Өңірлерді бөлек пішілген өңірастылықтармен өңдеу

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА АЛМАТЫ

МКҚК «АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФЛОРИСТИКА КОЛЛЕДЖІ»

ГККП «АЛМАТИНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОЛЛЕДЖ ТЕХНОЛОГИЙ И ФЛОРИСТИКИ»

«Бекітемін»

Директордың оқу өндірістік

ісі жөніндегі орынбасары Садирова Н. В.

«» 2017ж.

Сабақтың технологиялық картасы

Технологическая карта урока

Мерзімі / Дата Топ/ Группа

Пән: Тігін өндірісінің технологиясы

Сабақтың №

Тарау: Көйлек, блузка, жейделердің түйіндерін өңдеу.

Тақырыбы / Тема занятия: Өңірлерді өңдеу әдістері. Өңірлерді бөлек пішілген өңірастылықтармен өңдеу.

Сабақтың мақсаты / Цель занятия:

Білімділігі /Образовательная: Оқушыларға технологиялық бірізділік бойынша өңірлерді бөлек пішілген өңірастылықтармен өңдеу жолдарымен таныстыру.

Дамытушылық / Развивающая : Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, жаңа тақырыпта алған білімдерін жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік /Воспитательная: Оқушылардың мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырып, шыдамдылыққа баулу және білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі / Тип занятия : Аралас сабақ

Пән аралық байланыс / Межпредметная связь: Киім дайындау технологиясы.

Құрал - саймандар: құрал-саймандар жинағы.

Дидактикалық матриалдар / Дидактические материалы: Үлгілер, пішімді бөлшектер, дайын үлгілер, карточкалар, компьютер, проектор.

Сабақтың өту барысы

Ход урока

I. Ұйымдастыру кезеңі : (2-3 мин) .

  1. Оқушыларды тізім бойынша белгілеу.
  2. Оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
  3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

II. Кіріспе нұсқау

  1. Тарау тақырыбын хабарлау
  2. Сабақтың тақырыбын хабарлау
  3. Сабақтың мақсатын хабарлау

ІІІ. Өткен сабақ бойынша оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру

Өткен сабақты қайталау сұрақтарын жарыс түрінде жүргізу.

І тапсырма

Оқушыларды 2 топқа бөліп, топ көшбасшысын сайлау. Әр топ 5 сұраққа кезектесіп жауап береді. Жауап бере алмай қалған жағдайда қарсылас топ жауап беріп өз тобына ұпай балдарын жинайды.

І - топтың сұрақтары ( Тапсырма атын ойластыру)

  1. Оймақтың номірлері - ( әйелдер, ерлер)
  2. Қиғаш тепшімнің орындалуы және қолданылатын жері
  3. Машина тігістері бөлінеді?
  4. Оймалы қалталардың түрлері . . .
  5. Қақпақшаның қай бөлшегі жағынан сәндік тігіс жүргізіледі?

ІІ - топтың сұрақтар

  1. Тепшім дегеніміз не?
  2. Бүгілген тігістің түрлерін ата
  3. Екі жиекті оймалы қалтаның бөлшектері . . .
  4. Қақпақшаның қажеттілігі.
  5. Бүктемелі тігістің қолданылатын жері

ІІ - тапсырма

Машина жұмыстарының терминдерін карточка бойынша әр оқушы таңдай отырып ауызша жауап береді. Толық жауап берген оқушылар бағаланады.

  1. Машина жұмыстарының терминологиясының атаулары.
  2. Қайып тігу
  3. Қосып тігу
  4. Жөрмеп тігу
  5. Қондырып тігу
  6. Бастырып тігу
  7. Айналдырып тігу
  8. Бүгіп тігу
  9. Сырып тігу.

Жалпы ІІ тапсырма бойынша 2 топ және белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.

VI. Жаңа тақырыпты меңгертудің әдістері мен мазмұны. (15-20 мин)

Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Өңірлерді өңдеу әдістері. Өңірлерді бөлек пішілген өңірастылықтармен өңдеу».

Өңірастылық - негізгі мата бөліктерінің бірі, онымен жаға қайырмаларын, омырауларды өңдейді; ол бұйымның ішкі жағынан орналасады. Конструкцияы жағынан өңірастылықтар бөлек пішілген, тұтас пішілген және құпия түймелікпен болып келеді. Бөлек пішілген өңірастылықтарда жоғарғы жаға жартысымен тұтас пішілген болып келуі мүмкін.

Тұтас пішілген өңірастылықты алқымға дейін түймеленетін жағдайда өңірдің бүкіл ұзына бойына орналасады.

Картинки по запросу борт с отрезным Картинки по запросу борт с отрезным Похожее изображение

Өңірастылықты бөлек кесіп пішкен кезде түймелену түрлерін ескере отырып, қайырма, омырау, өңір формаларын бағдар тұтады. Өңіастылықта жалғау болуы мүмкін, бірақ ол бір өңірастылықта екеуден аспайды. Жалғау тігістерін ілмектерден кемінде 30 мм жерден көлденең немесе қиғаш бағытта жүргізеді. Бірінші жалғауы бірінші ілмектен 30мм жерден орналасады. Төменгі жалғаудың ұзындығын кемінде 60мм етіп пішеді. Егер бұйым өте жұқа матадан тігілсе, онда өңірасты тұтас бір бөлшектен тұтас пішілуі керек. Өңірастына қатырма жапсырылуы қажет болса, онда қатырманы шеткі қиығына жеткізбей пішіп алып қосарлайды, өңірастының ішкі қиығы торланады.

Өңделуіне байланысты бұйымның қиық атаулары

Алдыңғы бой

1-2 иық қиындысы

Картинки по запросу обработка бортов с отрезными подбортами в легком платье 2-3 мойын ойындысы

3-4 кертпеш

4-5 өңір қиығы

5-6 астыңғы қиық

6-7 бүйір қиығы

7-1 қолтық оймасы

Картинки по запросу обработка бортов с отрезными подбортами в легком платье Өңірасты

1-2 кертпеш

2-3 ойынды қиық

3-4 жоғарғы қиық

4-5 ішкі қиық

5-6 астыңғы қиық

6-1 ортаңғы қиық

Жұмыс тәртібі:

Картинки по запросу обработка бортов с отрезными подбортами в легком платье Дайын өңірастыны өңірмен оң беттерімен беттестіріп, түйреуіштермен түйрейді. Астынан бастап үстінгі жырмаға дейін өңір жағынан айналдырып жөрмеп тігеді, тігіс ені 5-7мм. Бұрыштарындағы тігістің артығын тігіске 2-3мм жеткізбей қиады. Өңірлерін оң жағына айналдырады, тігістерін тегістейді және арнаййы машинамен немесе қиғаш тепшімен көктеп шығады. Қиғаш тепшімен қайрма жағада өңірлерді жағынан жүргізіледі, өңір астынан жиек шығарады. Жиек ені-1, 2 мм. Жаппай өндірісте өңірлерін үтіктейді және бір мезгілде жиек шығарады. Мұнда кайырма жаға учаскесінде өңірлері жағынан, ал өңірлерінде өңір асты жағынан жүргізіледі. Түймелігі үстінгі жағына дейін болатын бұйымдарда жиекті өңірлері жағының бүкіл өіңір бойымен жасайды, ал ылғалдық ­- жылулық өңдеуді өңір асты жағынан жүргізеді.

Өңір астының астыңғы жиектерін бел сызығы бойынша кесілетін бұйымдарда жөрмеп тікпейді, ал астына дейінгі түймелігі бар бұйымдарында өңір астарының астыңғы жиектерін өңірге астының бүктемесінің белгіленген сызығы бойынша жөрмеп тігеді.

Нұсқау картасы

Өңірлерді бөлек пішілген өңірастылықтармен өңдеу.


Ұқсас жұмыстар
Жаға, қондырма жең құрылымы. ҚР әлемдік шаруашыллыққа интеграциялау
Сыдырма дайын
Қарсы құрақ
Табиғат анаға хат
Жеңі тұтас пішілген иықты бұйымдарды модельдеу.7сынып
Көкөністі тураудың қарапайым және күрделі түрлері
Қиып пішілертін жұмыстар. Белдемшені дайындау реттілігі
Синоним сөз
Ағаш өңдеу. пышақ қойғыш. 9-сынып
Ағаш материалдарының қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz