Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Шешендік сөздің көріктеуіш қралдары

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
<<Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі>> МКҚК

Бекітемін
Директордың оқу
жұмысы бойынша орынбасары
_______________А. Рахимжанова
_____________________20__жыл
№12 САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ
Оқытушы:Р.Сергазина
Пән: Қазақ тілі
Мамандық: <<Негізгі орта білім беру>>
Топ: ФБ-11
Күні:6-апта

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздің көріктеуіш қралдары
Сабақтың негізгі сатыларына уақыттың мөлшерленуі
1.Ұйым-дастыру кезеңі
2.Тірек бөлімдерін қайталау
3.Жаңа материал-ды баяндау
4.Жаңа матери-алдарды бекіту
5.Білік-дағдыларды қалыптас-тыру
6.Үй тапсыр-масы
7.Са-бақтыңқорытындысын шығару
8.бар-лығы
10
15
15
10
20
10
10
90

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: Лекция
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Мәтін төңіргеінде өз ойларын сауатты жеткізе білу, ауызекі тілде сөйлеуін жетілдіру, білімдерін пысықтау, тереңдету, жаңа атаулар, шешендік сөздің сазы туралы оқушыларға толық мәлімет беру, сыни тұрғыда ойлауға және өз ойын жаза білуге үйрету.
Сабақтың мақсаттары
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
Білім және білік дағдыларын, топтық жұмыстар арқылы белсенділіктерін, қабілеттерін байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту.
Құндылықтарды дарыту
Ынтымықтастыққа, өз бетінше, қосымша әдебиетпен жұмыс істеуге дағдыланады.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы.
Материалдық-техникалық құралдар: Оқулықтар, дәріс материалдары.
Негізгі әдебиеттер:<<Қазақ тілі>> 10 сынып, 2019 жыл, Б. Қапалбек, Г. Закиряева, С. Жантасова
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттер түгенделіп, сабақ мақсатымен таныстырылады. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық жүргізіледі.
2. Тірек білімін тексеру - сұрақ-жауап: топ-топпен бірлесе жұмыс атқару, сұрақтар қою арқылы тапсырмаларды орындау, үлестірмелі карточкалар арқылы жұмыс жасау.
3. Жаңа материалды баяндау:
Шешеннің көркемдік- философиялық ойлау жүйесі неғұрлым қуатты болса, тілі де соғұрлым бейнелі,суретті, көркем келеді. Суреттегіш-бейнелегіш һәм мәнерлегіш құралдар,небір құбылтулар,ажарлаулар асқақ ойдан,буырқанған сезімдерден туады. << Құнарлы ойдан құнды сөз шығады>>, сөз құнын шындықты шымырлата жеткізер ширақ тіл арттыра түспек.Сондықтан анық сөздің мәнін қанық бояу ажарландырады,әсерлілігін күшейтеді. Ал тыңдаушыны толқыту, толғандыру шешендік сөздің негізгі қызметінің бірі болғандықтан, шешендік сөз сапасына ажарлау, айшықтау амалдарынсыз, құбылту тәсілдерінсіз баға беру де мүмкін емес.
Стилистикалық айшықтаулар (фигуралар)- айтылған ойға тікелей байланыстысөздердің тіркес құрамында үйлесімді қалыпта орналасуы.Олардың мән-маңызы жөнінде ежелгі дәуірден бергі шешендіктанушылардың еңбегінде айтылып келеді.Біз солардың ішіндегі бүгінгі шешендікпен үйлесетіндеріне қысқаша тоқталамыз.
Риторикалық сұрау - сұрақ түрінде белгілі бір фразаға жинақталған межелі ұсыныстар түйіні. Онда ойды,сезімді әсерлі ету үшін қозғалатын басты мәселелер әсерлі леппен,сұрау түрінде айтылады. Риторикалық сұрау тыңдарманның ойына қозғау салу үшін,олардың назарын бір мәселеге аудару мақсатында қойылады. Мысалы << Ел еңсесін көтеріп,егемендік алғалы да он жыл өте шығыпты. Осы он жыл белесінде жеткн биігіміз қайсы? Бұл сауалға бір ғана ана тіліміздің өрістеуі тұрғысында қандай жауап айтар едік? Бүгінгі ұрпақтың бабалар мұрасына ,аталар аманатына адалдығын айғақтайтын ісі қайсы?Мемлекеттік мәртебе алған тіліміздің мерейі қандай?..>> деп басталатын сөз бүгінгі әңгіме арқауынан хабардар етуімен қатар тыңдаушылардың да назарын басты мәселеге бірден аударары хақ. Ал егер риторикалық сұрау ұтымды ұйқасқа құрылса, оның әсері тіпті арта түспек.
Топ алдында айтылатын шешендік сөзге әсерлілік дарытатын тілдік тәсілдердін бірі - қайталау . << Ол айтпақ ойдың бір қырына тыңдаушы назарын қазықтай түседі, сонымен қатар көркемдік-эстетикалық жүк арқалайды.>>. Қайталау шешен сөзін ырғақтық жағынан топтастырып,жинақтайды. Оны тыңдаушы да жеңіл қабылдайды. Қайталанатын сөздер сөйлемнің басында ( анафора), сөйлем соңында да ( эпифора ) кездесе береді. Мысалы: Поэзия туралы сыр - уақыт пен өнердің туралы бірлігі туралы әңгіме. Поэзия туралы сыр - өскен талғам мен жеткен меже жайлы сөз.Поэзия туралы сыр - мәңгілік сөнбейтін сөз құдіреті туралы толғам
Градация (дамыту) - шешендік сөздің эмоционалдық әсерлілігін арттыра түсетін риторикалық тұлғалардың бірі. Ол алдыңғы сөзден соңғы сөзді,алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра, асқақтата түсуі үшін қолданылады. Мысалы : Шынайы сезімді мөлдірете жеткізу асығуды,аптығуды, алқынуды қаламайды. Ақындық жалпақшешейліктен, жәдігөйліктен, көлгірсуден, аулақ болғанда ғана абыройлы. Осындағы синоним мәндес бірыңғай мүшелердің эмоциялық реңктері бірте-бірте қоюлана түседі де, тыңдаушы назарын өзіне еріксіз аударады.
Сөз мәнерлілігі мен бейнелілігін арттыруда қолданылатын шешендік құрал - метафора. Бұл сөздерді ауыспалы мағынада қолдануды қажет етеді.Метафоралар ішкі танымды қозғалысқа түсіреді. Сөзге жарасымдылық, көрнекілік сипат береді, ойды айқындауға,дәлелдеуге, қызмет етеді. Қазіргі шешендікте ол мол қолданыла- ды,көбінде салтанатты мәжілістерде, тұрмыстық- әлеуметтік тақырыптағы сөздерде жиі кездеседі. Мысалы : Өмір - теңіз, білім - қайық, білік - ескек, бүгінде. Шеті мен шегі көрінбейтін осы кеңістікте жол табу - жас ұрпаққа сын.
Шешендік сөздердің барлық түрінде де ең жиі кездесетін көркемдік тәсіл - салыстыру. Ол ойды дұрыс түсіндіруде, сипаттауда үлкен рөл атқарады. Бейтаныс нәрселерді таныс дүниелермен салыстыра, салғастыра білу шешеннің тапқырлы- ғына байланысты. Сондай- ақ эпитет,теңеу сөздер де шешедік сөздің көркемдік сапасын арттыратын құралдар. Троптың басқа түрлерін орынды кіріктіру сөйлеудің әсемдігін, мәнерлілігін, экспрессивтік мәнін күшейтуде үлкен рөл атқарады. Шешендік сөздердің осындай алуан түрлі амал- тәсілдерге бай болуы оның сапасын арттырады. Сондықтан шешендік сөздің сырты қандай сұлу болса, ішкі мазмұны да терең мағынаны білдіруі, тыңдаушысын ұйытуы негізгі шарт ретінде қаралады.


4. Жаңа материалды бекіту: <<Сұрақ-жауап>> әдісі арқылы бекіту, ассоциограмма жасап, постерге түсіру.
5. Білік-дағдыларын қалыптастыру: (өзіндік жұмыс)
6. Үй тапсырмасы: Үнтаспадан өздері оқыған мәтіндерді тыңдау.
7. Оқытушы: Р. Сергазина____________
Т.А.Ә Қолы











8. Жаңа материалды бекіту: <<Сұрақ-жауап>> әдісі арқылы бекіту, ассоциограмма
жасап, постерге түсіру.
9. Білік-дағдыларын қалыптастыру: (өзіндік жұмыс)
10. Үй тапсырмасы: Шешендік сөздерден мысал теру
11. Оқытушы: Қайыржан Т.С._________
Т.А.Ә Қолы

Ұқсас жұмыстар
Шешендік сөз өнері. авторлық бағдарлама
Орта мерзімді жоспар, қазақ тілі. 11 сынып (гуманитарлық бағыт)
Шешендік сөз
Көркем мәтіннің көркемдегіш құралдары
Шешендік дау
Өлеңдерінің көркем тілі
Қазақ халқының шешендік сөз өнері. 5 сынып
Шешендік сөздің тағылымы
Шешеннің сөзі - ақылдың көзі Шешендік сөздерден көрініс көрсету
Сөз асылы-шешендік. 8-сынып
Пәндер