Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Өмірге риза болып, алғыс айт

Қазақ ұлттық аграрлық университеті
<<Н. О. Базанова атындағы физиология, морфология және биохимия>> кафедрасы




Алғыс айту - парызым!

Өткізген: ___________________
Жетекші:___________________

Алматы, 2020 ж

Тақырыбы: 1-наурыз <<Алғыс айту - парызым!>>

Өмірге риза болып, алғыс айт
(Халық даналығы)

Мақсаты: Студенттердің <<сыйластық>> құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:- ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: презентация, видеоролик.

Ұйымдастыру бөлімі:
<<Алғыс білдіремін, өйткені ...>> ризашылық білдіру
Топқа бөліну
Ашық микрофон
<<Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде -- 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады -- барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді>>, -- деді Қазақстан Президенті.
Алғыс -- біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқыныңұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. "Алғыспен ер көгерер" деген мәтел соған мегзейді. Алғысқа қарсы мағына -- қарғыс.
Топтарға бөлініп, қызығушылықты ояту:
1-топ: Алғыс айту күнi этносаралық достыққа және түсiнiстiкке әкеледi, өйткені...
2-топ: Өмірге риза болып, алғыс айт...

/Видеоролик/

Сахналау.

Студенттер өмірде кездесетін жағдайларға қарай ризашылық білдіруге, алғыс айтуға дағдыландыру мақсатында сахналау ұйымдастырылады.

І топ: Мұғалімдерді мерекемен құттықтау сәтін сахналау;

ІІ топ: Топтың қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сәтін сахналау.

Қорытындылау:

<<Ашық микрофон>> әдісі бойынша (студенттер бір-біріне сабақтан не үйренгенін, не білгенін, не түсінгенін айтып шығады).

Жетекшінің тәрбие сағатын қорытындылау сөзі:
Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой,кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. <<Рахмет>> деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын,жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат - Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

Ұқсас жұмыстар
«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын сценарийі
Қош бол құтты әліппем!.1-сынып
Ана тілді құрметте
Бар сыйымыз сізге, алтын күз!
«қайырымдылық- адамгершілік белгісі »
Әліппе оқулығынан алған білімдері –барлық білім-ілімнің бастамасы екенін түсіндіру
Бар білімнің бастауы әліппеден
Сөйлемді аяқтағанда сіз қандай сезімде болдыңы
Ана тілі, Ана тілі
Жақсылық жасауға асығайық!
Пәндер