Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жаңа ақпараттық технологиялар

№ 1 САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ

Мамандық 0518000 <<Есеп және аудит>> Топ У-21 к
Пән Экономикалық информатика және ақпараттық технологиялар
Сабақтың тақырыбы: Экономикалық ақпарат және ақпараттық технологиялардың негізгі түсінігі. Классификациясы. Техникалық қауіпсіздік ережесі
Сабақтың мақсаты
* білімділік: ақпараттық жүйе, жаңа ақпараттық технологиялар және экономикалық ақпарат туралы түсініктерін қалыптастыру;
* дамытушылық: нарықтық экономика жағдайында экономикалық ақпарат жайлы базалық білімін арттыру.
* тәрбиелік: пәннің қоғам өміріндегі рөлін көрсете білуді, жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа, компьютерге санитарлық және техникалық жағдайына ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Сабақтың түрі теориялық
Оқыту әдістері баяндау, түсіндіру

Сабақтың материалды-техникалық көрнекіліктері: презентациялар
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин
2. Сабақ барысының негізгі бөлімі
0.1. Жаңа тақырып 60 мин
3. Өткен материалды пысықтау -10 мин
4. Үй тапсырмасы 2 мин
5. Сабақтың қорытындысы 3 мин

Жаңа материалды баяндау Сұрақтар
1. Ақпараттық технология түсінігі.
2. Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар байланысы
3. Экономикалық ақпараттық жүйелердегі жаңа технологиялар.
4. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері.
Өткен материалды пысықтау
1. Ақпараттық жүйе дегеніміз не?
2. Ақпараттық технология дегеніміз не?
3. Экономикалық ақпараттық жүйе дегеніміз не?.
4. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі қасиеттерін

Үй тапсырмасы: [1] 18-21 бет. Тақырыпты оқып келу.

Оқытушының қолы _______________ Касымбекова А.Т.

1. Ақпараттық технология түсінігі.

Экономиканы басқаруда ақпараттық жүйелердің құрылуы және қызмет етуі ақпараттық технологияның дамуымен тығыз байланысты.
Ақпарат дәстүрлі материалдық ресурстар, мысалы, мұнай, газ, пайдалы қазбалар т.б сияқты қоғамдағы маңызды, бағалы ресурстардың бірі болып табылады.
Ақпараттық технология - құбылыстардың немесе процестердің, обьектілердің жағдайы туралы жаңа сапалы ақпарат алу үшін қажетті өңдеудің, жинаудың және таратудың әдіс-тәсілдерінің жиынтығын пайдаланатын процесс.
Ақпараттық технологияның мақсаты - адамның оны талдауы және оның негізінде қандайда бір қызметті орындау туралы шешімді қабылдауы үшін ақпаратты өндіру.
Ақпараттық технология ақпараттық жүйелермен тығыз байланысты. Ол оның негізгі ортасы болып табылады. Ақпараттық технология компьютерде берілген, сақталған әр түрлі дәрежедегі қиындықтағы операцияларды, қызметтерді, этаптарды орындаудың нақты рәсімделген ережелерінен тұратын процесс болып табылады.
Ақпараттық технология, басқалар сияқты, келесідей талаптарға жауап беру керек:
- ақпаратты өңдеудің барлық процесінің этаптарға (фазаларға), операцияларға мүшеленуінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету.
- қойылған мақсаттарға жетуге қажетті барлық элементтерді қосу.
- тұрақтылық сипаттың болуы.
Нарықтық қатынастар жағдайында ақпаратқа және ақпараттық қызметтерге сұраныстың өсуі ақпаратты өңдеудің кең көлемді техникалық құралдарының, әсіресе, электронды есептеуіш машинаның және байланыс құралдарының өсуіне алып келді.
Ақпараттық технологияны этаптардан, қызметтерден, операциялардан тұратын иерархиялық құрылымнан көруге болады.
1 - деңгей- этаптар- салыстырмалы түрде ұзақ технологиялық процестер іске асыра алады.
2 - деңгей-операциялар- 1-деңгейдегі программалық ортада таңдалған нақты обьектінің құрылуы орындалады.
3 - деңгей- қызметтер- сәйкес операцияларға қойылатын мақсаттарды орындауға әкелетін әрбір бағдарламалық жұмыс тәсілдерінің стандартты жиынтығы.
Қоғамдағы ақпараттық ресурстарды қолданудың маңызды құраушы процесі болып ақпараттық технологиялар табылады. Қазіргі уақытта ол көптеген кезеңдерден тұрады. Бұл ең алдымен ғылыми техникалық прогрестің дамуымен, ақпаратты өңдейтін жаңа техникалық құралдардың пайда болуымен байланысты. Қазіргі уақытта ақпаратты өңдеудің техникалық құралы болып дербес компьютер табылады. Ақпараттық сфераға дербес компьютердің енуі және телекоммуникациялық байланыстың қолданылуы ақпараттық технологияның жаңа кезеңінің дамуын анықтады.
Жаңа ақпаратық технология - дербес компьютерді және телекоммуникациялық құралдарды пайдаланып, қолданушының <<достық>> интерфейсті жұмысының ақпараттық технологиясы.
Жаңа ақпараттық технологиялардың 3 негізгі принципі бар.
1) компьютермен интерактивті жұмыс режимі.
2) басқа бағдарламалық өнімдермен өзара байланысы(интеграция)
3) берілген міндеттердің өзгеру процесіне икемділігі.

Ақпараттық жүйенің жіктелуі.

1 кесте. Ақпараттық технологияның классификациясы.

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
АЖ - де пайдалану тәсіліне байланысты
Дәстүрлі

Жаңа ақпараттық технологиялар

Басқару есептерін қамту дәрежесіне байланысты
Деректерді электронды өңдеу

Басқару функцияларын автоматтау

Шешім қабылдауды қолдау

Электрондық офис

Эксперттік қолдау

Жүргізілген технологиялық операциялар класына байланысты
Мәтіндік редактормен жұмыс

Кестелік процессормен жұмыс

МҚБЖ - мен жұмыс

Графикалық объектілермен жұмыс

Мультимедиялық жүйелер

Гипермәтіндік жүйелер

Қолданушының интерфейсінің типіне байланысты
Пакеттік

Диалогтық

Желілік

Желіні құру тәсіліне байланысты
Локальдық

Көпдеңгейлік

Бөлшектелінген

Қызмет көрсету облысы бойынша
Бухгалтелік есеп

Банктік қызмет

Салықтық қызмет

Сақтандыру қызметі

Басқалар
Басқару - маңызды функция, онсыз кез келген әлеуметтік - экономикалық, мекемелік-өндірістік жүйелердің (өнеркәсіп, мекеме, территория) мақсатты бағытталған қызметін елестету мүмкін емес.
Басқару функциясын жүзеге асыратын жүйе басқару жүйесі деп атайды. Бұл жүйенің іске асыратын маңызды функциясы жоспарлау, болжау, есеп, анализ, бақылау және байыптау.
Басқару жүйе компоненттерінің арасында ақпарат алмасумен байланысты. Басқару процесінде әр уақыт мезгілінде басқару есептерін шешуді қамтамасыз ету және жүйеге әсер ету үшін жүйенің жағдайы туралы, берілген мақсатқа жеткендігі (немесе жетпегендігі) туралы хабар алып отырады. Сондықтан экономикалық объектіні басқару жүйесіне өзінің ақпараттық жүйесі сәйкес келеді, бұл экономикалық ақпарат деп аталады.
Экономикалық ақпараттық жүйе - бұл экономикалық объектінің тікелей және кері ақпараттық байланыстарының сыртқы және ішкі ағымдарының, ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін табу барысына қатысатын әдістердің, құралдардың, мамандардың жиыны.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат, экономикалық - математикалық модельдер мен әдістер, техникалық, программалық, технологиялық құралдар мен мамандар жиынын білдіреді.
Ақпаратты түсу көзіне қарай ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы ақпарат жоғарғы органның жарлығынан, орталық және жергілікті органдардың әртүрлі материалдарынан, басқа мекемелерден түсетін құжаттардан тұрады. Ішкі ақпарат өнеркәсіптегі өндірістің жүргізілуі, жоспардың орындалуы, бөлімшелердің жұмысы туралы, қызмет бөлімшелері туралы ақпаратты қамтиды.
Ақпараттық жүйеде үш процесс ақпаратты өндіреді, олар мекеме шешім қабылдау, басқару, проблема анализі және жаңа өнімдер шығару мен қызмет көрсетулер қажет ететін ақпаратты дайындау, - бұл енгізу, өңдеу, шығару. Енгізу процесінде мекеменің ішінде немесе сыртқы ортадан жиналған тексерілмеген мәліметтер алынады. Өңделу процесінде ол шикі материал басқа маңызды формаға келтіріледі. Шығару сатысында өңделген деректер персоналдар мен процестерге беріледі.
Мекемені басқаруда ақпараттық технологияларды пайдалану кез - келген компанияны нарықтық конъюктураның өзгерістеріне қалыптасуы негізінде басқарылуды биіктетеді. Сәйкес автоматтандыру мыналарға мүмкіндік береді:
# Деректердің бірлік банкі негізінде жетекшілер мен мамандарды максималды толық, оперативті және шынайы, дәл ақпаратпен қамту есебінен компанияны эффектілі басқаруды жоғарылату;
# Оптимизациялау және стандарттауды пайдаланып құжатайналымды жақсарту;
# Ақпаратты өңдеу процесін автоматтандыру, регламенттеу және компания қызметкерлерінің қажетті ақпаратты алуын жеңілдету есебінен істі жүргізу шығынын азайту. Қызметкерлерді өте көп жұмыстарды орындауынан босатып, басқа кәсіпкерлік маңызды жұмыстарға бағыттау;
# Басқарудың барлық деңгейінде ақшалық қаражаттардың түсуінің және шығысының сенімді есебін және бақылауын қамтамасыз ету;
# Төменгі және орташа звенолардың басшылары өз бөлімшелерінің қызметін сараптау және басшыларға, жеке бөлімшелер жетекшілеріне аналитикалық есеп (отчет) дайындау;
# Бөлімшелер, филиалдар және орталық аппарат арасында ақпарат алмасудың эффектілігін жоғарылату;
# Ақпаратты өңдеудің барлық сатыларында деректердің толық қауіпсіздігін және бүтіндігін кепілдеу және т.б.

1. Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар байланысы

Қазіргі заманда мекемені нақты басқару үшін мыналар қажет:
* өндіріс және өндірісті қамтамасыз ететін процестерге мониторинг жүргізу;
* құжаттар мұрағатына, жобалық және техникалық құжаттарға, өндірістік процестердің технологиялық картасына жылдам рұқсат алу;
* жұмыс орнының жүктелуі, өндіріс бөлімдері бойынша материалдарының жылжуы, жұмыс уақытының үлестірілуі туралы ақпарат алу;
* инвентаризациялауды үздіксіз жүргізу, материалдардың қорының, дайын өнімнің өзгерісін тіркеу, шығындарды детальды классификациялау.
Осы күрделі кешенді есептерді шешу үшін ААЖ адамдарға ақпаратты эффектілі өңдеу әдістерін әртүрлі қолданбалы программалар пакеті түрінде ұсынады.
Ақпараттық технология және қолданушы интерактивті сұхбат процесінде ақпараттық өнім құрады..
Ақпараттық өнімдер - қызметтер үш құрамды бөліктерге бөлінуі мүмкін: байланыс, ақпарат, көңілаулау.
Басты ақпараттық тенденция - барлық ақпараттық өнім түрлерін күрделендіру және интеграциялау.
Жаңа ақпараттық технология деп, ақпараттық жүйелер және есептеу техникасының негізінде ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, жинақтау, өңдеу, тасымалдау әдістері мен тәсілдерінің жиынын түсінеміз. Жаңа ақпараттық технологиялар компьютерлерді және телекоммуникациялық техникаларды қолдануға негізделеді. Ол жалпы және проблемалық бағыттағы қолданбалы программалық пакеттерді кеңінен пайдаланады, сонымен қатар қолданушыға ЭЕМ желілерін пайдалану арқылы ұзатылған мәліметтер қорына және программаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі қасиеттерін көрсетуге болады:
> қағазсыз технология, яғни компьютердің жадысында не дискте құрылатын немесе монитор экранында бейнеленетін ақпаратты негізгі жинақтаушы, электронды құжат;
> кең мүмкіндікті интерактивті (диалогты) режим көмегімен қолданушы оперативті түрде кез - келген есепті шешуді басқара алады;
> компьютермен тілдесу әдісі кез - келген дәрежедегі дайындықты қолданушыға меню жүйесін, анықтамалықты пайдаланып, ақпаратпен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.;
> Ақпаратты көрсету формаларының сәйкестігі ақпараттың барлық өңделу этаптарында өтпелі (сквозной) ақпараттық қолдауды орындауға мүмкіндік береді.;
> Барлық қолданушыларға кез - келген техникалық, программалық және жүйенің ақпараттық ресурстарына оперативті қолдау көрсететін ақпараттық желілер және коммуникация құралдары негізінде есепті ұжымдық шешу әдістерін пайдалану.

Техникалық қауіпсіздік ережесі

Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:
1. Жалпы;
2. ДК - де жұмыс істеу алдындағы;
3. Жұмыс кезіндегі;
4. Апатты жағдайдағы;
5. Жұмыс аяқталғандағы:
Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады:
1. Сымдарды, жалғаушы ашаларды, розеткаларды, штекерлерді қозғауға; жабдықты мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды.
3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.
4. ДК-де ылғалды қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды.
5. Қорабы немесе сымдары зақымданған ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
6. ДК-мен қатар үстел үстіне портфель, сөмке, кітап қоюға тыйым салынады. Үстел үстінде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс.
7. Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды.
8. Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жұмыс істеп отырған оқушылардың көңілін алаңдатуға, басқа жұмыспен айналысуға болмайды.
ДК-де жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік талаптары:
1. Қоректендіру көзіне қосылған ДК-ді мұқият қарап, оңашалануының және компьютер корпусы мен сымдарының ақауы жоқ екеніне көз жеткізу керек.
2. Сымдары жұмыс кезінде байқаусыззда ілініп кететіндей болып салбырап тұрмағанына көңіл аудару керек.
3. Жұмыс орнын тексеру және пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керектігін ескеру керек.
ДК жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
1. ЭЕМ жұмысы кезінде көздің экраннан оңтайлы арақашықтығын (60-70 см) сақтау қажет. Жұмыс істеуге ыңғайлы, тиімді қашықтық - 50 см.
2. Сыныпқа сырттан кірген мұғалімдер мен үлкен кісілерге оқушылардың тұруының қажеті жоқ.
3. Көздің талуы немесе шаршауы жағдайында оқушылар орнынан тұрмай-ақ көздің талуын немесе шаршауын басатын бірнеше жаттығу орындауына болады.
4. Оқушылар электр тогымен зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін, өртсөндіргішпен жұмыс істеу тәсілдерін және өрт сөндіру тәсілдерін білуі тиіс.
5. Оқушылар көздің талуы және шаршауын болдырмайтын жаттығуларды білулері керек.
Апат (төтенше) жағдайындағы қауіпсіздік талаптары:
1. ДК жұмысы кезінде ақау байқалса, күйген иіс немесе бөгде дыбыс пайда болса, компьютер жұмысын бірден тоқтатып, аппаратураны ток көзінен ажыратып, мұғалімге немесе кабинет меңгерушісіне хабарлау керек.
2. Қажет болғанда өрт сөндіруге көмектесу керек.
3. Қажет болғанда, электр тогынан зақымданғандарға дәрігерлік алғашқы көмек көрсету керек.
4. Компьютерлік сыныпта өрт болған жағдайда, оны су шашып сөндіруге болмайтынын білуі тиіс. Құмды немесе көбікті өртсөндіргішті пайдалануға болады.
5. Егер зақымданған кісі электр тогының әсерінде болса, онда оны жалаңаш қолмен қозғауға болмайтынын білуі тиіс. Электр тогын өткізбейтін материал пайдаланып, зақымданған адамды босатып алу керек.
6.
ДК жұмысын аяқтағандағы қауіпсіздік талаптары:
1. Мұғалімнің айтуы бойынша аппаратураны тоқ көзінен ажырату керек.
2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі жасау керек.

Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:
Адамның электр тогымен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:
1. Токтан ажырату (таратушы тақтадағы тумблерді ажырату) керек.
2. Электр тогын өткізбейтін қолда бар құралдарды пайдаланып, зақымданған адамды ток әсерінен босату керек.
3. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
4. Зақымданған адамды мұқият қарап шығып, зақымдану дәрежесіне қарай оған көмек көрсету керек.
Күйген кездегі көмек көрсету:
Адам күйікке шалынған жағдайда:
1. Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі беру керек.
2. Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.
3. Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.
4. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Талып қалғандағы көмек көрсету:
Адам талып қалған жағдайда:
1. Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға ұрып жатқызу керек.
2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Тынысы тоқтап қалғандағы көмек көрсету:
Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:
1. Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе - қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек.
2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
3. Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.
Көзді талдыртпау және шаршатпау жаттығулары:
Бірнеше ондаған минут қозғалмай отырып компьютермен ұзақ уақыт бірсарынды жұмыс істеген кезде жағымсыз сезім, дене ұйығандай болып, шаршау пайда болады, көз талады. Осыларды болдырмау үшін сабақ барысында 1-2 рет (оқушы жасына байланысты) келесі жаттығуларды орындау керек.
Көздің талуын болдырмау жаттығулары:
1. Қарау бағытын өзгерту: алысқа-мұрын ұшына, солға - оңға, төмен-жоғары.
2. сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді айналдыра бұрып қарау.
3. Көзді жұмып, қолмен жауып, 1-1,5 минут отыру.
Шаршауды болдырмау жаттығулары:
1. Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта басты айналдыра бұру.
2. Басты кезекпен екі жаққа бұру.
3. Саусақтарды жұмырыққа жұму, қолдың ұшын босаңсыту.
4. Оңға-солға бұрылып, қолды сермеп, керіліп-созылу.
Алғашқы көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы.

Медициналық жабдықтар мен дәрі атаулары:
Қажеттігі:
Дербес пайдаланылатын антисептикалық таңу жабдықтары
Жарақатты таңу үшін
Қан тоқтатуға қажет буу таспасы
Қан тоқтату үшін
Жабысқақ пластырь
Жарақат таңу, бекіту үшін
Дәке (3 дана)
Жарақатты таңып байлау үшін
Пакеттегі мақта (3 дана)
Көзді жуып-сүрту, жарақатты өңдеу үшін
Йод
Жарақатқа, терідегі ісіктерге, сызаттарға және т.с.с. айналдыра жағу
Марганец-қышқыл калий тұзы (марганцовка)
Терінің жарақаттанған жеріне жағу үшін
Бриллиант көгінің 1%-тік спирттік ерітіндісі
Жарақатқа, терідегі ісіктерге, сызаттарға және т.с.с. айналдыра жағу
Мүсәтір спирті
Мақтаға 2-3 тамшы тамызып, талып ақлған адамның мұрнына иіскету үшін
Кордиамин
Орталық нерв жүйесін, жүрек және тыныс алу әрекеттерін жандандыру үшін: 25 тамшы (бір ішкізгенде 1 шай қасық)
Резеңке қолғап (1 жұп)
Электр тогымен зақымданған кісіні босатып алу үшін.

Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технология құралдары
Ақпараттық құралдары негізінде балалардың танымдылық құзыреттілігін жетілдіру
Ақпараттық технологиялар
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар
Ақпараттық технологиялар тиімділігі Қазақстан мектебі
Білімді бақылау
Информатиканың негізгі түсініктері
ЖАСТАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
АКТ негізінде оқыту құралдары оқушы мұғалім
Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланып информатика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру
Пәндер