Сабақ жоспары :: Музыка
Файл қосу
Түркі тілдес халықтардың (қазақтың) көне музыкалық аспаптары
Алматы облысы
Райымбек ауданы
№ 2 Кеген орта мектебі
Е. Т. Қасымов
Түркі тілдес халықтардың (қазақтың)
көне музыкалық аспаптары.
музыка пәніне арналған қосымша материал
(5 сынып)
Кеген
2008 жыл
Тақырыбы:
Түркі тілдес халықтардың (қазақтың)
көне музыкалық аспаптары
Мақсаты:
- Халық музыкасын насихаттау, ұмыт болған халық аспаптарын және оларда
ойнау дәстүрін жаңғырту;
- тарихымен бірге жасасып келе жатқан қасиетті музыкалық
аспаптардың түрлерімен, жасалу тарихымен, үнімен таныстыру;
- таныстырылған аспаптарды пайдалана отырып, өз шығармаларында
пайдалана білуге дағдыландыру;
- өнерге қызығушылығын арттыру.
І. Кіріспе:
- Іргелі ел атанған халқымыздың музыка мәдениетінің қайта жаңғыруы,
шарықтау шегіне көтерілуі;
- өткенін зерттеп, бай мұрасына ие болу мүмкіндігі.
ІІ. Негізгі бөлім:
І. Әр алуан тарихи деректерге жүгініп, халық өнерінің қорымен, музыкалық
аспаптарының түрімен таныстыру;
а) музыкалық аспаптары, пайда болуы, шығу тарихы;
- ә) олардың деректерге сүйеніп жіктелген түрлері,
- б) өзіндік ерешеліктері
- в) ұлттық аспаптардың (топшуур, хомуз, қияқ) ортақ қасиеттері.
- г) музыка, өнер танушы тұлғалар.
ІІ. Ұмыт болған аспаптардың қайта жаңғыруы өмірде пайдаланылуы.
ІІІ. Қорытынды:
Аспаптарды дамыту, осы аспаптарға байланысты ұлттық өнерімізді тұрмысымызға
кеңінен енгізу көпшілік болып қолға алатын уақыттың жеткеніне және бұдан
былай да өріс ала беретіндігіне сеніміміз мол.
Халық музыкасын насихаттау, ұмыт болған халық аспаптарын және
олармен музыкалық шығармаларды орындайды.
:
Түркі тілдес халықтардың қазіргі музыкалық аспаптарын тереңірек білу
үшін, қолдағы бар деректерге сүйене отырып, көне музыка аспаптарының шығу
тарихынан қозғасақ артық болмас.
Қазақтың музыкалық аспаптары Батыс Сібірді мекендейтін түркі тілдес
халықтарының, сондай-ақ қалмақтар мен монғолдардың музыкалық аспаптарына
көп ұқсастығы бар. «Музыка аспаптарының
өз ара байланыстылығы тайға таңба басқандай болып, ап-айқын көрінетін
белгілері Солтүстікке, Орталық Қазақстан мен Оңтүстік Сібірге,Алтайға
жетелейді», - деп түсіндіреді музыка зерттеушісі В. Виноградов. Аспаптар
өздерінің аталуына, құрылысына, пішін -түріне, ою - өрнегіне, шығатын үніне
қарай белгілі бір ұлтқа тән болған, сол ұлттың өнерін паш еткен.
Бізге білгілі бір тектес аспаптар өз ара ұқсас болғанымен, олардың
жасалуында бірқатар айырмашылықтар бар. Сібір халықтары: алтайлықтар,
хакастар, тувалықтар, тофылар,шорцылар өз музыкалық аспаптарының бұрынғы
құрылысын өзгертпей, сол күйі сақтаған. Әр түрлі халықтардың бір тектес
аспаптарын зерттегенде оның эволюциялық дамуының кейбір жақтарын анғаруға
болады.
Үрлеп және ұрып ойналатын аспаптар ерте заманда адамдардың бір-біріне
дыбыс беруі үшін немесе аң мен құстың дауысын салу үшін пайдаланылғаны
ешқандай дау туғызбаса керек. Мұндай аспаптарды біздің арғы аталарымыз
жорыққа шыққандарында, аң аулағанда өздерімен бірге ала жүрген, сондай-ақ
діни салт-жораларда, бекзадалардың сауық-сайранында пайдаланған. Әсіресе,
дабыл қағуға өте қажет болғандықтан көне аспаптардың үрлеп тартылатын және
мембраналық ұрып ойналатын түрлері өте көп болған, өйткені, бұлардың даусы
қатты шығады. Ал, кейін келе сирек қолданылатын болғандықтан осы айтылған
аспаптардың кейбір түрлері мүлде ұмыт қалдырылған. Көне аспаптардың бір
қатары ән мен жырды сүйемелдеу үшін пайдаланылған.
Тунур, орба сияқты аспаптар Сібірді мекендейтін түркі тілдес
халықтарда бақсылар арасында ғана сақталған.Ежелгі тайпалардың негізінен
аңшылықпен айналысқаны белгілі. Олар аңға шыққанда пырғы, амырғы, авырғы,
эдиски, сымысха, хомыс және басқа аспаптарды пайдаланған. Бұл аспаптар
алтайлықтарда, хакастар мен тувалықтарда күні бүгінге дейін сақталып отыр,
өйткені оларда аңшылықпен айналысу кәсібі қазір де экономикалық маңызды
саласы болап табылады.
Түркі тілдес тайпалар арасында үрлеп және ұрып ойналатын аспаптармен
бірге ішекті, тілді және сілку арқылы дыбыс шығаратын аспаптар да
қолданылған . Кейбір мәліметтерге қарап бұлардың қай топқа жататынын
анықтауға болады. Көне аспаптардың көптеген аттары YІІ - ХІІ ғасырлардағы
ежелгі түркі жазу-сызулары ескерткіштерінде кезеседі. Мысалы, Жүсіп
Баласағұнның «Қалай бақытты болу жайындағы ғылым» деп аталатын этика-
дидактикалық поэмасында (ХІ ғасыр) былай делінген: «күн күркіреді бұл
қарауыл барабанның даусы» немесе Сутренің «Алтынша жылтырауында: ілім
барабанын ұрып қалып , ілім трубасын үрлеп» деп келеді. «Қарауыл
барабанын», «ілім барабаны» немесе «ілім трубасы» деген аттарына қарап –ақ
бұл аспаптардың қандай мақсатта қолданылғанын аңғаруға болады.Мұндай сөздер
басқа да көптеген жазу-сызу ескерткіштерінен кездеседі. Соларға қарап,
сыбызғы, сырнай, карнай, керней,бырғу, абырға,чан,чанг,лютня,қобыз, дабыл
сияқты музыкалық аспаптар түркі тілді тайпаларында болғанын аңғару қиын
емес. Аспаптардың кейбір атаулары ортақ: қубыз, комуз, комус,хомус,хомыс,
қобыз. Бұл мысалдан айқын көретініміз, аталған аспаптардың түрлерімен ғана
емес, сондай-ақ үні жағынан да бір-бірінен өзгеше болып келетін аспаптардың
о бастағы атаулары бірдей болған. Ұрып ойналатын аспаптар ішінен ежелгі
жазу-сызу ескерткіштерінде бәрінен де барабан мен бубен тәрізді аспаптар
жиі аталады.
Ежелгі ұйғыр жазу-сызу ескерткіштерінде арфа аспабы кеңінен
аталынған .
Шертіп ойналатын аспаптың бірі – арфаның алғашқы түрі садаққа ұқсас
болып келген. Варган (шаңқобыз) тектес сым тілшілі аспап, флейта тектес
үрлеп тартылатын аспап, қобыз тектес қияқпен ойналатын аспап, барабан,
бубен тектес ұрып ойналатын аспап т.б бұрын барлық халықтарда болған,
оларда қазір де бар.
ХІ ғасырдағы араб мәдениетінің мұрасы «Дивону лугатит туркте» ежелгі
түріктер пайдаланған аспаптардың сегіз түрі аталады. Олар-қобыз,чаң, лютня
тектес аспаптар, үрлемелі аспапбы- борғуі, ұрып ойналатын бірнеше аспаптар.
Осы аспаптар атауларының ішінен қазақ лексиконында қобыз, шың, сыбызғы,
дабыл ғана сақталған.
Бұлғар-қыпшақ ақыны Ғалидың «Жүсіп пен Зылиқа» поэмасында үрлеп
тартылатын көне аспаптар- бырғу, карнай, наккар және ұрып ойналатын тыйбл
жайында айтылады.Бұл дерекке қарағанда, Қазан хандығында музыкалық
аспаптардың түрлері көп болған, олар: үрлеп тартылатын- бырғу, карнай,
қурай,наккар, сырнай; шертіп ойналатын - етиген, тунбур, домбыра,саз;
қияқпен ойналатын – кобас; сым тілшелі аспап – кубыз; ұрып ойналатын –
тыйбл, бубен .
Египетте мамлюк қыпшақтарының тілінде басып шығарылған түрік-араб
сөздігінде «сыбызғы, сыбызғышы» деген сөздер бар. Ежелгі түрік
мәдениетінің ескерткіші, ХІІІ ғасырдың аяғы мен ХІҮ ғасырдың басында жарық
көрген «Кодекс гуманикста» музыка аспаптарының : таф (тамбурин), суруна
(сырнай), накара (тимпан, бубен), бурғу (труба), бурғуча (кішкентай труба)
сияқты атауларын кездестіреміз. Сол тәрізді Л. Пиккеннің еңбектерінде де
осы аспаптардың аттары ұшырасады.
Көптеген халықтарда жекелеген кейбір аспаптардың кең тарағаны
байқалады. Мысалы, өзбектердің, әзербайжандардың, ұйғырлардың музыкалық
аспаптары, парсы және араб аспаптарымен, тувалықтардікі монғол
аспапатарымен біршама ұқсас келеді. Өзбек пен ұйғырлардың аспаптарының
аталуы да , жасалуы да араб, иран аспаптарына ұқсайды (ауған аспаптары-
тамбур,дамбура,дотар,рабаб,дойра,чанг).
Нақ осындай, тува аспабы – лимби, бушкуур, бурээ, чанзы, кенгирге, чан
монғол аспаптарынан аумайды. Мысалы, Өзбекстанда бақташылардың үрлеп
тартатын қошнай (қазақтың қоссырнайына ұқсас жіңішке екі түтікті біріктіре
жасалған), қазақтың сыбызғысына ұқсас чупон най немесе гажир най қамыс
сырнайына ұқсас сибизик, кобуз, чангкобуз,домбыра сияқты аспаптар күні
бүгінге дейін қолданылып жүр. Осы аспаптар жайында өнер тану ғылымының
докторы Ф. Кароматов былай деп жазды: «Олар анғұрлым жетілдірілген, бүгінгі
музыкалық аспаптардың алғашқы үлгілері бола отырып, шалғайдағы жазық
далалар мен биік таудың баурайындағы жайылымдарда өзбек еңбеккерлерінің
өмірінде маңызды роль атқарады». Бұл аспаптар түркі тілдес халықтарға сонау
бағзы заманнан-ақ белгілі болған.
Ежелгі түркілердің музыкалық аспаптарының қолда бар деректерге
сүйеніп жіктелгендегі улгісі
|Түрі |Аспаптар |
|1.Үрлеп | а) флейталық : б) тростық |
|тартылатын |в) мундштуктік |
| |қабырша мүйіз, карнай (керней, үлкен труба); мүйіз |
| |турба; |
| |сырнай (мүйіз) ; бырғу (труба), |
| | |
|2. а) Ішекті |лютня , арфа, гусли (жетіген тектес) |
|шертіп ойнайтын | |
| | |
|б)қияқпен | |
|ойналатын |кобуз (қобыз тектес) |
| | |
|3. Сым тілшелі | |
| |шертіп ойнгалатын: кобзас (шаңқобыз) |
| | |
|4. Мембра-налық | |
| | |
| |ұрып ойналатын: барабан, бубен, тамбурин, таф, |
| |тәрелке, тыйбл, накара(литавр), қоңырау кішкене |
| |қоңырау, |
| | |
|5. Сілкіп | |
|ойналатындар | |
| | |
| |сылдырмақ,асатаяқ, сылдырақ, |
Ескі Қазан маңындағы қазбалардан (ХІІІ –ХҮ ғ.ғ)төрт тесігі бар балшық
ысқырғыш және ені 0,7 см, ұзындығы 7 см. қырналған қаз сүйегі табылған.
Балшық ысқырғыштың , балшықтан жасалған саз сырнай және үскірік сияқты
аспаптардың ұқсастығы бар. Саз сырнай Шымкент облысындағы орта ғасырлық
Отырар қаласының орнын қазғанда табылған болатын.
Түркі тілдес халықтардың музыкалық аспаптарының пайда болу,шыққан
тегі бір. Ежелгі түрік жазу-сызуларында аттары аталатын кейбір аспаптар
түркі тілдес халықтарда күні бүгінде кезеседі. Бұлар – сырнай,чанг,
жетіген, накара, шаңқобыз,сыбызғы,дабыл, керней,абырға.
Сонымен бастапқыда бір нұсқадан шыққан музыкалық аспаптар кейін келе ,
әрбір халықтың өзіне тән ерекшелігімен көптеген өзгерістерге ұшырай отырып
дамыған.
Түркі тілдес халықтардың бірінің музыкалық аспаптарының тарихи
дамуын көз алдымызға толық елестету үшін оны өзге халықтардың
аспаптарымен байланыста алып қарау қажет. «СССР халықтары музыкалық
аспаптарының атласы » делінетін кітапта алтай, хакас, тува және якут
аспаптарының небары 22 түрі ғана келтірілген, ал біз олардағы аспаптар
түрі 50 асатынын білеміз.
Түркі тілдес тайпалар арасында сонау бағзы заманда пайда болған
музыкалық аспаптар күні бүгінге дейін сақталған. Сөйтіп, түркі тілдес
халықтар арасындағы байланыс үзілмей жалғаса берген.
Алтай музыкалық аспаптарың өзге түркі тілдес халықтар аспаптарымен
ортақ қасиеті көп, солай бола тұра олардың құрылысында, ойнау тәсілдерінде
т.б. тазаұлттық ерешеліктер де бар . Алтайлықтарда шертіп ойналатын
аспаптардың ішінде неғұрлым кең тарағаны топшур. Бұл аспап өзінің
құрылысы мен дыбыс көлемі, тембрі , ойнау тәсілі жағынан қазақтың шертіп
ойналатын көне аспабы шертерге және қазіргі жетілдірілген топшууры
қазақтың домбырасына әжептәуір ұқсайды. Топшуурда диапазоны бірінші
позицияда орындалатын қарапайым халық ән-күйлері тартылады.
Қияқпен ойналатын аспаптардан алтайлықтарда екі ішекті икили ғана
сақталған .Құрылысы жағынан аумаған топшуур , бар айырмашылығы оның даусы
садақ сияқты қияқтың көмегімен алынады. Икили кварта бойынша күйге
келтіріледі,ойнау кезінде аспапты тізеге тікесінен қояды.
Үрлеп тартылатын аспаптардың алтайлықтарда бірнеше түрі сақталған .
Олар – эдиске, амырғы, сыбыскы, сыгырткыш және шоор. Аңның даусына
еліктеуіш аспап амырғыны аңшылар маралды алдап түсіру үшін ерте
заманнан бері қолданып кеген. Қазақтарда бұл аспап бұғышақ немесе бұғы
сыбызғы делінеді.Ұрып ойналатын көне аспаптарын бақсылар пайдаланған Оладың
қолынан тастамаған аспаптарының бірі – «тунур» - бубен; (даңғыра).
Келесі аспаптары бамбуктен жасалынатын кулузын комус
(шаңқобоз),қызғылықты ерекшелігі сонда , музыкант аспапты ойнай отырып,
салт-жора сөздерінде қатар айтады. Алтай халқының аспаптық музыкасы
тұрмысқа кеңінен тараған, тіпті күні бүгін де қолданып келеді.
Ал Хакастың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктері көп.
Олардың ішінде халық арасына неғұрлым кең тараған көне аспап
чатханның (жетіген) орны ерекше. Мұндай аспаптар Монғолияда,
Кореяда, Жапонияда, Въетнамда сондай-ақ Азияның басқа да көптеген
елдерінде бар. Бұлай аталу себебі, оны көлденеңінен сұлатып
жатқызып қойып ойнайтындығынан болу керек. Өткен жүз жылдықтардағы
этнографтар көп ішекті бұл аспапты «жатқызылған арфа» деп те
атаған. Бұл күнде едәуір жетілдіріліп қайта жасалған чатхан металл
құлақтармен жабдықталған, ішек саны 12 - ге жеткізілген. Аңшылардың
қолынан көп кездестіруге болатын үрлеп тартылатын аспап - пыргы,
оны маралдарды алдап шақыру үшін қолданады.
Хакас халқында екі ішекті шертіп ойналатын хомыс деген
аспап бар. Аңшылықтан олжалы оралу үшін хакастар әр қашан
хомысшыны аң аулауға өздерімен бірге ертіп шығатын болған. Бұл
аспапты кейде қияқпенде ойнайды, ондайда оны ыых деп атайды.
Міне, осы себепті хакастардың өздері осы екі аспапты бір-бірінен
бөліп атай алмайды, бар болғаны дыбыс шығару амалындағы
өзгешілігінен ғана ажыратады.
Бақсылары болса, ұрып ойналатын аспаптар – туур (даңғыра) мен
орбаны (таяқша) қолданған. Туурдың бір жағын терімен қаптаған, ал екінші
жағына темір сылдырмақтар, қоңыраулар ілінген. Орбаға (асатаяқ) шүберек
және темір сақина ілген, олармен әдетте туурды соққылаған. Өздері хобрах
деп атайтын қамыстың сабағынан хакастар ысқырғышы бар аспап
жасайды, оның «хобрах» деп аталуы сол қамыстың атына байланысты.
Сонымен бірге, құстың қауырсынынан жасалған, үрлеп тартылатын тамаша
аспаптарыда болған.
Тува халқының өзгеше мәдениеті бұл халықтың бағзы заманнан
бергі салт-жора, әдет-ғұрып және дәстүрлерімен тығыз байланысты
дамып отыр. Сібірдің басқа халықтарына қарағанда тувалықтардың
музыкалық мәдениетінде монғолдармен де көптеген ортақ жайттар бар.
Тувалықтардың халық болып қалыптасуына монғол этникалық
элементтерінің қатысуын тувалықтар арасында ассимиляцияланған Тумат,
Мунгат және басқа осындай ру тайпалық топтар дәлелденеді. Сонымен
қатар буддизм музыкамен тығыз байланысты болды да ұлттық музыкалық
мәдениеттің қалыптасуына ықпал жасады. Бұл елде музыкалық аспаптың
жиырмадан астам түрі сақталған. Олардың біразы құдайға табыну
кезіндегі діни салт-жораларды сүйемелдеу үшін пайдаланылған.
Үрлеп тартылатын аспаптарға жататындары – лимби, мургу, тун,
шоор, авырга, бушкуур, бурээ, чода, тос-эдиски, тал-эдиски; шертіп
ойналатындар – чадаган, дошпуур, чанзы; қияқпен ойналатындар – игил,
бызаанчы; тілшелі аспаптар – демир хомус, хулузун хомус, соок хомус,
ыяш хомус, шелер хомус; ұрып ойналатындар - кенгирге, дунгур, чан,
дамбыра; сілкігенде үн шығаратын аспап – орба. Жергілікті халық осы
аспаптардың арасында тек дыбыстату тәсілінде ғана айырма барын
айтады. Ал, жоғарыда аталған дамбыра ламдардың аспабы болған және құдайға
құлшылық еткенде қолданылған. Бұл аспап көптеген халықтарда бар, оның
атағы кең жайылған десе де болады. Өзі біздің домбыра аспабына
ұқсас келеді. Мысалы, «игилидің» бір данасы Алматыда Республикалық
өлкетану музейінде сақтаулы.
Якут халқының музыкалық мәдениеттінің талай ғасырлардан бері
келе жатқан дәстүрі бар. Бұл халықта музыкалық аспаптың көптеген
түрі болған. Алайда біз күні бүгінге дейін Якутиядағы музыка
аспаптары туралы толық хабардар емеспіз, өйткені «СССР халықтары
музыкалық аспаптарының атласы» дейтін белгілі кітаптың өзінде якут
халқының музыкалық аспаптары сөз болғанда небары «кырымпа» және
«хомус» пен орыстардан алынған балалайка ғана аталады. Бұл жерде
кырымпа деген сөз «скрипка» деген сөздің бұрмаланған түрі делінген.
Якут халқының мәдениеті қалыптасуының, оның тілі қалыптасқаны
сияқты өз тарихы, өз жолы бар. Қатаң климат, жер шалғайлығы
адамдардың бір-бірімен байланыс жасауы үшін, бір - біріне тез
көмекке келуі үшін дабыл қағып шақыратын түрлі аспаптардың болуын
қажет етті. Якут халықтарының көп тараған аспаптарының бірі хомус
болды, себебі ән мен биді сүйемелдеу үшін қолданып, қастерлей
білді. Ұмыт болған аспаптарды қайта жаңғыртуды және жетілдіруді
мақсат еткен музыка аспабын жасайтын шеберлер кейін де көп іс
тындырды.
Қазақтың, Алтайлықтардың, Хакастың, Тувалықтардың және Якуттың музыкалық
аспаптарын жіктеу
| |Топ |Аспаптар |
|Топ | | |
| |Қазақ-тарда|Алтайлық-тарда|Хакастар-да |Тувалық-тард|Якут-тарда|
| | | | |а | |
|Үрлеп тартылатын | | | | | |
|а) флейталы |Сыбызғы |Шоор |Хобрак |Шоор |-//-//- |
|бойлы,ысқырғышы жоқ| | | | | |
| | | | | | |
|ысқырғышты | | | | | |
| |Ысқыруық |Сыгыртқыш |-//-//- |-//-//- |-//-//- |
|көлденең | | | | | |
| |-//-//- |-//-//- |-//-//- |Лимби |-//-//- |
| | | | |Мургу | |
|б) тросты | | | | | |
| |Қамыс |-//-//- |Сығыртқы |-//-//- |Чуар Хомус|
| |сырнай | | | | |
| | | | | | |
|Қосарланған | | | | |-//-//- |
|түтікті |Қос сырнай |-//-//- |-//-//- |-//-//- | |
| | | | | | |
|Қосарланған қабықты|-//-//- | | | |-//-//- |
| | |Сыбыскы |Сыбысха |Эдиски | |
|В) мундштукті |Бұғышақ, | | | |-//-//- |
| |мүйіз |Абыргы |Пыргы |Абырга | |
| |сырнай, | | | | |
| |керней | | | |-//-//- |
| | |-//-//- |-//-//- |Бушкуур | |
| | | | |Бурээ | |
|2. Ішекті | | | | | |
|а) шертіп ойналатын| | | | | |
| |Жетіген |-//-//- |Чатыган |Чадаган | |
| | | | | |Кырымпа |
| |Шертер |Топшуур |Хомыс |Допшулур | |
|б)қияқпен ойналатын|Домбыра | | |чанзы | |
| | | | | |Кырымпа |
|3. Тілшелі |Қылқобыз |Икили |Ыых |Игил | |
|шалып ойналатын | | | |Бызаанчы | |
| | | | | |Хомус |
| |Шаңқобыз |Комус |Темир |Демир | |
| | | |хомыс |хомус | |
| | | | | |Масхо- |
|4. Мембраналы |Ағаш |Кулузун комус |Хомы |Шелер хомус |мус |
|Ұрып ойналатын |шаңқобыз | | | | |
| | | | | | |
| | |-//-//- | |Дамбыра |Табык |
| |Дабыл | |-//-//- |Кенгирге |Купсюр |
| | |Тунур | |Дунгур |Дунур |
| |Даңғыра |-//-//- |Туур |-//-//- |-//-//- |
| |Шыңда- | |-//-//- | | |
| |уыл |-//-//- | |Шан |Чан |
| |Шың | |-//-//- | | |
| | |-//-//- | |-//-//- |-//-//- |
| |Кепшік | |-//-//- | | |
|. 5. Өзі үн | |-//-//- | |-//-//- |-//-//- |
|шығаратын |Дауылпаз | |-//-//- | | |
| | |Орбо | |Орбо |Былаай |
| |Асатаяқ | |Орбо | |Иирэр- |
| | | | | |Дьага |
| | | | | |Тыал- |
| | | | | |Табық |
| | |-//-//- | |-//-//- |-//-//- |
| |Қоңырау | |-//-//- | | |
Осылай түркі тілдес халықтардың көне музыкалық аспаптарының шыққан
тегі бір болуы керек. Сонымен қатар осы айтылған халықтардың бір тектес
аспаптарының жасалу құрылысында, тұрмыста қолдануында, даусында, тартылу-
ойнау тәсілдерінде бір-біріне ортақ , ұқсас жайттар көп.
Музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әр алуан тарихи деректерге
жүгінсек, халық өнерінің қоры шексіз де, музыкалық аспаптардың түрі көп
болғаны хақ.. Ата-бабаларымыз тастан, ағаштан, темірден, өсімдіктерден,
саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан тағы басқа
да дыбыс шығаруға мүмкін заттардан қарапайым ән-күй аспаптарын жасап
отырған.
Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата-бабаларымыз өз өмірін
ән мен күйге бөлеп, тамаша туындылар тудырып отырғанын байқаймыз. Іргелі ел
атанған халқымыздың музыка мәдениеті қайта туып, шарықтап шырқау биікке
көтерілді. Сонымен қатар оның өткенін зерттеп, бай мұрасына ие болуға мол
мүмкіндік туды.
Белгілі композитор, академик А. Қ. Жұбанов : «Халық аспаптарының
ішектерінде ғасырлар бойғы даналық тұнып тұр»,- деген еді. Сан ғасырлар
бойы қазақ халқының өмірімен біте қайнасып, бірге жасасып келе жатқан мол
да, қасиетті де, киелі мұрамыздың үлкен бір тобын ұлттық музыкалық
аспаптары құрайды. Әрине, ұлт аспаптарымыздың қай-қайсы болсын өзіндік
үнімен ерекшеленеді және ойналу мәнерімен де түр-түрге жіктеледі. Қазақ
халқы өзінің ауыр тұрмысын, мұңын, арманын, күресін, ерлік істерін,
қуанышын, қазақ даласының таңғажайып көркем табиғат құбылыстарын осы
музыкалық аспаптардың тілімен бере білді.
Қазақстанның музыкалық мәдениеті саласындағы Болат Шамғалиұлы
Сарыбаевтың өмірі мен сан-салалы қызметі 20 ғасырда елеулі орын алады. Көне
музыкалық аспаптар мен дәстүрлі қазақ музыкасының жандануы, қайта даму
кезеңі оның есімімен тығыз байланысты. Ол жоғала бастаған көне музыкалық
аспаптарды іздестіріп, қалпына келтіріп, зерттеу жүргізіп, бүгінгі ұрпақ
кәдесіне ұсынып ұлттық мәдениетіміздің өткен тамаша тарихымен таныстырды.
Болаттың өмір жолын таңдауына ықпал еткен Құрманғазының шәкірті, ұлы
домбырашы Дина Нұрпейісова болатын. Болаттың музыкалық қабілетін байқаған
күйші «Балам, мына домбыраны сақтап, ойнап үйрен» - деп өзінің аспабын
сыйға тартады. «Қазақ халқының мәдени мұрасы ұшан-теңіз әрі көп қырлы, оны
зерттеп оқып-біліп кейінгі ұрпаққа жеткізу қажет»
- деген екен.
Болат Шамғалиұлы Алматы консерваториясының түлегі, оны бітірген соң
осы оқу орнында қалды. 50- жылдардың аяғынан оның қазақтың ұлттық
аспаптарын зерттеу саласындағы тер төгіп еңбектенген іздену жұмыстары
басталды.Бұған дейін қазақтарда тек екі аспап- домбыра мен қобыз болған
деген пікір қалыптасқан болатын. Сондықтан зерттеу жұмыстарын қайта
жаңғыртуға тура келді. Осының нәтижесінде Болат Шамғалиұлы жиырмадан аса
қазақтың музыкалық аспаптарын тапты. Олар: шаңқобыз, сыбызғы,саз-сырнай,
үскірік, шертер, жетіген т.б. Елге шыққан іздестіру ааспарлары ,
экспедициялары кезінде Болат Шамиғалиұлы көптеген орындаушылар, көне көз
қариялармен жүздесті. Сирек кездесетін аспаптар үлгісін көріп, олардың
қалай жасалатынын ақсақалдардың айтуында естіп жазып алу сәтін иеленді.
Б.Сарыбаевтың үйіндегі мұражайға негіз болған музыкалық аспаптар
коллекциясы осылай құрала бастады. Бұған оның төзімділігі ақыл-ой, күш-
қуатымен аянбай жұмсаған тынымсыз еңбегі жеткізді.
Ғалымның музыка зерттеу саласындағы еңбектері мен ізденістері оны
сыры белгісіз жаңа жолдарға жетеледі. Тамыры бір түркі тектес
халықтардың ортақ мәдени мұрасы- көне музыкалық аспаптары жайында нақты
дәләлдеп айтқан осы Б. Сарыбаев. Сонымен бірге ортағасырлық түркі
жазбаларынан мағлұмат табуға болатынын да кітабында жазды.Көп жылдар бойы
табан тіреп еңбек ету,қажымай іздену нәтижесінде Б. Сарыбаев көне аспаптар
үнімен жаңа музыка әлемін жарыққа шығарды. Ғалым туралы
Ә. Мұхамбетованың «ол өзінің аспаптары үнінің сүйкімділігімен біздің
айналамызда жұмсақ та қоңыр сазды әуенімен қоршап өзгертіп кеткендей», -
дегені шынайы шындық. Сөз жоқ мұндай табысқа жету үшін бұл көне аспаптарды
іздеп табу немесе әдебиеттерден, мұражайлардан, фольклор көздерінен қарап
жазып алу әрине аздау болар еді. Ол үшін аспаптарды қалпына келтіріп даусын
шығарып, осы аспаптарда ойналған әуендерді өңдеп жандандыру керек болды.
Зерттеу жұмыстарын ,көне аспаптарды қалай іздеп тапқандарын қызықтыра
әңгімелеп халықтың жүрегіне жол таба білді. Бұл біздің өткеніміз,
тарихымыз, тағдырымыз екенін сездіре білді. Мезгілдік басылымдардағы
жүздеген мақалалары, шығарған кітаптары, радио мен теледидардағы
хабарлары, пластинкаға жазылу, фильм түсіру,ғылыми конференциялар мен
концерттерге шығу,студенттерге дәріс беру, аспап жасаушы шеберлермен жұмысы-
осының бәрін бір адам істеді деу таңқаларлық жай.
Ал бұл кісінің қазіргі таңда шыққан дискісінен оның сөйлеген
сөздері, тартқан күйлері және ол басқарған қазақтың көне аспаптар
ансамблінің орындауындағы күйлер, әндер кірген. Сонымен бірге қазақтың
көрнекті дәстүрлі ұлы музыканттары Дина Нұрпейісова, Дәулет Мықтыбаев,
Жаппас Қаламбаевтардан жазылған шығармаларды да естуге болады.
А. Затаевичтің, А. Жұбановтың, Ш. Уәлихановтың,
Ә. Марғұланның, В. Беляевтың, В.Виноградовтың, К. Вертковтың еңбектерінде
де қазақтың музыкалық аспаптары жөнінде бағалы мәліметтер бар.
Академик А. Жұбанов өзінің «Қазақ халқының музыкалық мәдениеті»
деген мақаласында домбыраның,қобыздың, сыбызғының және дауылпаздың ойналу
және жасалу тарихының кебір мәселелеріне тоқталды. Осы аспаптарды
суреттеп жаза отырып, А. Жұбанов танымдық құны аса зор кейбір
этнографиялық материалдарға сүйенеді.
Композитордың бүкіл саналы ғұмыры өз елінің музыка мәдениетін
қалыптастыру және оны көркейту жолындағы белсенді қызмет үстінде өтті.
Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі Ә. Марғулан «Қазақ халқының
көне поэтикалық мәдениетін таратушылар жөнінде» деген еңбегінде бұрын
белгісіз болып келген кейбір аспаптар жайында тұңғыш рет хабарлады.
Олардан біз осындай он шақты атауды табамыз. Аталмыш еңбекте қылқобыз,
шаңқобыз, тілқобыз, домбыра, сыбызғы, сырнай, керней , дауылпаз,
шыңдауыл,уран суреттеліп жазылған.
Ә. Марғұлан кейбір этнографиялық материалдаға сүйене отырып,
қазақтың музыкалық аспаптарының дамуы жөнінде маңызды мәліметтер берілді.
Біз Шоқан еңбектерінен өзімізге таныс музыкалық аспаптар домбыра,
қылқобыз, сыбызғы туралы мағлұматтармен қатар, осы кезде ұмыт болған
шыңдауыл,мүйіз сырнай, асатаяқ, хонбе сияқты аспаптар жайында да құнды
деректерді таныдық. Олардың Шоқанның еңбектерінде сипатталып жазылуы
музыкалық аспаптар дамуы тарихынан көптеген сыр шертеді.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарында шебер ойнап, орындашылық
мектептерін қалдырған өнер майталмандары
|Аспап түрлері|Сазгерлер, |Шығармалар |Фольклор,оркестр |
| |орындаушылар | |ұжымдары |
|Домбыра |Құрманғазы |«Адай» т.б. | |
| |Тәттімбет |«Сарыжайлау» т.б. | |
| | |«Қосбасар» т.б. | |
| |Дәулеткерей |«Әсем қоңыр» т.б. |Құрманғазы атын.орк |
| |Д.Нұрпейісова |«Бауырластар» т.б.| |
| | | | |
| |Қ. Ахмедияров |орындаушы |-//-//- |
| | |орындаушы |-//-//- |
| |А. Үлкенбаева | | |
| |А. Еңсепов т.б. |«Көктөбел», | |
| | |«Абыралыдағы ата |Сазген фольк. анс. |
|Көне саз |Ж. Жақияұлы |зары» т.б. | |
|аспабы: үш | | | |
|ішікті | | | |
|домбыра | |«Қорқыт сарыны» | |
| | |«Ерден» күйі | |
|Қыл қобыз |Қорқыт |орындаушы | |
| |Ықылас | |Құрманғазы атын.орк |
| |Ж. Қаламбаев | | |
| |Д. Тезекбаев | | |
| |М. Жарқынбеков |«Есік алды бал | |
| |Д. Мықтыбаев |қурай»; |Құрманғазы атын.орк |
| | |«Жорға аю», | |
|Сыбызғы |Ш. Ауғанбаев |«Ақсақ қой» | |
| | |«Бұлбұл» т.б. | |
| |М. Қожамбердиев | | |
| |О.Қожамбергенов | | |
| |Ы. Уалиев | |Құрманғазы атын.орк |
| |Қ. Қумақов | | |
| | |«Сырнай» күйі | |
|Сырнай |М. Жылқайдаров | | |
| |Ә. Садыбеков | |Құрманғазы атын.орк |
| |А. Қайырбеков | | |
| | | | |
| | | | |
|Сазсырнай |Ө. Тұрмағанбетов | |Құрманғазы атын.орк |
|Үскірік |Б. Әнесов | | |
|Тастауық |Б. Қапанова | | |
| |Т. Боранбаев | | |
| | |«Қыз мұңы» | |
|Шаң қобыз |Г. Піржанова | | |
| |Ә. Қарабаев | | |
| |Т. Сарыбаев | | |
Қазақтың классикалық дәстүрлі музыкасы телегей –теңіз ғажайып рухани
мұра. Ол ата-бабаларымыз жасаған көшпелі мәдениетінің құндағында «Аттың
жалында, атанның қомында» дүниеге келіп, енді біздің өмірімізбен біте
қайнасып, ХХ ғасырда да ілесіп жүрді. Ол бір ғасырға жуық біздің
урбанизацияланған мәдениетіміздің жаңа кезеңінде өзінің айрықша келбетін,
қайталанбас құндылығын аша түсті.
Қолданылған қосымша әдебиеттер мен материалдар
1. В.Виноградов. «Қырғыздың халық музыкасы» Фрунзе 1958 ж,
71 бет.
2. Ежелгі түрік сөздігі. (ЕТС) 34, 35, 37, 38 беттер.
3. «Дивону лугатит турк» индекс сөздік, Ташкент 1967 ж, 202 бет.
4. Ф. Кароматов «Өзбектің аспаптық музыкасы» Ташкент,1972 ж, 4бет.
5 .Әл -Фараби «Музыка туралы трактат» Алматы 1975 ж.
6. А. Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» Алматы 1925 ж ІІ басылым..
7. Ш.Уалиханов. «Шығармалар жинағы» 1,3,4 томдары.
8. К.Вертков, Г.В.Благодатов, Э.Язовицкая. «СССР халықтары
музыкалық аспаптарының атласы» М. 1963ж. 137-145 беттер.
9. Алтайлықтардың музыкалық аспабы.
10. П.Паллас.Россия империясының әр қилы провинцияларына
саяхат. СПБ. 1773 ж. 3-бөлім.
11. Үлкен Совет Энциклопедиясы, 43-том, 359-бет.
12. Үш ғасыр жырлайды. Алматы. 1965 ж. 271-бет
13. Құрманғазы. «Күйлер» Алматы Білім баспасы. 2007ж. 3-бет.
14. Б.Сарыбаев. «Көне музыкалық аспаптар» Интернет материалы.
15. А.Жұбанов «Ғасырлар пернесі» Алматы. т.б.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz