Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлерін айт

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімі - қамзол
Сабақтың мақсаты: - Оқушыларға қамзол және оның түрлері жайлы мағлұмат беру, қамзолдың шығу тарихымен, қамзолға қажет мата түрлерімен таныстыру.
- Оқушылардың шығармашылығын, қолөнер шеберлігін, қызығушылықтарын, эстетикалық талғамын дамыту.
- Оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыра отырып, шыдамдылыққа, жинақылыққа, жауапкершілікке, әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: сызба нұсқа, ұлттық киім үлгілері, қамзолды өлшеп, тігуге
Арналған плакат, бүктемелер -<<ою - өрнектер>>, қамзол.
Пәнаралық байланыс: сызу, математика (өлшемдер мен формула есебі)
бейнелеу өнері (жобалар, ою өрнектер), тарих( киімдер тарихы

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын қайталау
ІІ. "Сыр сандық" сұрақтарына жауап беру.
а) Қандай киім түрлерін білесіңдер?
ә) Иықты бұйымдар дегеніміз не?
б) Иықты бұйымдарға қажетті негізгі өлшем?
в) Ұлттық бұйымдарды ата?
Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Дәптермен жұмыс

Жаңа сабақ
Қамзол (камзол) -- әйелдер ұлт киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді.
Ол барқыт, пүліш, мақпал сияқты асыл, сапалы кездемелерден тігіледі.
Қамзол - жеңсіз, жеңіл киім. Бір түсті едәуір қалың матадан, мақпалдан, барқыттан, жібектен, кейде гүлді мақпалдан, атластан ( жас ерекшелігіне қарай) тігіледі. Қыз келіншектерге арналған қамзолдың екі өңіріне кесте тігіліп, ою өрнек салынады, түйме орнына әшекейлі металл немесе күміс қапсырмалар тағылады. Қамзолдың жүн тартылып, аң терісінен қос астарланып тігілетін түрлері болады. Қамзолдың әдетте етегі кең болып келеді. Қамзол 18 - 19 ғасырларда қазақ халқы арасында кең тараған ұлттық киім.
Қамзол сызбасына қойылатын негізгі талап:
- денеге қонымды болу;
- сәнді, ұлттық нақыштармен ерекшеленеді;
Қамзол:
- жеңсіз және жеңді (ұзын, қысқа);
- қима бел және тік пішінде болады.
Киімді үлгілеу барысында адамның дене бітіміне назар аудару шарт. Әркімнің мүсініне әр қалай болғандықтан денеге кемшілікті жасырып, адамның сырт келбетін әдемі етіп көрсетуге тырысу керек. Мұндай жұмыстар жасау оқушыны талғампаздыққа үйретеді, ой өрісін жетілдіреді, эстетикалық талғамға сай киіне білуге тәрбиелейді.
Қамзолға қажет мата түрлері
Барқыт - бет жағы тығыз түкті, жұмсақ мақпал мата. Жіңішке жолақтарының арасы тақырланып келген түрін шибарқыт деп атайды. Түгі қалың болып, жолағы жуан келсе жуан шилі барқыт деп аталады. Мақпал -- жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі. Мақпалдың үш түрі бар: қара мақпал -- қара барқыт; қой мақпал -- түкті пүліш; қырмызы мақпал -- қызыл күрең барқыт. Қазақ халқы мақпал деп көбіне бір тегіс, түгі тықыр әрі түсі қара барқытты атаған. Мақпалдан бешпет, қамзол, кәзекей, тақия, қасаба, бөрік, т. б. ұлттық киім түрлері мен күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар (тұскиіздер, төсек жапқыш, т. б.) тігіледі. Қамзолдың түйме орнына қапсырманы пайдаланады. Қамзолға астарлық үшін атлас матасын қолданады.

IV. Қорытындылау
Сабағымызды қорытындылай келе, мен сіздерге бүгінгі өткен сабақ бойынша сұрақтар қоямын.
1) Қамзол нешінші ғасырда кең тарады?
2) Бет жағы тығыз түкті жұмсақ мақта матаны атаңыз?
3) Қамзолда түйме орнына қолданатын затты атаңыз?
4) Қамзолды қандай маталардан тігеді?
5) Қазақ халқының ұлттық киімін атаңыз?

V. Бекіту сұрақтары беріледі
VI. Үйге тапсырма: сөзжұмбақ, реферат дайындап келу.
VII. Бағалау.

Тақырыбы: Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыға өзі таңдап алған үй мәдениетімен тұрмыста қолданылатын бұйым түрін әр түрлі әдіс - тәсілдер арқылы өңдеп, түрлендіруге болатындығын көрсету;
б) дамытушылық: өз беттерінше жұмыс жасау шеберліктерін, қабілеттерін, ұлттық өнер сәндігін дамыту;
в) тәрбиелік мәні: жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерді ескере отырып, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекіліктер: сызбалар, арнайы бұйым түрлері, нұсқау картасы т. б.
Сабақтың жабдықтанылуы: мата, қайшы, қатырма материал, ине, жіп, бор, бұйымның үлгісі, ою үлгілері.
Оқыту әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, сарамандық.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды түгендеу;
ә) Жұмыс дайындығын қадағалау;
б) Керекті құрал саймандарды дайындау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
а) Баскиімнің қандай түрлерін білесіңдер?
ә) Сәукелені қандай жағдайда киеді және ол кімге арналған?
б) Қыздар тақиясын қалай тігеді?
в) Жапсырма киімнің қай тұсына орналасуы керек?
г) Бөрікті қандай материалдан тігеді?
д) Кимешек кімдерге арнап тігіледі?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Сонау жазу - сызу болмаған ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Бір кезде осы ою - таңбалар келе - келе киізге, матаға, текемет, сырмақтарға түсірілді. Ата - бабаларымыз ғасырлар бойындағы дәстүрлері бойынша жиған қазақ халқы өз талғамына сай күнбе - күнгі тұрмысқа қажет бұйымдарды өндіруді өрістеткен.
Қазақтың қолөнерінде неше түрлі әдемі өрнектер бар. Қандай өрнек болмасын адам баласы өзін қоршаған дүниеден алған ежелден мәлім, сондықтан жалпы өрнек атауларын мағынасына қарай мынандай топтарға топтауға болады.
Жалпы ою - өрнектің 4 тобы бар: геометриялық(төрт бұрыш, үш бұрыш, ромб, т. б.), космогениялық (дөңгелек, төрт құлақ, шимай, шұғыла, бетпес, шет, т. б.) өсімдік тектес(жапырақ, шиыршық гүл, ағаш, т. б.) зооморфтық (жан - жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнелері, қошқар мүйіз және оның түрлерінің нұсқалары). Қазақ ою - өрнектерінің өте жиі қолданылатын 200 - ден астам түрі бар, ал ғалымдарының айтуы бойынша жалпы 500 - ден асады, себебі, бұл әлі де қазақ қолөнерінің зерттеліп бітпегендігін көрсетеді.
Бүгінгі сабақта бұйымды ұлттың өрнектерімен өңдеу әдістерін үйренеміз. Жұмысты бастамас бұрын естерінде болатын нәрсе сақтық пен тазалық жайы. Тігіс тіккенде оймақ қолдану керек. Қырқу, кесуге алмас қолдануға болмайды.
Оқушылар қайшыға, инеге қатысты қандай қауіпсіздік ережесін сақтауымыз керек?
1. Қайшы өткір болуы шарт.
2. Қайшының жүзін жабық түрге келтіріп, партаның оң жағына қоямыз.
3. Қайшымен ұзатарды құлағын жоғары қаратып, ұшын өзіңе қаратып бер.
4. Инені арнайы жастықшаға шаншы, өйткені ол инені жоғалудан, төтенше жағдайдан сақтайды.
5. Инені ұзатарда ұшын өзіңе қаратып, кісіге жіппен сабақтап бер.
6. Инемен тіккенде аузыңа салушы болма.
7. Сынға инені тастама, оны зақымдайтын жерге таста.
Сонымен оюланған төр көрпенің көздің жауын алатын ою - өрнектердің орындалу технологиясын қарастырайық.
Жапсырма матаның үстіне келесі жапсырма матаны қою арқылы жасалады. Алдымен жапсырма ретінде қолданылатын матаны арнайы жұқа матамен желімдеп қояды. Содан кейін суретті немесе бейнені бормен немесе басқа белгілеу құралмен түсіреді. Бұдан соң ою - өрнекті кесіп бөліп алады. Өрнектің шеттерін кесте тігістерімен тігу керек.
Егер біз жапсырманы одан да бедерлі еткіміз келсе, оны үстінен бастыра кестелеп шығудың қиындығы жоқ. Оның шет - шеті тағы да алтын немесе күміс паршаның жіңішке таспасымен әдіптеледі.
Әшекейлерді түсіре білу - үлкен өнер. Ол екінің бірінің қолынан келе бермейді. Оның өзіндік ерекшеліктері, талабы бар. Кез келген матаға жылтырағын жапсырма жапсырсаңыз, оның әрі ашылып шыға келеді. Алдымен қандай және оның қандай тұстарына жапсырма жасауды білу керек. Жапсырманы ретсіз, сансыз, көп қолдана беруге болмайды, себебі ол бұйымның әрін кіргізудің орнына оны қашырып жібереді.

Бірінші керекті құрал - жабдықтармен қатар мата түрлерін таңдап аламыз. Оюланған төр көрпеге бір түсті велюр матасы таңдалады. Мата 45х45см етіп 6 - ты дана қиылады. Басқа түсті матадан ою үлгілерін дайындаймыз. Дайын үлгілер желімдеу тәсілі арқылы матаға жапсырылады. Жапсырылған оюлардың шеттерін әшекейлеу тігісі арқылы әсемдеуге болады. Әшекейлеу жұмыстарының бірнеше түрі бар. Оны әркім өзінше орындауына болады. Мысалы: безендіру түрлерінің ішінде көп қолданылатыны - біз кесте. Себебі, бұл тәсілмен түскен әшекей бүртіктері өзіне бірден назар аудартады. Біз кесте түсірудің бірнеше түрі бар: біріншісі, өрнек бойымен тік тігістер жүргізу. Оны бүкіл өрнек бойына бірнеше қатар етіп жүргізіледі. Екіншісі өрнектің іші гүл, күлте, жапырақ және басқа суреттер түрінде толтырылып, үш қатар нәзік желілермен шектеледі. Үшіншісі, біз кесте оған дейінгі жапсырманы әдіптеп тұрады. Төртіншісі, бастыра кестеленген өрнекті шетінен әдіптейді. Бау - әшекей заттардың бірі. Ол небір өрнектердің нақышын келтіре алады. Олар қолдануына қарай түрлі - түсті, жуандықтары да әртүрлі болып келеді. Баумен өрнектеу техникасы: матаны кергішке керіп, өрнекті белгілейміз, сосын өрнектің кескінін қуалап бауды тігіп шығамыз.
Оюланған төр көрпені жасағанда желіммен жапсырмалау әдісін қолданамыз. Полиэтиленді жапсырма астына төсеп, матамен бірге өрнек бойынша кеседі. Сосын қыздыру тәсілімен матаға жапсырылады.

I V Қорытынды
Мұғалімнің сөзі:
<<Ою - өрнек, құрақ құрау қазақтың кешегісі, бүгінгісі, ертеңі>>- деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, ою оюды үйрену, осы өнерді жалғастыру сендердің қолдарыңда.
Жас ұрпақ өмірлі болсын,
Тұрмысы көңілді болсын.
Ата - анаға мерейлі болсын,
Ағайын - туысқа пейілді болсын.
Өнер - білімге зейінді болсын.
Он саусағынан өнер тамған
Оюшы болсын деп, - бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

V Бағалау:
VI Үйге тапсырма:
Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу

Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Конус пішінін жасау тәсілін меңгерту; ұлттық киімдерді конус пішінді үлгілер арқылы құрастыру тәсілін меңгерту;
Дамытушылық: Оқушылардың ұлттық киім жайлы түсінігін кеңейту және киім үлгісін жасауға қызығушылықтарын арттыру, шығармашылықпен жұмыс жасау қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұлттық киім үлгісін жасауда ұқыптылыққа, эстетикалық танымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: қағаз, мата, желім, қылқалам, қарындаш, қайшы, жіп, циркуль, слайд, интерактивті тақта.
Енбек нысаны: ұлттық киім үлгілері, нұсқау карта, түрлі түсті қағаз, мата, таспа, желім, қайшы

Сабақ барысы: I. Психологиялық тренинг

II. Ереже құру

III. Сабаққа қажетті кіріспе видеофильм
Көрген видеофильмдеріне байланысты сұрақтар:
- Не байқадыңдар?
- Не көрдік?
- Қандай ұлттық киімдерді көрдік?
- Қазір көшеде ұлттық киім киген адамдарды көресіңдер ме?
- Қандай уақыттарда киген?

Қауіпсіздік ережесі
1. Қайшыны біреуге ұсынған кезде, оның ұшын өзіңе қаратып ұста.
2. Қайшыны ашық қалдырма.
3. Қағазды ұстап тұрған саусағыңды қиятын сызыққа жақын ұстама.

Әже бейнесін жасау ретін түсіндіру

Қорытынды сұрақтар мен тапсырмалар:
Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлерін айт.
Олар қалай аталады?
Ұлттық мерекелік киімдердің күнделікті киетін киімдерден ерекшелігі қандай?
Ұлттық киімдерді қалай безендіреді?

Тест тапсырмасы
1. Композиция дегеніміз не?
А) заттың жанынан қарағандағы сұлбасы
Ә) дайын бұйымды бейнелеп салу
Б) түрі, түсі әртүрлі безендіру элементтерін, бөліктерін бір - бірімен сәйкес үйлестіріп, орналастыру
2. Панно дегеніміз не?
А) Бұл қандай да бір мекеменің, үйдің қабырғасын безендіретін сурет
Ә) Шеңбер жасауға арналған құрал
Б) Зергерлік бұйым салатын қобдиша
3. Пішін деген не?
А) Жүннен жасалған бұйым
Ә) Бір заттың басқа материалдан жасалған шағын үлгісі
Б) Көркемделген бедел
4. Фольга дегеніміз не?
А) Алюминий мен қорғасын металдарының қоспасынан дайындалған материал
Ә) Қапталып дайындалған бұйым
Б) Түрлі әшекейлер
5. Кесте дегеніміз не?
А) Бірінші қағаздан жасалған бұйым
Ә) Қазақ халқының қолөнерінің бір түрі
Б) Тігіс түрлері

Бағалау
Қорытынды: Біз нені үйрендік?

Ұқсас жұмыстар
Қазақ әйелінің ұлттық киімі
Тақырып Қазақтың ұлттық киімдері
Ұлттық киімдер, 7 сынып (сабақ жоспары)
Ұлттық киімдер
Театр костюмдерін дайындау өнері
Қазақтың киіз үйі
Paint графикалық редакторы тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру
Ұлттық киімдер. 7 сынып
Әйелдің сырт киімі
Құрастыру реті
Пәндер