеттерін және зерек ойлылықты дамыту;
- өзін-өзі бақылай алу, өзін-өзі бағалау дағдыларын меңгеру;
- ізденушілік және өзбетінше білім алу әрекеттерін дамыту.
Пәндік олимпиадалар қазіргі уақытта оқу процесінің мазмұны мен оқыту технологиясын жетілдіруге бағытталған сыныптан тыс жұмыстың болашағы бар түрлерінің бірі болып отыр. Тарих пәні бойынша мектеп оқушыларын олимпиадаға дайындау мәселесінің өзектілігі бұл күні анықталған және оның әдістемесін жетілдіру жолдары жан-жақты қарастырылуда [1]. Олимпиада оқушының өзінің қандай екенін көрсете алатын, потенциалды мүмкіндіктерін ашатын әлеуметтік - - -психологиялық шарттарды жасайды. Олимпиада үздіксіз шығармашылық ізденісте болатын интеллектісі дамыған тұлғалармен қарым-қатынас формасы; олимпиаданың мазмұны, ұйымдастырылу формасы оқушыға өзінің мәнді күштерін жүзеге асыру жолын еркін және жауапты түрде таңдауына мүмкіндік береді; олимпиадаларда оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін, интеллектуладық потенциалдарын толық әрі еркін іске асыруға, өздерін толық шығармашылық тұлға ретінде байытуына жағдайлар жасайды. Олимпиадаға дайындау шарттары: Пән бойынша жалпы және қандай да бір қабілеттері бар оқушыларды анықтап, таңдау. Пәндік олимпиадаға сабақтан тыс жұмыстар арқылы дайындау. Дамытушы орта жасау. Сабақ барысында жоғары деңгейдегі танымдық және шығармашылық тапсырмаларды орындату. Олимпиадаға дайындау барысындағы ұстанымдар:
- Мүмкіндігінше өзіндік жұмыстарды орындату;
- Белсенді білім алу;
- Күрделіліктің озық деңгейлілігі;
- Өткен олимпиадалық тапсырмалар нәтижесін талау;
- Жеке жұмыс;
- Психологиялық ұстанымның болуы (мен жеңіске жетуім керек ұстанымы).
Сабақ барысындағы жұмыстар: Сабақ тақырыбымен байланысты олимпиадалық тапсырмаларды орындау; Шығармашылық және олимпиадалық үй тапсырмаларын беру; Сыныптан тыс жұмыстар; Жеке өзіндік жұмыс тапсырмаларын беру; Топтық жұмыс; Оқу үдерісінде АКТ қолдану.
Олимпиадалар - білім жарыстырудың өзіндік ерекшелігі бар бір түрі, оқушылардың сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы жұмыстарының нәтижесі. Егер сабақ - оқу-тәрбие жұмысының негізгі бір формасы болса және оның мазмұны оқу бағдарламасымен анықталса, ал олимпиада оқушыларды сыныптан тыс, қосымша жұмысқа тартатын және оқушылардың ғылыми-көпшілікке арналған әдебиеттерді, анықтамалықтарды өз бетінше оқуға иетермелейтін әсерлі тәсілдің бірі. Кез келген деңгейдегі олимпиада оқушының отбасында, мұғалімдер ортасында және сыныптастары арасында мойындаушылыққа қол жеткізуіне мүмкіндік беретін жағдай. Олимпиадаға тиімді дайындау үшін ол бір реттік шара ретінде ғана өткізілмеуі керек. Олимпиадаға дайындау жүйелі жүргізілуі керек.Оқушыларды олимпиадаға дайындаудың түрлі әдістемелік тәсілдері бар.

Ұқсас жұмыстар
Бақылау жұмыстарын жазу
Алгебралық теңдеулер жүйелерін шешуге берілген есептер
Қабілеттері айқындалмаған потенциалды балалар
Логикалық есептер
Олимпиада есептері
Жылдық есеп. 4 сынып
Қатынас қағазының мазмұны
Оқушыларды ғылыми жобаларға, олимпиадаларға, сайыстарға дайындау жүйесі
Коуч сұрағы
Менің ұстаздық ұстанымым
Пәндер