Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тәрбие сабақтың тақырыбы

Қысқа мерзімді жоспар
Пән:
Сынып:
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Тәрбие сабақтың тақырыбы: <<Сен өз құқығынды білесің бе?>>
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты
Балалардың құқығы ұғымымен таныстыру, отбасының қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру. Құқықтың бала тәрбиесіндегі маңызы, қоғамдағы рөлін, мәселелерімен танысу. Отбасын құрметтеу, сыйлау, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақ мақсаттары
Барлық білім алушылар орындай алады:
1. Құқық ұғымының мәнін түсінеді.
Білім алушылардың көпшілігі орындай алады:
1. Балалардың қоғамдағы рөлі жайлы өз ойын жеткізе алады.
Кейбір білім алушылар орындай алады:
1.Өз құқықтары жайлы барлық мағлұматтарды айта алады.
Бағалау критерилері
* Құқық ұғымының мәнін түсінеді.
* Өздерінің қоғамдағы рөлі жайлы өз ойын жеткізе алады.
* Отбасындағы бала құқығының негізгі мәселелерін талдай алады.
Сөздік қор

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: отбасы құқығы ,бала құқығы, ұжым,қоғам.
Топтағы диалог жазылым үшін сай келетін тіл стилі: Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер, іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері, ынталандыру әдістері,
Ишара: қолмен, мимика, жест, эмоция.
Құндылықтарды дарыту
Жағымды қарым-қатынас орнатуға, тілдің негізгі түрлерін, оны іске асыру үшін қажетті жағдайларды анықтауға, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға дайын болу, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға дайын болу.
Денсаулық және
техника қауіпсіздігінің
сақталуы
* Білім алушылар қауіпсіздік ережелерімен танысқан;
* Интербелсенді тақтамен жұмыс жасау ережелерін меңгерген;
Пәнаралық байланыстар
Тәрбие жұмысының әдістемесі, психология, өзін-өзі тану.
АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)
Тақырыптық презентация, видеороликтер.
Алдыңғы меңгерілген білім
Тәрбие жұмысын жоспарлау.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе
Мұғалімнің Заң туралы кіріспе сөзі
ІІІ. Негізгі бөлім
1. <<Бала құқығы туралы халықаралық конвенция>>
2. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы
3. <<Менің құқығым>> әр оқушы өз құқығын айтады.
4. Тренинг <<Мен>>
5. <<Сен білесің бе?>> сұрақ-жауап.
6. Құқық сөзінің кілті
ІV. Қорытынды

Видеоролик: Бала құқығы
Жаңа сабақты Power Point бағдарламасы бойынша жүйелі әрі нақты түсіндіру.
Мұғалімнің Заң туралы кіріспе сөзі
Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет.Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілеттерін дамытады,өз пікірін айтуға,тұжырым жасауға үйретіп,патриоттық тәрбие береді. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек.Адам түрлі жағдайда өмірсүреді:отбасында,жұмыста, мектепте,көпшілік жерде.
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол.
Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.
Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.
Әнұран орындалады. (сынып ұжымы)

1. <<Бала құқығы туралы халықаралық конвенция>>

Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев <<Конституция - бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз>> деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады.
Конституция- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олой болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне, сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады. <<Адамдар не істеуге болады, не істей алады?>> деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады.
Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған <<Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы>>, сонымен қатар 1959 жылы қабылданған <<Бала құқықтары декларациясы>>. Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада <<Бала құқығы туралы конвенция>> қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген.
<<Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан>>
- Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
- Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
- Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
- Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
- Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.
- Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.
- Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
- Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.
- Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер берілген.
Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі келесім шарт.
Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда <<Бала құқығы туралы>> Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан <<Бала құқығы туралы конвенцияға>> қол қояды, сөйтіп қазақстанның <<Бала құқығы туралы заңы>> енгізілген.

2. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылығы 8 тамызда № 345 Заңы
10 тарау, 53 баптан тұрады.
1 тарау. Жалпы ережелер
2 тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат
3 тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері
4 тарау. Бала және отбасы
5 тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары
6 тарау. Мүгедек баланың құқықтары
7 тарау. Бала және қоғам
8тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау
9 тарау. Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері
10 тарау. Қорытынды ережелер

3. <<Менің құқығым>> әр оқушы өз құқығын айтады.

4. Тренинг <<Мен жұлдызбын>>

- Қолдарыңда не бар?
-Иа,себебі сендер бір-бір жүректің иесісіңдер.
-Жүректерің қандай?
-Мейірімді.
-Тақтадағы жұлдыздарды көріп тұрмыз ба? Себебі біз нелерміз?
-Жұлдыздармыз.
-Ендеше өз суреттеріңді жұлдыздарға орналастыра қойыңдар.
-Қандай әдемісіңдер!

5. <<Сен білесің бе?>> сұрақ-жауап.
1) Біздің мемлекет - ҚР. ә) Мемлекеттік тіл - қазақ тілі. б) Мемлекеттік рәміздеріміз - әнұран, ту, елтаңба. в) Елорда - Астана. г) ҚР кім басқарады? - Президент.
2) Конституция - бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.
3) Конвенция - арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.
4) Құқық немен қорғалады? -Заңмен қорғалады.
5) Құқық - мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір адамға берілген ерік, бостандық.
6) Бала құқығын қорғау туралы заң қанша бап,қанша тараудан тұрады?
1. Құқық сөзінің кілті
Қ-азақ
Ұ-лты
Қ-айырымдылықты
Ы-мырашылдықты
Қ-олдайды
-Бәріміз бірге оқиықшы.Хормен оқыту.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.
-Сонымен,қорытындылай келе,біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз <<Азамат жолы-ар жолы>> деп айтқандай,ешкімнің ала жібін аттамай,өзқұқығымыздыда,өзгеніңқұқығын да бұзбай,тәуелсіз еліміздің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қызы болып өсейік!

Сабақ ортасы

Сабақты бекіту.
<<Кір жаятын жіп>> әдісі
Әр топтан екі білім алушыдан шығып, жіпте жайылып тұрған қағаздың артындағы сұрақтарға жауап береді.

Сергіту сәті.

<<Вагон құрау>> ойыны.
Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр студентке 1 вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған білім алушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске жетеді.

Сабақтың соңы
Сабақты қорыту.
<<515>> әдісі
5 мин ішінде есте сақталған 15 мәліметті жазу.

Үйге тапсырма
* Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев <<Педагогика>> оқулығынан <<Отбасы- бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы. Отбасындағы тәрбиесінің негізгі мәселелері>> тақырыбын оқып, конспектілеу.
* Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері талдап келу, отбасылары жайлы эссе жазып келу.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ш.Х. Құрманалина <<Педагогика>> Астана 2014ж
2. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев <<Педагогика>> Алматы 2004
3. Ж. Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова <<Педагогика>> Алматы 2004.
4. Государственная программа развития образования РК до 2010 г.
5. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.
6. Пидкасистый П.И. Педагогика. - М.: 2001
7. Подласый И.П. Педагогика. - Минск, 2006
8. Харламов И.Ф. Педагогика. - Минск, 2002

Дифференциация - оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық тапсырма ортақ. Алайда, қабілеті жоғары оқушы тапсырманы жан-жақты жоғары деңгейде орындайды.

Ұқсас жұмыстар
Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация
Жеңіл атлетика. Бір орынан екі аяқпен 90,180,360 гр. бұрылу, секіру
Оқушының әрекеті. Сабақтың ортасы
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі
Бұлдырты - құтты мекенім
Әдептілік - әдемілік туралы
Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол
Отбасы ынтымағы тәрбиеден
Ы.алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні. 9 сынып
Тәрбие. сабақтас құрмалас сөйлем
Пәндер