Қазақ тілі пәнін оқытудың негізгі міндеттері

Жанканова Айгерим Досымовна

М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі,

Қызылорда, Қазақстан

(E-mail: dosymkyzy@mail. ru)

Жаңартылған оқу бағдарламасының жаңашылдығы мен тиімділігі

Аннотация. Мақалада орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасының құндылықтары мен басымдықтары, мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктері қарастырылады. Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері мен тиімдігіне тоқтала келіп, қысқа мерзімді жоспарлау аясындағы критерийлер бойынша бағалау жолы ұсынылады. Күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылатын қалыптастырушы бағалау нәтижесінде алынған ақпараттың негізінде білім алушылардың оқу-танымдық қажеттіліктерін анықтауға, оқу үдерісін жоспарлауға қатысты түйінді мәселелерге тоқталған.

Түйін сөздер: білім беру мазмұнын жаңарту, табысты оқыту, спиральді оқыту, критериалды бағалау, оқу мақсаттарының жүйесі, критерий, дескриптор.

Кіріспе. Қазақстан Республикасында білім беру саласында жүріп жатқан реформаның басымдық алуы мемлекет дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жету бағытындағы қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан туындайды. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 30 елдің қатарына кіру стратегиясы қоғам өмiрiнiң барлық саласында, соның iшiнде әлемдегі елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдаланып, тұлға қалыптасуының негізін қалайтын орта мектептің білім беру жүйесінде оң өзгерiстер жасауды қажет етеді.

Өскелең ұрпаққа әлемдік ғылыми-техникалық прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан қазіргі мектептің құрылымы мен білім беру мазмұнында болып жатқан өзгерістер оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге жаңа талаптар қойып отыр. Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр», - деді [1] .

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде интеллектуалдық, рухани және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады.

Қазіргі кезде «білім» ұғымының мағынасы өте терең, ол өзінің құрамына өмірдің әлеуметтік және мәдени жағдайларын да қамтиды. Сондықтан оқушылардың мәдени құндылықтарды, әртүрлі іс-әрекет түрлерін, білім мен білік, дағдыларды меңгерулеріне мүмкіндік тудырады. Білім беру сапасына оқыту мен оқу, тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу, дамыту мен өздігінен даму, тұлғаның әлеуметтенуі мен жан дүниесінің өсуі жатады. Сондықтан білім беру саласы қоғам мен өркениеттің проблемаларын шеше отырып, білім сапасының маңыздылығын арттырады [2] .

Қазіргі жылдам өзгермелі әлемде ақпарат әрбір екі жыл сайын екі еселенеді, бұл оны қарапайым жаттаудың мүмкін еместігін және пайдасыз екендігін көрсетеді. Мұндай жағдайларда білім алушыны өмір сүруге дайындау үшін академиялық білім, функционалдық дағдылар, жеке тұлғалық қарым-қатынастар мен құзыреттіліктер жеткіліксіз. Мүлдем жаңа сапа - метабілімділік, метақұзыреттілік қажет. Озық экономика білім беру мақсаттарын «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап етеді. Сондықтан XX ғасырдың 80-ші жылдары әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері білімді орталыққа дәлдеуден - практикалық-бағдарланған білім беруге бет алды. Жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі білім беру мазмұнының жылдам қарқында жаңаруын талап етеді [2] .

Мәселенің өзектілігі. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) 2014 жылы өткізген Қазақстандағы орта білім беру жағдайына шолуында: «Академиялық пәндер теорияға назар аудара отырып, терең оқытылады, олардың практикада қосымша қолданылуына жеткілікті көңіл бөлінбейді, осының салдарынан білім алушылар жеткілікті дәрежеде алған білімдерін стандартты емес жағдайларда тиімді қолдануға және пайдалануға қабілетті емес», - деген қорытынды жасалған [2] .

Жалпы алғанда, біздің мектептің білім алушылары пәндік сапалы, нақты айтсақ, дәйекті білім алады, бірақ оларды өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдылары жоқ. Дәстүрлі оқыту қазақстандық мектеп білім алушыларының академиялық білімдерінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етеді, бірақ сол білімді өз бетімен алуды, талдауды және оларды өмірде тиімді пайдалана білу үшін даярламайды. Отандық білім беруде дәстүрлі оқыту жүйесінен ауысу әрекеті бірнеше рет болғаны рас, бірақ жекелеген фрагментті өзгерістерді енгізу кезінде ол ескі білім беру мазмұнына сәйкестендірілді. Бұл оқу үдерісінің шамадан тыс болуына және дайын ақпараттың үлкен көлемде берілуіне алып келді. Әлі күнге дейін білім алушы білімді енжар «алушы» болып қалып отыр [ ] .

ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық колледждерде «Қазақ тілі» пәні бойынша білім беру бағдарламасының оқу-практикалық және құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктерін анықтау, оқу және оқыту үдерісіндегі проблемаларды зерделеу және оларды оңтайлы шешу жолдарын ұсыну өзекті мәселеге айналып отыр.

Мәселенің талдамасы. Педагогикалық бағыттағы орта арнаулы оқу орындарында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқытуда білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға басымдық беру, тілдік білімді оқушының сөйлеу тілінің базасы ретінде меңгерту және тәжірибелік машықтарды қалыптастыру бағытында жетілдіру мақсаттары қойылып отыр. Соның ішінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқытуда білім мен ғылымның интеграциясын жүзеге асыру жолы - тіл мен әдебиетті ғаламның бір бөлшегі ретінде таныту, Тарих - Білім - Мәдениет үштағанына негіздеу көзделеді.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері - педагогикалық колледждерде оқытылатын барлық пәндердің, ғылымның кілті. Ғаламды танытып отырған барлық ғылым табыстары қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде жаттығу мәтіні ретінде берілуі тиіс.

Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты - ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.

Қазақ тілі пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

1) қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану;

2) тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;

3) аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру;

4) мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру [3] .

Оқу үдерісі заманауи педагогикалық технологиялардың енгізілуі мен технологизациялануын ғана емес, сонымен қатар оқытудың дәстүрлі түріне қарағанда, оқушыны дамытуда басымдыққа ие мектептегі білім беру барысында күрделеніп отыратын және материалды қайта қарауды көздейтін оқытудың спиральді (шиыршық) түрінің дамуын да ескере отырып, орта арнаулы оқу орындары бағдарламаларының мазмұны барлық пәндер бойынша қайта қаралып отыр. Оқу бағдарламаларына «теориядан - тәжірибеге» тәсілін, оқу материалының пәнішілік және пәнаралық сабақтастығын қарастыратын әдіс негізге алынуда. Білім беру үдерісіне оқытудың белсенді әдістерін енгізу функционалдық сауаттылықты білім алушының өз бетінше дамытуын, білімді белсенді «игеруін», коммуникативтік дағдыларды дамытуын, тілдерді үйренудегі коммуникативтік тәсілді, тәжірибеде білімді шығармашылықпен қолдануды және мәселені шешуде шығармашылық әдісті қарастырады [3] .

Пән бойынша сабақ үдерісін жоспарлауда тақырып мазмұнына сәйкес тілдік оқу мақсаттарын, пәнаралық байланыс түрлерін, тақырып бойынша алдыңғы білімді, саралау тәсілдерін, оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары және АКТ-мен байланысын қамтамасыз ету талаптары ескерілуі қажет. Оқытушы тек білім көзі ретінде ғана емес, білім алушылардың өздерінің оқу-танымдық әрекеттерінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс. Осыған байланысты сабақты жоспарлау бойынша барлық жұмысты оқытудың жаңа тәсілдерін ескере отырып, жүзеге асыру ұсынылады. Сондықтан, жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру аясында озық тәжірибелерді, оқыту мен оқудағы, бағалау жүйесіндегі жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің тиімді жолдарын күшейту, оқытудағы әртүрлі сандық білім беру ресурстарын, колледжаралық желілік өзара іс-қимыл жоспарларын, колледжаралық оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, «оқытушылармен алмасуды», колледждегі пәндер бойынша оқытуда жаңа технологияларды қолданудың шеберлік сабақтарын пайдалануды кеңейту қажет. Пәндерді, бөлімдерді, тақырыптарды кіріктіру, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру құралы - ортақ тақырыптар - жаңартылған бағдарламалардың бірден бір ерекшелігі болып табылады. Олар барлық пәндердің мазмұнымен, ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау жүйесімен байланысқан. Сондықтан оқытушы қысқа мерзімді жоспар әзірлеуде ортақ тақырыптар жүйесін сақтау және тапсырмаларды құрастыру мен білім алушылардың сабақтағы қызметін ұйымдастыруда оларды ескеруі тиіс.

Жаңартылған оқу бағдарламаларының икемділігі мен жан-жақтылығы оның маңызды сипаттамасы болып табылады. Оқытушылар тараудың және тиісті оқу семестрінің аясында тараулар мен бөлімдерді оқытудың ретін өзі анықтауға құқылы. Оқытушылар бірнеше мақсатқа жетуге бағытталған тапсырмаларды құрастыра алады. Оқу бағдарламасы оқытушылардың оқу мақсатын жиынтық бағалауда орындаған жағдайда оқу бағдарламасындағы оқу мақсатына жетуге әкелетін бірнеше мақсаттарға бөлуіне мүмкіндік береді. Оқытушылар тақырыпқа/оқу мақсатына берілген сағат санын өз бетімен анықтауларына болады. Бұл шешім оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысында қабылданады. Жоспарлау кезінде мұғалімдер бекіту және қайталау сабақтарын ескерулері тиіс.

Қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын дайындау барысында оқытушы студенттердің жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту тәсіліне ерекше назар аударғаны жөн. Қысқа мерзімді жоспар оқытушының сабақты тиімді құрылымдауына көмектеседі. Ол үшін оқытушы оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктеп алуы керек. Әр сабақтан кейін оқытушы студенттер меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасап отыруы қажет.

Қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде оқытушы төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:

- сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарын басшылыққа алу қажет;

- сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою;

- орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу;

- мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады (Ұлттық білім академиясы, 2016) [4] .

Сабақтың оқу мақсаттарын анықтаған соң, оқытушы сабақ мақсаттарына қол жеткізу үшін сабақты қалай жоспарлау керек екендігін шешеді. Сабақ мақсаттарына қол жеткізу үшін студенттердің оқу-танымдық қажеттіліктерін ескере отырып, белсенді оқу әдістері тиімді қолдануы керек.

Енді 5-сыныптағы «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша бір сабақ аясындағы қалыптастырушы бағалау тапсырмасының үлгісін ұсынып көрейік.

А. Байтұрсынұлы. «Адамдық диханшысы» өлеңі

Оқу мақсаты: 5 . Т/Ж 3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.

Бағалау критерийлері:

1. Мысалдағы кейіпкерлер портретін сипаттайды.

2. Кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы образын анықтайды.

Сабақ мақсаттары:

1. А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен таныса отырып, хронологиялық кесте толтырады.

2. Мысал жанрының ерекшеліктерін ажыратады.

3. Өлеңді оқи отырып, кейіпкерлер портретін табады, сипаттап айтады.

4. Мысал кейіпкерлерінің іс-әрекетіне талдау жасай отырып, образын ашады.

Адамгершілік - адам бойындағы асыл қасиет. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамгершілік қасиет болмаса, адам өзін-өзі сыйламайды. Халқымыз адам бойындағы жат қылықтарды мысалмен көрсететін болған. Белгілі бір оқиғаларды тілге тиек ету барысында өмірден, қоршаған ортадан көптеген мысалдар келтіреміз. Ал әдебиеттегі мысал жанры деген не?

Мысал - шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ боларлық тәрбиелік, тағылымдық мәні бар шығарма. Көбіне аң, хайуанат, жәндік туралы жазылады. Сол арқылы адамның бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік сықақпен сыналады. Идеясы астарсыз, ашық, тура, өткір, шымшыма, шымыр келеді.

Мысалда адамдардың орнына жануарлар мен жәндіктерді, өсімдіктерді алып көрсеткен. Олар адам істеген әрекетті жасайды. Бұлай көрсетуді аллегория деп атайды.

1-тапсырма. «FILA» кестесін пайдаланып, мысал кейіпкерлерінің іс-әрекетіне талдау жасаңдар.

Кейіпкер
Дерек
Идея
Сұрақ
Әрекет
Кейіпкер: Адамдық диханшысы
Дерек:

«Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,

Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет»

Идея: «Құл халықтың көңілін көгерту»
Сұрақ: Неліктен автор надан халықты көлі жоқ, көгалы жоқ құрға теңейді?
Әрекет:

Тұқымын адамдықтың

шаштым, ектім

Кейіпкер: . . .
Дерек: «Оттай бер, жануарым екі аяқты, Адамдық хайуанға қанша қажет?!»
Идея: . . .
Сұрақ: Сен надан халықтың көзін қалай ашар едің?
Әрекет: . . .
Кейіпкер: . . .
Дерек: . . .
Идея: . . .
Сұрақ: . . .
Әрекет: . . .

Ұқсас жұмыстар
Жаңа стандартқа байланысты 5 сыныпта информатика пәнін оқытудың үлгілері
Пәнді тереңдетіп оқыту
Сабақ кестесінің үлгілері
Негізгі буындағы информатика курсының мазмұны
Қазақ тілін оқыту технологиясы
Күнделікті сабақ жоспары
Оқыту мақсаты
Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту
Информатиканы оқыту әдістемесі. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Бағдарлама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz