Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Рахмет сізге
Өзін-өзі тану сабағының сабақ жоспары
Күні: 21.01.2019
Сабақтың тақырыбы: Отбасы татулығы-қоғамдағы татулық
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: Әділдік, өз өзіне адал болу, бәрін жақсы көру.
Практикант: Капай Ботакөз
Сынып: 9 <<Ә>>
Оқушылар саны: ....
Сабақтың мақсаты: Отбасындағы татулық туралы түсінік бере отырып ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- Оқушыларды отбасы ұғымдары туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу;
- Оқушыларды отбасының бәрін жақсы көруге баулу ;
- Оқушыларды үлкенге құрмет көрсетуге,әрдайым жақсылық жасауға,татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Көңіл-күйлерін сұрау
<<7Т>> ережесін еске түсіру
Тыныштық сәті <<Нұрға бөлену>>
-Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: <<Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты!Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда! Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі! Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды!Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді !Нұр бірте-бірте қарқын алып және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз! Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге:<<Барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз!>>Ойша айтыңыз: <<Мен Нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен - Нұрмын!>>. - Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз!.. - Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. - Жаймен көзіңізді ашуға болады. - Рахмет!
Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.
Ресурстар: құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Дәйексөз:
<<Алты аға бірігіп - әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп - ана болмас>>
* Қалай түсінуге болады?
* Алты аға бірігіп - әке болмас неге?
Әңгімелесу Мұғалімнің сыйы. (Мұғалім сыйы)
Жақсы көретініңізді айтыңыз
Атақты ғалым бір дәрісінде "Кімді жақсы көрсеңіз, оған барып жақсы көргеніңізді ашық айтыңыз" дегенді айтады. Бір апта өтіп, психологқа Джон есімді біреу телефон соғып, былай дейді:
-- Өткен аптада айтқан сөзіңіз мені қатты ойландырды. Дәрістен шығып, жақсы көретін ешкімім жоқ екенін үйге дейін ойлап бардым. Мен осыдан бес жыл бұрын әкеммен қатты ұрысып үйден кеткен біреумін. Ол кезден бері бір-бірімізге тіл қатпайтын болдық. Тіпті отбасы бірге жиналған кездердің өзінде онымен кездеспеуге тырысатынмын. Үйге жеткенімде "жақсы көретінімді" әкеме айтуға ниеттендім. Осындай шешімге келудің өзі үстімнен ауыр жүк түскендей болды. Үйден шығып, ата-анамның үйі жаққа бардым. Олардың есігін қағып, есікке әкемнің шығуын тіледім. Өйткені бірінші анамды көріп қалсам, жақсы көретінімді оған айтып, әкеме жолығуға тағы да батылым бармай кері қайтатынымды сездім. Есікті әкем ашты. Табалдырықты аттамай есіктің алдында тұрып <<Әке, сені жақсы көретінімді айту үшін келдім>> дедім. Әкем бірден мүлдем басқа адам болып кеткендей болды: жүзі жұмсарып, көзі жасаурады. Мені құшақтай салып, басымнан сипалай берді де: <<Мен де сені жақсы көремін, ұлым менің>> деді. Айтайын дегенім - жақын адамдарға оларды жақсы көретіндігімізді айту керектігін жақсы ұққандаймын. Рахмет сізге.
Сұрақтар:
Ғалымның сөзі неліктен Джонды қатты ойландырды?
Джонның әкесіне жақсы көретінін айтқанда неліктен үстінен жүк түскендей болды?
Жақсы көретін адамдармен ренжісуге бола ма? Неліктен?
Өздерің басқаларға жақсы көретіндеріңді айтасыңдар ма? Қалай?
Сені басқалар жақсы көретінін сезінгенде қандай сезімде боласың?
Шығармашылық жұмыс:
Мақалды аяқта.
Ақ шашты ана: <<жастығым -- балам>> дейді.
Ақылды бала: <<... -- ... -- ...>> дейді. (ай - күнім - анам)
Алты ұл тапқан ананы <<ханым>> десе болады.
... білген адамды <<жаным>> десе болады. (сыйласа)
... анадан туады,
Ат биеден туады. (алып)
Ана алақанының аясы,
... ... саясы. (ақ шынардың)
Ана алдында құрмет,
Ата алдында ... (қызмет)
Анаға баланың ... жоқ. (алалығы)
Топпен ән айту
Жақсы адамдар
Әні мен сөзі: А. Оралов
1.Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Жақсы адамдар - бұзылмас тас қамалдар.
Табаныңның астында жатады әлі
Пенделіктен өресі аспағандар
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар.
2.Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,
Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Қайырмасы:
3.Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа жандар.
Қайырмасы:
Үй тапсырмасы
Соңғы тыныштық сәті:
Тыныштық, тыныштық, тыныштық,
Тыныштық, бар жерде,
тыныштық, тыныштық, тыныштық,
тыныштық бүкіл әлемде.
Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz