Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Отбасы татулығы

Өзін-өзі тану сабағының сабақ жоспары
Практикант: Капай Ботакөз
Күні: 21.01.2019
Тақырып: Отбасы татулығы
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Мейірімділік,татулық,қамқорлық,сыйластық.
Сынып: 5 <<Ә>>
Оқушылар саны:27
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасы туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік
құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
* Оқушыларға отбасы ұғымын мейірімділік қасиетімен байланыстыра отырып, ұғындыру.
* Отбасындағы өзара сыйластыққа үйрету арқылы қамқорлық қасиетіне баулу.
* Оқушыларды отбасын құрметтеуге, татулыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Көңіл-күйлерін сұрау
<<7Т>> ережесін еске түсіру
Тыныштық сәті :Су асты патшалығына ойша саяхат. Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Ресурстар: құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам
2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Дәйексөз:
<<Отбасы - бақыт ордасы>>Халық нақылы

Әңгімелесу Мұғалімнің сыйы. Видеоролик

1- Видеоролик не туралы?
2. Құндылығын айқындайтын сұрақтар-
Отбасының татулығын ұстап тұрған қандай қасиеттер екен?
3.Өмірмен байланысты сұрақтар-
Табысын 4-ке бөлемін дегеннің астары неде деп ойлайсындар?

Шығармашылық жұмыс:
Мақалдың жалғасын тап.
1.Атаға қарап-... ( ұл)
Анаға қарап-... (қыз)
2.Ананың көңілі балада,...(далада)
3.Ата-ананың қадірін ... (Балалы болғанда білесің)
4.Атаның баласы болма ... (елдің баласы болма)
5.Анаңа ауыр .....(сөз айтпа)
6.Ұядан не көрсе,...(ұшқанда соны ілерсің)
(Постер қорғау)
Отбасы дегеніміз не?
Отбасындағы құндылықтар дегеніміз не?
Отбасы жарастығы дегеніміз не?

Топпен ән айту
Ана туралы жыр.
Сөзі:Ғ.Қайырбеков
Әні:Ш.Қалдаяқов
Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған
Даланың әр күнін, жинадың сен маған
Сен берген құстардың, қанаты самғаған,
Балалық құштарым, өзіңе арналған
Қ - сы:
Әлдилеп аялап, өсірген жемісін Самал жел, сая бақ, құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін
Көңілді көктемдей, көзіңнен танимын
Өтеуге борышым, анашым, жан сырым
Іздедім сен үшін, әлемнің асылын
Әлемнің асылын, әлемнің байлығын
Сыйлар ем кеш мені,сыйлар ем ай, күнін,қолыма түспеді
Қ - сы:
Ете көр қанағат,әзірге берерім
Балалық махаббат, балалық жүрегім
Бол риза анашым,қолдағы осы бар,
Өзіңе арнаған,әнімді қосып ал.
Қ - сы:

Үй тапсырмасы
79-бет, <<Мойындау>> әңгімесін оқып, мазмұндап келу

Соңғы тыныштық сәті: Мұғалім оқушылармен бірге төмендегі өлең жолдарын бірге қайталайды.
Тыныштық, тыныштық, тыныштық,
Тыныштық, бар жерде,
тыныштық, тыныштық, тыныштық,
тыныштық бүкіл әлемде.
Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Отбасы жарастығы. 5 сынып
Отбасым бақытым
Сабақтың қорытынды сәті
Адам және қоғам тест тапсырмалары. 3 сынып
Отбасы бақыты
Отбасындағы татулық
Өнеге отбасынан
Мемлекет отбасы
Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу
Рахмет сізге
Пәндер