Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылығы

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
«Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК
Бекітемін
Директордың оқу
жұмысы бойынша орынбасары
А. Рахимжанова
20__ жыл
№ 30 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ
Оқытушы: Назарова Карлыгаш Каиржановна
Пән: Қазіргі қазақ тілі
Мамандық: « Негізгі орта білім беру»
Топ: ФБ-31, ФБ-32, ФБ-33 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Шылау, оның түрлері.
Сабақтың негізгі сатыларына уақыттың мөлшерленуі.
5. Білік-дағдыларды
қалыптас-
тыру
7. Са-
бақтың қоры
тындысын шығару
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: практика сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шылау туралы теориялық ақпарат алып, оның түрлерін ажыратуға үйренеді.
Дамытушылық: Ойлау шеңбері кеңейеді, ақпараттық құзіреттілігі дамиды.
Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа, сыйластыққа, шығармашылыққа тәрбиеленеді.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі
Материалдық-техникалық құралдар: Оқулықтар, дәріс материалдары, үлестірмелі парақшалар.
Негізгі әдебиеттер: А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі. Морфология» Алматы. «Ана тілі» 1991.
Қосымша әдебиеттер: С. Исаев «Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар». Алматы. «Ана тілі». 1992.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру кезеңі . Студенттер түгенделіп, сабақ мақсатымен таныстырылады. Талдау жасауға, практикалық сабаққа дайындық жүргізіледі.
2. Тірек білімін тексеру - сұрақ-жауап: (топпен, жеке-дара, тапсырмаларды орындау)
Сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері арқылы студент білімі тексеріліп, өтілген материал тақырыбы өтілетін материалмен байланыстырылады.
3. Жаңа материалды баяндау:
Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды, ертегіні термек үшін. Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтығып тыңдайтын. Бұл мысалдардағы үшін, мен, ғана деген сөздердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет атқарып тұр. Бірінші сөйлемде үшін шылауы ермек және термек сөздеріне мақсат мәнін үстеп, ол сөздерді жазбаймын сөзіне бағындыра байланыстырып тұрса, екінші сөйлемде мен шылауы қазіргісі деген сөз бен келешегі деген сөздерді ыңғайластық мәнде бір бірімен салыстыра байланыстырып, олар сөйлемнің бірыңғай мүшесі екенін көрсетіп тұр. Үшінші сөйлемде ғана шылауы ылғи деген мезгілдік мағынадағы сөзге шектілік, күшейткіш мән үстеп тұр.
Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылығы :
1) Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.
2) Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.
3) Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстейді.
4) Шылаулар түрленбейді.
Шылау сөздер дегендеріміз - ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркіндерінен біржола қол үзіп, әрі осы аталған негізгі үш белгі жөнінен де дербестіктерінен айырылып, өз алдына категория болып қалыптасқан және жалпы көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет ететін сөздер. Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар - септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер.
Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулықтар өз ара тең бірыңғай сөздерінің, бірыңғай сөз тіркестерінің және бірыңғай сөйлемдердің араларындағы әр қилы қатынастарды білдіреді. Жалғаулықтар ең кемі өз ара тең екі сөзге не екі сөз тіркесіне бірдей қатысты болады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп аталады. Олар мыналар: мен ( бен, пен ), да ( де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті, т. б. Мысалы: Қыс пенен жаз, күн менен түн, тақ пенен жұп, жақсылық пен жамандық - болды сегіз (Абай Құнанбаев) дегендегі пенен, менен, пен жалғаулықтары тек я бұрынғы, я соңғы сөзге ғана емес, екі жағындағы сөздердің екеуіне де бірдей қатысты болып, оларды бір-бірімен жалғастыру үшін қолданылып тұр. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар:
1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, бенен, пенен), да (де, та, те) және әрі.
2. Қарсылықты қатынасты біліретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.
3. Талғаулықты қатынасты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.
4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, т. б.
Жалғаулықтар орыс тіліндегі «союзы» деп аталатын көмекші сөздермен сәйкес келеді.
Жеке сөздер мен сөйлемдерді байланыстыру қабілеті жағынан, жалғаулықтар: салаластырғыш жалғаулықтар және сабақтастырғыш жалғаулықтар деген екі топқа бөлінеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz