Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Обьектілерді салу құрал - саймандары

Сабақ жоспары

Оқытушы: Зейнаділ Жансая Батырханқызы

Күні
Тобы
Күні
Тобы

Пән: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Графикалық редакторлардың мүмкіндіктері мен қолданылуы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: CorelDraw графикалық редакторы және құралдар тақтасының атқаратын қызметі туралы түсінік беру. Бағдарламаны іске қосу жолдарын үйрету. Геометриялық фигураларды компьютердің көмегімен салуды үйрету.
Дамытушылық: есептеу техиникасында геометриялық фигураларды, әр түрлі суреттерді салуды үйрете отырып. Олардың бойындағы қабілеттерінің дамып көрінуі не және алған білімдерін жеткізе білуге, іс жүзінде жүзеге асыруға,яғни өз бетінше ойлу, жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды көпшіл болуға , еңбекті суюге, ұқыптылыққа, дәлдікке, адамгершілікке, өзін- өзі басқаруға және өзіндік танымдық қызмет жасай алатын жеке тұлғаны тәпрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Компьютер, слайд, проектор, электронды оқулық
Пәнаралық байланыс: Математика, сызу

Әдебиет:
Негізгі: 1. Е. Балапанов <<Информатикадан 30 сабақ>>
Қосымша: <<Компьютерлік сауаттылық>> электронды оқулық.

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Cабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, баяндап жаздыру
Компьютерде кескіндерді өңдеу үшін арнайы программалар - графикалық редакторлар пайдаланылады. Қазіргі кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторларды да екі категорияға бөлуге болады: растрлық және векторлық.
Графикалық редактор - бұл графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға және қарап шығуға арналған программа.
Түсірілген суреттер мен жалпы суреттерді өңдеуге көбіне растрлық графикалық редакторлар қолайлы, себебі растрлық кескіндер түстер градиациясын және көмескі бояуларды жоғары дәрежеде беруді қамтамасыз етеді.
Қарапайым растрлық кескіндерді тікелей салуға мүмкіндік беретін қарапайым растрлық редакторлардың қатарына PaintBrush, Paint, Painter жатады.
Растрлық графикалық редакторлардың негізгі класы олардың сапасын арттыру және даяр растрлық кескіндерді өңдеуге арналған.
Мұндай редакторларға Adobe Photoshop, CorelPhotoPaint және басқа осы сияқты программалар жатады.
Растрлық графикалық редакторлар пайдаланушыға мынадай мүмкіндіктер береді:
графикалық примитивтерді (сызықтар, төртбұрыштар, эллипстер және басқаларды) қолмен (тышқанның көмегімен) салу;
кескіннің кез келген бөлігін кесіп алу, желімдеп жапсыру;
сурет салу және бояу үшін кез келген түсті пайдалану;
ұсақ бөлшектерді анықтап зерттеу үшін кескін фрагменттерін үлкейту;
мәтінге суреттер қоса отырып, көркем хабарландырулар даярлау;
алынған кескіндерді сақтау және редакциялау.
Кәсіби растрлық редактор (мысалы, Adobe Photoshop), негізінде сурет салу үшін емес, фотобейнелерді өңдеу, яғни айқындық және қанықтылықты арттыру, ескі фотобейнелердегі кірді және сызаттарды жою үшін пайдаланылады.
Растрлық графика жағдайындағыдай векторлық графикамен де жұмыс істейтін программалық құралдардың өте көп түрі бар, оларды меңгеру растрлықпен салыстырғанда күрделілеу. Векторлық графикалық редакторларға Word мәтіндік редакторына құрамдас графикалық редакторды, ал кәсіби графикалық редакторларға CorelDraw, Adobe Iuustrator және басқаларын жатқызуға болады.
Векторлық графикалық редакторларды қолданғанда қолданушы мынадай мүмкіндіктерді пайдаланады:
обьектілермен жұмыс істеу үшін (орын ауыстыру, масштабтау, айналы бейнелеу) қажетті әр түрлі әдістер;
обьектілерді реттеу, біріктіру, қиылыстыруға арналған құралдар;
графикалық эффектілер көп;
мәтінмен жұмыс істеудің әр түрлі мүмкіндіктері;
алынған кескіндерді сақтау.
Сіз сурет салған кезде, алдымен сурет салу құралын (фломастерлер, қылқалам, қарындаш және т.б.) таңдайсыз.
Графикалық редакторлар да графикалық кескіндерді құру және редакциялау үшін құралдарды таңдау мүмкіндігін беріп, оларды бір құрал - саймандар тақтасына біріктіреді.
Paint, Adobe Photoshop растрлық графикалық редакторларының құрал-саймандар тақтасы көрсетілген. Егер зер салып қарасақ, тақтада көптеген бірдей құрал-сайманның бар екенін көреміз.
Обьектілерді салу құрал-саймандары. Графикалық редакторларда қарапайым графикалық обьектілерді (түзу сызық, қисық, эллипс, көпбұрыш және т.с.с.) салуға қажетті құрал саймандар бар. Құрал-саймандар тақтасынан обьектіні таңдағаннан соң, оны редактор терезесінің кез келген жеріне салуға болады.
Сызық моделі
CorelDRAW-да сызық моделі негізінде екі негізгі түсінік болады: түйін және сегмент. Түйін деп сегменттің бір соңын белгілейтін бейне жазықтығындағы нүктені айтады. Сегмент деп екі түйінді байланыстыратын сызық бөлігі деп аталады. Түйін мен сегменттер бір-бірімен тығыз байланысты болады.

Тапсырма.
1. Графикалық редакторлардың мүмкіндіктері мен қолданылуы оқу
2. Берілген лекция бойынша терминдерді теріп дәптерге жазу және жаттау.
3.Графикалық программалардың тізімін жазып жіберіңіздер.

Ұқсас жұмыстар
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау
Қарапайым графикалық редакторы
Графикалық редактор терезесі
Paint графикалық редакторы тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру
Векторлық графика. векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі. фигураларды салу. 7 сынып
Сабақтың уақыты
Қортынды нұсқау
Ағаш өңдеу құралдарын ата
Слайдтың белгіленуін таңдау
Жүкаяқ жасау технологиясы
Пәндер