Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тракторлардың жалпы құрылысын меңгерту

2.3. Тракторлардың жалпы құрылысы тақырыбын оқытуда білім алушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру негізінде сабақ беру әдістемесі
Жеке тұлға әртүрлі іс-әрекет арқылы дамып қалыптасады. Іс-әрекет-адамның айнала қоршаған ортаға қарым-қатынасын белсенді түрде білдіретін ең маңызды форма.
Іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру, оның өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына әсер етеді.
Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеті - бұл нағыз өмір мектебі. Ұжымдық іс - әрекет арқылы оқушылардың қоғамдық өмірге қажетті білім, іскерлік дағдысы қалыптасады.
Ұжымдық шаралар неғұрлым көп ұйымдастырылса, ұжымның беріктігі соншалықты болады. Әрбір шара бір-біріне, қоршаған ортаға, достарына қамқор болуға үйретеді. Ұжымдық шығармашылық іс-әрекетте оқушылар алдарына қойған мақсаттарды орындауда бірігіп ізденеді, жоспарлайды, ұйымдастырады. Шығармашылық іс тек көз алдау үшін жасалмайды, онда балалардың күш-жігері жаңа мүмкіндіктері, ұшқыр ойлары көрініс береді.
Әрбір шығармашылық іс өзінің сипатына қарай бір-бірінен ажыратылады.
1. Еңбекке баулитын шығармашылық іс. Оның негізгі мақсатыайнала қоршаған орта туралы балалар білімін молайту, қуанышты өмір негізі еңбек екендігіне балалардың сенімін, көзқарасын қалыптастыру, еңбекті өз еркімен, шығармашылықпен істеуге үйрету.
2. Танымдық - қабілет пен білімді дамытатын шығармашылық-іс. Танымдық шығармашылық іс өмірде әлі сыры ашылмаған, анықталмаған беймәлім нәрселерді, жұмбақтарды ұжымдық түрде береді. Танымдық шығармашылық іс оқушылардың білімге ұмтылуын, табандылығын, байқағыштығын шығармашылық ойлауын, рухани байлығын дамытады.
3. Көркем өнерге баулитын шығармашылық іс. Бұлшығармашылық іс мақсатты түрде балалардың эстетикалық талғамын дамытып, өнерге деген рухани мәдениетін көтеріп , жан дүниесін байытады.
4. Спорттық шығармашылық іс. Спорттық шығармашылықшаралардың басты тәрбиелік мәні балаларды спорттық сауықтыру шараларына, дене тәрбиесі сабақтарына шынайы көзқарастарын дамытып, қоғамның қуатты мүшесі болуға дайындау. Спорттық шығармашылық іс шапшаңдық, ептілік, шыдамдылық, батылдық ерлік қасиеттерінің қалыптасуына көмектеседі.
Шығармашылық шараларды ұйымдастырудың мынандай маңызды жақтары бар.
1. Балалардың өз өмірін өздері басқара білуге сенімін қалыптастыру.
2. Оқушылардың ойлауын, қиялын дамыту.
3. Оқушыларды өз беттерімен шешім қабылдауға үйрету.
4. Бала бойындағы қорқыныш, үрей сезімдерін жойып, өзіне деген
сенім туғызу.
5. Оқушыларды әртүрлі өнер саласына баулу.
6. Оқушылардың күлкі, әділ - сықақ сезімдерін дамыту.
7. Бала бойындағы рухани күшінің басым жақтарын байқату.
Әрбір істе балаларға өз шығармашылығымен қатысуына, ізденуіне мүмкіндік беруіміз керек. Бала ойы таза шындықтан құралады. Бала тазалығы жай аңқаулық емес, тәжірбиесіздік, бағалылық. Кейде үлкендер бала жан дүниесіне өзіміздің ой жүйемізді күштеп ендіріп бала психикасына әсер етіп отырамыз. Ал баланың әрбір істегі шығармашылығы үлкен жетістік. Әрбір педагог өз тәжірбиесін бала күш қуаты, шығармашылығымен біріктіруі қажет.
Осы әдіс-тәсілдерді арнайы пәндерді оқытуда қолданылуы туралы төмендегі мәліметтерден біле аламыз. Мен өндірістік тәжірибе кезінде оқушылардың шығармашылығын техникалық және арнайы пәндерде қалай дамытуға болатынын зерттедім. Тәжірибе барысында <<Тракторлардың жалпы құрылысы мен жәктелуі>> тақырыбында 102 топқа <<Доңғалақ,шынжыр табанды тракторлар және автомобильдер>> пәнінен сабақ өткіздім. Өткізілген сабақ жоспары қосымшада көрсетілген. Сабақ өткізу барысында сабақтың дамытушылық мақсатына оқытуда оқушыларға түрлі тапсырмалар бере отырып, ойлау қабілетін шығармашылық қабілетін арттыру болып табылады.
Мысалы: №1 тапсырма. <<Өз жартыңды тап!>> ойыны
Ойынның мақсаты: Тракторлардың жалпы құрылысын меңгерту
Ойынның шарты: Мұғалім жұп карточкалар дайындайды: біреуінде - сұрақтар, екіншісінде - жауаптарға арналған тірек кестелер. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған карточкалардың түсі бірдей болады. Оқушылар кез келген түсті карточканы (әрқайсысы- біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді.
* Тракторлардың жасалу тарихы туралы не білесің?
* Отандық трактор өнеркәсібінің даму кезеңдері жайлы не айтуға болады?
* Ауыл шаруашылығы тракторлары жайлы қысқаша сипаттама бер?
* Шетелдік және отандық тракторлардың бір-бірінен айырмашылығы неде?
Осындай ойын түріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ізденісін,ойлау қабілетін,шығармашылық қабілетін дамыта аламыз.

Қосымша
Бөлімі
Сағаты
Сабақтың мазмұны, түрі
Уақыты
Кіріспе
1
Блок құрылымын таныстыру, мақсаты:
* Тірек сызбамен түсіндіру
* Оқулықпен, дәптермен жұмыс
* Қорыту, үйге тапсырма
5мин
15мин
20мин
5мин
Сөйлесу бөлімі
2

3

4
<<Өз жартыңды тап>> ойыны (дамыту)
Қорыту, үйге тапсырма
<<Алгоритм>> ойыны (дамыту)
<<Техниканы танып - біл>> (пысықтау) қорыту, үйге тапсырма
<<Не, қайда, қашан?>> ойыны.
Шығармашылық жұмысты қорғау
Қорыту, үйге тапсырма
40мин
5мин
20мин
20мин
5мин
20мин
20мин
5мин
Қорытынды
5
Тест
Сынақ
Жалпы тарауға қорыту
15мин
20мин
10мин

Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ауыл шаруашылығында қолданылатын тракторлардың құрылысымен таныстыру, салыстыру.
Тәрбиелік: Білімділікке, адамгершілікке, сүйспеншілікке тәрбие.
Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырып шығармашылық қабілетін арттыру.
Оқушы нені білу керек?
1. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын Тракторлардың құрылысын білу керек.
2. Тракторлардың ауыл шаруашылығында қандай қызметтер атқаратынын білу керек.
Қосымша әдебиеттер:
Мұғалімдер үшін: Әдістемелік нұсқаулар:
Момынбаев Б, К. Өстеміров <<Тракторлар мен автомобильдер пәнін оқыту методикасы>>, Алматы. 1990ж
Оқушылар үшін: Б.Бектасов <<Тракторлар құрылысы (технологиялық нұсқау карталар жинағы)>>. Астана, 2010ж

Кіріспе
ТРАКТОР (жаңа лат traktor, лат trahj - тасымалдаймын, тартамын, сүйретемін) - тіркемелі, аспалы не өздігінен қозғалмайтын (стационар) құралдармен бір агрегатқа біріктіріліп, ауыл шаруашылығы, жол құрлысы, жер қазу, көліктік т.б. жұмыстарды атқаруға арналған өздігінен қозғалатын машина.
Ауыл шаруашылығында жалпы мақсаттағы тракторлардан басқа жер жыртатын бау-бақшалық, батпақта, тауда жүруге арналған, т.б. мамандандырылған тракторлар қолданылады. Өндірістік тракторлар ауыл шаруашылығы тракторларын қажетті жұмысшы жабдықтармен жарақтандыру жолымен модификациялау түрінде орындалады.
Қозғалтқышының түріне қарай трактор <<дөңгелекті>> және <<шынжыр табанды>> болады. Шынжыр табанды тракторлардың негізгі артықшылықтары - жоғарғы тарту күші, жер қыртысымен жақсы ұстасуыжәне кез келген жермен жүруі, кемшіліктері - ауыр салмағы мен бастапқы құны, шынжыр табанды төменгі шыдамдылығы.
Батпақта жүруге арналған трактор - кәсіпорындарға арналған табанды өте жалпақ шынжыры бар трактор, ылғалды топырақ жерлерде, торф мелиорациялау жұмыстар кезінде істейді.
Тауға арналған трактор - ауыл шаруашылығына арналған дөңгелекті трактор көлденең жағдайда қаңқа орнатуға бейімді жұмыстар атқарады. Шынжыр табанды трактор - шынжыр тәрізді қозғағышы бар трактор: жерге түсіретін қысымы аз, өткіштігі жақсы болады. Дөңгелекті трактор дөңгелек тәрізді козғағышы бар трактор..
Өнеркәсіптік трактор - жер құрғату, жер қазу, ағаш шаруашылығында, құрлыста және т.б. ауыр жұмыстарды атқаратын трактор: нақты тарту күші 100 ден 250 кН дейін.
Жалпы өнеркәсіптік трактор - кәсіптік трактор, әр түрлі ауыр жұмыс жасауға (негізінде жер қазу) аспалы бульдозермен топырақ қазып таситын жабдықпен жасақталған.
Жер өңдеуге арналған трактор - ауыл шаруашылық жер өңдеуге арналған трактор: жолдық саңылауы, үлкен із айнымалы және бұрылу радиусы аз болады.
Оқулықпен, дәптермен жұмыс.
Тірек - сызбалары, термин сөздерді дәптерге жазып алу.
Үйге тапсырма: Тракторлардың жалпы құрылысы және жіктелуі
1 тапсырма. <<Өз жартыңды тап>> ойыны.
Ойынның мақсаты: меңгерту. Тракторлардың жалпы құрылысы және жіктелуі.
Ойынның шарты: Мұғалім жұп карточкалар дайындайды: біреуінде - сұрақтар, екіншісінде - жауаптарға арналған тірек кестелер. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған карточкалардың түсі бірдей болады. Оқушылар кез келген түсті карточканы (әрқайсысы- біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді.
* Тракторлардың жасалу тарихы туралы не білесің?
* Отандық трактор өнеркәсібінің даму кезеңдері жайлы не айтуға болады?
* Ауыл шаруашылығы тракторлары жайлы қысқаша сипаттама бер?
* Шетелдік және отандық тракторлардың бір-бірінен айырмашылығы неде?
№2 тапсырма. <<Алгоритм>> ойыны.
Мақсаты: Ойынды ойнай отырып, білім-іскерлік дағдыларын дамыту.
Шарты: сынып 4 оқушыдан жеке топтарға бөлінеді.
Бұл ойында тапсырмалар жазбаша формада орындалады. ІІІ деңгейдің жеңіл формада болуы тиіс.
І-тур. Тапсырманы орындап болған соң дәптерлерін сағат тілімен бір қадам алмастырады. (1-ойыншының дәптері, 2-ойыншыға, 2-ойыншының дәптері, 3-ойыншыға, 3-ойыншының дәптері, 4-ойыншыға, 4-ойыншының дәптері, 1-ойыншыға ауыстырылып беріледі).
2-тур. Алдарына ауысып келген дәптерге тағы да аты-жөндерін жазып екінші стандарт деңгейіндегі тапсырманы ІІ деңгей орындайды. Тапсырманы орындап болған соң 1-турдағыдай сағат тілімен ауыстырады.
ІІІ-тур. Ауысып келген 3 дәптерге тағы да аты-жөні жазылып, ІІІ стандарттан жоғарғы деңгейіндегі тапсырманы (І деңгей) орындайды. Тапсырманы орындап болған соң 4-турдағыдай сағат тілімен ауыстырады.
ІҮ-тур. Оқушылар мұғалімнің берген жауап эталоны бойынша алдарындағы орындалған 3 тапсырманы жеке-жеке тексеріп, әрқайсысын 5 балл жүйесінде бағалайды.
Ү-тур. Тапсырманы тексеріп болған соң дәптерлерін бірінші турдағыдай сағат тілімен ауыстырады. Осы турда оқушылардың өз дәптерлері алдарына келеді. .
Тапсырма.
ІІІ деңгей . 1. Трактолрларды қандай белгілері бойынша жіктейді?
* Трактор негізгі қандай бөлшектерден тұрады?
* Трактордың әрбір бөлігінің атқаратын қызметі қандай?
ІІ деңгей.
* Трактолрлардың негізгі бөлшектерін ата?
* Двигатель қандай қызмет атқарады?
* Трактор трансмиссиясы қандай механизмдерден тұрады?
І деңгей.
Тракторлардың жалпы құрылысын айтып беріңіз?
Ауыл шаруашылығына арналған тракторлар қандай бөліктерден тұрады?
* Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын дөңгелекті тракторлардың құрлысын түсіндір?
Қорытынды бөлім
Мақсаты: білім,іскерлік дағдырларды бекіту.
Шарты: Оқушылардың дағдыларын тест арқылы қорыту,бекіту.

Ұқсас жұмыстар
Жарықшақты қол гранаталары (ргд-5, ргн, ф-1, рго) 10 сынып
Буылтық құрттар
Тыйым салынатын белгілер
Орта мерзімді сабақ жоспары іі жартыжылдық. қазақ тіл, әдебиеті. 7-сынып
Қасым Аманжолов Өзім туралы өлеңі
Органикалық заттың ыдырауы
Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары
Қанықпаған көмірсутектер. омж. 11 сынып
Сүт қоректілер класына жалпы сипаттама. құрылысы және тіршілік әрекеті
АК-74 автоматының арналу мақсаты, ұрыстық қасиеттері. Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинастыру реті
Пәндер